"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 900 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2022 № 951 қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 184-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2022 № 951 қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2022 № 951 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 900 қаулысымен
бекітілген

"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2022 № 951 қаулысымен.

      Кіріспе

      1. Ағымдағы жағдайды талдау

      2. Миссия, пайымы және қызметтің стратегиялық бағыттары

      Қосымшалар


            Кіріспе

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.11.2022 № 951 қаулысымен.

      "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – KAZAKH INVEST) "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына сәйкес құрылды.

      "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі – Даму жоспары) жақын арадағы 10 жылға арналған миссияны, пайымды, стратегиялық бағыттарды, мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, оларды іске асыру тетіктерін, қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және мыналарда:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясы": қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауында;

      3) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауында;

      4) "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығында;

      5) "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығында;

      6) "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарламаны бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысында;

      7) "Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 қаулысында айқындалған негізгі бағыттарды ескере отырып әзірленді.

      Даму жоспарын әзірлеуге елдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі саясаты негіз болады. Қазақстан өңдеуші өнеркәсіптің әлемдік экспортындағы өз үлесін ұлғайту және барлық факторлардың өнімділігі бойынша дамыған елдермен арадағы айырманы қысқарту жолымен 2035 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіпте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) ең озық елдердің бәсекеге қабілеттілігінің орташа деңгейіне қол жеткізуге ұмтылады. Шетелдік инвестициялардың қомақты көлемін тарту Қазақстанды табысты индустрияландырудың және әртараптандырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

      2010 жылдан бастап елдің өңдеуші өнеркәсібіне шамамен 28 млрд АҚШ доллары немесе елге тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан әрі – ТШИ) жалпы ағымының 16 %-ы тартылды. Алайда ТШИ құрылымында өңдеуші өнеркәсіпке түскен 28 млрд АҚШ долларының 23 млрд АҚШ доллары металлургия өнеркәсібіне тиесілі. Демек, Даму жоспарының негізгі мақсаты өңдеуші өнеркәсіпке инвестицияларды өсіруге ғана емес, оның ішіндегі металлургиялық емес сектордың үлесін айтарлықтай ұлғайтуға да бағытталатын болады.

      Ағымдағы жағдайды талдау

      1.1. Сыртқы ортаны талдау

      Ескерту. 1-1-кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 952; 05.11.2021 № 790; 25.11.2022 № 951; 08.04.2024 № 261 қаулыларымен.

      Стратегиялық даму бағыттарын қалыптастыру кезінде KAZAKH INVEST әлемдегі және Қазақстандағы ағымдағы экономикалық жағдайды және Қазақстанның алдағы жылдарда арналған даму болжамдарын негізге алды.

      Әлемдегі тікелей шетелдік инвестициялар

      Жаһандық инвестициялық үрдістер

      БҰҰ-ның сауда және даму бойынша конференциясының (бұдан әрі – ЮНКТАД) деректеріне сәйкес 2015 жылы 2008 жылмен салыстырғанда ТШИ түсімінің 40 пайызға ұлғайғаны байқалды және оның әлемдегі деңгейі 1,8 трлн. АҚШ долл. мөлшеріндегі ең үлкен мәнге жетті. 2016 жылы бұл деңгей шамамен 2 %-ға немесе 1,75 трлн. АҚШ долл. дейін төмендеді, бұл экономикалық өсімнің нашарлауымен түсіндіріледі.

      1-1-сурет. Әлем өңірлері бойынша ТШИ түсімі

      Экономикасы дамыған елдерге инвестициялардың түсімі 2014 жылы 522 млрд. АҚШ долларынан 1 032 млрд. АҚШ долл. дейін шамамен екі есе (98 %) өсті. Инвестиция түсімінің жоғары өсуі Еуропада тіркелді. АҚШ-та 2014 жылдың өткен кезеңдерімен салыстырғанда төмен болғанымен, ТШИ төрт еседей өсті. Сондықтан ТШИ-дің әлемдік ағымындағы дамыған елдердің үлесі 2014 жылғы 41 %-дан 2015 жылы 55 %-ға өсті, бұл дамушы елдер мен экономикасы өтпелі елдердің өңірлері жаһандық ТШИ-ді негізгі алушылар болып табылатын соңғы бес жылдағы үрдісті өзгертті. 2016 жылы ТШИ-дің аса ірі алушысы 391 млрд. долл. тартқан АҚШ болды.

      Алдыңғы 2 жылдағы терең құлдыраудан кейін экономикасы өтпелі елдерге ТШИ-дің түсімі 2016 жылы 68 млрд. долл. дейін жетіп, соңғы екі жылда орын алған құлдырау үрдісін жойды. Қазақстан ТШИ көлемі ең төмен экономикасы өтпелі елдердің тобына жатады. Сонымен бірге Қазақстанның инвестиция тарту бойынша осы елдер тобындағы көшбасшылардың бірі болуға мүмкіндігі бар. Сондықтан экономикасы өтпелі елдерге тиесілі ТШИ көлемінің жылына орта есеппен кемінде 25 %-ын тарту міндеті алға қойылды.

      Төменде Дүниежүзілік Банк деректері бойынша жалпы ішкі өнімдегі (бұдан әрі – ЖІӨ), сондай-ақ абсолютті мәндегі ТШИ үлесіне байланысты елдер рейтингі көрсетілген. Неғұрлым егжей-тегжейлі талдау жүргізу үшін ТШИ-дің жалпы деңгейі негізінде, сонымен қатар олардың ЖІӨ-дегі үлесін ескере отырып бірнеше ел таңдап алынды: Германия, Сингапур, Ирландия және Гонконг. Сондай-ақ осы елдердің шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі агенттіктерінің қызметіне талдау жүргізілді.


      1-2-сурет. ЖІӨ-дегі ТШИ үлесі бойынша елдердің рейтингі, 2016 жыл


      1-3-сурет. ТШИ үлесі (абсолюттік мәнде) бойынша елдердің рейтингі, 2016 жыл


      Германия

      Германия тікелей шетелдік инвестицияларға қатысты қонақжайлылық саясатын жүргізеді. Неміс нарығы инвесторлар үшін өнеркәсіптің барлық секторларында дерлік ашық, ал коммерциялық қызмет күнделікті іс жүргізуді реттейтін қандай да болмасын қағидалардан босатылған. Германия заңнамасы арасында капитал салу немесе жаңа компаниялар ашу мәселелерінде неміс кәсіпкерлері мен шетелдік кәсіпкерлерін алаламайды.

      Германияда ТШИ үшін нормативтік-құқықтық база сыртқы сауда мен төлемдердің еркіндігі қағидатына негізделеді. Елде капиталмен операциялар жасау, валюталық аударымдар, жылжымайтын мүлік сатып алу жөніндегі мәмілелер, пайданы не шетелдік биржаларға қолжетімділікті репатриациялау үшін шектеулер мен кедергілер жоқ. ЮНКТАД деректері көрсеткендей, Германия тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірінде.

      Қазіргі кезде Германияда 55 мыңнан аса шетелдік компаниялар жұмыс істейді, олар 3 млн. жуық адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. 2008 – 2012 жылдары 4 мыңға жуық инвестициялық жоба тіркелді, бұл Германияға тартылған жобалар саны бойынша әлемде 5-ші орын алуға мүмкіндік берді.


      1-4-сурет. Германияға ТШИ түсімінің серпіні


      Инвестициялық жобаларды қолдау

      Германияда төленетін субсидиялар капиталға шын мұқтаж инвесторларға арналған. Инвестицияларды бастапқы сатыда қаржыландыру қажетті қаражатты жаңа инвестициялық жоба басталған кезде-ақ тартуға мүмкіндік береді. Әдетте, ақшалай гранттар түрінде берілетін бұл субсидиялардың рөлі маңызды, өйткені олар инвестордың капиталға деген мұқтаждығы өте жоғары болған кезеңде инвестициялық жобаның өтімділігін кепілдендіреді. Келесі кезеңдерде инвесторға Германияда жұмыс күшін жинап алуды жеңілдету үшін (мысалы, еңбекке ақы төлеу субсидияларының көмегімен) және ғылыми-зерттеу жобаларына жан-жақты қолдау көрсету үшін әзірленген бағдарламалардың кең ассортименті ұсынылады.

      Германия инвестициялар агенттігі инвесторлар Германияда өз бизнестерін ашқан кезде оларға қолдау көрсетеді. Агенттік жобаларды басқару жөніндегі қызметті сүйемелдейді, сондай-ақ инвесторды өнеркәсіптің конъюнктурасы туралы: түйінді нарықтар, олармен байланысты жабдықтау көздері және қолданбалы секторлар жөнінде барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Агенттіктің 42 елде орналасқан 49 шетелдік өкілдігі бар. Агенттік қызметінің негізгі бағыттары:

      жобаны орналастыратын орынды дұрыс таңдау үшін консультациялық қызметтер;

      объектілерге баруды, әлеуетті әріптестермен, университеттермен және басқа ұйымдармен кездесулерді үйлестіру;

      салық салу және құқықтық сала бойынша өнеркәсіпке қойылатын нормативтік талаптар, қолданыстағы заңнама және т. б. туралы ақпарат беру арқылы компанияларға консультациялар беру;

      инвестициялар үшін оңтайлы қаржыландыру пакетін таңдауға, сондай-ақ ықтимал қаржылық әріптестермен байланыс орнатуға жәрдемдесу;

      инвесторды субсидиялаудың қолжетімді нысандары туралы мәліметтермен қамтамасыз ету және өтініш беру кезінде жәрдем көрсету.

      Жалпы, Германия инвестициялар агенттігінің функциялары KAZAKH INVEST қызметінің бағыттарымен сәйкес келеді.

      Сингапур

      Сингапур көптеген инвестициялық ұсыныстарды елге тартады, бұл оның үнемі экономикалық даму үстінде екенін айғақтайды. Әсіресе, елдің экономикасын қайта құрылымдау жоспарына сәйкес келетін инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіледі. Бұл, әдетте, арнайы білімді және білікті жұмыс күшін, сонымен қатар озық технологияларды қажет ететін салалар. Олар, мысалы электроника, ақпараттық технологиялар, аэроғарыш саласы, биотехнологиялар және биоинженерия, химия өнеркәсібі және т.б. Іске асырылатын жобалар әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан да бағаланады. Қоршаған ортаға қамқорлық жасау және ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестік маңызды фактор болып табылады. Жерді немесе үй-жайларды жалға алу, сатып алу бағасының әлемдегі ең жоғары бағалардың бірі болып табылатынына қарамастан, Сингапурдың негізгі өндірісіне инвестиция салу қор қайтарымдылығының жоғары болуына байланысты тиімді пайда түсіреді. Бұл ретте шетелдік инвесторлар үшін бірқатар жабық секторлар бар, олар: телекоммуникациялар, радиохабар тарату, заңгерлік қызметтер және ішкі бұқаралық ақпарат құралдары.

      A.T.Kearney ТШИ сенім индексінде Сингапур 2016 жылы 5-тармаққа көтеріліп, 25 ел ішінен 10-шы орынды иеленді. Құқықтық орта бизнес пен шетелдік инвестицияларды дамыту үшін қолайлы болып табылады, бұл ТШИ-дің 302,9 % ЖІӨ-ге баламалы қор деңгейінде көрінеді. 2011 – 2014 жылдары кезеңінде ТШИ түсімі 67,5 млрд. АҚШ долл. дейін өсті.

      1-5-сурет. Сингапурға ТШИ түсімінің серпіні


      Инвестициялық жобаларды қолдау

      Сингапурда шетелдік инвесторларды қолдау бойынша көптеген бағдарламалар жұмыс істейді, олардың арасында мыналарды ерекше атап өтуге болады:

      RISC – ғылым және технологиялар саласында зерттеулер жүргізуге және әзірлемелер жасауға мемлекеттік гранттар беру: жұмыс күшіне, оқытуға, консультациялық қызметтерге, жабдықтарға, бағдарламалық қамтамасыз етуге, зияткерлік меншікке және материалдарға 30 % грант, жергілікті жұмыс күшін жалдауға 50 %-дық субсидия;

      TGS - шетелде оқытуды қоса алғанда, персоналды оқытуға және біліктілікті арттыруға 30 %-ға дейінгі гранттар;

      PG - ресурстарды пайдалануды, еңбек тиімділігін және энергияны пайдалану тиімділігін және т. б. айтарлықтай жақсартуға бағытталған жобалар сомасының 30 %-ына дейін мемлекеттік грант;

      PC - 5 жылға дейінгі мерзімге корпоративтік табыс салығынан босату;

      LIA - құрылыс және логистика саласындағы компаниялар үшін: ғимараттар мен құрылыстарды салу бойынша күрделі шығыстарға бастапқыда 25 % және жыл сайын 5 %.

      Сингапурде ТШИ тартумен Economic Development Board Singapore мемлекеттік агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) айналысады. Бұл үкіметтік мекеме Өнеркәсіп және сауда министрлігіне бағынысты, оның 12 елде
19 шетелдік өкілеттігі бар.

      Агенттіктің негізгі функциялары:

      бағалау: әртүрлі салалар бойынша мол білім мен көптеген сингапурлық және шетелдік компаниялармен орнатылған іскерлік байланыстардың нәтижесінде Агенттік қандай да бір саладағы артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтауға көмек көрсетеді, сонымен қатар қолданыстағы нормалар мен стандарттар туралы ақпарат береді;

      ынталандырушы төлемдер мен гранттар: Агенттік компанияларға олардың қызмет саласына сәйкес гранттар ұсынады;

      іскерлік байланыстар: Агенттік құқық саласында қолдау көрсететін, сол сияқты салық салу саласында консультациялар беретін мемлекеттік органдармен және әртүрлі жекеменшік әріптестермен байланысты қамтамасыз етеді.

      Ирландия

      Ирландия – бизнес жүргізу үшін әлемдегі ең үздік елдердің бірі және ол бүгінде ІТ компаниялар мен стартаптар үшін әлемдегі негізгі тартымды орталықтардың бірі болып табылады. Соңғы 20 жыл ішінде 1150-ден аса халықаралық компания, оның ішінде Google, Facebook, Twitter, Airbnb, LinkedIn, Dell IBM, Microsoft, Apple, HP, Intel және Paypal өздерінің еуропалық штаб-пәтерлері мен өндірістерін орналастыру үшін Ирландияны таңдап отыр.

      Әлемдегі инновациялық алыптардың Ирландияның бизнес кеңістігінен орын алуы стартаптар мен венчурлық капиталдың ауқымды қоғамдастығының құрылуына әкелді. Стартаптардың экожүйесі әлемдік жетекші ІТ компаниялармен көрші болудың артықшылығын, өз бизнестерін интернационалдандыру мен коммерцияландыру үшін жолға қойылған жүйені пайдаланады және Еуропа мен Америка нарықтарына тікелей қол жеткізеді.

      Сонымен қатар Ирландия шетелдік компаниялар үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) салаларындағы жобаларды іске асыру, зияткерлік меншікті басқару, сату және маркетинг бойынша еуропалық штаб-пәтер, еуропалық офистер орналастыру үшін өте тартымды юрисдикция болып табылады.

      1-6--сурет. Ирландияға ТШИ түсімінің серпіні


      Инвестициялық жобаларды қолдау

      Ирландияға ТШИ тартуға ықпал ететін маңызды факторлардың бірі ирландиялық салық-құқық жүйесінің қарапайымдылығы мен тиімділігі болып табылады. Кешенді тәсіл кез келген кәсіпкерге немесе инвесторға компания құрудан бастап, басқару, сату және маркетинг бойынша жоғары білікті кеңестерге қолжетімділік арқылы бүкіл бизнес-цикл бойынша алға жылжуға жан-жақты қолдау көрсетеді. Сонымен қатар жаңа бизнес ашуға немесе жұмыс істеп тұрған бизнеске инвестиция салуға қолайлы ел ретінде Ирландияның бәсекелік артықшылықтарының бірі болып табылатын бірнеше факторды бөліп көрсеткен жөн:

      Еуропадағы ең төмен корпоративтік табыс салығы - 12,5 %;

      жоғары білікті жас мамандардың жоғары пайызы;

      бизнес жүргізу үшін жоғары дамыған техникалық жасақтау;

      капиталдың өсіміне салық мөлшері 25 %-ды құрайды. Акцияларды сатқан жағдайда шетелдік резидент, әдетте, капитал өсіміне салық төлеуден босатылады;

      Еуропалық одақтың (бұдан әрі – ЕО) немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы шартқа қол қойылған мемлекеттің азаматтарына төленетін дивидендтер мен пайыздар түріндегі табысқа салынатын салық жоқ. Қазіргі уақытта осы шартқа қол қою туралы Қазақстанмен келіссөздер жүргізілуде;

      компанияның "жұқа" капиталдануын реттейтін заңнама жоқ;

      ең төменгі жарғылық капитал 1 евроға тең болуы мүмкін;

      ҒЗТКЖ жобалары Ирландияда іске асырылған жағдайда 25 %-дық салықтық жеңілдік;

      шетелдік инвесторлар үшін әртүрлі гранттар мен қолжетімді қаржылық құралдардың көптігі.

