"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" және "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 952 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы оған "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 952 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 205-14-жол алып тасталсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "2. Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын.

      5. "Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидаларында:

      2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Холдинг) және "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҰАҒББО" КЕАҚ) жарғылық капиталын төлейді, оларға бюджеттік кредиттер берілуін ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      4) Азық-түлік корпорациясын және "ҰАҒББО" КеАҚ-ты корпоративтік басқаруды жүзеге асырады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2017 – 2021 жылдарға арналған даму жоспарына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады.

      Агроөнеркәсіптік кешенді "ҰАҒББО" КеАҚ-ның қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар аграрлық салада Қазақстан экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.".

      6. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):

      3-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.

      7. "Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысында:

      республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын.

      8. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

      "Ұлттық басқарушы холдингтер" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын.

      9. "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Бәйтерек" холдингі қызметінің негізгі мәні өзіне меншік құқығымен тиесілі және сенімгерлік басқаруға берілген ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акциялар пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) басқару, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тиімді басқару жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру болып айқындалсын.".

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 393 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:

      көрсетілген Жоспарға қосымшада:

      реттік нөмірлері 1-1, 50-2, 50-3, 67-3, 78-жолдардағы "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)," деген сөздер алып тасталсын.

      11. "Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2018 – 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 645 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2018 – 2021 жылдарға арналған жол картасында:

      "2. Астананы азық-түлік тауарларының негізгі түрлерімен қамтамасыз ету шаралары" деген бөлімде:

      екінші бөліктегі "Қазагро" ҰБХ" АҚ" деген сөздер "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "4. Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2018 – 2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 13-жолдың 5 және 6-бағандарындағы "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ" деген сөздер "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "Қазагро" ҰБХ" АҚ – "Қазагро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы;".

      12. "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 39-40-41, 215-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:

      бүкіл мәтін бойынша "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының", "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ деген сөздер "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының", "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертпеде: аббревиатуралардың және қысқарған сөздердің толық жазылуында:

      "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ – "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы" деген аббревиатура мен сөздер "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы" деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 63, 361-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасында:

      бүкіл мәтін бойынша "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы", "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ" деген сөздер "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы", "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ЕҰ" – "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы" деген аббревиатура мен сөздер "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы" деген аббревиатурамен және сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің жол картасында:

      реттік нөмірі 9-жолдағы 3-бағанда "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)," деген сөздер алып тасталсын;

      ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ – "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы" деген аббревиатура мен сөздер алып тасталсын.

      15. "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 900 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясында:

      "Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде:

      "1.1. Сыртқы ортаны талдау" деген кіші бөлімде:

      "Қазагро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның еншілес ұйымдары агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өнімдерін өндіруге және оларды экспортқа ілгерілетуге қолдау көрсетеді." деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның еншілес ұйымдары агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өнімдерін өндіруге және оларды экспортқа ілгерілетуге қолдау көрсетеді.".

      16. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 15.07.2022 № 482 қаулысымен.
      17. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2022 № 733 қаулысымен.

О реорганизации акционерных обществ "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" и "Национальный управляющий холдинг "КазАгро"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2020 года № 952.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать акционерное общество "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" путем присоединения к нему акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "КазАгро".

      2. Утвердить изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Министерствам индустрии и инфраструктурного развития, сельского хозяйства Республики Казахстан совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 31 декабря 2020 года № 952

Изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:

      в разделе "Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан":

      строку, порядковый номер 205-14, исключить.

      2. Утратил силу постановлением Правительства РК от 02.06.2022 № 355 (вводится в действие с 01.07.2022).
      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 27.12.2023 № 1195.

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 "Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 14, ст. 168):

      в Положении о Министерстве сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан и его ведомств:

      в разделе "2. Акционерные общества":

      строку, порядковый номер 3, исключить.

      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 "О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 25, ст. 257):

      в Правилах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций, утвержденных указанным постановлением:

      подпункты 3) и 4) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "3) за счет средств, выделенных из республиканского бюджета, оплачивает уставный капитал акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" (далее – холдинг) и некоммерческого акционерного общества "Национальный аграрный научно-образовательный центр" (далее – НАО "НАНОЦ"), организует предоставление им бюджетных кредитов, осуществляет государственные закупки у специализированных организаций;

      4) осуществляет корпоративное управление Продкорпорацией и НАО "НАНОЦ".";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Мероприятия по поддержке агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций реализуются в соответствии с Государственной программой развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2017 – 2021 годы, Планом развития некоммерческого акционерного общества "Национальный аграрный научно-образовательный центр" на 2017 – 2021 годы, утвержденными в установленном законодательством Республики Казахстан порядке, и иными стратегическими и программными документами Республики Казахстан.

      Мероприятия по поддержке агропромышленного комплекса с участием НАО "НАНОЦ" направлены на обеспечение ускоренного научно-технологического развития экономики Казахстана в аграрной сфере.".

      6. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2006 года № 1247 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 11 декабря 2006 года № 220" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 49, ст. 518):

      подпункт 1) пункта 3 исключить.

      7. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 16 ноября 2009 года № 1844 "Об определении перечня финансовых агентств, бюджетные кредиты из республиканского бюджета которым могут выделяться без обеспечения исполнения обязательств":

      в перечне финансовых агентств, бюджетные кредиты из республиканского бюджета которым могут выделяться без обеспечения исполнения обязательств:

      строку, порядковый номер 2, исключить.