      Сонымен қатар, Ирландияда тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша IDA Ireland мамандандырылған агенттігі (бұдан әрі – IDA) құрылған. Оның әлемдегі 12 елде 20 шетелдік өкілдігі бар. IDA өз назарын ІТ және телекоммуникациялар, жоғары технологиялық жабдықтар өндірісі, фармацевтика және медициналық жабдықтар, қаржы және "жасыл" технологиялар сияқты секторлардағы ірі халықаралық корпорацияларға аударады. IDA Ирландияда офистерін ашуды немесе жобаларын іске асыруды көздеген шетелдік кәсіпкерлерге де жан-жақты тегін қолдау көрсетеді:

      реттеушілермен және сервис провайдерлермен кездесулер ұйымдастыру;

      шетелдік компанияның қажеттіліктеріне/бизнес жоспарына сәйкес коммерциялық жылжымайтын мүлік таңдауда жәрдемдесу;

      пікір алмасу мақсатында нарықтағы өзге ойыншылармен кездесулер ұйымдастыру;

      ҒЗТКЖ жобаларын бірлесіп жүргізу үшін Ирландияның академиялық және ғылыми орталарымен кездесулер ұйымдастыру және ынтымақтастық орнатуға жәрдемдесу;

      компанияға Ирландияда үнемі қолдау көрсету және оның ЕО нарығына шығуына көмек көрсету.

      Гонконг

      Гонконг әлемдегі аса ірі қаржы орталықтарының бірі және шетелдік инвесторлар үшін ең перспективалы алаңдардың бірі болып табылады. Мысалы, Дүниежүзілік Банктің деректеріне сәйкес 2016 жылы Гонконгке құйылған шетелдік инвестициялардың көлемі 117 млрд. АҚШ долл. құраған. Бұған валютаны реттеудің жоқтығы, компанияны тіркеу процесінің тез және қарапайымдылығы, тиімді салықтық мөлшерлеме, бухгалтерлік есептіліктің жеңілдетілген схемасы, бизнеске дамыған мемлекеттік қолдау көрсету сияқты факторлар ықпал етеді.


      1-7-сурет. Гонконгке ТШИ түсімінің серпіні

      Инвестициялық жобаларды қолдау

      Гонконгте шетелдік инвестицияларды тартуға және бизнесті қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалар жұмыс істейді, бұл көп жағдайда Гонконгтің әлемдік қаржы орталықтарының бірі ретінде қалыптасуына ықпал етті: инкубаторлар бағдарламалары, жабдықтар сатып алу және маркетинг бойынша қаржылық көмек, кредиттер беру бойынша кепілдіктер.

      Гонконгте инвестицияларды тарту мәселелерімен Invest Hong Kong мемлекеттік тікелей инвестициялар агенттігі (бұдан әрі – Гонконг агенттігі) айналысады. Гонконг агенттігінің Азия-Тынық мұхит өңірінің, Еуропаның, Таяу Шығыстың, Солтүстік және Оңтүстік Американың 30 қаласында орналасқан шетелдік өкілдіктері бар. Гонконг агенттігі компанияның Гонконгте әрбір даму кезеңінде ақпаратпен қамтамасыз етеді және қолдау көрсетеді, сондай-ақ Гонконгке көшуге көмек көрсетеді. Гонконг агенттігі ұсынатын негізгі қызметтер:

      кәсіби қызметтерді жеткізушілерді іздеуге көмек көрсету;

      офис немесе зауыт ашу үшін орын іздеу кезінде консультация беру;

      қажетті лицензияларды алу үшін Гонконгтің басқа мемлекеттік департаменттерімен өзара іс-қимыл жасау;

      тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жылжытуда жәрдемдесу;

      гранттар мен субсидиялар алуда көмек көрсету.

      1-1-кесте. Шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жетекші агенттіктер пайдаланатын негізгі құралдар

Құрал/Ел

Германия

Сингапур

Ирландия

Гонконг

Ресей Федерациясы

Сала бойынша шолу










Салалық нормалар мен стандарттар туралы ақпарат











Институционалдық қолдау











Жергілікті әріптестер іздеуде көмек











Жергілікті консалтингтік компаниялармен байланыс










Гранттар беру







Коммерциялық жылжымайтын мүлік таңдауда жәрдемдесу









Ғылыми ұйымдармен байланыс








Гранттар алуда көмек








Маркетингтік іс-шаралар







Инвестициялық жобаларды басқару қызметтері








Шетелдік өкілдіктер (саны)

49

19

20

30

0


      Жоғарыда аталған агенттіктердің барлығына тән ортақ құралдар салалық шолу, салалық нормалар мен стандарттар туралы ақпарат, институционалдық қолдау және жергілікті әріптестерді іздестіруде көмек көрсету болып табылады. Осыған байланысты KAZAKH INVEST те өз қызметінде жоғарыда көрсетілген әмбебап құралдарды пайдаланады, Қазақстанның ерекшеліктеріне сәйкес оларды кеңейтеді және жаңа құралдармен толықтыратын болады.

      Қазақстандағы инвестициялық ахуалды талдау

      2014 – 2016 жылдар аралығында Қазақстан экономикасының өсуі баяулады. 2013 жылдан бері ЖІӨ нақты өсімі 6 %-дан 2016 жылы 1,1 %-ға дейін төмендеді.


      1-8-сурет. Қазақстандағы номиналды ЖІӨ және ЖІӨ-нің нақты өсімі

      Ескертпе: (П) - болжам



      Қазақстан экономикасының құлдырау алдындағы өсуі айтарлықтай дәрежеде оның шикізаттық тәуелділігіне – тау-кен өндіру саласының кеңеюіне және шикізаттық тауарлар бағасының жоғарылығына байланысты болды, олар мемлекеттік кіріс пен шығыстың өсуіне, сонымен қатар ішкі тұтынудың өсуіне ықпал етті. Мұнайға және Қазақстанның өзге де экспорттық тауарларына әлемдік бағаның төмендеуі, сондай-ақ жоғары инфляция (елдегі ішкі тұтынудың төмендеуіне әсер еткен) республика экономикасының 2014 жылы болған тұралауына себеп болды. Бұдан басқа, Қазақстанның экономикалық өсімінің құлдырауы Қазақстанның негізгі сауда әріптестері және ТШИ көзі болып табылатын Ресей Федерациясы, ҚХР мен ЕО елдері экономикалары өсімінің баялауына байланысты болды.

      Экономиканың шикізаттық тәуелділігін төмендету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі өндіруден өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыруға және сауда секторын кеңейтуге көшу бағытын таңдады. Қазіргі уақытта бірқатар мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалар іске асырылуда, олардың аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдік инвестицияларды тарту бойынша бірқатар шаралар қабылдады, соның арқасында "Doing Business" бизнесті жүргізу шарттарының қолайлылығы бойынша Дүниежүзілік Банктің рейтингіндегі елдің позициясы жақсарып, 2017 жылы 36 орынға жетті.

      Алайда, жалпы алғанда, соңғы бес жыл ішінде Қазақстанға ТШИ өсімінің қарқыны кеміген, 2016 жылы 21 млрд. АҚШ долл. құрады. Шикізаттық секторға ТШИ үлесі 34 % құрады, бұл экономиканың экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторларына ТШИ үлесімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш болып табылады (өңдеуші өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сияқты салалар – олардағы ТШИ үлесі тиісінше 19,4 % және 0,2 % құрады).

      Негізгі капиталға долларлық баламада инвестициялардың өсу қарқыны қысқарды және 2016 жылы 23 млрд. АҚШ. долл. құрады. Негізгі капиталға салынатын инвестицияның өсіміне қарамастан, олардың теңгедегі өсу қарқынын қараған кезде, экономиканың шикізаттық емес секторларында негізгі капиталға салынатын инвестициялардың үлесі қысқарды және 2016 жылы 65 %-ды құрады.

      Соңғы бес жыл ішінде экономикалық қызметтің көптеген түрлері бойынша негізгі құралдардың тозу дәрежесі 40 %-ды құрады, бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қызметін кеңейту және жаңғырту үшін, сол сияқты жаңа объектілер салу үшін қажетті кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру тапшылығының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Банк секторы 2014 – 2015 жылдардағы қаржылық тоқырау және ұлттық валютаның құнсыздануының салдарын жоюды, сондай-ақ кепілдікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды күшейтуді жалғастыруда, соның ішінде ХҚЕС 9 енгізілуіне байланысты екінші деңгейдегі банктердің кредит беру мүмкіндіктері айтарлықтай шектелді. Ел экономикасында заңды тұлғаларға кредит беру үлесі 2016 жылы 16 %-ға дейін төмендеді. Жоғарыда көрсетілгендер кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың балама көздерін тарту қажеттілігін білдіреді.


      Қазақстанға ТШИ-дің жалпы түсімі

      1-9-сурет. Негізгі капиталға инвестициялар



      1-10-сурет. ТШИ-дің жалпы түсімі



      Қазақстан Республикасындағы қаржылық қолдау құралдарының картасы

      Жобаны іске асырудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге қабілетті, қажетті тәжірибесі бар, сондай-ақ инвестициялаудың барынша тиімділігі, қайтарымдылығы, мақсаттылығы, мерзімділігі мен ашықтығы қағидаттарын сақтайтын шетелдік инвесторлар тартылған жағдайда, инвесторлар жергілікті ойыншылар қатарынан бірлесіп қаржыландырушы тарапты іздеуге байланысты және мәмілелерді құрылымдауға даму институттарының немесе квазимемлекеттік сектор компанияларының қатысуына байланысты талаптар қояды. Бұл шетелдік инвестордың сенімін жоғарылатуға ықпал етеді, мемлекеттің қызығушылығын және инвестициялық жобаны қолдаудың тұрақтылығын көрсетеді.

      Қазақстанда халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдіктерін қоса алғанда, инвестициялық жобаларды қаржыландыруды сапалы құрылымдауға қабілетті қажетті даму институттары немесе квазимемлекеттік сектор субъектілері жеткілікті шамада құрылды.

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамында (бұдан әрі – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ) Қазақстанда инвестициялық бастамаларды қолдау үшін қажетті қаржылық және қаржылық емес құралдардың толық жиынтығы бар. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымдары нарықта белсенді, олар ірі және орта бизнес секторында да, шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) сегментінде де кәсіпкерлікті қолдаудың әртүрлі құралдарын ұсыну арқылы Қазақстан экономикасының дамуына ықпал етуді жүзеге асыруда.

      1-2-кесте. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-да экономиканың дамуын қолдау құралдарының матрицасы


Құралдар

ҚДМ

ӨДҚ

ҚКМ

Даму

ЭКА

АНК

ҚАҚ

Ірі бизнес

Қарызды қаржыландыру

+

+






Үлестік қаржыландыру



+





Кепілдіктер және сақтандыру

+







Лизинг

+







Жобаларды консультациялық сүйемелдеу

+







Экспортттық және экспортқа дейінгі қаржыландыру

+







ШОБ

Қарызды қаржыландыру немесе қарыздарды субсидиялау


+


+


+

+

Үлестік қаржыландыру



+





Кепілдіктер және сақтандыру





+

+


Лизинг


+


+


+

+

Консультация беру




+




Венчурлық қаржыландыру



+





Құзыреттерді дамыту




+




      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: ҚДМ – "Қазақстанның Даму банкі" АҚ, ӨДҚ – "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ, ҚКМ – "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ, Даму – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, ЭКА – "Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ, АНК – "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, ҚАҚ – "ҚазАгроҚаржы" АҚ.

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Даму) экономиканың басым секторларындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне кредиттік ресурстар ұсынады, кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялайды және кепілдіктер береді. Аталған құралдардың инвестициялау шегі 10 жылға дейін, қарыз валютасы – көбінесе теңге, кредит беру мөлшерлемесі таңдап алынған қолдау бағдарламасына байланысты орта есеппен 6-8,5 %, коммерциялық банктің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеменің 6 %-ына дейін. Дамудың ШОБ секторындағы құзыреттерді дамыту бойынша (бизнес жоспарлар, қаржылық модельдер дайындау, бизнес жүргізу бойынша консультация беру) табысты тәжірибесі ірі және орта ойыншылар үшін де тиімді болар еді.

      "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ кепілдіктер беру (орнын толтыру) арқылы экспортқа қолдау көрсетеді.

      "Қазақстанның Даму банкі" АҚ (бұдан әрі – ҚДБ) ірі кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттік ресурстар берумен айналысады. Аталған қаражатты инвестициялау көкжиегі 5 – 20 жыл, қарыз валютасы – теңге немесе АҚШ доллары, қарыздың ең аз сомасы экономика секторына байланысты 3 – 7 млрд теңге, кредит беру мөлшерлемесі аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес орта есеппен 6-6,6 %. Қарыз алушылардың ағымдағы қажеттіліктерін ескере отырып, ҚДБ өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын және өндірістік инфрақұрылымды қолдауға назар аударады.

      "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның еншілес ұйымы – "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ отандық автомобильдер, теміржол вагондарын, өзге де машина жасау өнімдерін өндірушілерге лизингтік қаржыландыруды ұсынады. Лизинг сомасы қызмет бағытына байланысты, лизинг мерзімі 20 жылға жетеді, сыйақы мөлшерлемесі 3 %-дан басталады.

      "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ-ның қорлары әлеуеті жоғары компанияларға инвестициялау үшін private equity құралдарын қарапайым үлестік қатысудан бастап шығу және мезониндік қаржыландыруға арналған опциондарға дейін кеңінен пайдаланады. "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ-ның меншікті капиталы 2016 жылдың соңындағы қаржылық есептілікке сәйкес шамамен 132,3 млрд. теңгені құрады. "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ ірі халықаралық инвесторлармен бірлесіп, тікелей инвестициялар қорларын құруға инвестициялар тартады (2017 жылғы жағдай бойынша 12 қор).

      "Аграрлық несие корпорация" АҚ (бұдан әрі – АНК) АӨК субъектілерін банктік қарыздар ұсыну жолымен тікелей қаржыландыруды не екінші деңгейдегі банктерді, лизингтік компанияларды және микроқаржы ұйымдарын жеңілдікпен қорландыру арқылы жанама түрде қаржыландыруды жүзеге асырады. Бұдан басқа, АНК өсімдік және мал шаруашылығында сақтандыру қызметтерін ұсынады.

      АНК-нің еншілес ұйымы – "ҚазАгроҚаржы" АҚ – лизинг құралдары арқылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыруды; лизинг құралы және банктік қарыздар арқылы ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырады. Инвестициялық жобаларды кредиттеу мөлшерлемесі 6 %-ды, ал қаржылық лизинг бойынша 23,5 %-ды құрайды.

      "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ гранттар беру арқылы инновациялық-белсенді бизнесті қаржыландырады.

      Азия Даму Банкі (бұдан әрі – АДБ) мынадай құралдарды ұсынады – кредиттер беру, техникалық көмек көрсету (ТК), гранттар, акцияларға кепілдіктер мен инвестициялар. АДБ консультациялық қызметтер де ұсынады. Салымдардың басым салалары — көлік және байланыс, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы секторы.

      Еуропа Қайта құру және Даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) өңірдегі аса ірі инвестор болып табылады және өз қаражатын бөлуден басқа ТШИ-дің қомақты көлемін тартады. ЕҚДБ капиталды негізінен жеке кәсіпорындарға, әдетте, өзінің коммерциялық әріптестерімен бірлесіп салады, жаңа өндірістерге де, жұмыс істеп тұрған фирмаларға да қаражат салады. Бұдан басқа, ЕҚДБ әріптес банктерге кредит бере отырып, тұрақты энергетиканы және ресурстарды пайдалануды арттыру жобаларын инвестициялау үшін кредиттік желілер ұсынады, сондай-ақ өнеркәсіпті, сауданы және АӨК-ті тікелей қаржыландырады.

      Үлестік қаржыландыру тапшылығын өтеу үшін ЕҚДБ биржада бағаланатын немесе тіркеуге дайындық үстіндегі жеке компаниялардың акционерлік капиталына тікелей және тікелей емес салымдарды жүргізеді.

      Дүниежүзілік Банк тобында Халықаралық қаржы корпорациясына (IFC) қызығушылық туындап отыр, ол қарыздар ұсынады, кәсіпорындардың акционерлік капиталдарына инвестиция салуды жүзеге асырады және жекеменшік сектор кәсіпорындарына инвестициялауды ынталандыру үшін консультациялық қызметтер көрсетеді.

      Тікелей инвестициялар қорлары – жергілікті және жаһандық нарықтардағы жағдай

      Қаржыландырудың баламалы көздерінің қажеттілігі бүгінде қазақстандық бизнес үшін өзекті тақырып күйінде қалып отыр. Қазақстандағы банк секторының жағымсыз ортасы аясында Тікелей инвестициялар қорларының (бұдан әрі – ТИҚ) даму әлеуеті үлкен. Kazyna Capital Management қажетті қаржы құралдарын дамыту арқылы Қазақстанда өз private equity инфрақұрылымын құру жөніндегі міндеттерін табысты іске асыруы Қазақстанға портфельдік инвестициялардың қомақты ағымын жүзеге асырған болар еді, алайда бұлай болған жоқ. ТИҚ нарығында олардың қызметтерін реттеумен байланысты кедергілердің болуына қарамастан, тікелей жеке инвестициялар қаржыландырудың анағұрлым перспективалы түрлерінің бірі болып табылады. Екінші деңгейдегі банктер тарапынан бизнеске кредит беруді қатаңдату оң әсер беруде және ТИҚ-қа басымдық береді, өйткені олардың кәсіпорын қызметіне қаражат салу және капитал ресурстарын біріктіру мүмкіндігі бар.

      ТИҚ бизнестен қашық қаржылық инвесторлар ретінде кәсіпорындардың операциялық қызметіне белсенді араласпай жұмыс істей алады. ТИҚ, әдетте, жобаларға 5 жылдық және одан көп кезеңге кіріп, 30-40 % жылдық пайыз деңгейінде табыс алады. Кейбір жағдайларда ТИҚ-тың портфельдік компаниямен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға және нақты бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бірлескен табысқа және өсімге қол жеткізу мақсаттарында компания стратегиясына ықпал етуге мүмкіндігі болады. Сонымен қатар, тікелей инвестициялардың банкроттық деңгейінің қысқаруына ықпал ететінін және мұның экономикада оң көрініс табатынын атап өту қажет. Мысалы, 2008 – 2012 жылдар аралығындағы кезеңде Frontier Economics таңдауы бойынша еуропалық 2000 кәсіпорын ТИҚ тарапынан қаржыландыру нәтижесінде күйреуден құтылды.

      Дамыған елдердің тәжірибесінен жеке тікелей инвестициялар сияқты баламалы қаржыландыру пайыздық қатынаста барлық нарықтық қаржыландырудың аз бөлігін алатынын атап өтуге болады. Алайда, қаржыландырудың бұл түрі кеңінен таралуда және көптеген елдерде банктік кредиттеу деңгейінің қысқаруына байланысты дамушы елдерде перспективасы зор.

      Алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі жеке инвестициялар нарығының дамуы елдің қаржылық жүйесін одан әрі дамытуға серпін беретінін көрсетіп отыр. Осының жарқын көрінісі – Қытай Халық Республикасында (бұдан әрі – ҚХР) қаржы нарықтары жеткіліксіз деңгейде дамыған кезде жеке тікелей инвестициялар қорларының индустриясы дами бастады. Siguller Guf зерттеулеріне сәйкес (2014 жыл) ҚХР жеке секторы елдің ЖІӨ 60 %-ын өндіреді, бұл ретте жергілікті банктер берген кредиттердің тек 25 %-ына ғана қол жеткізе алады. Осындай саясаттың нәтижесінде шағын және орта бизнес (ел экономикасының түйінді қозғаушы күші) банктік кредит алуда проблемаларға тап болады. Осыған байланысты жеке тікелей инвестициялар қаржыландырудың дәстүрлі арналарына қол жеткізуі шектелген компанияларға үлестік қаржыландыруды ұсынады, сондықтан олар ҚХР-де маңызды рөл атқарады.

      Келтірілген фактілерге негізделе отырып, Қазақстанға жеке тікелей инвестициялар нарығының әлеуеті зор екенін және оны белсенді қолдану Қазақстан экономикасына инвестициялар өсімін ынталандыруға мүмкіндік беретінін атап өтуге болады.

      ТИҚ тетіктерін қолдану:

      индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына ортақ қаржыландыру шартымен, сондай-ақ экономиканың басым секторларында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды құру үшін өзге заңды тұлғаларды құру (білім беру) жолымен инвестицияларды;

      стратегиялық және институционалдық инвесторларды іздеуді және тартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

      Сонымен бірге, акционерлік капиталға салынған инвестициялардың маңыздылығын ескере отырып, KAZAKH INVEST ең алдымен шетелдік инвесторлардың капиталға қатысуын ұлғайтуға бағытталған ТШИ тартуға бағдарланатын болады.

      Бәсекелес ортаны талдау

      Инвестициялар тартуда Қазақстанның басқа бәсекелестермен салыстырғандағы бәсекелік артықшылықтарын анықтаудың ерекше маңызы бар. Өңірлік бәсекелік шеңберінде біз мына елдерді қарастырамыз:

      Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдері: Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей;

      Орталық Азия елдері (ЕАЭО-дан тыс): Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан;

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері (өзге): Әзербайжан, Молдова, Украина (қауымдастырылған мүше).

      Инвесторлар тұтас өңірдің (ЕАЭО және Оталық Азия) инвестициялық тартымдылығын қарастыратынын ескерсек, инвестициялар тартудың манызды факторы өңірдегі басқа елдерге қарағанда тартымды бизнес-климаттың болуы, сондай-ақ осы елдердегі шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі агенттіктердің жұмыс істеуі болып табылады.


      1-11-сурет. Орталық Азия елдеріндегі ТШИ түсімі



      Дүниежүзілік Банк жасаған елдердің рейтингін негізге алсақ, Қазақстан шетелдік инвестициялар түсімінің деңгейі бойынша Ресей Федерациясынан ғана артта қалып отыр. Осыған байланысты, сондай-ақ жоғарыда аталған елдердің көпшілігі шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі агенттіктердің болмауына не олардың жақын арада ғана жұмыс істей бастауына байланысты, осы талдау шеңберінде Ресей Федерациясының шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі агенттігі Investin Russia ғана қарастырылатын болады.

      Ресей Федерациясы

      2012 жылы Ресей Федерациясының экономикасына 18,7 млрд. АҚШ долл. сомасында тікелей шетелдік салымдар түсті, олардың 40 %-ы Кипр, Люксембург, Виргиния және Бермуд аралдары сияқты мемлекеттерден түскен инвестицияларға тиесілі. Инвестициялардың географиясы өңірлер бойынша біркелкі емес.

      Ресей Федерациясының 10 субъектісіне бүкіл шетелдік инвестициялардың 80 %-ы келеді. Инвестициялардың ең қомақты үлесі - 32 %-ы Мәскеуге, 18 %-ы - шетелдік әріптестермен бірлесіп ірі энергетикалық жобалар іске асырылып жатқан Сахалин облысына тиесілі. Көшбасшылар ондығына Мәскеу облысы, Санкт-Петербург, Калуга облысы, Ленинград облысы, Челябинск облысы, Архангельск облысы, Нижегородск облысы және Коми Республикасы кіреді. Ресей Федерациясына байыпты бюджеттік саясат тән және оның мемлекеттік қарызы Еуропадағы және әлемдегі ең төмен мөлшерде –150 млрд. АҚШ долл. жуық немесе ЖІӨ-нің 8 %-ы. Бұл ретте алтын-валюта қорларының көлемі бойынша Ресей Федерациясы әлемде үшінші орында – 500 млрд. АҚШ долл. астам (ҚХР мен Жапониядан кейін).


      1-12-сурет. Ресей Федерациясына және Қазақстанға ТШИ түсімінің серпіні



      Инвестициялық жобаларды қолдау

      Ағымдағы жылы Ресей Федерациясының Үкіметі ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалар қабылдады (олардың саны 42, ұлттық экономиканың барлық секторларын және әлеуметтік саланы қамтиды) және оларды іске асыру бойынша "жол карталарын" әзірледі. Мемлекеттік және корпоративтік даму институттарының жұмысы ірі инвестициялық, ең алдымен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталған. Барлығы 60 жоба, олардың көбі аяқталған. Бірнеше жүз жоба іске асырылу сатысында. Жобалар шеңберінде мемлекет қаражаты есебінен – инфрақұрылым, жеке инвестициялар есебінен – өндірістік объектілер құрылады.

      Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды жобалық қаржыландыру негізінде қолдау бағдарламасы жұмыс істейді: жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша кредиттер және т.б. Ұлттық әл-ауқат қорынан 450 млрд. рубль сомасын ірі көлік жобаларын іске асыруға бағыттау туралы шешімдер қабылданды: Транссібірді жаңғырту, жоғары жылдамдықты "Мәскеу – Қазан" теміржол магистралін салу, Мәскеудің айналасына Орталық айналма автожол салу. Ресей үшін әзірге негізгі қорлардың жағдайы, олардың әбден тозуы, көліктік және инфрақұрылымдық шектеулердің болуы, импорттың жоғары үлесі және экономиканың шикізаттық тәуелділігі, сондай-ақ табиғи монополиялар тарифтерінің деңгейі проблема болып қалуда.

      "Ресейге инвестицияла" ұлттық инвестициялық агенттігі 2013 жылғы желтоқсанда Ресей Федерациясының Өңірлік даму министрлігінің аясында және Инвестициялық агенттіктердің дүниежүзілік қауымдастығымен (WAIPA) ынтымақтастықта құрылған.

      Ресей Федерациясының инвестициялық агенттігінің негізгі мақсаты:

      шетелдік инвесторларға ресейлік нарыққа шығу кезінде жәрдемдесу арқылы Ресей Федерациясының экономикасына шетелдік инвестициялар тарту;

      коммуникацияның тиімді жүйесін құру және халықаралық инвестициялық қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасау арқылы Ресей Федерациясының инвестициялық мүмкіндіктері мен іскерлік беделін ілгерілету.

      Ресей Федерациясының инвестициялық агенттігінің негізгі міндеті бірыңғай клиенттік орталықтың функциясын орындау болып табылады, ол шетелдік инвесторлар үшін Ресей өңірлерінің инвестициялық әлеуеті, іске асырылып жатқан жобалар, жаңа инвестициялық мүмкіндіктер туралы ауқымды ақпарат көзі, сондай-ақ шетелдік компаниялардың Ресей нарығына шығуы үшін қолайлы жағдайлар жасау құралы болып табылады.

      Ресей Федерациясының инвестициялық агенттігінің қызметтері:

      Ресей Федерациясының іскерлік имиджін жақсарту және ілгерілету бойынша қызметтер. Шетелдік инвестициялық агенттіктермен және инвесторлармен өзара қарым-қатынастар жүйесін құру;

      шетелдік инвесторларға Ресей Федерациясындағы жобалар және бизнес орта туралы қажетті ақпаратты жедел режимде беру;

      инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде шетелдік инвесторларға қолдау көрсетуді жүзеге асыру;

      шетелдік инвестициялар тарту бойынша қызметтер;

      өңірлік инвестициялық жобаларды ілгерілету;

      ақпараттық-талдамалық және басқа да көрсетілетін қызметтер.

      Ресей Федерациясының шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі инвестициялық агенттігі айтарлықтай тиімді жұмыс істейді, бұл ТШИ-дің жалпы түсімінде маңызды рөл атқарады.

      Қазақстандағы инвестициялық преференциялар

      Қазақстанда инвестициялық преференциялар атаулы сипатта болады және инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстанның заңды тұлғаларына (оның ішінде шетелдік үлесі бар) және инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстанның заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде технологиялық жабдықты инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде импорттайтын лизингтік компанияларға беріледі.

      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасына елеулі өзгерістер енгізілді.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылы 25 желтоқсандағы № 122-VI Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Салық кодексіне 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзгерістер енгізілді, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің "Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау" деген 25-тарауына өзгерістер енгізілді, оның ішінде инвестициялық субсидиялар ұсынуды, арнайы инвестициялық шарт бойынша инвестициялық артықшылықтар беруді, сондай-ақ салықтық преференциялар ұсынуды қоса алғанда, инвестициялық преференциялар беру шарттарының мазмұны өзгертілді.

      Қазақстан заңнамасына сәйкес инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – ҚР СІМ) болып табылады.

      Заңнамаға сәйкес инвестициялық преференциялар инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялық басым жобаларға және арнайы инвестициялық жобаларға беріледі.

      Инвестициялық жоба "мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестициялар көздейтін іс-шаралар кешені" ретінде анықталады.

      Инвестициялық басым жоба дегеніміз:

      заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің (фабрика, зауыт, цех) құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін жаңа өндірістерді құру бойынша;

      заңды тұлғаның негізгі құралдарды өзгертуге, оның ішінде өнім шығаратын, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңартуға (реновациялау, реконструкциялау, жаңғырту) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бес миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық жоба.

      Жаңа өндірістерді құру немесе жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық басым жобаны тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгілі бір басым қызмет түрлері бойынша заңды тұлға жүзеге асырады.

      Арнайы инвестициялық жоба дегеніміз арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойманы иеленуші ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асыратын инвестициялық жоба не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асыратын жоба.

      Инвестициялық жобаның типіне байланысты преференциялар топтамасының құрамы анықталады.

      Инвестициялық жоба бойынша (оның ішінде инвестициялық басым жобаға) инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:

      1) кедендік баждар және импортқа қосылған құн салығын салудан босату;

      2) мемлекеттік заттай гранттар.

      Инвестициялық басым жоба бойынша салықтар бойынша преференциялар (бұдан әрі – инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар) беріледі.

      Арнайы инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялар (бұдан әрі – арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар):

      1) кедендік әкелу баждарын;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар салудан босату түрінде беріледі.

      Инвестициялық преференцияларды алу үшiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органға инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм және өтiнiм берушiнiң белгiленген талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды жiбередi.

      Инвестициялық преференциялар инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мен инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келiсiмшарт негiзiнде берiледi.

      1.2. KAZAKH INVEST-тің ішкі ортасын талдау

      Ескерту. 1-2-кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.11.2021 № 790; 25.11.2022 № 951 қаулыларымен.

      2017 жылы Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі – Ұлттық инвестициялық стратегия) әзірленіп және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілді. Бұдан әрі Ұлттық инвестициялық стратегияның орнына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 қаулысымен Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Инвестициялық саясат тұжырымдамасы) бекітілді. Инвестициялық саясат тұжырымдамасын іске асырудың институционалдық тетіктерінің бірі "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" АҚ болып табылады.

      2017 жылы KAZAKH INVEST компаниясы қайта тіркелгеннен кейін ірі инвесторлармен Қазақстан Республикасы атынан Бірыңғай келіссөз жүргізуші мәртебесін алды. KAZAKH INVEST Директорлар кеңесінің мүшелері компанияға қажетті қолдау көрсетеді және барлық операциялық процестердің тиімділігін қамтамасыз етеді. Кейін компания қызметін "бір терезе" қағидаты бойынша іске асыру мақсатында, оның ішінде инвесторларды инвестициялаудан кейін қолдауды қамтамасыз ету үшін KAZAKH INVEST мемлекеттік органдармен және ведомстволармен байланысты нығайтуға және өзара іс-қимылдардың тиімділігін жоғарылатуға ұмтылатын болады.

      Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары

      KAZAKH INVEST өз қызметінде индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі қойған басқа да міндеттерді басшылыққа алады. Мемлекетті дамытудың негізгі векторларын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада іске асырылуы Қазақстанның әлемнің ең дамыған елдері қатарына кіруіне ықпал ететін стратегиялық бағыттар белгіленген:

      1) адами капиталды – инновациялардың басты қозғаушы күшін дамыту;

      2) бизнес пен кәсіпкерлік бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;

      3) ұзақ мерзімді перспективада ғылымды қажетсінетін экономикаға көшу үшін қажетті салалық база қалыптастыруға негізделген кезеңдік тәсіл қабылдау арқылы ғылымды қажетсінетін экономика салаларын дамыту;

      4) ұлттық инновациялық жүйе құру, инфрақұрылымды жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру арқылы ғылымды қажетсінетін экономика құруды қолдайтын инфрақұрылымды жеделдетіп қалыптастыру;

      5) халықаралық қатынастар жүйесіне интеграциялануды тереңдету.

      Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес өңірде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту көлемі бойынша көшбасшылықты, сондай-ақ ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында жан басына шаққанда тікелей шетелдік инвестицияларды тарту көлемі бойынша көшбасшылықты сақтау жөніндегі стратегиялық міндетке қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Компанияның қызметі шет елдердегі қазақстандық елшіліктер мен өкілдіктерден бастап инвесторлармен өңірлік деңгейде жұмыс істеуге дейінгі тізбекті қамтитын инвестицияларды тартудың "өтпелі" жүйесіне интеграцияланатын болады.

      Инвесторлар қызметінің ашықтығын және сенім деңгейін жоғарылату.

      KAZAKH INVEST-тің Қазақстанда да, сонымен қатар шет елдерде де танымалдылығын жоғарылату мақсатында коммуникациялық саясат өзгертіледі, мемлекеттің шикізаттық емес секторды инвестициялық қолдаумен айналысатын агенті ретіндегі KAZAKH INVEST-тің имиджін қалыптастыруды коммуникациялық сүйемелдеуге көңіл аударылатын болады.

      Бұл мақсаттарда мыналар:

      KAZAKH INVEST-ті мемлекеттің инвесторларды қолдаумен айналысатын агенті ретінде қайта брендтеу;

      қажетті ақпараттың KAZAKH INVEST-тің қызметіне қызығушылық танытатын тараптардың барлығы – акционер, инвесторлар, әріптестер, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар және т.б. үшін толық және уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен KAZAKH INVEST қызметінің мақсаттарын, міндеттерін және қағидаттарын түсіндіруге, сонымен қатар қолайлы ақпараттық орта жасауға бағытталған өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын болады.

      Бұл ретте коммуникациялық және ақпараттық саясатты іске асырудың негізгі арналарының бірі инвесторға бағытталған және KAZAKH INVEST туралы ақпаратты қамтитын KAZAKH INVEST-тің корпоративтік веб-сайты болады.

      IT-қамтамасыз ету

      ІТ-қамтамасыз етуді тиісінше дамытпайынша, осы Даму жоспарын іске асыру мүмкін емес. ІТ-қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:

      инвесторлармен өзара іс-қимылда тиісті статистика жүргізу және бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, білім беру базасы мен сабақтастықты сақтау үшін инвесторларды сүйемелдеу бойынша жеке процесті автоматтандыру. Инвесторларға да инвестициялық жобалар бойынша құжаттарды орналастыруға қолжетімділік берілетін болады;

      ақпараттық-технологиялық жабдықтарды стандарттау және сәйкестендіру;

      ІТ-қамтамасыз етуді басқару жүйелерін жетілдіру болуы тиіс.