      8. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2011 года № 376 "Об утверждении перечня национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний":

      в перечне национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Национальные управляющие холдинги":

      строку, порядковый номер 2, исключить.

      9. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2013 года № 516 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 22 мая 2013 года № 571 "О некоторых мерах по оптимизации системы управления институтами развития, финансовыми организациями и развития национальной экономики" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 35, ст. 514):

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Определить основным предметом деятельности холдинга "Байтерек" управление принадлежащими ему на праве собственности и переданными в доверительное управление пакетами акций (долями участия в уставном капитале) национальных институтов развития, национальных компаний и других юридических лиц, а также стимулирование развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан путем эффективного управления юридическими лицами, осуществляющими деятельность в сфере агропромышленного комплекса.".

      10. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2015 года № 393 "Об утверждении Плана совместных действий Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан по созданию и развитию Международного финансового центра "Астана" на долгосрочную перспективу":

      в Плане совместных действий Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан по созданию и развитию Международного финансового центра "Астана" на долгосрочную перспективу, утвержденном указанным постановлением:

      в приложении к указанному Плану:

      в строках, порядковые номера 1-1, 50-2, 50-3, 67-3, 78, слова "АО "НУХ "КазАгро" (по согласованию)," исключить.

      11. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 13 октября 2017 года № 645 "Об утверждении Дорожной карты по формированию продовольственного пояса города Астаны на 2018 – 2021 годы":

      в Дорожной карте по формированию продовольственного пояса города Астаны на 2018 – 2021 годы, утвержденной указанным постановлением:

      в разделе "2. Меры по обеспечению столицы основными видами продовольственных товаров":

      в части второй слова "АО "НУХ "Казагро" заменить словами "АО "НУХ "Байтерек";

      в разделе "4. План мероприятий по реализации Дорожной карты по формированию продовольственного пояса города Астаны на 2018 – 2021 годы":

      в графах 5 и 6 строки, порядковый номер 13, слова "АО "НУХ "Казагро" заменить словами "АО "НУХ "Байтерек";

      в расшифровке аббревиатур:

      строку "АО "НУХ "Казагро" – акционерное общество "Национальный управляющий холдинг "Казагро";" изложить в следующей редакции:

      "АО "НУХ "Байтерек" – акционерное общество "Национальный управляющий холдинг "Байтерек";".

      12. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2018 года № 423 "Об утверждении Государственной программы развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2017 – 2021 годы" (САПП Республики Казахстан, 2018 г., № 39-40-41, ст. 215):

      в Государственной программе развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2017 – 2021 годы, утвержденной указанным постановлением:

      по всему тексту слова "Акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "КазАгро", АО "НУХ "КазАгро" заменить соответственно словами "Акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек", АО "НУХ "Байтерек";

      в примечании: расшифровке аббревиатур и сокращений:

      аббревиатуру и слова "АО "НУХ "КазАгро" – акционерное общество "Национальный управляющий холдинг "КазАгро" заменить аббревиатурой и словами "АО "НУХ "Байтерек" – акционерное общество "Национальный управляющий холдинг "Байтерек".

      13. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2018 года № 746 "Об утверждении Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы "Еңбек" (САПП Республики Казахстан, 2018 г., № 63, ст. 361):

      в Государственной программе развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы "Еңбек", утвержденной указанным постановлением:

      по всему тексту слова "дочерняя организация акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "КазАгро", "ДО АО "НУХ "КазАгро" заменить соответственно словами "дочерняя организация акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек", "ДО АО "НУХ "Байтерек";

      в примечании: расшифровке аббревиатур:

      аббревиатуру и слова "ДО АО "НУХ "КазАгро" – дочерняя организация акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "КазАгро" заменить аббревиатурой и словами "ДО АО "НУХ "Байтерек" – дочерняя организация акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек".

      14. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2018 года № 820 "О некоторых вопросах обеспечения долгосрочной тенговой ликвидности для решения задачи доступного кредитования":

      в Дорожной карте по обеспечению долгосрочной тенговой ликвидности, утвержденной указанным постановлением:

      в графе 3 строки, порядковый номер 9, слова "АО "НУХ "КазАгро" (по согласованию)," исключить;

      в примечании: расшифровке аббревиатур:

      аббревиатуру и слова "АО "НУХ "КазАгро" – акционерное общество "Национальный управляющий холдинг "КазАгро" исключить.

      15. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2018 года № 900 "Об утверждении Стратегии развития акционерного общества "Национальная компания "KAZAKH INVEST" на 2018 – 2027 годы":

      в Стратегии развития акционерного общества "Национальная компания "KAZAKH INVEST" на 2018 – 2027 годы", утвержденной указанным постановлением:

      в разделе "Анализ текущей ситуации":

      в подразделе: "1.1. Анализ внешней среды":

      абзац "Дочерние организации АО "Национальный управляющий холдинг "Казагро" оказывают поддержку производству и продвижению на экспорт продукции субъектов агропромышленного комплекса." изложить в следующей редакции:

      "Дочерние организации АО "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" оказывают поддержку производству и продвижению на экспорт продукции субъектов агропромышленного комплекса.".

      16. Утратил силу постановлением Правительства РК от 15.07.2022 № 482.
      17. Утратил силу постановлением Правительства РК от 23.09.2022 № 733.