      Бұдан басқа, электрондық құжат айналымы жүйелерін интеграциялау, сондай-ақ "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істеу арқылы KAZAKH INVEST пен ҚР СІМ арасындағы сапалы және тиімді өзара іс-қимылға ерекше назар аударылатын болады. Сонымен қатар инвестициялық жобалармен жұмыс істеу шеңберінде KAZAKH INVEST-те контрагенттерді ІТ сервистердің оңтайлы жиынтығымен және сапасымен қамтамасыз ету бойынша ІТ функциялардың тиімділігі жоғарылатылады.

      Корпоративтік басқару

      Жоғары сапалы корпоративтік басқару KAZAKH INVEST қызметінің табысты болуы үшін қажетті шарт болып табылады. KAZAKH INVEST-те Корпоративтік басқару кодексі және Іскерлік этика кодексі бекітілген, олардың мақсаттары корпоративтік басқаруды жүйелеу және жетілдіру, басқарудың жалпы ашықтығын қамтамасыз ету және Компанияның тиісті басқару стандарттарын негізге алуға әзірлігін растау болып табылады.

      KAZAKH INVEST Директорлар кеңесіне негізгі мемлекеттік органдар мен шетелдік инвестицияларды тартуға жауапты ұйымдардың басшылары кіреді. KAZAKH INVEST Директорлар кеңесін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады.

      Компанияның алдына қойған міндеттерін орындау үшін басқаруға тиісті жұмыс тәжірибесі, білімі, біліктілігі, іскерлік және салалық ортада оң жетістіктері бар тәуелсіз директорлар да тартылған.

      Сонымен қатар, Компания корпоративтік басқару деңгейін жетілдіретін болады, бұл әлемдік тәжірибе негізінде корпоративтік басқарудың озық практикасына сәйкестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Адами капитал

      Компанияны білікті адами ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында KAZAKH INVEST бірыңғай кадр саясатын қалыптастыру және енгізу жұмысын жүргізеді. Кадр саясатының міндеті Компания тиімділігінің дамуына және өсуіне құнды үлес қосуға қабілетті білікті мамандарды тарту және ұстау, сондай-ақ адами ресурстарға инвестициялардан барынша қайтарым алу болып табылады. Компанияның фронт-офисіндегі жұмыскерлердің 70 %-ының "қаржы" және "экономика" мамандықтары бойынша білімдері бар. Бұл ретте персоналдың 90 %-ы ағылшын тілін меңгерген, ал олардың 29 %-ы ағылшын тілінен басқа екінші шетел тілін меңгерген. Персоналдың 26 %-ы жоғары оқу орындарын шетелде аяқтаған және жартысынан көбінің (53 %) магистр дәрежесі бар. Жұмыскерлердің жас шамасы: 37 % – 30 жасқа дейін, 44 % – 31 жастан 40 жасқа дейін, 19 % – 40 жастан асқан.

      Кейіннен персонал іріктеуде инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде маңызды фактор болып табылатын айтарлықтай тәжірибесі мен бұрынғы жетістіктері бар, тау-кен және металлургия, мұнай-газ, телекоммуникация салаларында, сондай-ақ қаржылық қызметтер мен инвестициялық кредиттеу секторларында сараптама және жұмыс өтілі бар күшті басқару командасын жасақтауға көңіл аударылатын болады.

      Бұдан басқа, Компания әлеуетті инвесторлармен одан әрі жұмыс істеу мақсатында Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің өкілдері үшін өңдеу өнеркәсібін мемлекеттік қолдау саласындағы кәсіптік құзыреттілікті арттыруда ҚР СІМ-ге жыл сайын жәрдемдесетін болады.

      Компанияның қаржылық саясаты

      Инвестициялық саясат тұжырымдамасына сәйкес Компания инвестициялар тарту жөніндегі оператор рөлін атқарады, бұл KAZAKH INVEST компаниясының "пайдасыз және залалсыз" қағидаты бойынша операциялық қызметін білдіреді. Бұл ретте қызметтің шығынсыздығына мынадай стратегиялық бастамаларды іске асыру арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, KAZAKH INVEST қосымша кіріс көздерін де іздестіретін болады.

      Шығындарды үнемдеу саясатын енгізу

      KAZAKH INVEST менеджменті Компания ресурстарын ұтымды пайдалануға, ауыспалы, сол сияқты тұрақты операциялық шығындарды оңтайландыруға ұмтылатын болады.

      Компания бақылауға жататын шығындарды оңтайландыруы қажет және сыртқа берілетін қызметтер көлемін қысқарта отырып, өзінің еңбек шығындарын барынша пайдаға асыруға ұмтылуы керек. Персонал жасайтын құндылық оны ұстау құнынан жоғары болуға тиіс.

      Басқарушылық есептілік жүйесін имплементациялау

      Қызметтің негізгі бағыттарын анықтау барысында Компания ақпарат жинау және ұсыну жүйесін ретке келтіреді, оның негізінде менеджмент стратегиялық және тактикалық шешімдер қабылдайтын болады. Басқарушылық есептілік жүйесі өзгермелі бизнес орта талаптарына сәйкес келуге тиіс және менеджменттің сараланған, уақтылы және көреген шешімдер қабылдауына ықпал ететін болады.

      Ақша қаражатын басқару тиімділігін арттыру

      Қаржылық орнықтылық пен өтімділікті сақтау Компанияның тиімді операциялық қызметінің негізгі шарттары болып табылады. Сонымен қатар, валюталық тәуекелдерге сезімталдықты ескере отырып, уақытша бос ақша қаражатын басқару саясаты шетелдік валютада күтілетін жылыстауға сәйкес алдын ала валюта резервтеу арқылы валюталық тәуекелдерді барынша азайтуы керек. Кассалық айырмаға жол бермеу үшін Компания "cash pooling" техникасын енгізуге ұмтылуы қажет.

      SWOT-талдау

      Сыртқы ортаны талдау KAZAKH INVEST алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауы үшін бірқатар оң факторлар мен мүмкіндіктердің бар екенін көрсетеді. Мұндай факторлардың бірі шикізаттық емес секторға негізгі капиталға мемлекет тарапынан да, сол сияқты жеке сектор тарапынан да тікелей инвестициялардың тұрақты өсуі болып табылады.

      Саяси және құқықтық оң факторлардың қатарына Үкіметтің кәсіпкерлікті дамыту және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру мәселелеріне баса назар аударуы жатады. Бұдан басқа, елде инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған Ұлттық инвестициялық стратегияда және Инвестициялық саясат тұжырымдамасында басты назар экспортқа бағдарланған шикізаттық емес секторларға ТШИ тартуға бағытталған. Бұдан басқа, даму институттарымен тиісті өзара іс-қимыл және уәкілетті органның (ҚР СІМ) қолдауы синергия үшін және инвесторларға қолдау құралдарының кешенді топтамасын беруге мүмкіндік жасайды.

      Төмендегі суретте KAZAKH INVEST қызметі мен ұстанымының күшті және әлсіз тұстарына талдау, сондай-ақ одан әрі дамуының мүмкіндіктері мен қауіптері көрсетілген.

1-13-сурет. KAZAKH INVEST қызметінің SWOT-талдауы


Мүмкіндіктер

Қауіптер


- Мемлекеттік саясат шеңберінде инвестициялар тарту мәселесіне баса назар аудару.
- Қазақстанға шетелдік инвесторлар тарапынан қызығушылықтың болуы.
- Елдегі инвестициялық ахуалдың экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайлардың өзгерістері есебінен жақсаруы.
- Инвестициялық саясат тұжырымдамасы.
- Үкіметтің өндірістік секторды дамыту бойынша мақсатты саясаты.
- Өндірістік секторды қаржылық және қаржылық емес қолдау шеңберінде жаңа құралдардың пайда болуы.
- Халықаралық қаржы ұйымдарынан (бұдан әрі – ХҚҰ) (АДБ, ЕҚДБ және т.б.) қорландыруды тарту мүмкіндіктері.

- Елдегі инвестициялық ахуалдың экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайлардың төмендеуі есебінен нашарлауы.
- Әлемдік дағдарыстың болу қаупі (индустриялық елдердің қомақты сыртқы қарызы, дамушы елдердің қаржы нарықтарындағы және жылжымайтын мүлік нарығындағы тұрақсыздық белгілері).
- Өңірдегі өршіп келе жатқан геосаяси қауіп.
- Реттеушілік және құқықтық шектеулердің күшеюі.
- Әлемде және өңірде инвестициялар үшін бәсекелестіктің артуы.

Мықты тұстары

Стратегиялық іс-қимыл

Стратегиялық іс-қимыл

- Ұлттық компания мәртебесі.
- Инвестициялар тартуда жинақталған тәжірибе.
- Күшті кадр әлеуеті және әкімшілік ресурс.
- Компанияның он жылдық кезеңге арналған жаңа даму жоспары.

- Инвестициялық саясат тұжырымдамасын іске асыруға қатысу.
- ХҚҰ-мен белсенді ынтымақтастық.
- Инвесторларға инвестициялаудан кейінгі кезеңде қызмет көрсетуді дамыту.

- Елдің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу және ілгерілету.
- Инвесторлардың шағымдарына ден қою бойынша жүйелі тетікті енгізу.

Әлсіз тұстары

Стратегиялық іс-қимыл

Стратегиялық іс-қимыл

- Компания тиімділігінің сыртқы бюрократиялық рәсімдерге тәуелділігі.
- Шетелдік инвестициялар тарту шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор арасындағы өзара іс-қимыл жүйесі тиімділігінің жеткіліксіздігі.
- Компанияның дамудың бастапқы сатысындағы имидждік саясаты.
- Компанияның ұйымдастырушылық құрылымы мен функциялары одан әрі оңтайландыруды талап етеді.
- Компания процестерінің автоматтандырылуының төмен дәрежесі.
- Инвесторларға ұсыну үшін пысықталған бизнес бастамалардың көп болмауы.
- Сапалы көрсетілетін қызметтер және тауарлар ұсынатын жергілікті өнім берушілер санының жеткіліксіздігі.

- базалық бизнес ұсыныстар мен инвестициялық сұрауларды KAZAKH INVEST компаниясының өңірлік өкілі деңгейінде шоғырландырып, өңірлік және орталық деңгейлерде "бір терезе" қағидатын енгізу.
-  KAZAKH INVEST жобалары бойынша уәкілетті органдардың преференциялар беру мәселесін қарауы тәртібін жеңілдету.
- Өнім берушілерді дамыту бағдарламасын әзірлеу.
- Компанияның ақпараттық-технологиялық қамтамасыз етілуін және инвестициялық жобалардың ақпараттық-мониторингтік жүйесін (IRM) одан әрі дамыту.
- "Тауаша жобаларды" іздеу және әзірлеу.

- Инвестициялар тартудың белсенді тәсілдерін енгізу.
- Таргеттелген маркетингтік бағдарлама әзірлеу.
- KAZAKH INVEST компаниясы шетелдік инвесторлармен бірге бастамашылық еткен инвестициялық жобаларға жер учаскесін бөлуге әкімдіктер тарапынан KAZAKH INVEST компаниясына кепілдендірілген квота беру.
- Басым инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялық келісімшарт жасасу кезінде пайдалануға берілгеннен кейін неғұрлым ұзақ мерзімде шетелдік жұмыс күшіне (бұдан әрі – ШЖК) квота белгілеуді заңнамалық деңгейде жою.

      Компанияның артықшылықтарын назарға ала отырып және сыртқы ортаның жоспарланған кезеңдегі мүмкіндіктерін ескере отырып, ұлттық компания мәртебесін, жинақталған тәжірибені, іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды барынша пайдалану қажет, сондай-ақ әлсіз тұстарды жою және қатерлердің әсерін мейлінше азайту үшін жұмыс істеу керек.

      2. Миссия, пайым және қызметтің стратегиялық бағыттары

      2.1. Компанияның миссиясы, пайымы және құндылықтары

      Компанияның миссиясы

      Экономиканың басым секторларына шетелдік инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды кешенді қолдау арқылы Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік экономикалық дамуына ықпал ету.

      Компанияның пайымы

      Орталық Азия өңіріндегі, ТМД елдеріндегі және экономикасы өтпелі елдер топтарының арасында шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі жетекші агенттікке айналу.

      Компанияның құндылықтары

      Жаһандық тәжірибе – шетелдік және отандық инвесторларға озық құзыреттерді ұсыну, сондай-ақ қазақстандық нарықтағы мүмкіндіктерге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Компания инвестициялар тарту үшін әртүрлі нарық инвесторларының қажеттіліктеріне сәйкес алуан түрлі тәсілдерді қолданатын болады.

      Білім – көп жылдардан бері деректер жинау және талдау, инвесторлармен ақпарат алмасу Компанияға нарық үрдістерін қадағалап, инвестициялар үшін перспективалы тауашаларды айқындауға мүмкіндік береді.

      Адами капитал – KAZAKH INVEST агенттігінің өз біліктіліктері мен машықтарын үнемі жетілдіріп отыратын білікті мамандарының командасы Компания мақсаттарына қол жеткізудің түйінді ресурсы болып табылады. Компания қолайлы іскерлік орта құрды, мұнда әр қызметкер ортақ іске өз үлесін қоса алады және инновациялық идеяларымен ұсына алады.

      2.2. Қызметтің 1-стратегиялық бағыты – "Шетелдік инвестициялар"

      Ескерту. Тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - ҚР Үкіметінің 05.11.2021 № 790 қаулысымен.
      Ескерту. 2.2-кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.11.2021 № 790; 25.11.2022 № 951 қаулыларымен.

      1-мақсат. Тиімділікті арттыруға бағдарланған инвестициялар тарту

      KAZAKH INVEST өз қызметінде инвестиция тартудың белсенді тәсілдерін ұстанатын болады. Инвестицияларды белсенді тарту үш негізгі элементтен тұрады:





      2-1-cурет. Инвестициялар тарту процесінің схемасы




      1-міндет. Инвестиция көздері – нысаналы елдерді айқындау

      Қазақстанмен ынтымақтастықтың геосаяси және экономикалық жағдайларына сүйене отырып, инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша мынадай нысаналы өңірлер анықталды:

      ЕАЭО-ға мүше елдер;

      Азия елдері;

      ЭЫДҰ-ға мүше елдер және әріптес елдер;

      Таяу Шығыс елдері.

      Бұл өңірлерде Орталық Азия өңірінің экономикасын инвестициялауға әзірлікті және қабілеттілікті куәландыратын: капиталдың болуы және оған қолжетімділік, Қазақстанға инвестициялау тәжірибесі, қазақстандық өндіріске технологиялар трансферттеу перспективасы бар дамыған технологиялар сияқты белгілер бар.


      2-1-кесте. Инвестиция тарту үшін нысаналы елдер



      Елдерді таргеттеу шеңберінде басымдықтар ретінде Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция, АҚШ, Ресей Федерациясы, ҚХР, Корея Республикасы, Жапония, Түркия және БАӘ анықталды.

      Басым елдер картасы


     

      Әрбір нысаналы ел немесе елдер тобы үшін инвестициялар тарту кезінде нақты елмен жұмыс істеу бойынша анықтамалық құжат – жөнсілтер немесе елдік инвестициялық бағдарлама ("White paper") әзірленіп, оларда мынадай ерекшеліктер көрсетілетін болады:

      1) жобаны қаржыландыру мүмкіндіктерінің болуы (инвестициялық қорлардың болуы, инвестициялар саласындағы заңнама, қаржыландырудың қолданылатын құралдары);

      2) басым салалардағы, қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада шекаралық өңірлерге шығып, бизнесті кеңейтуді жоспарлайтын ықтимал әріптестер (таргеттік трансұлттық компаниялар мен нысаналы зәкірлі инвесторлар);

      3) ресми, оның ішінде үкіметтік деңгейдегі уағдаластықтар, сондай-ақ мемлекетаралық ынтымақтастық бағдарламалары.

      Мұндай анықтамалықтар үнемі жаңартылып отыратын болады және қандай да бір елмен ынтымақтастықтың барлық аспектілерін ашып көрсететін негізгі құралға айналады. Басым елдердің шектеулі санына назар аудару Даму жоспары мақсаттарына қол жеткізуде маңызды фактор болып табылады. Алайда, Даму жоспарда келтірілген елдер тізбесі түпкілікті болып табылмайды. Компания өз қызметінде икемді тәсілдерді ұстанып, шетелдік инвестициялардың жаңа көздерін, оның ішінде аралас салалардан іздестіретін болады.

      2-міндет. Инвесторларды таргеттеу

      Шетелдік инвестицияларды тартуда табысқа жетудің келесі қадамы инвесторларды таргеттеу болып табылады.

      Практикада инвесторлық база 2 типке бөлінеді, олардың инвестициялау кезіндегі мақсаттары мен міндеттері ерекшеленеді:

      стратегиялық инвестор – басқаруға қатысу үшін немесе компанияны бақылауға алу үшін бизнестен үлес алуға мүдделі инвестор. Әдетте, стратегиялық инвестор ретінде қызметі сатып алынатын компанияның немесе іске асырылатын жобаның бизнесімен байланысты компания әрекет етеді;

      институционалдық инвестор немесе портфельдік инвестор – пайда алу мақсатында үлеске салымды жүзеге асыратын заңды тұлға. Институционалдық инвесторларға инвестициялық қорлар, зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары, банктер, оның ішінде даму банктері жатады.

      Елдер инвестиция тарту бойынша саясатында өз елінің мүдделерін білдіретін компанияны таргеттеуден ықтимал инвесторлардың қызығушылығын тудыра алатын елдің бәсекелік артықшылықтарын жасауға бет бұруда. KAZAKH INVEST инвестициялық жобаның өмірлік цикліне байланысты инвесторлардың екі тобын таргеттейтін болады. Стратегиялық инвесторларды таргеттеу шеңберінде негізгі фокус трансұлттық компанияларға (бұдан әрі – "ТҰК"), олардың даму тарихын, жұмыс істейтін елдерді, сатып алу көздерін, өткізу нарығын және кеңею жоспарларын мұқият талдау негізінде жасалатын болады.

      ТҰК техникалық анықтамалары әртүрлі болады. Осы Даму жоспары ТҰК-ті мынадай сипаттамаларға сәйкес келетін коммерциялық кәсіпорын ретінде айқындайды:

      1) орналасқан елді (ТҰК-тың бас кеңсесі орналасқан елді) ескермегенде, кемінде екі елде өндірістік бөлімшелері бар компания;

      2) жылдық айналымы 1 млрд. АҚШ долл. асады.

      Әдетте, шетелдік инвестицияларды белсенді іздеу үстіндегі елдердің барлығы ірі компанияларды таргеттейді, бұл олардағы бәсекелестікті жоғарылатады. Сондықтан, KAZAKH INVEST тек ірі компаниялармен ғана шектелмей, бірегей технологиялары және/немесе инновациялары бар және экономиканың басым салаларын дамытуға түрткі бола алатын технологиялық стартаптар мен шағын орта кәсіпкерліктерге (бұдан әрі – ШОК) де өз назарын аударатын болады.

      3-міндет. Қазақстан экономикасының басым салаларына шоғырлану

      Инвестициялар тарту бойынша қызмет жүргізілген макроэкономикалық және салалық зерттеулер нәтижесінде айқындалған Қазақстан экономикасының басым салаларына шоғырландырылатын болады. Бұл міндетті орындау шеңберінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін инвесторлар үшін ыңғайлы форматта ашып көрсетуге мүмкіндік беретін салалық шолулар (құнды ұсыныстар) дайындалатын болады.

      Экономиканың басым салаларының негізгі 2 тобы анықталды:

      1) қазір әлеуеті бар салалар;

      2) перспективалы салалар.

      2-2-кесте. Инвестициялар тарту үшін басым салалар


Қазір әлеуеті бар салалар
Бұл салалар Қазақстанның бәсекелес артықшылықтарының көзі болып табылады және инвестициялар тартуға және экспорттық өндірісті дамытуға дайын

Қазақстанның тарихи дамыған бәсекеге қабілетті салалары
Өндіріс факторларының жақсы қолжетімділігі
Экспортқа бағдарлану
Импортты алмастыру
Экономиканың шикізаттық емес секторы

АӨК
Пайдалы қазбаларды терең өңдеу
Металлургия
Химия және мұнай химиясы
Машина жасау

Перспективалы салалар
Қазақстан Үкіметі жүргізіп отырған даму саясаты табысты іске асырылған жағдайда, бұл салалар орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада инвестициялау үшін жақсы мүмкіндіктер ашады

Болашақта даму перспективалары
Инвестициялауға жаһандық сұраныс пен ұсыныстың болуы
Экспортқа бағдарлану
Экономиканың шикізаттық емес секторы

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Туризм
"Жасыл" технологиялар
Қаржы

      Үкімет Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобада айқындаған агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция ағынын 2020 жылмен салыстырғанда 4 есеге ұлғайту жөніндегі міндеттер шеңберінде KAZAKH INVEST экономиканың осы салаларындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуына жәрдемдесуге күш салады.

      АӨК-ке инвестицияларды ынталандыру тамақ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша импортты алмастыратын инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы елдің азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады, сонымен қатар шикізат базасын, яғни ауыл шаруашылығын дамытудың драйверіне айналады.

      Өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларына инвестициялар, күшті әрі жақсы басқарылатын корпоративтік сектордың қалыптастырылуына ықпал ету және экономиканы әртараптандыруды ынталандыру арқылы бәсекелестікке жағдай жасайды және елдің экономикалық сілкіністерге орнықтылығын жоғарылатады.

      Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды қолдау әлемдік экономика технологияларына бағдарланған жағдайларда кәсіпорындардың бәсекеде табысқа жетуіне көмектеседі.

      Туризмді дамыту ел экономикасының орнықтылығын жоғарылатуға ықпал етеді, жұмыс орындарының және валюталық түсімдердің өмірлік маңызды көзі болып табылады, адамдардың экономикалық өмірге қатысуын ынталандырады және ресурстардың тиімділігін арттырады.

      Осылайша, осы міндетті орындау нәтижесінде Инвестициялық саясат тұжырымдамасына сәйкес 2026 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіптегі ТШИ үлесі Қазақстан Республикасындағы ТШИ жалпы ағынының 30 %-ын құрайды.

      Қазақстанның 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі мақсатында KAZAKH INVEST су ресурстарын орнықты пайдалану, орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, электр энергетикасын дамыту, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаның ластануын азайту, экожүйелерді сақтау және тиімді басқару сияқты "жасыл" экономика салаларын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.

      Компанияның негізгі операциялық жұмысы инвестицияларды осы басым салаларға тартуға бағытталатын болады, алайда бұл ретте KAZAKH INVEST қызметі көрсетілген салалармен ғана шектелмейді – экономиканың басқа секторларында, сондай-ақ венчурлік капитал мен стартаптарды қоса алғанда, басқа да жобаларды іске асырып жатқан инвесторларға да инвестициялаудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсетілетін болады.

      Таңдап алынған басым салалардың өзектілігін бағалау мақсатында негізгі капиталға инвестицияларға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған шетелдік инвесторлардың қайта инвестициялау көлеміне мониторинг және талдау жүргізілетін болады.

      4-міндет. Инвестициялар тарту үшін басым жобаларды талдау және іріктеу

      ТШИ тартудың келесі қадамы инвестициялау үшін ұсынылатын басым жобаларды анықтау және назарда ұстау болып табылады.

      Тауаша жобалар

      KAZAKH INVEST елдің (өңірдің) артықшылықтары мен әлеуетті инвесторлардың іскерлік мүдделерінің арасындағы түйісу нүктелерін іздеп табатын болады. Бұл мақсат үшін нарықта сұранысқа ие тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісі кезінде толық өндірістік циклдің әртүрлі кезеңдерін (қосымша құн тізбегіндегі үзілістер) толтыруға мүмкіндік беретін "тауаша жобалар" және/немесе нақты шетелдік компания үшін бизнес-кейстер әзірленетін болады. Мұндай жобалар, әдетте, мынадай сипаттамаларға сәйкес келеді:

      1) бос тауаша (өңірде ұқсас өндіріс жоқ немесе өндірілетін өнім/жұмыстар/қызметтер ұсынысы өңірдегі сұранысты қанағаттандыра алмайды);

      2) импорты алмастыруға және экспорты дамытуға бағытталуы;

      3) шикізаттық базаға қолжетімділік;

      4) өндіріс орта мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте коммерциялық пайдалы.

      Тауаша жобаларға жергілікті кәсіпорындар, квазимемлекеттік секторлар, мемлекеттік органдар бастамашылық етеді және бұл жобалар жаһандық қосымша құн тізбегіне елдің интеграциялануына мүмкіндік ашады.

      5-міндет. Іріктелген жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстар дайындау

      Инвестициялар тарту қызметінің табысты болуы жобаның өзінің инвестициялық тартымдылығына (кірістілік көрсеткіштері, өтелу мерзімдері, жобаның перспективалары), сонымен қатар жобаны пысықтау/ресімдеу сапасына да (бизнес-жоспардың, техникалық-экономикалық негіздеменің болуы және т.б.) байланысты. Сапалы инвестициялық ұсыныстар дайындау жұмысы инвестиция тартудың негізгі кезеңі болып табылады.


      2-2-сурет. Инвестициялар тарту кезеңдері


      Инвестиция тартудың белсенді тәсілін іске асыру кезінде отандық бизнестегі өсу перспективасы бар, Қазақстан аумағында, сондай-ақ өңірлік және халықаралық деңгейлерде бәсекеге қабілеттіліктің көшбасшылары бола алатын ықтимал табысты компаниялар айқындалады.

      Қолдау шаралары 3 бағыттан тұрады:

      қаржылай қолдау алу үшін жәрдем көрсету (жобаларды bankable деңгейіне дейін жеткізу), консалтингтік сүйемелдеу (инвесторлар іздеу, басқару және технологиялар саласындағы озық тәжірибеге қолжетімділікті қамтамасыз ету, қызметтің тиімділігін арттыру) және институционалдық қолдау (мемлекеттік органдармен өзара қимыл жасау бойынша жұмысты үйлестіру, оның ішінде преференциялар алу кезіндегі тиімді диалогқа бастамашылық ету, салалық кедергілерді жою). Инвестициялауды гранттарды тарта отырып, құзыреттерді дамыту жұмыстарымен байланыстыру өнімді өндірістік-өткізу тізбектерін қалыптастыруға ықпал етеді, экономикалық тиімділікті жоғарылатады.

      Бұл үшін ұлттық компаниялармен, салалық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс жандандырылатын болады. Мемлекеттік органдардың, сол сияқты Қазақстанда инфрақұрылымдық және инвестициялық ірі жобаларды іске асырып жатқан ірі компаниялардың әрқайсысының ресурстық базасы мұқият зерделенеді, бұл жаңа бизнес бастаманы іске асыру кезінде оф-тейк келісімшарттар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      Өз қызметтерін кеңейтуге мүдделі жергілікті ірі және орта бизнеспен де осыған ұқсас жұмыс жүргізілетін болады. Бүгінде Қазақстанның көптеген кәсіпкерлерінің одан әрі даму жоспарлары бар. Осылайша, талдау нәтижелерінің негізінде бастамалардың барлығы ескеріле отырып, инвесторлар үшін тауаша жобалармен қатар, МЖӘ және жекешелендіру объектілері жобалары енетін ықтимал жобалар пулы жасалады.

      Бұдан әрі осы жобалар тізбесінің арасынан инвестициялық тартымдылығы ең жоғары жобалар іріктеп алынады. Инвестициялық жобаларды іріктеудің тиісті сапа стандарттарына және экономика қажеттіліктеріне сәйкес келетін нақты қағидалары қабылданады. Бар күш-жігерді іріктеуден өткен, саны азайтылған жобаларға шоғырландырудың аса зор маңызы бар. Жобаларды іздеуге, инвестициялық ұсыныстарды дайындауға халықаралық деңгейдегі консультанттар тартылатын болады.

      Бұған қоса, инвесторлар іздеу жұмысы жұмыс процестерін цифрландыруға көшіруді, жүйелеуді және регламенттеуді талап етеді, бұл жобалар бойынша кіріс құжаттарының сапасын жоғарылатуға, тартылған инвесторлар санын ұлғайтуға, фронт-офистегі тиісті салалар бойынша қызметкерлердің құзыреттілігі мен білім деңгейлерін жоғарылатуға, мониторингті тиісінше жүргізуді қамтамасыз етуге және инвесторлармен өзара іс-қимылда шапшаңдыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

      Күтілетін нәтижелер

      Ескерту. Тарау жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.11.2021 № 790 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.11.2022 № 951 қаулысымен.

      Қызметтің 1-стратегиялық бағытының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижесінде елімізге кемінде 59 ТҰК, ірі компаниялар және экономиканың басым секторларында "зәкірлік инвесторлармен" құрылған бірлескен кәсіпорындар тартылатын болады. Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының көлемі 2027 жылға қарай 25,8 млрд долларға жетеді. Шетелдіктер қатысатын шикізаттық емес секторларда енгізілетін жобалардың саны 45 бірлікке дейін ұлғайтылатын болады.

      Қызметтің 2-стратегиялық бағыты – "Инвестициялық ахуал"

      Ескерту. 2-стратегиялық бақытқа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.11.2021 № 790; 25.11.2022 № 951 қаулыларымен.

      2-мақсат. Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесу

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.11.2021 № 790 қаулысымен.

      Институционалдық ортаны жетілдіру, мемлекеттің инвестициялық саясатының ашықтығын, болжамдылығын жоғарылату инвесторлардың сенімін нығайтудың маңызды факторлары болып табылады. Бұл ретте, KAZAKH INVEST уәкілетті органдармен Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетілдіру және оны әкімшіліктендіру, сонымен қатар инвестициялық қауымдастықпен өзара іс-қимыл тетіктерін нығайту бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болады.

      Инвестициялардың өмірлік циклдерінің әр сатысында көптеген мүдделі тараптармен үнемі қарым-қатынас жасалады. Осыған байланысты инвесторларға оларды Қазақстанға өндіріс ашу үшін тарту кезеңінде ғана емес, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету және жергілікті экономикамен орнықты байланыстарды дамыту есебінен инвестицияларды сақтап қалу мақсатында инвестициялық жобаның кейінгі даму фазаларында да қолдау көрсетіледі.

      Түпкі мақсат инвестордың елде қалып, өз өндірісін жаңғыртуды, ұлғайтуды және кеңейтуді жалғастыруына сайып келеді. Өндіріс үшін және шетелдік инвесторлардың бизнестері үшін стратегиялық құндылығы бар, қосымша құн салығы анағұрлым жоғары жаңа, жаңғыртылған өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді игеру, әзірлеу және енгізу үнемі ынталандырылып отырады және оларға үнемі қолдау көрсетіледі.

      Сонымен қатар, Компания ҚР СІМ-мен бірлесіп өз құзыреті шеңберінде Инвестициялар жөніндегі ұлттық баяндаманың жобасына ұсыныстар енгізетін болады.

      1-міндет. Қазақстанның инвестициялар саласындағы заңнамасын жетілдіруге жәрдемдесу

      Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкімет кеңесінің (Инвестициялық штаб) қарауына және уәкілетті органдарға проблемалық учаскелерді және инвесторлардың қажеттіліктерін түсінуді бағалау нәтижелері базасында, оның ішінде олардың өтініштерін мониторингтеу және талдау қорытындылары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуды, виза мәселелерін, салық, кеден заңнамасы мәселелерін қоса алғанда, инвестициялық қызметке қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнаманы жетілдіру және инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру және т.б. бойынша ұсыныстар жүйелі түрде енгізілетін болады.

      KAZAKH INVEST базасында әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін енгізетін және инвестициялар туралы келісімдер жасасу үшін стратегиялық инвестициялық жобалар пулын қалыптастыру және сүйемелдеу арқылы инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді күшейтетін "Task Force" жеке арнайы бөлімшесі құрылатын болады. Бұл ауқымды қаржы ресурстары бар стратегиялық инвесторларды ғана емес, сондай-ақ институционалдық инвесторларды да тартуға мүмкіндік береді.

      Инвестициялық бастамаларды қолдау бойынша KAZAKH INVEST қызметіндегі кедергілерді жою

      Тиімділікті жоғарылатуға бағдарланған инвестицияларды көптеп тарту мемлекеттік органдар мен түйінді даму институттарының үйлестірілген жұмысына байланысты. Даму институттарының бірлескен кәсіпорын құруға ниет білдірген ірі инвесторлармен және ТҰК-пен әріптестігі олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады және инвесторларға белгілі бір жағдайлар жасай отырып, оларды кіру кедергілерінен босатады.

      KAZAKH INVEST түйінді даму институттары мен шетелдік инвесторлар арасындағы байланыстырушы буынға айналуға ұмтылады.

      Алайда, ағымдағы жағдайда даму институттары тарапынан әріптестікті және/немесе бірлесіп қаржыландыруды қажет ететін бірқатар инвестициялық жобалардың бастамашылары құжаттарды қарау рәсімдерінің ұзақтығымен, жүктемесі мол төрешілдікпен (сұратылатын құжаттар санының және рәсімдердің көптігі) бетпе-бет келеді. Осыған байланысты, Компания уәкілетті органмен мынадай мәселелерді пысықтауды жоспарлап отыр:

      1) KAZAKH INVEST компаниясының жекелеген қызметкерлерінің түйінді даму институттарының басқару органдарына мүшелігі;

      2) даму институттарының KAZAKH INVEST жобаларын басым тәртіппен қарауын көздеу;

      3) бизнес ұсыныстар мен инвестициялық сұрау салулардың бәрін KAZAKH INVEST компаниясының өңірлік өкілі деңгейінде шоғырландыра отырып, өңірлік және орталық деңгейлерде "бір терезе" қағидатын қарастыру. KAZAKH INVEST ресурстары шетелдік инвесторлардың бастамаларына тиісті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Іс жүзінде инвестициялық жобаларды тез арада іске асыру үшін қажет қызметтердің барлығы дерлік KAZAKH INVEST құзыретінен тыс қалып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың жер учаскелерін бөлуі кезіндегі, шетелдік жұмыс күшін елге әкелу кезіндегі рұқсат құжаттарын келісу және беру рәсімдерінің ұзақтығы, өңірлік деңгейлердегі KAZAKH INVEST өкілдері рөлінің төмендігі, сондай-ақ басқа да төрешілдік рәсімдер инвестициялар үшін кедергілер туғызуы мүмкін. Осыған байланысты, заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу арқылы мынадай бастамалар ілгерілетілетін болады:

      1) KAZAKH INVEST компаниясы шетелдік инвесторлармен бірлесіп бастамашылық жасаған инвестициялық жобаларға жер учаскесін бөлуге әкімдіктер тарапынан KAZAKH INVEST компаниясына кепілдендірілген квота беру;

      2) басым инвестициялық жобаларды пайдалануға енгізгеннен кейін анағұрлым ұзақ мерзімде іске асыру үшін инвестициялық келісімшарт жасасу кезінде ШЖК-ге квота белгілеуді заңнамалық деңгейде жою;

      3) KAZAKH INVEST қолдау көрсететін жобаларды іске асыру үшін уәкілетті органдардың преференциялар беру мәселесін қарау тәртібін жеңілдету;

      4) әкімдіктер өкілдерінің өкілеттіктерін кеңейту тиісті өңір мәселелері қаралған кезде облыс әкімдері орынбасарларының Үкімет жанындағы (тиісті кеңесші комитеттерге (жұмыс топтарына) міндетті түрде қатысуы).

      2-міндет. Инвестицияларды қорғау тетіктерін жаңғырту

      Инвестицияларды қорғау инвестиция тарту және оны сақтап қалу жұмысының түйінді аспектілерінің бірі болып табылады. Атап айтқанда, инвесторлардың құқықтарын қорғаудың негізгі кепілдіктерін тиісінше орындау басымдық болып саналады. Бұған экспроприациядан қорғау, инвестормен жұмыс істеу барысында әділдік және тең құқылық қағидаттарының орындалуын қамтамасыз ету, барынша қолайлы жағдай жасау, валютаны/капиталды еркін айырбастау және аудару, дауларды шешу тетіктеріне қолжетімділік жатады.

      Инвесторлардың проблемалы мәселелеріне бірден ден қою жүйесін енгізу жоспарланған, оның құрамында инвесторларға Қазақстан аумағында көмек көрсету үшін "Call-орталық" арқылы "жедел жәрдем" қағидатын енгізу және инвесторлардың сауалдарын тіркеудің электрондық жүйесі қамтылған.

      Call-орталыққа хабарласқан жағдайда инвесторға туындаған мәселелердің кең спектрін, оның ішінде әкімшілік, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық қамтамасыз ету және т.б. мәселелерді шешуде көмек көрсетілетін болады. Инвесторлардың Компания қызметі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін, сонымен бірге жедел көмекті қамтамасыз ету мақсатында маңызды қоғамдық орындардың барлығында Компанияның және Call-орталықтың байланыс телефондары көрсетілген баннерлер орнатылады.

      Сонымен қатар, инвесторлардың сауалдарына мемлекеттік органдардың барынша қысқа мерзім ішінде және ағылшын тілінде жауап қайтаруы қамтамасыз етіледі.

      Шетелдік инвесторлар өздеріне таныс емес жағдайда жұмыс істейді, бұған құқықтық сала да жатады. Белгісіздіктердің орын алуы инвестициялар үшін кедергілер мен қауіптер туындатады. Экономикасы өтпелі елдерде, оның ішінде Қазақстанда құқықтың үстемдік құру мәселелері инвестициялар үшін басты сын-қатер болып қалуда. Заң үстемдігін қамтамасыз ету Қазақстанның ұлттық басымдылығы болып табылады. Сонымен бірге KAZAKH INVEST инвесторлардың проблемалық мәселелерін, оның ішінде олардың өтініштеріне мониторинг және талдау қорытындылары бойынша бастапқы кезеңде анықтап, оларды сотқа дейінгі және соттан тыс тәртіппен шешуге жәрдемдесетін болады. Бұл мақсатта компания арнайы құралды – инвесторлардың шағымдарына ден қоюдың жүйелі тетігін (Systematic investor response mechanism (бұдан әрі – SIRM)) іске қосады, ол мына схема бойынша жұмыс істейді:

      1) инвесторлардың проблемалы мәселелерін ерте айқындайды;

      2) инвесторлар үшін (шығындар, залалдар) және Қазақстан үшін (инвестицияларды алу, сот талқылауы) тәуекелдерді бағалайды;

      3) егер инвестордікі дұрыс болса, SIRM мәселені шешуде, оның ішінде Инвестициялық омбудсмен институты арқылы делдал болады;

      4) егер прогреске қол жеткізілмесе, проблемалы мәселе Үкімет деңгейінде қарауға шығарылады;

      5) инвесторлардың Қазақстаннан кетуінің мониторингін жүзеге асырады және оның ықтимал себептеріне талдау жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізетін реформалардың нәтижесінде инвесторлардың сенімдерінің деңгейіне тұрақты мониторинг пен талдауды қамтамасыз ету үшін инвесторларға үнемі сауалнама жүргізіліп отырады. Сауалнама әдістемесі озық халықаралық іс-тәжірибе негізінде әзірленетін болады. Сауалнама тәуелсіз және беделді ұйым жүргізеді, бұл оны сапаны және елдің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелілігін бағалаудың пәрменді құралына айналдырады.

      Инвесторлар арасында сауал жүргізудің және инвестициялық қызмет барысында туындайтын күрделі мәселелерді талдау нәтижесінде жыл сайын Қазақстанның инвестициялық ахуалының жағдайы туралы есеп жасалады және ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына жіберіледі:

      1) инвестицияларды тартуға, ұлғайтуға және сақтап қалуға кедергі келтіретін төрешілдік және салалық шектеулер;

      2) орталық және өңірлік деңгейлерде ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді алудың ауыртпалығы;

      3) мемлекеттік органдар мен өңірлердің олардың қызметінің елдегі іскерлік ортаның қолайлылығына әсері негізіндегі рэнкингі;

      4) инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша ұсынымдар.

      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қауымдастықтың мәселелері туралы объективті ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасындағы инвесторлардың ағымдағы мәселелері туралы ақпаратқа ие Инвестициялық омбудсмен, әкімдіктер жанындағы инвесторларға қызмет көрсету орталықтары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі, Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес, Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі үкіметтік кеңес (Инвестициялық штаб), Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы іскерлік қауымдастықтары және "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – "Атамекен" ҰКП) сияқты институттармен ынтымақтастық жолға қойылатын болады.

      3-міндет. Қазақстанның инвестициялық брендін ілгерілету

      KAZAKH INVEST елдегі инвестициялық жобаларды халықаралық және ішкі таргеттелген ілгерілету үшін бірыңғай медиа-жоспар әзірлейді. Әртүрлі елдердің бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) арқылы ілгерілетуде сол өңірдегі медиа-нарықтың ерекшелігі, бизнес қауымдастықтың мәдени-танымдық ерекшеліктері және бизнес қажеттіліктерінің талдауы ескеріледі.

      Компания инвесторлармен жұмыс істеуде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы және/немесе шетелдердегі инвестициялық іс-шараларға (форумдар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, конференциялар, семинарлар және т.б.) қатысу/ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру арқылы проактивті тәсілді ұстануды жалғастыратын болады.

      Сондай-ақ инвестициялық алаңдарды зерделеу, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ әлеуетті бизнес-әріптестермен келіссөздер жүргізу шеңберінде инвесторлардың делегацияларында/ сапарларында бірге жүру жұмысы жалғасады.

      Медиа-жоспарды құру және оны іске асырудан басқа, инвестициялық-экономикалық бағыттағы халықаралық және ішкі іс-шараларға қатысудың жүйеленген кестесі іске асырылатын болады. Мұндай іс-шараларға қатысу Компания үшін инвестициялық жобаларды атаулы ілгерілету, сондай-ақ әлеуетті әріптестермен тікелей байланыстар орнату бойынша маркетингтік құрал ретінде өте маңызды.

      Ақпараттық қолдауды орталық деңгейде жүзеге асыру мақсатында инвесторларды өңірлердің бәсекелес артықшылықтары, инвестициялық инфрақұрылым объектілері, бизнес-бастамалар, перспективалы инвестициялық жобалар туралы шоғырландырылған ақпаратпен қамтамасыз ететін оларға арналған ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-порталын ілгерілету бойынша жұмыс жалғасады.

      Ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-порталында іске асырылып жатқан және жоспарланатын инвестициялық жобалардың, сондай-ақ қаржыландыруды талап ететін жобалардың тізімі/базасы бойынша ақпарат бар.

      Келесі маңызды бағыт әкімдіктермен тығыз өзара іс-қимылда өткізілетін өңірлік форумдардың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Мақсаты инвестициялық форумдарды өткізуде қабаттасу мен кездейсоқтықты жоққа шығару. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының бірыңғай ақпараттық және имидждік реңін қалыптастыру үшін Компания барлық өткізілетін инвестициялық іс-шараларға инвентаризация жүргізбек.

      Бұл ретте Компания KAZAKH INVEST өткізетін іс-шаралардың бекітілген күнтізбесіне сәйкес іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде жан-жақты хаттамалық және ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсетеді.

      Инвестициялық мүмкіндіктердің танылуын жоғарылату үшін елде "Қазақстанның инвестициялық бренді" жобасы іске асырылады. Қазақстанды зор инвестициялық әлеуеті бар, инвестиция үшін аса тартымды және бүкіл әлемдегі екпінді өзгерістермен бірге дамуға әзір ел ретінде көрсету жоспарланып отыр. Брендті оң қабылдау және сенім арту бірінші кезекте орналастырылған месседждің объективтілігіне байланысты. Қазақстанның инвестициялық бренді өзіндік, үйлесімді, жеңіл танылатын болады, елдің инвестициялар үшін нақты бәсекелес артықшылықтарын ашып, баса көрсететін болады.

      Қазақстанға табысты инвестициялар тарихы маркетингтік бағдарламаның маңызды құрамдас бөлігіне айналады, өйткені инвесторлар бірінші кезекте өздерінің алдындағылардың тәжірибелеріне назар аударады.

      KAZAKH INVEST компаниясының маркетингтік стратегиясынан күтілетін нәтижелер – Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктердің танылуын жоғарылату және басты аудиториялармен (контрагент елдердің бизнес қоғамдастықтары мен үкіметтік органдары) қарым-қатынасты жақсарту.

      Күтілетін нәтижелер

      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.11.2022 № 951 қаулысымен.

      Қызметтің 2-стратегиялық бағытының басты көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижесінде Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі заңнамалық бастамалардың саны жылына 15 бірлікке дейін жетеді деп күтілуде. Ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан түскен өтініштерін/сұрау салуларын ұлғайту 2027 жылға қарай 115 %-ға дейін жетеді.

      Қызметтің 3-стратегиялық бағыты – "Компанияның ұйымдастырушылық әлеуеті"

      Ескерту. 3-стратегиялық бақытқа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.11.2021 № 790; 25.11.2022 № 951 қаулыларымен.

      3-мақсат. Компания қызметінің ішкі және сыртқы ортасының тиімді өзара іс-қимыл жүйесін құру

      Компанияның ұйымдастырушылық әлеуетін жетілдірмейінше, Компания қызметінің мақсаттарына қол жеткізу мүмкін емес. Осы бағыт шеңберінде біз 5 міндетті бөлеміз:

      1) Компания өкілеттіктерінің шетелдік желісін кеңейту;

      2) Компанияның өңірлік өкілеттіктерінің жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) және бизнес-қауымдастықпен өзара іс-қимылын күшейту арқылы өңірлердің инвестициялық белсенділігін дамыту;

      3) "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторларды сервистік сүйемелдеу;

      4) инвесторлармен жұмыс рәсімдерін регламенттеу;

      5) нәтижеге бағдарланған корпоративтік мәдениетті дамыту және адами ресурстардың әлеуетін арттыру.

      1-міндет. Компания өкілеттіктерінің шетелдік желісін кеңейту

      Әлемдік тәжірибе инвестицияларды тарту жұмысының тиімді болуы үшін әлеуетті инвесторлармен олар тұрып жатқан елдерде жұмыс жүргізу қажеттігін көрсетеді. Шетелдік өкілеттіктер мен өкілдер әлеуетті шетелдік инвесторларды бастапқы сәйкестендіру, үкіметтік, үкіметтік емес және корпоративтік секторлардың әртүрлі компанияларымен іскерлік байланыстар орнату, өзара ынтымақтастық туралы алдын ала келісімге қол жеткізілген шетелдік компаниялармен инвестиция тарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін технологиялар мен бизнес өнімдерді, оның ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары беретін қаржы ресурстарын іздеу, әлеуетті инвесторларға ақпараттық консультациялық қолдау көрсету жөніндегі фронт-офис рөлін атқарады. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жанындағы инвестициялар жөніндегі халықаралық кеңесшілер желісімен тығыз байланыста орындалады, ең соңында бизнес-қоғамдастықта Қазақстанға инвестициялаудың әлеуетті мүмкіндіктері туралы оң түсінік қалыптастырылады.

      Қазіргі уақытта KAZAKH INVEST компаниясының 9 басым елде (ҚХР, АҚШ, БАӘ, Германия, Нидерланды, Түркия, Катар, Үндістан, Оңтүстік Корея) өкілдері бар. Бұл өкілдер:

      1) әлеуетті инвесторлардың Қазақстан Республикасына сапарын;

      2) Қазақстан Республикасының бірінші тұлғаларының шетелдерге ресми сапарын;

      3) үкіметаралық комиссиялардың, іскерлік кеңестердің отырыстары, дөңгелек үстелдер, Қазақстан Республикасының экономика күндері, бизнес-форумдар, роуд-шоу, конференциялар;

      4) инвестиция мәселелері бойынша келіссөздер ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.

      Сонымен бірге шетелдік өкілдер мүдделі бизнес-ортаны Қазақстан Республикасында алдағы уақытта өтетін аса маңызды инвестициялық іс-шаралар, мемлекеттің инвестициялық саясатын реттейтін және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартатын Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар етеді, инвесторлармен бұрын қол жеткізілген келісімдердің іске асырылуына мониторинг жүргізеді.

      Осы даму жоспары шеңберінде Компанияның шет елдердегі өкілдерінің қызметі бойынша жаңа тәсілді іске асыру жоспарланып отыр, ол бюджет қаражаты бөлінген жағдайда мына факторларға негізделеді:

      өкілдің мәртебесін күшейту;

      Компания деңгейінде өкілеттіктердің бюджеттерін шоғырландыру;

      өкілдіктерді инвесторларға ұсыну үшін нақты жобалар тізбесімен қамтамасыз ету;

      инвесторлар бастамашылық еткен жобаларды іздеу және оларды KAZAKH INVEST-ке өңірлік және орталық деңгейлерде тиісті әріптестерді іріктеу үшін жіберу;

      оларды іріктеу кезінде кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарау арқылы олардың қызметін жетілдіру.

      2-міндет. Өңірлердің инвестициялық белсенділігін дамыту

      KAZAKH INVEST-тің облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда өңірлік кеңселері өрістетілген. Компанияның өңірлік өкілдері мынадай функцияларды жүзеге асыратын болады:

      орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда инвесторлардың мүдделерін білдіру арқылы оларды қолдау;

      жетекшілік ететін өңірде мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторлардың компанияларымен кездесулер, оның ішінде Компания басшыларының кездесулерін өткізу;

      әлеуетті инвесторлардың Қазақстан Республикасына сапарларын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

      инвесторлармен атаулы ақпараттық жұмысты жүзеге асыру және Компанияның келісімі бойынша әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру;

      әлеуетті инвесторлар үшін Компанияның бас офисіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктері мен елшіліктеріне берілетін өңірдегі инфрақұрылымның және табиғи ресурстардың болуы туралы дерекқорды және инвестициялық карталар құру;

      шетелдік және жергілікті инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын инвестициялық жоба шеңберінде туындаған проблемалық мәселелерді өңірлік деңгейде кәсіпорын табысты және түпкілікті іске қосылғанға дейін шешу.

      Өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар Компанияның өңірлік өкілдіктері желісімен бірлесіп, өңірлердің инвестициялық тұжырымдамасын/стратегиясын әзірлейді, онда инвестиция тарту үшін басым бағыттар әр өңірдің бәсекелік артықшылықтарын ескере отырып анықталады, инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығы туралы қорытынды шығарады, өңірлік инвестициялық жоспарды және инвестиция тартуды талап ететін инвестициялық жобалардың тізбесін бекітеді, "бір терезе" қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруда көмек көрсетеді.

      Компания өз құзыреті және қаржылық мүмкіндіктері шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне инвестициялық ахуалға қанағаттану деңгейі бойынша инвесторларға сауалнама жүргізуді ескере отырып, өңірлердің инвестициялық рейтингін жүргізуге, экономикаға инвестициялар тарту үшін өңірлік және салалық шектеулерге талдау жүргізуге және анықталған проблемалық мәселелерді жою бойынша ұсынымдар мен жүйелі шаралар әзірлеуге жәрдемдесетін болады.

      3-міндет. "Бір терезе" қағидаты бойынша инвесторларға сервистік қолдау көрсету

      Компания "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдерімен өзара іс қимылын болдырмайтын немесе барынша азайтатын функцияларды жүзеге асыратын болады (мысалы, қажетті құжаттарды жинау, инвестордың мүддесін кеңестерде білдіру, рұқсат құжаттарын беру және т.б.)

      "Бір терезе" тұжырымдамасы мыналар арқылы жүзеге асырылады:

      1) Компанияның, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, даму институттарының, "Атамекен" ҰКП-ның, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың және басқа ұйымдардың өзара іс-қимыл жасауын арнайы тәртібін әзірлеу;

      2) мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсетуді жеңілдету және олардың мерзімдерін қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтер, мемлекеттік қолдау шаралары мәселелері бойынша консультация беру;

      4) құжаттар дайындау және ресімдеу, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді, сонымен қатар өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алу үшін құжаттар дайындау және ресімдеу бойынша консультация беру;

      5) инвесторлардың мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастыру;

      6) шетелдік инвестордың мүдделерін орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда білдіру;

      7) инвесторлардың сұрау салуларын қарау және олардың мониторингін қамтамасыз ету;

      8) инвестициялық қызмет барысында туындайтын мәселелерді шешу;

      9) өңірде инфрақұрылымның және табиғи ресурстардың болуы туралы дерекқорды және әлеуетті инвесторларға арналған инвестициялық карталарды қалыптастыру;

      10) оларды сапалы және толыққанды пысықтамайынша, қандай да бір жобаның "түсіп қалуына" жол бермейтін инвестициялық жобалардың ақпараттық-мониторинг жүйесін (IRM) құру;

      11) инвестормен тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін "бір терезе" Call-орталығын автоматтандыру;

      12) инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;

      13) өңірлердегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін әлеуетті инвесторлар арасынан контрәріптестер іздеу және тарту.

      Бұл шаралар Компанияның инвесторларға кешенді қолдау көрсетуіне мүмкіндік береді, жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта инвестициялау және жаңғырту үшін қолайлы жағдай жасайды.

      Инвесторлардың ақпараттық сұрау салуын пысықтау шеңберінде Компания ақпараттық-талдамалық қолдау көрсететін болады. Инвесторлардың сұрау салуымен жұмыс істеу кезінде түрлі қауымдастықтарды қоса алғанда, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдармен өзара тығыз іс-қимыл қамтамасыз етіледі. Сұрау салу алынғаннан кейін Компания инвесторлардың пысықтауды қажет ететін мәселелерін айқындайды. Одан әрі мәселелер тиісті ұйымдарға олардың құзыреттеріне сәйкес жіберіледі.

      Әріптес іздеу немесе инвестициялық жобаны іске асыру процесінде инвесторларға инвестициялық ұсыныстар беріледі және қажетті қолдау көрсетіледі.

      Қажетті ақпаратты беру және негізгі мәселелерді шешу барысында Компания мемлекеттік органдармен және әлеуетті әріптестермен келіссөздер жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бөлінген жер учаскелерін көру үшін шетелдік инвесторлар делегацияларының сапарларын ұйымдастырады.

      Сапарларды ұйымдастыру кезеңінде негізгі міндет шетелдік инвесторлар мен ТҰК делегацияларының жайлы орналасуын және оларды қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.

      Қалыптасқан халықаралық тәжірибеге сәйкес Шетелдік делегацияларды хаттамалық сүйемелдеу және олардың қатысуымен ресми іс-шараларды өткізу регламенті бекітілетін болады, бұл регламент бірыңғай хаттамалық-ұйымдық қағидаларды белгілейді және хаттамалық іс-шараларды жоспарлау мен іске асыру кезінде орындау үшін міндетті болып табылады.

      Сонымен бірге, KAZAKH INVEST инвестициялаудан кейінгі мониторингтеудің жаңа сервисін іске қосуды жоспарлап отыр, бұл арқылы жұмыс істеп жатқан инвесторлар үшін инвесторларға қызмет көрсетудің өңірлік орталықтарымен тығыз ынтымақтастық жасау бағытында қызметтердің ауқымды спектрі ұсынылады:

      компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеуіне ықпал ететін әкімшіліктік қызметтер;

      инвесторлардың тиімді және операциялық қызметін қолдайтын операциялық қызметтер;

      Қазақстанда инвестициялардың одан әрі дамуына, жаңа технологияларды енгізуге және өндірістік қуаттарды кеңейтуге ықпал ететін стратегиялық қызметтер.

      Компания перспективалы және жұмыс істеп жатқан инвесторлардың қажеттіліктері үшін жоғары сапалы өнімдер өндіру мен жеткізуді және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ мен "Атамекен" ҰКП-нің отандық өнім берушілерінің жалпыға қолжетімді тізбесін өз дерекқорымен интеграциялау бойынша шаралар қабылдайтын болады.

      Осылайша, инвесторларды инвестициялық кезеңнен кейін қолдауды және инвесторлар үшін бизнес-әріптестер іздеуді қамтамасыз ете отырып, KAZAKH INVEST жергілікті компаниялар мен шетелдік инвесторлар арасында өндірістік-өткізу байланыстарын дамытуда маңызды роль атқаратын болады.

      Инвесторларды қолдау құралдарын дамыту

      Қаржылық бағдарламалар

      Ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту мүмкіндіктерінің болуы инвестициялық шешімдерді қабылдаудың жеделдігіне әсер етеді. KAZAKH INVEST инвесторларды қаржылай қолдауды ұйымдастыру бойынша қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жасайды және осындай мүмкіндіктер туралы хабардар етуді жоғарылатады.

      Қаржыландыру нұсқаларын айқындау және қажетті қаржы құралдарын пысықтау процесінде KAZAKH INVEST-тің міндеті мынадай ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға негізделетін болады:

      халықаралық даму институттары: АДБ, ЕҚДБ, Ислам даму банкі, Дүниежүзілік Банк және т. б.;

      нысаналы елдердегі мемлекеттік және квазимемлекеттік қаржы институттары, даму институттары және қорлар. ҚХР-да: "Жібек жолы" қоры, Қытай даму банкі, Қытайдың экспорттық-импорттық банкі, Қытай-Еуразия экономикалық ынтымақтастық қоры; Ресейде: Сыртқы Экономикалық Банк, Еуразия Даму Банкі; Ұлыбританияда: UKEF және т.б.;

      халықаралық сақтандыру және экспорт-кредит агенттіктері – Еуропа кредит агенттігі, АҚШ экспорттық-импорттық банкі, Sinosure және т.б.;

      саясат және сыртқы қарыз алу стратегиясы мәселелерін талқылауға жұмылдырылған өзге де мемлекеттік органдар;

      нысаналы елдердің жекеменшік қорлары мен қаржы институттары.

      Өнім берушілерді дамыту бағдарламасы

      Шетелдік инвесторлар мен жергілікті компаниялар арасындағы өндірістік-өткізу байланыстарын кеңейту және тереңдету жергілікті компаниялар арасында жаңа технологияларды, инновациялармен озық тәжірибені трансферттеудің түйінді тетігі болып табылады. Компания шетелдік инвесторлар мен жергілікті компаниялар арасында осындай өндірістік-өткізу байланыстарын озық халықаралық тәжірибе негізінде дамыту бойынша бағдарламаны (өнім берушілерді дамыту бағдарламасын) әзірлеп, іске асыратын болады. Сонымен қатар, жергілікті өнім берушілердің сапалы, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін бірыңғай базасы жасалады.

      4-міндет. Инвесторлармен жұмыс рәсімін регламенттеу

      Инвестиция тарту процесі бастапқы келіссөздер жүргізуден, мемлекеттік қызметтер алғаннан бастап жоба пайдалануға, енгізілгенге және одан әрі сервистік қолдау көрсетілгенге дейін инвестициялық жоба бойынша өзара іс-қимыл мен жұмыс тарихын орталықтандырылған сақтауды талап етеді.

      Бұл мақсатта IRM ақпараттық-мониторинг жүйесі енгізіледі. Жоба Компания жұмысының процестерін оңтайландыруға және автоматтандыруға, сонымен қатар инвесторлармен өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Инвестиция тартудың әрбір кезеңінде KAZAKH INVEST қызметкерлері инвесторлармен жұмыс бойынша қажетті ақпараттың бәрін – есептік ақпаратты да, келешектегі жоспарларды да IRM жүйесіне енгізетін болады. Жүйе:

      1) еңбек шығынын азайтуға және инвестиция тарту бойынша бизнес процесті автоматтандыруға;

      2) процеске қатысушылардың барынша ауқымды тобы үшін жұмыстың және ақпарат алудың жылдамдығын тездетуге;

      3) жұмылдырылған мемлекеттік органдар мен компаниялардың барлығының жұмысын үйлестіруге, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асырудың кідіру себептері мен негізділігін айқындауға;

      4) инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізуге;

      5) инвесторлармен тиімді кері байланыс орнатуға;

      6) инвестициялық процеске барлық қатысушылардың (орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – ОМО), ЖАО, ұлттық компаниялар, Компанияның өңірлік өкілдіктері, инвесторлар) инвестициялық белсенділігінің статистикасын жүргізуге;

      7) проблемалы мәселелерді және инвестициялық жобалардың іске асырылуына кедергі келтіретін теріс факторларды, сондай-ақ олардың туындауының себептерін субъектілер, нормативтік актілер, рәсімдік қателіктер және т.б. бөлінісінде айқындауға мүмкіндік береді.

      Алдағы уақытта IRM жүйесі бірыңғай инвестициялық платформа қолданысқа енгізілгеннен кейін оған біріктіріледі.

      2-3-сурет. IRM жүйесінің құрылымы


      2-3-сурет. IRM жүйесінің құрылымы








      IRM жүйесі:     

      1) инвестициялық жобаларды іске асыру мәртебесі және басқа қажетті көрсеткіштері бойынша өзекті және сенімді ақпарат көзін;

      2) инвесторлардың, жобалардың, жобаларды іске асыру алаңдарының және шетелдік инвесторлар үшін әріптес бола алатын қазақстандық кәсіпорындардың бірыңғай базасын жүргізуді;

      3) инвестициялық жобаларды талқылаудың және іске асырудың, сонымен қатар құрылған кәсіпорындардың жұмыс істеуінің барлық кезеңдерінде шетелдік инвесторларды сервистік қолдауды;

      4) шетелдік инвестор үшін мыналарға:

      Қазақстанда жобалар жүргізу туралы презентациялық және анықтамалық ақпаратқа;

      жоба тизерлеріне, алаңдарды шолуға;

      Қазақстанда жұмыс істеп жатқан инвесторлардың инвестициялық белсенділіктері туралы әртүрлі форматтағы жалпы ақпаратқа;

      талқылану үстіндегі немесе бірлесе іске асырылатын жобалар жөніндегі құжаттардың толық жинақтамасына;

      online-сұраулар жасауға және жауаптар алуға.

      кездесулер, келіссөздер, уағдаластықтар, келісімдер, келісулер тарихы, сұраулар мен ұсынылған ақпарат мұрағатына толық қол жеткізуді қамтамасыз ететін бірыңғай қол жеткізу нүктесін құруды;

      5) инвестор нақты уақыт режимінде өзінің жобасы бойынша жұмыстардың барысы және ақпараттық сұраулардың мәртебесі туралы ақпарат алатын қарапайым және қолайлы интерфейсті қамтамасыз етеді.

      IRM жүйесін енгізу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде бейімделген жүйені қолдану, енгізу және жүйені сүйемелдеу бойынша оқыту көзделеді.


      2-4-сурет. IRM жүйесін енгізу кезеңдері




      Инвесторлардың сұрауларын өңдеудің қолданыстағы тәсілді мемлекеттік органдардағы, әкімдіктердегі және квазимемлекеттік компаниялардағы созылыңқы төрешілдік рәсімдерге байланысты тиісінше жұмыс істемейді. Көбінесе, инвестордың сұрауы мемлекеттік органдарда бір ай ішінде өңделеді және жауап формалды сипатта беріледі.

      Көптеген жағдайларда мемлекеттік органдар қажетті шешімдерді қабылдай алмайтындықтан, не оларға қажетті шешімдер қабылдау өкілеттіктері берілмегендіктен, инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты қандай да бір мәселені Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейіне шығаруға тура келеді.

      Компания сұрауларды өңдеу сапасын жоғарылату шеңберінде инвесторлардың сұраулары бойынша жұмыс істеуді регламенттеу, Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (ЭҚАБЖ) қосуды, сұрау салуларды пысықтау мерзімдерін қоса алғанда, кеңседе тіркеу кезінде инвесторлардың сұрауларын бөлек топқа енгізуді, мемлекеттік органдардың жауапты ағылшын және т.б. тілінде беруін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізеді.

      Сонымен бірге әкімдерге, ОМО, ұлттық компаниялар басшыларына өз құзыреттеріне жататын жобалар бойынша істердің жағдайына қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

      Компанияның институттармен өзара іс-қимылының тиімділігін одан әрі жоғарылату инвестициялар тартуға байланысты рәсімдерді, KAZAKH INVEST пен мемлекеттік органдардың рөлін жеке нормативтік актіде регламенттеу арқылы жүзеге асырылады, бұл Компанияның және басқа ведомстволардың шетелдік инвестицияларды тарту процесі шеңберіндегі функциялары мен өкілеттіктерін нақты бекітуге мүмкіндік береді.

      5-міндет. Нәтижеге бағдарланған корпоративтік мәдениетті дамыту және адами ресурстардың әлеуетін арттыру

      Ескерту. 3-стратегиялық бақыт 5-міндетпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 05.11.2021 № 790 қаулысымен.

      Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін тиімді корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және меритократияның негізін қалаушы қағидаттарын енгізу есебінен KAZAKH INVEST-те персоналды дамыту жөніндегі үздік тәжірибелерді қолдану қамтамасыз етіледі.

      KAZAKH INVEST кадр саясаты озық дағдылары мен құзыреттері бар біліктілігі жоғары кадрларды тартуға, оқытуға және ұстап қалуға бағытталатын болады. KAZAKH INVEST кадр саясатының негізгі бағыттары: еңбек ресурстарының сапасын арттыру, еңбек тиімділігін басқару, корпоративтік мәдениетті дамыту, ұйымдық құрылымды басқару және бизнес-процестерді тиімді ұйымдастыру болып табылады.

      Тұрақты негізде корпоративтік басқарудың Қазақстан Республикасы заңнамасының, KAZAKH INVEST ішкі құжаттарының талаптарына және тиісті рейтингтер бере отырып, корпоративтік басқарудың халықаралық практикасына сәйкестігіне диагностика жүргізілетін болады. Бұдан басқа, корпоративтік басқаруды бағалау (қажет болған жағдайда тәуелсіз бағалау) кезең-кезеңмен (үш жылда бір реттен кем емес) жүргізіледі, оның нәтижелері KAZAKH INVEST интернет-ресурсында орналастырылады.

      Алынған нәтижелер негізінде корпоративтік басқаруды одан әрі жетілдіру жөніндегі негізгі салалар және қажетті шаралар айқындалатын болады.

      Күтілетін нәтижелер

      Ескерту. Тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.11.2022 № 951 қаулысымен.

      Қызметтің 3-стратегиялық бағыты бойынша түйінді көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижесінде тауашалы жобалар/басым тауарлар/тауар топтары арасынан инвестициялық ұсыныстар дайындалады, сондай-ақ инвесторларды одан әрі таргеттей отырып, халықаралық стандартқа сәйкес басым салалар мен тауарлар/тауар топтары бойынша шолулар дайындалады. KAZAKH INVEST-тің ішкі әлеуетін дамыту туралы объективті ақпарат алу мақсатында корпоративтік дамуды бағалау жүргізіледі. Компаниядағы шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі 2027 жылға қарай 27 %-ға жетеді.

  "KAZAKH INVEST" ұлттық
компаниясы" акционерлік
қоғамының 2018 – 2027
жылдарға арналған даму
жоспарына
1-қосымша

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген KAZAKH INVEST қызметінің түйінді көрсеткіштерін енгізу негіздемесі және есептеу әдістемесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2022 № 951 қаулысымен.

I. Жалпы ережелер

      1. Осы "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген қызметтің түйінді көрсеткіштерін есептеу әдістемесі көрсеткіштерді біркелкі есептеуге арналған.

      2. Есепке алу және талдау үшін мынадай көрсеткіштер қажет:

      1) экономиканың басым секторларына тартылған ТҰК, ірі компаниялар және "зәкірлік инвесторлармен" құрылған бірлескен кәсіпорындардың саны;

      2) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны;

      3) шетелдің қатысуымен шикізаттық емес секторларда енгізілген жобалар санының ұлғаюы;

      4) Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі заңнамалық бастамалар саны;

      5)  ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан келіп түскен өтініштер/сұрау салулардың өсуі;

      6) тауашалы жобалар/басым тауарлар/тауар топтары арасынан инвестициялық ұсыныстарды, сондай-ақ халықаралық стандартқа сәйкес инвесторларды одан әрі таргеттей отырып басым салалар және тауарлар/тауар топтары бойынша шолуларды әзірлеу;

      7) корпоративтік басқару жүйесінің рейтингі;

      8) шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесін ұлғайту.

II. "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген көрсеткіштерді енгізу негіздемесі және есептеу әдістемесі

1. "Экономиканың басым секторларына тартылған ТҰК, ірі компаниялар және "зәкірлік инвесторлармен" құрылған бірлескен кәсіпорындардың саны" көрсеткіші

Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына қарай.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы.

Есептеу формуласы (тәртібі)

Даму жоспары іске асырыла бастағаннан бері басым секторларға тартылған трансұлттық компаниялардың (ТҰК), ірі компаниялардың және "зәкірлік инвесторлармен" құрылған бірлескен кәсіпорындардың жиынтық саны.
Мынадай сипаттамаларға сәйкес келетін ТҰК:
1) орналасқан елді (ТҰК-нің бас кеңсесі орналасқан елдер) есептемегенде, кемінде екі басқа елде өндірістік бөлімшелері бар компания;
2) жылдық айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асады.
Ірі компания – бұл жылдық айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асатын компания (қорлар және басқа да заңды тұлғалар).
Егер мына шарттардың біреуі орындалатын болса, ТҰК және ірі компания тартылған болып есептеледі:
1) уәкілетті органмен инвестициялық келісімшарт/инвестициялар туралы келісім жасалғаны туралы растау;
2) жобалардың қаржылық қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттардың болуы;
3)  заңды тұлғаның тиісті органының (директорлар кеңесі) жобаны Қазақстанда жүзеге асыру туралы шешімінің болуы;
4) ТЭН/ҚЭН/ЖСҚ әзірлеуді бастау туралы растайтын құжаттардың болуы;
5) Қазақстанға инвестициялардың нақты салынғандығын растайтын құжаттардың болуы;
6) шетелдік компанияның Қазақстандағы басқа заңды тұлғамен бірлескен инвестициялық жобаны іске асыруы туралы қол қойылған шарттың/келісімшарттың болуы;
7) қол қойылған міндеттейтін меморандумның (Term Sheet, MoU) болуы;
8) инвестордың Қазақстанға кіру ниетін растайтын өзге де құжаттардың болуы.
Егер мына шарттардың біреуі орындалса, "зәкірлік инвесторлармен" бірлескен кәсіпорындар құрылды деп саналады:
1) уәкілетті органмен инвестициялық келісімшарт/инвестициялар туралы келісім жасасу туралы растау;
2) жобаның қаржылық қамтамасыз етілгендігін растайтын құжаттардың болуы;
3) жобаның ТЭН/ЖСҚ болуы және/немесе әзірлеудің басталуы;
4) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы құжаттың болуы;
5) бірлескен кәсіпорынның құрылғанын растайтын өзге құжаттардың болуы.
Жоспарлы мәндер Инвестициялық саясат тұжырымдамасына сәйкес көрсетілген.

Ақпарат көзі

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері

2.  Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 сәуіріне қарай.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы.

Есептеу формуласы (тәртібі)

Ресми статистикалық деректер.
Жоспарлы мәндер Инвестициялық саясат тұжырымдамасына сәйкес көрсетілген.

Ақпарат көзі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық деректері

3. "Шетелдің қатысуымен шикізаттық емес секторларда енгізілген жобалар санының ұлғаюы" көрсеткіші

Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына қарай.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 730 қаулысымен бекітілген "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы

Есептеу формуласы (тәртібі)

Шетелдің қатысуымен шикізаттық емес секторларда енгізілген жобалар саны.
Есепті кезеңде жобаның іске қосылуы туралы жергілікті атқарушы органның хатымен жолданған ақпаратқа қосылған жоба енгізілген болып есептеледі.
Жоспарлы мәндер "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасына сәйкес көрсетілген.

Ақпарат көзі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің әкімшілік деректері, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның деректері

4. "Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі заңнамалық бастамалар саны

Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына қарай.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы.

Есептеу формуласы (тәртібі)

Мемлекеттік органдарға жіберілген проблемалық учаскелерді және инвесторлардың қажеттіліктерін түсінуді бағалау нәтижелері базасында, оның ішінде олардың өтініштерін мониторингтеу және талдау, сондай-ақ инвесторлардың Қазақстаннан кетуіне мониторинг жүргізу және ықтимал себептерді талдау қорытындылары бойынша әзірленген заңнамалық бастамалардың саны.
Жоспарлы мәндер "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ ішкі құжаттарына сәйкес көрсетілген.

Ақпарат көзі

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ және/немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің деректері

5. "Ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан келіп түскен өтініштер/сұрау салулардың өсуі" көрсеткіші

Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына қарай.

Негіздеме

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ бастамасы

Есептеу формуласы (тәртібі)


, мұнда
 
А – ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан келіп түскен өтініштер/сұрау салулардың өткен жылға қарағанда %-қ өсуі;
В – ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан келіп түскен өтініштер/сұрау салуларлардың есепті кезеңдегі саны;
С – ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан келіп түскен өтініштер/сұрау салулардың есепті кезеңнен кейінгі кезеңдегі саны.
Жоспарлы мәндер "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ ішкі құжаттарына сәйкес көрсетілген.

Ақпарат көздері

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері.

6. "Тауашалы жобалар/басым тауарлар/тауар топтары арасынан инвестициялық ұсыныстарды, сондай-ақ халықаралық стандартқа сәйкес инвесторларды одан әрі таргеттей отырып басым салалар және тауарлар/тауар топтары бойынша шолуларды әзірлеу" көрсеткіші

Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына қарай.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы.

Есептеу формуласы (тәртібі)

Инвесторлар үшін дайын инвестициялық ұсыныстардың саны.
Жоспарлы мәндер Инвестициялық саясат тұжырымдамасына сәйкес көрсетілген.

Ақпарат көзі

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері

7. "Корпоративтік басқару жүйесінің рейтингі" көрсеткіші

Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері

Үш жылда бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына қарай.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары

Есептеу формуласы (тәртібі)

Корпоративтік басқару рейтингінің көрсеткішін үш жылда бір рет шарттық негізде тартылатын тәуелсіз ұйым береді.
Жоспарлы мәндер Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасына сәйкес көрсетілген.

Ақпарат көзі

Тәуелсіз ұйым деректері

8. "Шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесін ұлғайту" көрсеткіші

Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері

Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына қарай.

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы
6 желтоқсандағы № 384 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы.

Есептеу формуласы (тәртібі)


, мұнда
 
А – шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесі;
В – директорлар кеңесі, басқарма мүшелері және Компанияның құрылымдық бөлімшелері басшылары арасындағы әйелдердің саны;
С – директорлар кеңесі, басқарма мүшелерінің және Компанияның құрылымдық бөлімшелері басшыларының жалпы саны.
Жоспарлы мәндер Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес көрсетілген.

Ақпарат көзі

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері

  "KAZAKH INVEST" ұлттық
компаниясы" акционерлік
қоғамының 2018 – 2027
жылдарға арналған даму
жоспарына
2-қосымша

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыруға арналған стратегиялық бағыттар шеңберіндегі тәуекелдер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2022 № 951 қаулысымен.

Р/с №

Стратегиялық бағыттарға қол жеткізудегі тәуекел немесе қауіп

Тәуекелдің туындауының ықтимал себептері (факторлары)

Тәуекелдің іске асырылуынан орын алуы мүмкін зардаптардың сипаттамасы

Алдын алу іс-шаралары

1.

"Шетелдік инвестициялар" № 1 қызметтің стратегиялық бағытына қол жеткізбеудің тәуекелі:

1.1

Жаңа инвесторларды тарту бойынша мақсаттарға қол жеткізбеу

Сыртқы факторлар:
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруі.
2. Әлемдік нарық конъюнктурасының өзгеруі.
3. Макроэкономикалық факторлар (айырбастау бағамының өзгеруі, өңірлік және елдік тәуекелдер, өңірдегі саяси және экономикалық ахуал және т.б.).
4. Жобаны іске асыру үшін қажетті құжаттарды алудың күрделілігі мен ұзақтығы (әкімшілік кедергілер).
Ішкі факторлар:
1. Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты тарату арналарының жеткіліксіздігі.
2. Ішкі бизнес-процестер тиімділігінің жеткіліксіздігі, тиісті бақылаудың болмауы.
3. Қазақстан Республикасының негізгі инвестициялық мүмкіндіктері бойынша инвесторлардың хабардар болмауы немесе тиісінше хабардар етілмеуі.

Сыртқы салдары:
1. Экономиканың өсу қарқынының төмендеуі.
2. Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін орындалмауы.
3. Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылық деңгейінің төмендеуі.
Ішкі салдары:
1. Стратегиялық көрсеткіштердің орындалмауы.

Қазақстан Республикасындағы тікелей шетелдік инвестициялар ағынының ағымдағы деңгейін талдау.
Инвестициялық ұсыныстарды ілгерілету.
Инвестициялық жобаларды іске қосуға жәрдемдесу.
Стратегиялық инвестициялық жобалар бойынша инвестициялар туралы келісімдер жасасуды пысықтау және оған жәрдемдесу.
Қоғамның жылдық жұмыс жоспарының орындалуын бақылау.

2.

"Инвестициялық ахуал" № 2 стратегиялық бағытқа қол жеткізбеу тәуекелі

2.1

Елдегі инвестициялық ахуалдың нашарлауы

Сыртқы факторлар:
1. Макроэкономикалық факторлар (өңірлік және елдік тәуекелдер, өңірдегі саяси және экономикалық ахуал және т.б.).
2. Жаһандық және өңірлік ауқымдағы геосаяси процесстер.
3. Тауарларды жеткізудің жаһандық тізбектердің бұзылуы және қайта құрылуы.
4. Әлемдік экономиканың құлдырауы, инвестициялық бағдарламалардың қысқаруы.
5. Қазақстан Республикасындағы ықтимал инвесторлар елдеріне экономикалық және секторлық санкциялардың кеңеюі.
6. Дамушы нарықтардан капиталдың кетуі.
Ішкі факторлар:
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруі.
2. Қазақстан Республикасының инвестициялар тарту жөніндегі саясатының өзгеруі.
3. Заңнамалық актілердің жеткіліксіз пысықталуы және инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың жаңадан енгізілген шараларын пайдаланудың құқықтық қолдану практикасы.
4. Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуетінің жеткіліксіз жарықтандырылуы.
5. Шетелдік инвесторлар үшін сапалы пысықталған инвестициялық ұсыныстардың болмауы.

Сыртқы салдары:
1. Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерді орындамауы.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық рейтингтердегі (World Bank, World Investment Report және т.б.) позицияларының нашарлауы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің өсуі.
4. Инвесторлар үшін қаржы ресурстарын тарту құнының ұлғаюы.
5. Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингінің төмендеуі.
6. Шетел валюталарына қатысты теңгенің айырбастау бағамының өзгеруіне байланысты жобалар құнының өсуі.
Ішкі салдары:
1. Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін орындалмауы.
2. Қоғамның стратегиялық көрсеткіштерінің орындалмауы.
3. Инвесторлар тарапынан сенімнің төмендеуі (бедел тәуекелдері).
4. Жұмыс істеп жүрген және әлеуетті инвесторлар тарапынан шағымдар.

Тікелей шетелдік инвестициялар ағынының әлемдік рейтингтерінде Қазақстан Республикасының талдауы.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлерге инвестициялық климатты ынталандыру бойынша ағымдағы шараларға қанағаттану тұрғысынан сауалнама жүргізу.
Қоғам жұмысы бойынша инвесторлардың оң пікірлері.
Диалог алаңдарында инвесторлардың ағымдағы және жүйелі проблемаларын шешуге жәрдемдесу.
Шетелдік БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және т. б. Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын оң позициялау.

3.

"Компанияның ұйымдастырушылық әлеуетін дамыту" № 3 стратегиялық бағытқа қол жеткізбеу тәуекелі

3.1

KAZAKH INVEST қызметі тиімділігінің нашарлауы / беделдік тәуекелдер

Сыртқы факторлар:
1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды қаржыландыруды азайту/инвестициялар саласындағы бюджетті секвестрлеу.
Ішкі факторлар:
1. Ішкі бизнес-процестер тиімділігінің жеткіліксіздігі, тиісті бақылаудың болмауы.
2. Мамандар жүктемесінің жоғары деңгейі.
3. Қоғам туралы жағымсыз ақпаратты жариялау.

Сыртқы салдары:
1. Қоғам имиджінің және сенімінің Қазақстан Республикасында және оның ішінде жұмыс істеп тұрған және/немесе әлеуетті инвесторлар болуы мүмкін халықаралық аудиторияда нашарлауы/жоғалуы.

Бұзушылық себептерін талдау, корпоративтік басқару жүйесін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру, оның ішінде Корпоративтік басқару кодексін өзектілендіру.
Қоғамның жылдық жұмыс жоспары мен іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингтеу.
Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық көрсеткіштер нашарлаған және капитал нарығының әлемдік конъюнктурасы өзгерген жағдайда стратегиялық ҚТК-лерді қайта қарау.

  "KAZAKH INVEST"
ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының
2018 – 2027 жылдарға
арналған даму жоспарына
3-қосымша

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарында айқындалған KAZAKH INVEST қызметінің түйінді көрсеткіштері

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.11.2022 № 951 қаулысымен.

ҚТК

Өлшем бірлігі

2018

2019

2020

2021

2022

2023

2024

2025

2026

2027

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1-стратегиялық бағыты "Инвестицияларды тарту"

1-мақсат "Тиімділікті арттыруға бағдарланған инвестицияларды тарту"

Экономиканың басым секторларына тартылған ТҰК, ірі компаниялар және "зәкірлік инвесторлармен" құрылған бірлескен кәсіпорындардың саны

2018 жылдан бастап жиынтық саны

8

16

25

35

39

43

47

51

55

59

Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

млрд АҚШ доллары





24,0

24,4

24,8

25,1

25,5

25,8

Шетелдің қатысуымен шикізаттық емес секторларда енгізілген жобалар санының ұлғаюы

Саны




30

35

40

45

45

45

45

2-стратегиялық бағыты "Инвестициялық ахуал"

2-мақсат "Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесу"

Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі заңнамалық бастамалар саны

Бірлік





12

12

13

13

14

15

Ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан келіп түскен өтініштер/сұрау салулардың өсуі

%

100%

105%

105%

110%

110%

110%

110%

110%

115%

115%

3-стратегиялық бағыты "Компанияның ұйымдастырушылық әлеуеті"

3-мақсат "Компания қызметінің ішкі және сыртқы ортасының тиімді өзара іс қимыл жүйесін құру"

Тауашалы жобалар/басым тауарлар/тауар топтары арасынан инвестициялық ұсыныстарды, сондай-ақ халықаралық стандартқа сәйкес инвесторларды одан әрі таргеттей отырып басым салалар мен тауарлар/тауар топтары бойынша шолуларды әзірлеу

Саны

50

50

70

70

70

70

70

70

70

70

Корпоративтік басқару жүйесінің рейтингі

Бірлік







1



1

Шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесін ұлғайту

%





24,5

25

25,3

25,5

26

27

  "KAZAKH INVEST"
ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының
2018 – 2027 жылдарға
арналған даму жоспарына
4-қосымша

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның стратегиялық картасы

      Ескерту. Жоспар 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.11.2022 № 951 қаулысымен.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – МЖЖ) бірінші деңгейдегі құжаты

МЖЖ екінші деңгейдегі құжаты

МЖЖ үшінші деңгейдегі құжаты

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ ҚТК

1

2

3

4

1-стратегиялық бағыты "Инвестицияларды тарту"

1-мақсат "Тиімділікті арттыруға бағдарланған инвестицияларды тарту"

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары:
1) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

Инвестициялық саясат тұжырымдамасы:
1) экономиканың басым секторларына тартылған ТҰК, ірі компаниялар және "зәкірлік инвесторлармен" құрылған бірлескен кәсіпорындардың саны – 20 бірлік (2022 – 2026 жылдар)

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары:
1) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

1) экономиканың басым секторларына тартылған ТҰК, ірі компаниялар және "зәкірлік инвесторлармен" құрылған бірлескен кәсіпорындардың саны

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары:
1) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

Инвестициялық саясат тұжырымдамасы:
2) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары:
1) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

2) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары:
1) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы:
1) шикізаттық емес секторларға, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпке шетелдік инвесторларды тарту

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары:
2) шетелдің қатысуымен шикізаттық емес секторларда іске асырылатын жобалар санын ұлғайту

3) шетелдің қатысуымен шикізаттық емес секторларда іске асырылатын жобалар санын ұлғайту

2-стратегиялық бағыты "Инвестициялық ахуал"

2-мақсат "Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесу"

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары:
1) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

Инвестициялық саясат тұжырымдамасы:
3) мемлекеттік реттеу мен басқаруға, сондай-ақ инвестициялық қызметті құқықтық реттеудің жеткілікті деңгейде болмауына байланысты проблемалық мәселелер шешілетін болады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары:
1) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

4) Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі заңнамалық бастамалардың саны

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары:
1) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

Инвестициялық саясат тұжырымдамасы:
4) ұлттық инвестициялық порталды ілгерілетуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары:
1) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

5)  Ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан келіп түскен өтініштер/сұрау салулардың өсуі

3-стратегиялық бағыты "Компанияның ұйымдастырушылық әлеуеті"

3-мақсат "Компания қызметінің ішкі және сыртқы ортасының тиімді өзара іс қимыл жүйесін құру"

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары:
1) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

Инвестициялық саясат тұжырымдамасы:
5) тауашалы жобалар/басым тауарлар/тауар топтары арасынан инвестициялық ұсыныстарды, сондай-ақ халықаралық стандартқа сәйкес инвесторларды одан әрі таргеттей отырып басым салалар және тауарлар/тауар топтары бойынша шолуларды әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары:
1) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны

6) тауашалы жобалар/басым тауарлар/тауар топтары арасынан инвестициялық ұсыныстарды, сондай-ақ халықаралық стандартқа сәйкес инвесторларды одан әрі таргеттей отырып басым салалар және тауарлар/тауар топтары бойынша шолуларды әзірлеу.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары:
2) корпоративтік басқару негіздерін көздеу, қызметтің ашықтығы, есептілігі және мониторингі мәселелерін реттеу

Инвестициялық саясат тұжырымдамасы:
6) инвестициялар, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын енгізу, мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыру үшін қолайлы және сенімді орта құру, ол қор нарығын реттеу мен дамытудың алдында тұрған түйінді міндеттерге айналатын болады.


7) корпоративтік басқару жүйесінің рейтингі

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары:
3) 1-жалпыұлттық басымдық. Әділ әлеуметтік саясат

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы:
1) биліктің атқарушы, өкілді және сот органдарында, мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі


8) шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесін ұлғайту


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады