Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шiлдедегi № 482 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 868 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.10.2024 № 868 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Тұжырымдаманың іс-қимыл жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 15 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 1 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 15 шiлдедегi
№ 482 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы

      1. Паспорт ............................................................................................................................... 2

      2. Ағымдағы жағдайды талдау ............................................................................................. 3

      2.1. Тікелей шетелдік инвестициялар .................................................................................. 3

      2.2. Тікелей шетелдік инвестициялардың әлемдік легінің жаһандық және өңірлік

      үрдістері, сондай-ақ инвестициялық саясат саласындағы әлемдік трендтерге шолу ..... 3

      2.3. Негізгі капиталға инвестициялар .................................................................................. 5

      2.4. Инвестициялар тарту саласындағы қолданыстағы жүйені және мемлекеттік саясатты талдау .... 5

      2.5. Негізгі проблемалар мен тенденциялар ........................................................................ 8

      3. Халықаралық тәжірибеге шолу ........................................................................................ 9

      4. Инвестициялық даму пайымы ........................................................................................ 12

      5. Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері .................................................................. 14

      1-бағыт. Инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту ....................................................... 16

      2-бағыт. Жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу ............. 21

      3-бағыт. Экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу ................................................... 24

      6. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер ..................................................... 26

      7. Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі

      тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары ........................................... 29

1. Паспорт

Атауы


Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Әзірлеу үшін негіздеме


1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы "Ұлт жоспары – 100 нақты қадам" бағдарламасы.
3. "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы.
4. "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 520 Жарлығы.
5. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында берген тапсырмасы.

Тұжырымдаманы әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган, сондай-ақ оны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар


Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Мәдениет және спорт, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Экология, геология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Сауда және интеграция министрліктері, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері.

Іске асыру мерзімі


2022 – 2026 жылдар

2. Ағымдағы жағдайды талдау

      2.1. Тікелей шетелдік инвестициялар

      Ұлттық Банктің деректері бойынша 2010 – 2020 жылдары Қазақстанға ТШИ жалпы легі шамамен 249 млрд АҚШ долл. құрады, оның ішінде 30,4 % немесе 75,6 млрд АҚШ доллары мұнай-газ секторына, 23 % немесе 42,1 млрд АҚШ долл. металл кендерін өндіруге және металлургияны дамытуға тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 39,4 млрд АҚШ доллары немесе барлық ТШИ-дің 15,8 %-ы тартылды.

      Ел экономикасына инвестициялар тарту процесіне "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, Тікелей инвестициялар қоры, АХҚО және т.б. белсенді қатысады. Нәтижесінде 2015 жылдан бері экономиканың қайта өңдеу секторларында 967 млн АҚШ долларына трансұлттық компаниялардың 12 жобасы іске асырылды, шамамен 3,5 мың жұмыс орны құрылды, ал экономиканың логистика, газ химиясы және металлургия сияқты секторларында "зәкірлік инвесторлармен" бірлесіп 412 млн АҚШ долл. 5 жоба іске асырылды, онда 690 жұмыс орны құрылды.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі әлеуметтік инфрақұрылымға инвестициялар тартуға ықпал етеді (мысалы, автожолдар, көтерме-тарату орталықтарын салу, ауылдарда интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділік және т.б.).

      Бүкіл әлемде карантиндік шектеулер қолданылып, өндіріс тоқтатылып, шекаралар жабылған кезде Қазақстанда жобалардың "тоқтап қалуына" жол бермеу және жаңа инвесторларды тарту бойынша уақтылы шаралар қабылданды. Айталық, Сыртқы істер министрлігінің деректері бойынша 2020 жылы шет елдердің қатысуы арқылы жалпы сомасы 1,6 млрд АҚШ долларына 41 инвестициялық жоба іске асырылып, 7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

      Жаһандық дағдарысқа қарамастан, Қазақстан ТШИ үшін тартымды болып қала береді және шетелдік инвестициялар легі бойынша Орталық Азия өңіріндегі бірден-бір көшбасшы болып табылады. Алайда қазіргі геоэкономикалық және геосаяси ахуалда осы жағдайды сақтап қалу және нығайту үшін Қазақстан шетелдік инвестициялар үшін күресте белсенді түрде озыңқы әрекет етуге және инвесторлар үшін неғұрлым оңтайлы жағдайлар жасауға тиіс. Сонымен қатар бүгінгі күні ТШИ-дің Қазақстанға жалпы легінде қайта инвестицияланған кірістердің салыстырмалы түрде төмен үлесі байқалады (2005 – 2020 жылдары 15 %). Әлемде бұл көрсеткіш 30-35 % құрайды.

      2.2. ТШИ әлемдік легінің жаһандық және өңірлік үрдістері, сондай-ақ инвестициялық саясат саласындағы әлемдік трендтерге шолу

      Коронавирус пандемиясы әлемдік сауда мен инвестициялардың перспективасын нашарлатты. Пандемияның таралуына байланысты сақталып отырған шектеулерге және соның салдарынан жаһандық сұраныстың төмендеуіне байланысты протекционистік көңіл-күйдің өсуі аясында ТШИ-дің әлемдік легінің жалпы көлемінің төмендеуі орын алуда. 2015 – 2019 жылдары ТШИ әлемдік легі 27,1 %-ға қысқарды (2 трлн АҚШ долл. 859,0 млрд АҚШ долл. дейін). 2020 жылы ТШИ төмендеуі жалғасты – 2019 жылға қатысты 42,3 % (1,5 трлн АҚШ долларынан 859 млн АҚШ долл. дейін).

      Инвестициялық саясат саласындағы негізгі әлемдік трендтердің ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады.

      ESG – өлшемшарттарын қолдану негізінде инвестициялау туралы шешім қабылдау, оларды сақтамау тұтас елдер мен жекелеген компаниялар үшін капитал нарықтарының жабылуына әкелуі мүмкін. Елдердің үкіметтері ESG ұлттық стратегияларын белсенді түрде әзірлеуде және ESG күн тәртібінің жаһандық ықпалының өсуіне байланысты туындайтын тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалауда.

      Көміртекті реттеуді қатаңдату. Таяудағы болашақта көміртекті реттеуді күшейту саясаты парниктік газдар шығарындыларының деңгейі жоғары елдер үшін елеулі проблемалар тудыруы мүмкін. Бұл өндіру-өткізу тізбегінің барлық буындарында сезілетін болады.

      Жаңа шектеулер белгілеу және реттеуді күшейту жөніндегі шаралардың өсуі, сондай-ақ ырықтандыру жөніндегі шаралардың төмендеуі. 2015 – 2019 жылдары әлемде инвестициялық саясаттың 588 шарасы енгізілді (жыл сайын орта есеппен 50 ел). Бұл ретте үлестік қатынаста ырықтандыру жөніндегі шаралар 13 %-ға төмендеді, ал қатаңдату жөніндегі шаралар 5 %-ға өсті. Әсіресе, бұл үрдіс 2020 жылы күшейе түсті. Айталық, қабылданған 96 инвестициялық шараның 45 %-ы реттеуді күшейтуге қатысты болды. Бірқатар дамушы елдерде бұрын шетелдік инвестициялау үшін қолжетімсіз болған экономикалық секторларға, оның ішінде жекешелендіру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік құралдары арқылы қолжетімділік берілді.

      Инвестициялық заңнаманың тұрақтылығын белгілеу жөніндегі жұмысты күшейту. Әлемнің 108 елінің 27-сі инвесторларды заңдар мен нормативтік актілердегі ықтимал өзгерістерден қорғау туралы ережелерді қамтиды, олардың басым бөлігі өтпелі экономикасы бар елдерде.

      Ескі буынның халықаралық инвестициялық келісімдерін (бұдан әрі – ХИК) реформалауды жалғастыру. ХИК біртіндеп жаңартылуда. 2018 жылдан бастап тоқтатылған ХИК-тің жыл сайынғы саны жаңаларының санынан асып түседі. Барлық дерлік жаңа ХИК орнықты дамуға бағдарлану, реттеу мүмкіндіктерін сақтау (мемлекеттің реттеушілік кеңістігін сақтау) сияқты ережелерді, сондай-ақ инвестициялық дауларды реттеу тетігіне қатысты өзгерістерді немесе алып қоюларды қамтиды. 2020 жылы ХИК қорытындыларының баяулауына қарамастан, процесс жалғасуда.

      Орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ОДМ) іске асыруға инвестицияларды жүзеге асыру. 150-ден астам ел орнықты дамудың ұлттық стратегияларын қабылдады немесе ОДМ ескере отырып, қолда бар даму жоспарларын қайта қарады. БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің жартысына жуығында ОДМ инвестициялауға жәрдемдесудің нақты құралдары бар.

      2.3. Негізгі капиталға инвестициялар

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша негізгі капиталға инвестициялар (бұдан әрі – НКИ) 2010 жылдан бері 4,7-ден 12,3 трлн теңгеге дейін өсті. Алайда елдің ЖІӨ-дегі НКИ үлесі іс жүзінде өзгермейді және шамамен 16 – 18 %-ды құрайды.

      Негізгі капиталға инвестициялардың тұрақты өсуіне қарамастан, өндірушілерден басқа, экономиканың көптеген салалары инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін қаражаттың тапшылығын сезінуде. Бұған негізгі құралдар тозуының жоғары деңгейі және тартылатын инвестициялардың жеткіліксіз әртараптандырылуы дәлел бола алады. Жекелеген салалар бойынша ескіру 50-70 %-ға жетеді. Инвестицияны көп қажет ететін негізгі сала тау-кен өндіру өнеркәсібі болып қала береді, 2010 жылдан бері оның үлесіне инвестициялардың жалпы көлемінің шамамен 34 %-ы тиесілі.

      2.4. Инвестициялар тарту саласындағы қолданыстағы жүйені және мемлекеттік саясатты талдау

      Бүгінде Қазақстанда республика аумағында инвестициялық қызметті дамыту бойынша шаралар қабылдануда, құқықтық база қалыптастырылды (Кәсіпкерлік кодексі, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Заң, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекс, салық, кеден және жер заңнамасы).

      Инвесторлармен ашық және сындарлы диалогты жолға қою арқылы оларды қолдаудың көп деңгейлі инфрақұрылымы жасалды және жұмыс істейді, инвестициялық капиталды тарту үшін ашық, тұрақты және болжамды жағдайлар жасауға ерекше назар аударылады.

      Қазақстанда инвесторларды әртүрлі салықтар мен кедендік баждардан босататын 13 арнайы экономикалық аймақ пен 36 индустриялық аймақ жұмыс істейді. АЭА жер учаскесін, орнатылған инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      "Астана" халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді, оның міндеттерінің бірі Англия мен Уэльстің құқық қағидаттарында және халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарында ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу болып табылады.

      Инвесторлардың нақты және жүйелі проблемалы мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі, Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Инвестициялық омбудсменнің функциялары Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне жүктелген.

      Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания шетелдік және өңірлік өкілдермен бірге құрылған үш деңгейлі жүйе шеңберінде Үкімет атынан нысаналы трансұлттық компаниялармен және ірі инвесторлармен "бірыңғай келіссөз жүргізуші" функциясын орындайды, сондай-ақ инвестициялық жобаларды идеядан бастап іске асыруға дейін "бір терезе" қағидаты бойынша сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етеді.

      Сонымен қатар инвестициялар саласындағы стратегиялық бағдарламалық құжаттарды іске асырудың алдыңғы тәжірибесі және жаһандық бәсекелес ортада болып жатқан өзгерістер инвестицияларды тарту және ұстап қалу саласындағы қолданыстағы жүйе мен мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру қажеттігін талап етеді.

      SWOT-талдау инвестицияларды тарту тиімділігіне әсер ететін мынадай аспектілерді анықтады.

Күшті жақтары:
1. Іске асырылып жатқан мемлекеттік саясат шеңберінде инвестициялар тарту мәселесіне мемлекет тарапынан жоғары назар аударылуда.
2. Қолайлы іскерлік ахуал.
3. Елеулі минералдық-шикізат базасын иеленуінің нәтижесінде елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы.
4. ЕАЭО, Орталық Азия, Қытай және Үндістанның ірі тұтыну нарықтарына қолжетімділігі бар Қазақстанның тиімді географиялық жағдайы.
5. Ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесуге бағытталған даму институттары жүйесінің болуы.

Әлсіз жақтары:
1. Инвесторлардың сот жүйесіне деген сенім деңгейінің төмендігі.
2. Мемлекеттік инвестициялар тиімділігінің жеткіліксіздігі.
3. Инвестицияларды тарту және ұстап қалу жөніндегі жұмыс шеңберінде әртүрлі мемлекеттік органдар мен даму институттары арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігі жеткіліксіз.
4. Инвесторларды ақпараттық және коммуникациялық қолдаудың жеткіліксіз дамыған жүйесі.
5. Сыртқы инвестицияларды қорғау және ілгерілету жөніндегі саясаттың болмауы.
6. Инвесторлар үшін жеткіліксіз дамыған инфрақұрылым (көлік-логистикалық, өндірістік, инженерлік, сауда инфрақұрылымы).
7. Экономикадағы негізгі қорлар тозуының жоғары деңгейі және соның салдарынан шығасылардың жоғары деңгейі және еңбек өнімділігінің төмендігі.
8. Инвестициялық заңнаманың жетілмегендігі.
9. Заң жобалары мен өзге де реттеу құжаттарын әзірлеу және талқылау процесіне инвесторларды тартудың төмендігі.
10. Инвесторлар үшін валюталық тәуекелдер.

Мүмкіндіктер:
1. Елдегі инвестициялық режимді одан әрі ырықтандыру, әлемдік капитал нарықтарында елдің оң инвестициялық имиджін нығайту.
2. Әлемдік экономика мен Қазақстан экономикасындағы құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, қолданыстағы инвестициялық келісімдерді қайта қарау.
3. "Жасыл" экономикаға біртіндеп көшуге және цифрлық технологияларды дамытуға ықпал ететін жобаларды іске асыру.
4. ЕАЭО нарықтарына, атап айтқанда, Ресей мен Орталық Азия елдеріне бағдарланған жобаларды іске асыру.
5. Орнықты даму мақсаттарына сәйкес келетін инвестициялық жобаларға ынталандырудың жекелеген шараларын құру.
6. АХҚО алаңын, оның ішінде оның құқықтары мен инвестициялық дауларды шешу тетіктерін қолдану.

Қауіптер:
1. Саяси тұрақсыздық салдарынан елдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі.
2. Минералды-шикізат базасының сарқылуы.
3. Елдердің көміртегі бейтараптығына көшуі нәтижесінде Қазақстанның табиғи ресурстарының инвестициялық тартымдылығының төмендеуі.
4. Ішкі инвесторлардың төмен инвестициялық белсенділігі және шетелдік капитал ағынының төмендеуі.
5. Экономика мен инвестиция бағытының құрылымдық теңгерімсіздігі салдарынан экономикадағы жоғары тәуекелдердің сақталуы.
6. Негізгі капиталға инвестициялардың, сондай-ақ ТШИ өсу қарқынының қысқаруы және (немесе) төмен көлемі салдарынан елдің қазіргі бәсекелестік артықшылықтары мен өнеркәсіптік әлеуетін жоғалту.
7. Инвестициялар үшін, оның ішінде көрші елдер тарапынан жаһандық бәсекелестіктің шиеленісуі және соның салдарынан Қазақстаннан шетел инвестицияларының ықтимал кетуі.

      Жоғарыда келтірілген әлсіз жақтарды есепке алмау кейіннен инвестициялар тарту үшін анықталған әлеуетті қатерлердің іске асырылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Ал көрсетілген күшті жақтарды тиімді пайдалану қолда бар мүмкіндіктерді іске асыруға әкелуі мүмкін.

      Тұтастай алғанда, Қазақстан Үкіметі инвестициялық процестердің дамуына кедергі келтіретін және сол арқылы елдегі инвестициялық ахуалды нашарлататын әкімшілік және заңнамалық кедергілерді жою жөніндегі реформаларды дәйекті түрде іске асыруда. Мұны инвесторлардың сауалнамалары да растайды, олар соңғы жылдары осы салада прогресс байқалып отырғанын көрсетеді. Алайда бірқатар проблемалар әлі де сақталуда.

      2.5. Негізгі проблемалар мен үрдістер

      Ел экономикасына инвестициялар тартуды тежейтін негізгі проблемаларға мыналарды жатқызуға болады:

      1. Мемлекеттік реттеу және басқару:

      мемлекеттің экономикаға араласуы (баға белгілеу, монополиялау, квазимемлекеттік сектор қатысуының жоғары үлесі, қазақстандық қамту туралы талаптар);

      инвесторлардың сот жүйесіне және құқық қорғау органдарына деген сенімінің төмендігі, оның ішінде олардың жеке капиталды нашар қорғауы (тәркілеу тәуекелінің жоғарылығы);

      кәсіпкерлердің кең ауқымы үшін бәсекелес нарықтарға қол жеткізуді шектейтін бизнес үшін әкімшілік кедергілерді қоса алғанда, бәсекелестік жеткілікті дамымауы;

      мемлекеттік инвестициялар тиімділігінің жеткіліксіздігі (5 мемлекеттік бағдарламаның қорытындысы бойынша 224,2 млрд теңге көлемінде бұзушылықтар (2020 жылы), оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 9,9 млрд теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану – 214,3 млрд теңге);

      әртүрлі мемлекеттік органдар мен даму институттары арасындағы тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жеткіліксіздігі;

      шектен тыс бюрократия (қаражат бөлу, жергілікті деңгейдегі түрлі инстанцияларда құжаттар алу мерзімдерін созу);

      сыртқы инвестицияларды, оның ішінде ESG күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған инвестицияларды қорғау және ілгерілету саясатының болмауы;

      инвесторларды ақпараттық және коммуникациялық қолдау жүйесінің жеткілікті дамымауы.

      2. Өндіріс факторларының проблемалары:

      инженерлік инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы және дайын өндірістік үй-жайлардың болмауы;

      қолжетімді жер ресурстарының жетіспеушілігі (көбінесе ең жақсы жер учаскелері сатып жіберілген);

      инвестициялық әлеуетті дамыту үшін қолжетімді қаржы ресурстарының жетіспеушілігі және олардың әралуандығының мардымсыздығы;

      негізгі қорлардың ескіруі (негізгі қорлардың тозуының ұлғаюы – 34,2 %-дан 42,8 % дейін (2016 – 2020 жылдар);

      білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі;

      өңдеу өнеркәсібіндегі индустриялық кәсіпкерлердің тым аздығы;

      өнеркәсіпті және онымен байланысты құрылымдарды (оқыту, логистика, өткізу, стандарттар және т.б.) біріктіруге ықпал ететін цифрлық платформаның болмауы.

      3. Құқықтық реттеу:

      инвестициялық заңнаманың жетілмегендігі (нормалардың айқын түсіндірілмеуі, өзгерістер мен толықтырулардың жиі енгізілуі);

      заң жобалары мен өзге де реттеу құжаттарын әзірлеу және талқылау процесіне инвесторлардың аз тартылуы.

      4. Құрылымдық проблемалар:

      салалар мен өңірлер бөлінісінде негізгі капиталға инвестициялардың және ТШИ-ге әртараптандырылмауы құрылымының;

      ішкі тұтыну нарығының шағын сыйымдылығы (Дүниежүзілік банктің1 деректеріне сәйкес бұл фактор инвесторлар назар аударатын 15 фактордың үздік 6-на кіреді. Зерттеулер іске асырылатын ТШИ жобаларының саны2 мен халық саны арасында корреляцияның болуын растайды. Орасан зор аумағы бар Қазақстан халқының саны небәрі 19,1 млн адам ғана);

      әріптес елдердің тарифтік және тарифтік емес реттеу кедергілері;

      инвесторлар үшін валюталық тәуекелдер;

      көміртекті реттеу жүйесін қоса алғанда, ESG елдік стандарттарының болмауы.

      ________________________________

      1 https://openknowledge.worldbank.org/bitstream/handle/10986/33808 /9781464815362.pdf

      2 https://www.investmentmonitor.ai/analysis/fdi-drivers-and-domestic-marketsdoes-size-matter

3. Халықаралық тәжірибеге шолу

      ТШИ тартудың әлемдік тәжірибесін талдау ынталандыру жиынтығының әр елде әрқилы екенін көрсетеді.

      Мысалы, 15 жылдан астам уақыт бойы өз аумағында шетелдік өнеркәсіптік жобаларды орналастыру бойынша Еуропада бірінші орынды бермей келе жатқан Францияда шетелдік инвесторлар өз жобаларын жүзеге асыру үшін Францияны таңдайды. Франция өзінің беделін қамтамасыз ететін бірқатар артықшылықтарға ие: достас, шетелдіктерге құшақ жаятын бизнес-орта, еуропалық нарыққа қолжетімділік, жоғары сапалы көлік және байланыс инфрақұрылымы, білікті және өнімді жұмыс күші, инфляция күрт құбылмайтын және ауытқымайтын тұрақты экономика, инвесторлар үшін салықтық және басқа да ынталандырулар, сапалы банктік және ілеспе қызметтер.

      Корея Республикасында кәсіпкерлік ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар дәйекті түрде жүзеге асырылуда. Олардың ішінде жолдар мен инфрақұрылым құрылысы, еркін сауда аймақтарын, еркін экономикалық аймақтарды, шетелдік инвестициялау аймақтарын, бажсыз сауда аймақтарын, индустриялық кешендерді құру бар. Сонымен қатар Кореяда шетелдік инвестицияларды қолдауға және ынталандыруға бағытталған қуатты құқықтық база құрылған. Алайда бұл ретте негізгі ұлттық технологиялардың сыртқа кетуіне жол бермеу үшін шетелдік инвестицияларды іріктеудің қатаң тетігі де бар.

      Халықаралық капитал қозғалысына Аустрия белсенді қатысады. Оның стратегиялық міндеті Аустрия мен оның астанасы Венаның аустриялық және шетелдік капиталды салу үшін халықаралық экономикалық, қаржылық және кәсіпкерлік белсенділік орталығының бірі ретіндегі тартымдылығын арттыру болып қала береді. Аустрия бизнес үшін континенталды Еуропадағы ең қолайлы елге айналуда. Онда қажетті өндірістік инфрақұрылым мен білікті кадрлары болып қана қоймай, сонымен қатар жалдау ақысы мейлінше төмен және өмір сүру сапасы деңгейі анағұрлым жоғары. Аустрияның инвестициялар саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі қағидаты – кәсіпорындарға инвестициялау бағыттары мен оларды қаржыландыру көздерін таңдауда еркіндік беру. Аустрияда өзара түсіністік шарттарында шетелдік инвестицияларға ТШИ-ді алдын ала мақұлдауға қойылатын кеңейтілген талаптары бар ұлттық режим ("Инвестицияларды бақылау туралы" Заң) ұсынылады. Инвестициялық қызметті мемлекеттік ынталандыру тікелей бюджеттік қаржыландыру арқылы ғана емес, сонымен қатар арнайы қорлар жүйесі арқылы, сондай-ақ федералды және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылады.

      АҚШ-та "Даму мақсатында инвестицияларды оңтайландыру" Заңы қабылданды және іске асырылуда, ол дамуға жәрдемдесу мақсаттарын толықтыруға және АҚШ-тың сыртқы саяси мүдделерін іске асыруға ықпал етуге тиіс. Бұл заң неғұрлым сенімді және икемді инвестициялық құралдарды қолдануға, даму жобаларына техникалық көмек көрсетуге және қадағалауды күшейтуге мүмкіндік береді. Заңға сәйкес Халықаралық қаржы даму корпорациясы (International Development Finance Corporation) жұмыс істейді, оның қызметі АҚШ бизнесінің табыс деңгейі төмен және орташа елдерге салым салуы үшін қолжетімді ақша қаражатының көлемін ұлғайтуға бағытталған.

      Штаттар мен жергілікті билік органдарына "өз" аумағын экономикалық дамытуда, жергілікті бизнесті, сондай-ақ экспортты қолдауда, шетелдік капиталды тартуда және тиісінше шетелдік инвесторды бақылауда, фискалдық ынталандыру шараларын ұсынуда ерекше дербестік берілген.

      Сондай-ақ көршілес Қытай мен Өзбекстанда инвестициялар тарту тәжірибесі де атап өтерлік, онда осы бағыттағы жұмыстардың жандануы байқалады және мынадай шаралар іске асырылуда.

      Қытай:

      кейбір салаларда "қара тізімді" қысқарту және шетел қаржыландыратын кәсіпорындардың кіруіне реттеуші ауыртпалықты әлсірету есебінен шетелдік инвестициялар үшін елдің ашылуы ("шетелдік капиталды пайдаланудың 14-ші бесжылдық (2021 – 2025 жылдар) жоспары");

      инвестицияларды шектеу және ілгерілету жөніндегі шаралар: шетелдік инвесторлар үшін шектеулері бар секторлар белгіленеді, шетелдік капиталы бар кәсіпорындарды тіркеу процесі оңтайландырылады ("Шетелдік инвестициялар туралы" жаңа Заң және оны қолдану туралы заңға тәуелді актілер);

      шетелдік инвестициялар бар ұйымдардың шағымдарын қараудың жаңа тетігі (шағымдар тізімі кеңейтілді);

      ынталандырылатын салаларға шетелдік инвестициялар үшін баждан босату;

      Хайнань еркін сауда портына шетелдік инвестициялардың қолжетімділігі үшін арнайы әкімшілік шараларды жою.

      Өзбекстан:

      "Инвестициялар және инвестициялық қызмет туралы" жаңа Заң және инвесторлар үшін жаңа жеңілдіктер:

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және монополияға қарсы заңнамаға қатысты инвестициялық келісімдердің арнайы ережелері;

      басым салаларға инвестициялау кезінде жеке тәртіппен берілетін қосымша жеңілдіктер;

      сыртқы инженерлік желілер мен байланыс желілерінің құрылысын қаржыландыруға байланысты инвестициялық субсидиялар;

      Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің бірыңғай терезесін құру;

      "Арнайы экономикалық аймақтар туралы" жаңа Заң;

      рұқсат беру құжаттары мен лицензиялардың санын қысқарту;

      Экспортты және инвестицияларды дамыту жөнінде мемлекеттік комиссия құру;

      валюталық операцияларды жеңілдету;

      ауыл шаруашылығы өндірісі мен экспорты үшін жаңа еркін экономикалық аймақ құру;

      халықаралық коммерциялық дауларды реттеу ("Халықаралық коммерциялық төрелік туралы" жаңа Заң);

      жер қойнауын пайдалануға салынатын салықтарды азайту және елде өндірілмейтін жабдықтарды, материалдық-техникалық ресурстарды және арнайы жабдықтарды кедендік баждардан босату.

      Өз кезегінде Қазақстан Франциядан шетелдік инвесторлар үшін нарық ашықтығын, Кореядан – әлеуетті инвесторлар тартуда және шетелдік инвестицияларды іріктеу кезінде айқындықты; АҚШ-тан икемді және сонымен бір мезгілде нақты келісілген өңірлік және мемлекеттік саясат арқылы ел экономикасына инвестициялар легінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді, Аустриядан арнайы қорлар жүйесі арқылы инвестицияларды ынталандыруды, Қытай мен Өзбекстаннан экономиканың басым салаларына инвестициялар тарту бойынша тиімді жеңілдікті саясатты алуына болады.

      Бұдан басқа соңғы уақытта ESG мәселелерінің интеграциясы әлемдік инвестициялық практикаға дендеп еніп келеді. Әлемдік практикада мемлекеттік деңгейде ESG күн тәртібін ілгерілетудің 3 негізгі әдісі пайдаланылады:

      1. Мемлекеттік операциялар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде ESG қағидаттарын қабылдау (негізінен зейнетақы қорлары бойынша).

      2. ESG саясаты мен қағидаларын енгізу.

      3. ESG факторларын мемлекеттік активтер мен міндеттемелер бойынша шешімдерге енгізу.

      Еуропалық орталық банк, сондай-ақ АҚШ Федералды резервтік жүйесі ірі қаржы институттары үшін климаттық стресс-тестілеуді – климаттық өзгерістерге ұшырауды бағалауды енгізді. Қазіргі уақытта Қытай қаржы институттары мен қаржы жүйесін стресс-тестілеуге климаттың өзгеру қаупін енгізуде. Аустралия климаттық қауіптерге қатысты инвестициялар жөніндегі нұсқаулықпен жұмысты аяқтау үстінде.

      ЭЫДҰ мен Дүниежүзілік банк елдердің үкіметтеріне (атап айтқанда, қадағалау органдарына) ESG-ді ашу үшін есептіліктің өзектілігі мен ашықтығын арттыруға ықпал етуді ұсынады. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар банктерге ESG интеграциясын кеңейтуге және кредит беру кезінде жан-жақты тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін басқару қағидаттарын енгізу қажеттігіне назар аударады.

4. Инвестициялық даму пайымы

      Мемлекеттік инвестициялық саясат сапалы шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту арқылы ел экономикасының орнықты дамуына жәрдемдесуге, соның нәтижесінде экономикалық белсенділік пен халықтың табысының өсуіне, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталатын болады.

      Инвестицияларды тарту саясаты ESG, жаһандық энергетикалық және технологиялық көшу талаптарын ескере отырып қайта қаралады.

      Инвестициялар тарту мәселесінде, атап айтқанда, оларға ESG қағидаттарын енгізу және қолдану есебінен отандық инвестициялық жобалардың тартымдылығын арттыру арқылы АХҚО әлеуетін іске қосу мүмкіндігі қаралатын болады.

      Шетелдік, сол сияқты ішкі инвесторлар үшін инвестициялық қызметтің қолайлы "режимін" қамтамасыз ету арқылы жеке инвестицияларды тартуға баса назар аударылатын болады.

      Нарыққа жаңа қатысушылардың пайда болуына немесе кәсіпкерлік субъектілері арасындағы бәсекелестікті күшейтуге бағытталған кәсіпкерлікті және инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары шеңберінде жүзеге асырылады.

      Инвестициялық саясаттың басты мақсаты шетелдік және ішкі инвесторлардың қызметін жүзеге асыру және ел халқының жоғары тұрмыс сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін жаңғыртуды, құрылымдық өзгерістерді және ұлттық экономиканың орнықты өсу қарқынын қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Осы бағыттағы жұмыс қолда бар шикізаттық әлеуетті, құзыреттерді және экономикалық тиімділікті ескере отырып жүргізіледі.

      Мемлекет жобаларды іске асыруға бюджет қаражатын тартуды кезең-кезеңімен барынша азайтатын болады және мемлекеттік инвестициялық жобаларды тиімді игеру мен іске асыруды 100 % қамтамасыз етуге және ұлттық жобалар мен МЖӘ жобалары шеңберінде жеке бастамаларды іске асыруға жәрдемдесуге баса назар аударады.

      Бұл ретте салықтық-бюджеттік тұрақтылықты сақтау мақсатында мемлекеттік инвестициялар ерекше жағдайларда ғана жеке капитал жетіспейтін жоғары технологиялы және капиталды қажет ететін жобаларға бағытталатын болады әрі олар сапалы инвестицияларды көздейді. Мұндай инвестициялар кемсітусіз, деңгейлес сипатта болады.

      Қолайлы инвестициялық ортаны нығайту жөніндегі жұмыс инвестициялық саясаттың ашықтығын одан әрі арттыруға, әділ бәсекелестікті дамытуға және қорғауға, инвесторлар үшін икемді және берік инфрақұрылымды жақсартуға, сондай-ақ шағын және орта бизнесті нығайтуға бағытталады.

      Ел экономикасына инвестициялардың қосымша көлемін тарту мақсатында инвестициялардың баламалы көздерін дамыту, экономиканы қаржыландырудағы банк секторының рөлін күшейту, МЖӘ тетіктерін трансформациялау, көлеңкелі экономиканы қысқарту жөнінде шаралар қабылданады.

      Инвестициялық саясатты іске асыру шеңберінде экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы жаңа өндірістер құруға, құн жасау мен жеткізудің өңірлік және жаһандық тізбектеріне кіруге, қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ішкі нарықты дамытуға басымдық берілетін болады.

      Шикізаттық емес секторға инвестициялар тарту және дамудың шикізаттық моделінен алшақтау үшін еңбек өнімділігінің өсуі, экспорттың көлемін ұлғайту және күрделілігін арттыру, сондай-ақ өндірістерді кезең-кезеңімен жергіліктендіру негізгі бағдарға айналады.

      Преференциялардың орнына экономиканың шикізат секторларына инвестициялар тарту бойынша жұмыс жалғасады, мысалы, жер қойнауын пайдаланушылар үшін бұл жаңа кен орындарын барлау және игеру үшін жеңілдіктер болуы мүмкін.

      Тау-кен өндіру өнеркәсібінде жаңа өңдеп жасауды (мұнай-химия, газ өңдеу, мұнай сервисі қызметтері) экологиялық дамытуға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға, отандық қайта өңдеушілер үшін шикізат базасын қамтамасыз етуге, геологиялық барлауда – мұнайды, газды, табиғи битумды, сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды іздеуге, барлауға және өндіруге жеке инвестицияларды тартуға баса назар аударылатын болады. Энергетикада – бұл ресурс тиімділігін арттыру және төмен көміртекті энергия көздерін дамыту, АӨК-те – инфрақұрылымды дамытуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

      Стратегиялық инвесторларды таргеттеу және экономика салаларында жаңа экожүйелерді қалыптастыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

      Көрсетілетін қызметтер секторында Қазақстан саудаға, көлік пен логистикаға, денсаулық сақтауға, білім беруге, туристік салаға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға, ғарыш саласына инвестициялар тартуға назар аударады. Қызмет көрсету саласында қажетті инфрақұрылымды дамытуға, инвестициялық ахуалды жетілдіруге, жаңа инвестициялық жобаларды іздеуге және іске асыруға баса назар аударылатын болады.

      Жұмыс істеп тұрған өндірістерде ЭЫДҰ стандарттары бойынша ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге және "жасыл" технологияларды дамытуға, баламалы энергия көздерін, оның ішінде "жасыл" сутегіні дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасады.

      "Жасыл" жобаларға инвестициялар тартуды ынталандыру орнықты даму (ОДМ 7 "Арзан және таза энергия", ОДМ 8 "Лайықты жұмыс және экономикалық өсу", ОДМ 9 "Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым"), карбоннан арылу мақсаттарына қол жеткізуді ескере отырып және жобаларды іске асыру кезінде ESG қағидаттарын ілгерілету негізінде жүргізілетін болады.

      Шетелдік инвесторлармен инвестициялық өзара іс-қимылды дамыту үшін басым бағыттардың бірі трансшекаралық инвестициялық ынтымақтастықты (Ресей, Өзбекстан, Қытай) және Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту болады.

      Осы Тұжырымдама негізгі үш бағытты:

      1) инвестициялық экожүйені одан әрі дамытуды;

      2) жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесуді;

      3) экономиканың инвестициялық әлеуетін ашуды іске асыру шеңберінде елдің инвестициялық әлеуетін дамытуға ықпал ететін басқа да саясаттармен үйлестірілген біртұтас мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыруға бағытталған.

      Бірінші бағыт шеңберінде мемлекеттік реттеу мен басқаруға, сондай-ақ инвестициялық қызметті құқықтық реттеудің жетілдірілмеуіне байланысты проблемалық мәселелер шешілетін болады.

      Екінші бағытты іске асыру жеке сектордан жаңа инвестициялар тартуды жандандыру бойынша, оның ішінде құрылымдық проблемаларды еңсеру және өндіріс факторларының тиімділігін арттыру үшін мәселелерді шешуге ықпал ететін болады.

      Үшінші бағыт экономиканың инвестициялық әлеуетін одан әрі ашу бойынша қажетті жүйелі шараларды айқындайды.

      Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын іске асырудың түйінді міндеттері, негізгі қағидаттары мен тәсілдері осы Тұжырымдаманың 5-бөлімінде көзделген.

5. Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

      Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатта сабақтастық сақталады және ол мынадай қағидаттарды сақтауға негізделетін болады:

      заңның үстемдігі – ешкім заңнан жоғары бола алмайды, мемлекеттік органдар, шенеуніктер және инвесторлар заң алдында тең;

      әділдік пен теңдік – барлық инвесторлар үшін мемлекеттік ынталандыру дәрежесі инвестициялардың құндылығына байланысты болады;

      жеке сектордың жетекші рөлі – жеке капиталды, әсіресе, шағын және орта бизнесті тарту тетіктері мен практикасын кеңейту есебінен қаржыландырудың жеке көздерін белсенді тарту;

      нысаналы мақсат – тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірістерінің жұмыс істеп тұрғандарын дамытуға және бәсекеге қабілетті жаңаларын құруға сапалы инвестициялар тартуға шоғырлану;

      ынтымақтастық және кері байланыс – тұрақты диалог жолымен инвесторлармен жүйелі және нақты өзара тиімді өзара іс-қимыл;

      негізділік пен тиімділік – қабылданатын шешімдердің әлеуметтік-экономикалық орындылығы;

      жүйелілік және теңгерімділік – мемлекеттік мүдделерге сәйкес және өңірлік және салалық дамудың ерекшелігін ескере отырып, инвестициялық саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      жариялылық (ашықтық) – мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асырудың барлық сатыларында оны қалыптастыру және іске асыру туралы ақпаратқа ашық қол жеткізу;

      ESG – әлеуметтік жауапты инвестициялау қағидаттарын ұстанатын секторларға инвестициялар тарту (қоршаған орта алдындағы жауапкершілік, әлеуметтік жауапкершілік, басқарудың жоғары сапасы);

      "Жасыл экономика" – неғұрлым экологиялық және орнықты технологияларды пайдалана отырып, жобаларға инвестициялар тартуға негізделген экономика мен өнеркәсіптің "жасыл өсуіне" кезең-кезеңімен көшу;

      мониторинг және бағалау – инвестициялық саясатты іске асыру процесінде жағдайды үнемі қадағалау және басқару, оның тиімділігін жүйелі негізде бағалау, бағамды түзету мүмкіндігі.

      Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына сәйкес мемлекеттік сектордың үстем рөлінен бәсекелес орта құруға және экономикаға, әсіресе, жоғары технологиялы өндірістерге жеке инвестицияларды тиімді тартуға көшу 2025 жылға қарай қағидатты өзгеріс болады.

      Тұжырымдамаға енгізілген пайым, қағидаттар мен тәсілдер тиімді инвестициялық саясатты іске асыру есебінен, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халықтың экономикалық белсенділігі мен табысын өсіруге бағытталған.

      Тұжырымдама ведомствоаралық және салааралық сипатқа ие, оның түйінді рөлі инвестициялық саясат және салалық және өңірлік ерекшелікті ескере отырып, оны іске асыру бойынша мемлекеттік және жеке ұйымдарды үйлестіру саласындағы бағдарлар мен тәсілдердің тұтас жүйесін құру болып табылады.

      Осыған байланысты отандық ШОК-тың инвестициялар саласындағы кәсіпкерлік бастамасы мен әлеуетін күшейту, экономиканы мемлекет иелігінен алу және бәсекелестікті дамыту, бизнеске әкімшілік жүктемені азайту, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және сауданы дамыту жалпы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде қамтамасыз етілетін болады.

      Негізгі қорлардың ескіруін, өндірістік инфрақұрылымды дамытуды, индустриялық кәсіпкерлер санының тым аз екенін және өңдеуші өнеркәсіпте цифрландырудың жеткіліксіздігін қоса алғанда, құрылымдық мәселелер мен өндіріс факторларының проблемаларын шешуге 2021 – 2025 жылдарға арналған "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы бағытталған.

      Білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі мәселелері 2021 – 2025 жылдарға арналған "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасын іске асыру есебінен шешілетін болады.

      Бұл ретте инвестициялық саясаттың бағыттылығын және экономиканың дамуына әрбір сала мен сектордың үлесін ескере отырып тәсілдердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында басты назар өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тартуға аударылатын болады.

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар тарту жөніндегі жұмыс өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін басым тауарлар тізбесіне сәйкес жүргізілетін болады.

      Сонымен қатар инвестициялық ұсыныстар дайындау және әлеуетті инвесторлармен тауаша жобалар, оның ішінде кезең-кезеңімен жергіліктендіру, әлемдік деңгейдегі көрсетілетін қызметтерді дамыту, технологиялар мен құзыреттер трансферті арқылы шикізат секторында және көрсетілетін қызметтерде белсенді нақты жұмыс қамтамасыз етіледі.

      Осылайша, ағымдағы ахуалды, жаһандық трендтерді талдауды және тұжырымдамада көзделген инвестициялық даму пайымы мен негізгі қағидаттарды ескере отырып, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді үш бағыт бойынша іске асыру болжанып отыр:

      1-бағыт. Инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту

      1. Қолайлы инвестициялық ортаны нығайту

      Ел экономикасына ТШИ жалпы легін сақтау және ұлғайту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялау және бизнес жүргізу үшін барынша тартымды жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында оларды ТШИ әлемдік легінің жаһандық және өңірлік үрдістеріне бейімдеуге бағытталған инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу туралы келісімдерге тексеру жүргізілетін болады, сондай-ақ қолда бар келісімдерді ратификациялау бойынша жұмыс жүргізіледі.

      Инвесторларды тарту, сүйемелдеу және қолдау жөніндегі институционалдық тетіктерді одан әрі жетілдіру шеңберінде заң үстемдігінің халықаралық стандарттарын сақтай отырып, инвестициялық дауларды жедел реттеуге назар аударылатын болады, оның ішінде қазақстандық және халықаралық практиканы талдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін, сондай-ақ инвесторлардың заңды құқықтары мен іскерлік мүдделерін сақтай отырып, оларды шешу мақсатында негізгі шетелдік инвесторлардың проблемалы мәселелерін Үкімет деңгейінде мезгіл-мезгіл қарауды ұйымдастыру негізінде инвестициялық дауларды сот тәртібімен реттеу және шешу жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірленеді.

      Салық және кеден заңнамасын қолдану практикасы саласында инвесторлар мен мемлекет арасында даулардың туындауын болғызбау үшін салық қызметтері органдарының ақпараттық ресурстарында құқық қолдану практикасы кезінде бірыңғай тәсілді қалыптастыратын салық және кеден заңнамасының нормаларын бірыңғай түсіндіру жөніндегі түсіндіру нұсқаулықтарын және/немесе ақпараттық материалдарды орналастыруды қамтамасыз ету жалғасатын болады.

      Шетелдік бизнес-қоғамдастықпен іскерлік байланысты кеңейту және шетелдік инвесторлардың ұтқырлығын күшейту мақсатында қолданылу мерзімі ұзартылған іскерлік визаларды алу рәсімдерін оңайлатуды қоса алғанда, визалық және көші-қон режимін одан әрі оңайлату жөнінде кешенді шаралар қабылданды.

      Мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде инвестицияларды тартуға және ұстап қалуға жауапты лауазымды адамдардың қызметтік өкілеттіктері мен жеке жауапкершілігін кеңейту бойынша шаралар пысықталатын болады. Бұл ретте үйлестіру орталық мемлекеттік органдарда қалады.

      Жергілікті атқарушы органдар үшін өңірлерде қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету бөлігінде инвесторлардың құқықтарын қорғау, олардың кепілдіктері мен қолдау жүйесінің ашықтығын арттыру үшін тең және қолжетімді жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған тұжырымдамалық ұсынымдар әзірленеді, сондай-ақ олардың шағымдарына жүйелі және жедел ден қою мақсатында инвесторлармен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін диалог алаңдары мен тетіктері жетілдіріледі.

      Инвесторлармен өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында инвестициялық саясатты іске асыру процесіне және инвесторлармен жұмыс істеуге тартылған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың барлық қызметкерлері үшін инвестицияларды тарту және ұстап қалу саласындағы кәсіптік құзыреттерді арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

      Бұл шаралар өңірлерге инвестициялар легін ұлғайтуға, инвестициялық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға және инвесторлар мен өңірлік билік органдары арасындағы коммуникация арналарын нығайтуға ықпал етеді.

      Ұлттық инвестициялық invest.gov.kz порталында шетелдік инвесторлар мен отандық компаниялар арасында сауда логистикасын жақсарту және өндірістік-өткізу байланыстарын дамыту шеңберінде жергілікті компаниялармен өндірістік-өткізу байланыстарын құру бойынша шетелдік инвесторларды сервистік қолдау туралы келісімдер жасасу мақсатында жоғары сапалы өнім (тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер) өндіруді және жеткізуді жүзеге асыратын отандық өнім берушілердің жалпыға қолжетімді тізбесін жүргізу жалғасады. Процестің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұл тізбе салалық және бизнес-қауымдастықтардың, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғамның өкілдерін тарта отырып қалыптастырылатын болады. Бұдан басқа, отандық өндірушілерді тапсырыстармен барынша қамту мақсатында көрсетілген тізбе мемлекеттік органдардың, ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ ұлттық инвестициялық invest.gov.kz порталында ашық қолжетімділікте жарияланады.

      Инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың нәтижелілігін бағалау үшін өңірлерде жыл сайынғы негізде инвестициялық ахуалға мониторинг жүргізілетін болады. Алынған ақпаратты талдау және бағалау негізінде өңірлерде қажетіне қарай осы бағытта жүргізілетін жұмысты жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады.

      Тарту процесінің барлық кезеңдерінде баяу және барынша ресмиленген бюрократиялық рәсімдер мен шамадан тыс әкімшілік реттеу Қазақстан экономикасына инвестициялар тартудың негізгі кедергілерінің бірі болып табылады.

      Осыған байланысты нормативтік құқықтық актілерге қайталанатын функцияларды, инвестициялар тарту процесін бюрократияландыруды күшейтетін артық процестерді анықтау тұрғысынан егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі.

      Сондай-ақ рұқсат беру/хабарлама құжаттарын алу процесін, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің алуын онлайн-форматқа кезең-кезеңімен көшіру бойынша шаралар қабылданады.

      Инвесторлар үшін, әсіресе, жергілікті деңгейде рұқсат беру құжаттарын және өзге де құжаттарды беру рәсімдерін оңайлату (мерзімдерін қысқарту, рәсімдерді оңтайландыру) бойынша ұсыныстар жеке тұжырымдалады.

      Инвестициялық мұқтаждықтар үшін жаңа жер учаскелерін бөліп беру, оның ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмайтын және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау және алып қою арқылы жер учаскелерін алып қою жөнінде шаралар қабылданады.

      Өңірлерге инвестициялар легін ынталандыру бойынша инфрақұрылымның негізгі элементі АЭА болып қалады.

      Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың базасында инвесторлардың күрделі шығындарын азайтуға жәрдемдесу және инвестициялық шешімдер қабылдауды жеделдету мақсатында инвесторларды ready-built factor типі бойынша дайын өндірістік алаңдармен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар пысықталады.

      Инвесторлар үшін жеңілдіктер мен преференциялардың қазіргі жүйесі де олардың тиімділігін арттыру мақсатында қайта қаралып, мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігі әзірленеді.

      Жалпы, инвесторлармен өзара іс-қимыл кезінде әділдік пен тең құқықтылық қағидаттарын орындау, экспроприациядан қорғау қамтамасыз етіледі.

      2. Инвестициялық қызметті ақпараттық-коммуникациялық қолдауды жетілдіру арқылы қолайлы инвестициялық имиджді дамытуға жәрдемдесу

      Елдің инвестициялық ахуалын жетілдірудің негізі инвестициялық қызметті іске асырудың ашықтық деңгейін арттыру және ол үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Бұл міндеттің табыстылығы көп жағдайда стейкхолдерлердің жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар болуын қамтамасыз етуге және Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджін ілгерілетуге сайып келеді.

      Ақпараттық қолдауды одан әрі жетілдіру мақсатында шетелдік және/немесе республикалық ірі бұқаралық ақпарат құралдарында инвестицияларды тарту және Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде жүргізілетін инвестициялық іс-шараларды медиалық жария ету және ілгерілету арқылы Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін ілгерілету жалғасатын болады.

      Ақпараттық қолдауды орталық деңгейде жүзеге асыру мақсатында инвесторлар үшін оларды өңірлердің бәсекелік артықшылықтары, инвестициялық инфрақұрылым объектілері, бизнес-бастамалар, перспективалы инвестициялық жобалар туралы шоғырландырылған ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-порталын ілгерілету бойынша жұмыс жалғасады.

      Үкімет жыл сайынғы негізде есепті жылдың 1 маусымынан кешіктірмей әлемдік трендтерді талдауды және өңірлердің инвестициялық рейтингінің нәтижелерін қоса алғанда, елде инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың ағымдағы нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту жөніндегі жүйелі ұсыныстарды қамтитын Инвестициялар жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Президентіне жолдайды.

      Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті орган және инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания инвесторлармен жұмыс істеуде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы және/немесе шетелдердегі инвестициялық іс-шараларға (форумдар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, конференциялар, семинарлар және т. б.) қатысу/ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру арқылы проактивті тәсілді ұстануды жалғастыратын болады.

      Сондай-ақ инвестициялық алаңдарды зерделеу, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ әлеуетті бизнес-әріптестермен келіссөздер жүргізу шеңберінде инвесторлардың делегацияларын/сапарларын сүйемелдеу жұмысы жалғасады.

      Инвестицияларды тартудың үш деңгейлі жүйесінің жұмысы шеңберінде елдік инвестициялық бағдарламаларды іске асыру жалғасады.

      Инвесторларды одан әрі таргеттеу үшін халықаралық стандарттарға сәйкес басым салалар мен тауарлар/тауар топтары бойынша шолу дайындалады.

      3. ESG қағидаттарын енгізу/сақтау арқылы қолайлы инвестициялық имиджді қалыптастыру

      Қазіргі уақытта жаһандық капитал нарығы инвестициялық лекті экология, қоғам және корпоративтік басқару мәселелеріне жауапкершілікпен қарайтын әрі экологиялық және әлеуметтік нәтижелерге бағытталған секторларға/өндірістерге/компанияларға бағыттайды. ESG мәселелерінің күн тәртібін ескеруден бас тарту – бұл орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада, тұтас ел үшін де, жеке компаниялар үшін де капитал нарықтарын жабудың айқын жолы.

      Осы бағыт шеңберінде ESG-дің үздік халықаралық практикаларына терең талдау және бағалау жүргізіледі, бұл оларды Қазақстан жағдайларына бейімдеу бойынша тиісті ұсынымдар мен ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      ESG қағидаттарын сақтамау қаржыландырудың толық алынбауына әкеп соғуы мүмкін болғандықтан, мемлекеттік жоспарлау жүйесіне ESG қағидаттарын енгізу мәселесі пысықталатын болады.

      Персоналды басқару (әлеуметтік сала), қоршаған ортаны қорғау (экологиялық сала) және корпоративтік басқару мәселелері бойынша орнықты даму туралы есептілікті жариялау міндеттілігі бойынша жария компанияларға (листингке алынатын/көпшілік қызығушылық білдіретін/квазимемлекеттік секторға кіретін) қойылатын талаптар (халықаралық стандарттарды ескере отырып) әзірленетін болады. Бұл ретте Қазақстанның бүкіл бизнесін қамту мақсатында ESG тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі туралы ақпаратты ашу бойынша, сондай-ақ барлық компаниялар үшін осы тәуекелдердің әсерін анықтау, бағалау және басқару рәсімі бойынша әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулықтар әзірленеді, бұл барлық компанияларға әлсіз тұстарын анықтауға және қарсы шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді.

      Бұл шаралар компанияларды өз қызметінің экологияға және әлеуметке әсерінің нәтижелерінің ашықтығын арттыруға ынталандыруға мүмкіндік береді. Орнықты даму саласындағы ақпаратты ашу басқарушылық процестердің ашықтығын және тиімділігін көрсетуге көмектесетінін атап өту керек, бұл ұзақ мерзімді ресурстарды тарту үшін қолайлы жағдай жасайды.

      Жеке және институционалдық инвесторлар үшін жауапты инвестициялаудың бірыңғай өлшемшарттарын (жауапты инвестициялау қағидаттарын іске асыру жөніндегі ұсынымдар) енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу көзделеді. Бірыңғай өлшемшарттар инвестициялаудың ESG легін анықтауға мүмкіндік береді. Осы қағидаттарды қолдана отырып, инвесторлар қызметі экологиялық тәуекелдермен және ірі ақшалай шығындармен байланысты компаниялардан аулақ бола алады.

      Сонымен қатар ESG қағидаттарын енгізуді ынталандыру мақсатында ESG қағидаттарын ағымдағы қызметке және даму стратегиясына интеграциялау верификацияланатын компаниялар үшін қолдаудың әртүрлі бағыттары әзірленетін болады.

      ESG қағидаттарына сай келетін "жасыл" қаржыландыруды қоса алғанда, орнықты қаржыландыру құралдарын дамыту жөнінде шаралар қабылданады.

      2-бағыт. Жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу

      Жеке секторды инвестициялық қызметке одан әрі тарту және оған қатысуын кеңейту мақсатында венчурлік қаржыландыруды дамыту жөнінде ұсыныстар әзірленеді, жаңа, оның ішінде өңірлерден инвестициялық бастамалар қалыптастырылады.

      Ұлттық инвестициялық invest.gov.kz порталында және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың веб-сайттарында іске асырылып жатқан және жоспарланатын инвестициялық жобалардың, сондай-ақ инвестицияларға мұқтаж жобалардың тізімі/базасы тұрақты негізде жарияланатын болады.

      Бұдан басқа, шетелдік жеке инвесторлар үшін Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында жыл сайынғы қазақстандық инвестициялық дөңгелек үстел өткізілетін болады.

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларына инвестициялар тарту

      Қазақстан Республикасында МЖӘ жобаларын іске асыру айқындық және ашықтық қағидатын сақтай отырып, тек бәсекелі ортада жүзеге асырылатын болады.

      Осы бағытта тікелей келіссөздер тетігіне, оның ішінде бастама жасау негіздерін күшейту және жеке қаржылық бастама жасалған кезде жекеше әріптесті конкурстық іріктеуге кезең-кезеңімен көшу жөніндегі тәсіл де қайта қаралатын болады.

      Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес МЖӘ-нің жаңа заманауи тәсілдерін әзірлеу керек.

      Бюджетке түсетін жүктеме деңгейін ескере отырып, республикалық та, жергілікті де МЖӘ жобаларын жоспарлау кезінде жобаларды іске асыру схемалары айқындалады: кейіннен МЖӘ жобаларының жиынтық Pipeline қалыптастырылатын бюджеттік инвестициялық жоба, бюджеттік инвестициялар, бюджеттік кредит немесе МЖӘ. Жиынтық тізбенің болуы мемлекеттік міндеттемелердің төлемдерін, оның ішінде МЖӘ жобалары бойынша төлемдерді жоспарлау процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы МЖӘ жобаларына басымдық беру қамтамасыз етіледі, оның негізіне ел дамуының стратегиялық мақсаттары мен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкестік қағидаты қаланатын болады.

      Қазақстанда МЖӘ жобаларының көп бөлігі білім беру, денсаулық сақтау, энергетика және ТКШ салаларында іске асырылып жатқанын ескере отырып, МЖӘ тетігін басқа салаларда қолдануды жандандыру қажет.

      Бұл ретте МЖӘ жобаларын іске асыруға мемлекеттің қаржылай қатысуын кезең-кезеңімен азайтуға және сол арқылы бюджетке жүктемені төмендетуге баса назар аударылатын болады. Бюджеттен тыс қаржыландыруды ұлғайту және жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттің қаржылай қатысуын қысқарту мақсатында шығындарды бюджеттен өтемей, жеке капиталды тарту және МЖӘ жобаларын іске асыру үлесін ұлғайту жөніндегі жұмыс жандандырылады. Осы мақсатта нормативтік деңгейде жобалардың (жекеше әріптестің барлық шығындарын мемлекеттік бюджеттен өтеуді талап ететін; пайдалану шығындарын мемлекеттік бюджеттен өтеуді талап ететін; қандай да бір қаржылық мемлекеттік қолдау шараларын және мемлекеттік бюджеттен шығындарды өтеу көздерін талап етпейтін) санаттылығы бекітілетін болады.

      МЖӘ жобалары шеңберінде мемлекеттік міндеттемелер мен қоса қаржыландыру бойынша жүктеменің міндетті жол берілетін деңгейі де айқындалатын болады, оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларын қолдану және шығындарды өтеу көздері (ИШӨ, КДСК, БС, қоса қаржыландыру, кепілдіктер, субсидиялар) бойынша нормативтік шектеулер белгіленеді.

      Мемлекеттік міндеттемелер Парламентте қаралғаннан кейін (Қарыз туралы шарттарды ратификациялауға немесе ЖАО мемлекеттік міндеттемелер мәселесін мәслихаттың қарауына және мақұлдауына шығаратын жергілікті деңгейде МЖӘ жобаларын мақұлдау рәсіміне ұқсас) МЖӘ-нің неғұрлым маңызды және шығынды жобалары бойынша (мысалы, АЕК түрінде көрсетілген міндеттемелердің белгілі бір шегінен немесе оның белгілі бір үлесінен жоғары жалпы шығыстар) оларды қабылдау мүмкіндігі пысықталады.

      Сонымен бірге, тұтынушыдан түсетін табыс жеткіліксіз әлеуметтік сала мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жобаларында жобаның барлық мұқтаждарын жабу үшін қоса қаржыландыру немесе қаржыландырудың жетіспейтін көздерін жабу үшін табысты қамтамасыз етудің басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Бұл шаралар да қатар экономиканың сұраныс аз секторларында МЖӘ-ні дамытуды күшейтуге және "People-first-PPPs" бастамасын енгізуді жалғастыра отырып, халық үшін құндылық қағидатына назар аударуға мүмкіндік береді.

      МЖӘ жобаларын сапалы жоспарлау оларды тиімді іске асыруға және тиісінше экономика үшін маңызды салаларға қаржы түсімдерін алуға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте мемлекеттік және жекеше әріптестер арасында тәуекелдерді жекеше тараптың пайдасына бөлу кезінде теңгерімнің ауытқу мүмкіндігін жоққа шығару, сондай-ақ жобалардың бюджеттік тиімділігін күшейту мақсатында:

      МЖӘ жобалары бойынша тәуекелдерді бөлу және бағалау, сондай-ақ мемлекет пен жекеше инвесторлар арасында МЖӘ жобалары бойынша қаржылық жүктемені бөлу әдістемесі әзірленді;

      стратегиялық, экономикалық және әлеуметтік маңыздылығына сүйене отырып, МЖӘ жобаларын іріктеудің қатаң және бағаланатын өлшемшарттары енгізілді.

      Жобаларды мемлекеттік қолдаудың қолда бар, мысалы, заттай грант, тұтыну кепілдігі, қоса қаржыландыру сияқты құралдары да пысықтауды (нақтылауды) талап етеді, осыған байланысты мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың қолда бар тәжірибесіне талдау жүргізіледі, оларды қолданудың шарттары мен нысандары нақтыланады, мемлекеттік қолдау шараларын қолданудың нақты нормативтік шектеулері мен өлшемшарттары белгіленеді.

      Бұдан басқа, келісімшарттар түрлері (сенімгерлік басқару, сервистік келісімшарт, жалға алу, лизинг, келісімшарттың бастан-аяқ циклі) бойынша МЖӘ жобаларын іске асырудың алуан түрлілігін қолдану практикасын ескере отырып, бюджеттік тиімділікке баса назар аударылып, келісімшарттардың барлық түрлері бойынша МЖӘ жобаларының айрықша ерекшеліктері әзірленеді, бұл өз кезегінде МЖӘ туралы және концессиялар туралы заңдардың аражігін ажырату мүмкіндігін қарауды талап етеді.

      Сонымен қатар жоспарлау сапасын арттыру, МЖӘ жобаларын табысты іске асыру мақсатында мемлекеттік әріптестердің (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) құзыреті арттырылатын, сондай-ақ мемлекеттік әріптестер тарапынан МЖӘ жобаларының іске асырылуын мониторингтеу процестері күшейтілетін болады.

      МЖӘ жобаларының іске асырылуына толыққанды бағалау жүргізу, жобалар бойынша нәтижелерге қол жеткізуді талдау және сол арқылы оларды іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында МЖӘ жобаларын басқару сапасын рейтингтік бағалау енгізілетін болады.

      2. Экономикаға қосымша инвестициялық капитал тарту үшін жағдай жасау

      Ішкі және сыртқы факторлар мен тәуекелдерді ескере отырып, қазақстандық экономикадағы жеке сектордың рөлін арттыру үшін бекітілген Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес жекешелендіру жалғасатын болады.

      Бәсекеге қабілетті ұсынысқа негізделген шетелдік және ішкі инвесторлар үшін жекешелендіруге тең қол жеткізу қағидаты қамтамасыз етіледі.

      Бұл ретте құнды барынша ұлғайтумен бірге мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту, бәсекелестікті ұлғайту және мемлекеттің инвестицияларға ашықтығын көрсету негізгі драйверге айналуы тиіс.

      Бағалы қағаздар нарығының құралдары арқылы банктік кредиттеуге балама инвестициялау көздерін дамыту:

      банктерді, сақтандыру ұйымдарын, мемлекет қатысатын қорларды, квазимемлекеттік сектор компанияларын қоса алғанда, стратегиялық және бөлшек инвесторлардың қаражатын тарту;

      қазақстандық қор нарығын капиталдың халықаралық нарықтарына интеграциялау мен ілгерілету және сыртқы портфельдік инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Инвестициялар, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын енгізу, мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыру үшін қолайлы және сенімгерлік орта құру қор нарығын реттеу мен дамытудың алдында тұрған түйінді міндеттерге айналады.

      Қор нарығында стратегиялық инвесторлардың жаңа сыныптарын қалыптастыруды және дамытуды ынталандыру нарықтың тұрақтылығына, сондай-ақ экономика субъектілерінің қор нарығының құралдары арқылы ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуына ықпал ететін болады.

      3-бағыт. Экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу

      1. Инвестициялық әлеуетті дамыту жөніндегі жүйелі шаралар

      Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуетін одан әрі ашу мақсатында мынадай жүйелі шаралар қабылданады.

      Оңтүстік Корея, Израиль, Сингапур тәжірибесінің негізінде банкроттық процесі оңайлатылатын болады. Оңалту және банкроттық жүйесі тиімсіз меншік иелерін ауыстыра отырып, дәрменсіз кәсіпорындардың нарықтан жедел шығуын қамтамасыз етеді.

      Сонымен қатар капитал ФАТФ стандарттары мен басшылық қағидаттарына қайшы келмейтін тәсілдермен ел экономикасына қайтарылған жағдайда оған рақымшылық жасау мәселесі пысықталатын болады.

      Инвестициялық және өңірлік саясаттың өзара байланысын қамтамасыз ету үшін өңірлердің инвестициялық тартымдылық рейтингі шеңберінде экономикаға, бірінші кезекте экспорттық әлеуеті бар жобаларға инвестициялар тарту үшін өңірлік және салалық шектеулерге тұрақты талдау, оның ішінде анықталған проблемалық мәселелерді жою бойынша ұсынымдар мен жүйелі шаралар әзірлей отырып, әрбір шетелдік компанияның кету себебіне талдау жүргізіледі.

      Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания АХҚО-ны, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тарта отырып, инвестициялар туралы келісімдер жасасу үшін стратегиялық инвестициялық жобалар пулын қалыптастыруды және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

      Жаңа инвесторларды тарту және шетелдік инвесторларды кеңінен қамту инвестицияларды тартудың "шетелдік мекемелер – орталық – өңірлер" үш деңгейлі жүйесі шеңберінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының барлық шетелдік мекемелерінің және инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның шетелдік өкілдері желісінің қызметін қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылатын болады.

      Шетелдік өкілдер институты қызметін жетілдіру мақсатында шетелдік өкілдерді іріктеу кезінде кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралатын және жоғарылатылатын болады.

      Қолданыстағы Қызмет тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес шетелдік өкіл қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бұрынғыдай өкілдік қызметтер көрсетуге арналған шарттарды бұзуға немесе ұзартуға байланысты шешім қабылдау үшін, сондай-ақ шетелдік өкілдер қатысатын елдерді айқындау шеңберінде талдау жүргізу кезінде пайдаланылатын болады.

      Бұдан басқа, Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның базасында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және инвесторлар үшін "бір терезе" ұйымдастыру қағидаларына, сондай-ақ инвестицияларды тарту кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібіне сәйкес "бір терезе" шеңберінде инвесторларды сервистік қолдауды қамтамасыз ету жалғастырылатын болады.

      Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания салалық және елдік бағыттылығына қарамастан, жұмыста бұрын қабылданған қағидаттарды ұстанатын болады.

      Шетелдік инвесторлармен жолға қойылған жүйелі жұмысты және инвестициялық жобалар мен инвесторлардың жинақталған базасын ескере отырып, инвесторларға тұрақты негізде инвестициялық мүмкіндіктерді таныстырудан бастап инвестициядан кейінгі сүйемелдеуге дейінгі шаралардың толық кешені көрсетілетін болады.

      2. Тікелей және портфельдік инвестициялар тарту саласында "Астана" халықаралық қаржы орталығының әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыру

      Ел экономикасына тікелей және портфельдік инвестициялар тарту үшін АХҚО алаңын барынша іске қосу үшін шаралар қабылданатын болады.

      АХҚО базасында қолайлы іскерлік ортаны дамыту, қаржылық және кәсіптік қызметтер көрсету, инфрақұрылымды жақсарту жалғасады.

      Қосымша халықаралық өтімділікті тарту және MSCI Emerging Markets және FTSE халықаралық индекстеріне ену мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, оның ішінде АХҚО-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасының рейтингін "Шекара нарықтарынан" "Дамушы нарықтарға" дейін арттыру үшін нарық құрылымын жаңарту бойынша жұмысты жалғастырады.

      Екі биржаға (АІХ және КАЅЕ) тең жағдайларды қамтамасыз ету қаржы орталықтары мен қор нарықтарының индекстеріндегі Қазақстан Республикасының позицияларын ілгерілетуге олардың артықшылықтарын біріктіру арқылы ықпал ететін болады.

      Қазақстандық эмитенттер мен инвесторларға IPO өткізу мақсаттары мен экономикалық орындылығына қарай ғана IPO өткізу және оған қатысу үшін алаң таңдау жасауға мүмкіндік беріледі.

      Қазақстандық компанияларды шетелдік юрисдикциялар мен офшорлық аймақтардан АХҚО юрисдикциясына кезең-кезеңімен ауыстыру (редомициляция) жүзеге асырылады.

      Бұл шара Қазақстанға ірі активтерді қайтаруды қамтамасыз етіп қана қоймай, АХҚО алаңы арқылы ұлттық экономикаға тартылған инвестициялардың жиынтық көлемін ұлғайтуға да ықпал етеді.

      АХҚО жергілікті нарықты және активтерді басқару саласындағы сараптаманы дамыту жөніндегі қызметі активтерді басқару нарығында қызмет көрсететін жетекші халықаралық және жергілікті компанияларды тартуға бағытталады.

      Алдағы жұмыс АХҚО-да жергілікті, сондай-ақ шетелдік басқарушы компаниялардың активтерін құрылымдау, иелену және басқару үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін реттеушілік және салықтық режимдерді дамытуға бағытталатын болады.

      Ел экономикасына инвестициялар тарту мақсатында инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасын іске қосу мәселесі пысықталатын болады, ол инвестордың және оның отбасы мүшелерінің АХҚО құралдарына инвестициялау шартымен Қазақстан Республикасының бірнеше мәрте келу визасын алуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық резиденті деп тану мүмкіндігін көздейді. Инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасын одан әрі іске асыру үшін АХҚО үздік әлемдік практикаларға сәйкес нормативтік базаны жетілдіру және бағдарлама процестерін автоматтандыру бойынша жұмысты жалғастырады.

      Бұдан басқа "ашық аспан" режимінде әлемдік аса ірі қаржы орталықтарымен тікелей әуе қатынастарын ашу, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың қазақстандық институционалдық инвесторларының өз инвестициялау стратегияларын қайта қарауы және жеке құрал түрі ретінде "жасыл" облигацияларға инвестициялаудың міндетті үлесін белгілеу бөлігінде инвестициялық декларацияларға өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылданатын болады.

6. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

      Тұжырымдама мақсатына қол жеткізу мынадай нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады (1-кесте):

      1. 2026 жылға қарай негізгі капиталға инвестициялар ЖІӨ-нің 25,1 %-на дейін.

      2. Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы құйылуы 2026 жылға қарай 25,5 млрд АҚШ доллары.

      1-кесте. Инвестициялық даму саласындағы нысаналы индикаторлар

Р/с№

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

2019 жыл (факт)

2020 жыл (факт)

2021 жыл (факт)

Болжам

Орындауға жауаптылар

2022 жыл

2023жыл

2024 жыл

2025 жыл

22026 жыл

1.

Негізгі капиталға инвестициялар:

республика бойынша, ЖІӨ-ден %

ҰСБ СЖРА

18,1

17,4

16,3

17,5

21,0

23,0

25,0

25,1

ҰЭМ, СІМ, ИИДМ, АШМ, ДСМ, МСМ, ЦДИАӨМ, СИМ, ЭГТРМ, ЭМ, АҚДМ, ҒЖБМ, ОАМ, Еңбекмині, ЖАО, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Зерде" ҰБХ" АҚ, "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ

2.

Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы құйылуы

млрд АҚШ долл.

ҚР ҰБ

24,4

17,2

23,7

23,9

25,1

27,6

30,0

30,5

СІМ, АХҚО, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ, "QazExpoCongress" АҚ, "Қазгеология" ҰТК" АҚ

      _____________________________

      3 Тұжырымдаманың нысаналы индикаторларына қол жеткізу тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру көлеміне тәуелді

      Тұжырымдамада қамтылған қағидаттар мен Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын іске асыру тәсілдерін толық көлемде іске асыру 2026 жылға қарай мынадай күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

      1) өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар үлесін негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен 13 %-ға дейін ұлғайту (2020 жылы 8,8 %, 2021 жылы 11,7 %);

      2) экономиканың шикізаттық емес секторларына инвестициялар үлесін негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен 60 %-ға дейін ұлғайту (2020 жылы 44 %, 2021 жылғы қаңтар-шілдеде 48 %);

      3) өңдеу өнеркәсібіне ТШИ үлесін Қазақстан Республикасындағы ТШИ жалпы құйылуының 30 %-ына дейін ұлғайту (2019 жылы 14,2 %, 2020 жылы 18,5 %);

      4) "жасыл" экономиканы дамытуға бағытталған инвестициялардың 2019 жылғы деңгейге қарағанда 3 есе өсуі (2019 жылы 163 млрд теңге, 2020 жылы 120 млрд теңге);

      5) өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі құралдардың тозуын 33 %-ға төмендету (2019 жылы 36,5 %, 2020 жылы 39,2 %);

      6) экономиканың басым секторларына тартылған ТҰК, ірі компаниялар және "зәкірлік инвесторлармен" бірлескен кәсіпорындар саны – 20 бірлік (2022 – 2026 жылдар);

      7) әрбір 10 мың адамға шаққанда 100 жұмыс орнын құру.

      Ескертпе:

      Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар осы Тұжырымдамаға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      _________________________

  Қазақстан Республикасы
инвестициялық саясатының
2026 жылға дейінгі
тұжырымдамасына
қосымша

7. Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

Р/с№ Іс-шаралар атауы Аяқталу нысаны Аяқталу мерзімі Жауапты орындаушылар
1 2 3 4 5

Нысаналы индикатор. Негізгі капиталға инвестициялар, ЖІӨ шаққанда %: 2022 ж. – 17,5 %; 2023 ж. – 21,0 %, 2024 ж. – 23,0 %; 2025 ж. – 25,0 %; 2025 ж. – 25,1 %;
2-нысаналы индикатор. Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы құйылуы, млрд АҚШ долл.: 2022 ж. – 23,9 млрд АҚШ долл.; 2023 ж. – 25,1 млрд АҚШ долл., 2024 ж. – 27,6 млрд АҚШ долл.; 2025 ж. – 30,0 млрд АҚШ долл.; 2026 ж. – 30,5 млрд АҚШ. долл.

1-бағыт. Инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту

1.

Инвестицияларды ТШИ әлемдік легінің жаһандық және өңірлік үрдістеріне бейімдеу мақсатында оларды өзара қорғау және көтермелеу туралы келісімдерге ревизия жүргізу

Үкіметке ақпарат

2023 жылғы шілде

СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2.

Қазақстандық және халықаралық практиканы талдау негізінде сот тәртібімен инвестициялық дауларды реттеу және шешу жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу

Үкіметке ұсыныстар

2022 жылғы қазан

СІМ, ЖС (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), Әділетмині, АХҚО (келісу бойынша), ИИДМ, СИМ, ЭМ, ЭГТРМ, "KAZAKH INVEST ҰК" АҚ (келісу бойынша)

3.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық ресурстарында құқық қолдану практикасын қалыптастыратын салық және кеден заңнамасының нормаларын түсіндіру жөніндегі түсіндірме нұсқаулықтарын және/немесе ақпараттық материалдарды орналастыруды жалғастыру

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық ресурстарында жариялау

2022 – 2026 жылдар бойы

Қаржымині, ҰЭМ

4.

Қолданылу мерзімі ұзартылған іскерлік визалар алу рәсімдерін оңайлатуды қоса алғанда, визалық және көші-қон режимін одан әрі оңайлату бойынша кешенді шаралар тұжырымдау

Үкіметке ұсыныстар

2022 жылғы желтоқсан

ІІМ, СІМ, Еңбекмині, ЦДИАӨМ, ҰҚК (келісу бойынша)

5.

Өңірлерде қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету бөлігінде жергілікті атқарушы органдар үшін тұжырымдамалық ұсынымдар әзірлеу

ЖАО үшін ұсынымдар

2022 жылғы қыркүйек

ҰЭМ, СІМ, ИИДМ, ЭМ, СИМ, "KAZAKH INVEST ҰК" АҚ (келісу бойынша), "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша)

6.

Өңірлердегі инвесторлардың шағымдарына жүйелі және жедел ден қою мақсатында олармен өзара тиімді іс-қимыл жасау үшін диалог алаңдары мен тетіктерін жетілдіру

ҰЭМ-ге ақпарат

2022 жылғы қазан

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларының әкімдіктері

7.

Әлеуетті инвесторлармен одан әрі жұмыс істеу мақсатында Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің өкілдері үшін өңдеу өнеркәсібін мемлекеттік қолдау саласындағы кәсіптік құзыреттерді арттыру

оқыту бағдарламасы

жыл сайын

СІМ, ИИДМ, ДСМ, МСМ, ҰЭМ, АШМ, СИМ, ЦДИАӨМ, ЭГТРМ, ЭМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша)

8.

Өңірлердің инвестициялық ахуалына мониторинг жүргізу

өңірлердің инвестициялық рейтингі

жыл сайын, желтоқсан

ҰЭМ, СІМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларының әкімдіктері

9.

Қайталанатын функцияларды, инвестицияларды тарту процесін бюрократияландыруды күшейтетін артық процестерді анықтау үшін нормативтік құқықтық актілерге жүйелі талдау жүргізу

Үкіметке баяндама

жыл сайын, желтоқсан

ҰЭМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша)

10.

Инвесторлардың инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде рұқсат беру/хабарлама құжаттарын, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілері беретін құжаттарды алу процесін кезең-кезеңімен толық (100 %) онлайн форматқа көшіру

көрсетілетін қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алу

2022 – 2026 жылдар бойы

СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша)

11.

Инвесторлар үшін рұқсат беру және өзге де құжаттарды беру рәсімдерін оңайлату бойынша (мерзімдерді қысқарту, рәсімдерді оңтайландыру) ұсыныстар тұжырымдау

ҰЭМ-ге ұсыныстар

2022 – 2023 жылдар, желтоқсан

СІМ, ЦДИАӨМ, ІІМ, Еңбекмині, ИИДМ, СИМ, АШМ, ЭГТРМ, ҰҚК (келісу бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

12.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар базасында инвесторларды ready-built factory типі бойынша дайын өндірістік алаңдармен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Үкіметке ақпарат

2022 – 2023 жылдар, желтоқсан

ИИДМ, СІМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларының әкімдіктері

13.

Инвестициялар бойынша ұлттық баяндама әзірлеу

ұлттық баяндама

2023 – 2026 жылдар, 1 маусым

ПМК, ҰЭМ, СІМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларының әкімдіктері, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша)

14.

ESG-дің үздік халықаралық практикаларына терең талдау және бағалау жүргізу, оларды Қазақстан жағдайларына бейімдеу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдау

Үкіметке баяндама

2022 жыл, желтоқсан

ҰЭМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), СІМ, АХҚО (келісу бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)

15.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне ESG қағидаттарын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

бұйрық жобасы

2023 жылғы сәуір

ҰЭМ, "ЭЗИ" АҚ" (келісу бойынша), СЖРА (келісу бойынша)

16.

ESG мәселелері бойынша листингтік компаниялар жариялайтын жылдық есептердің мазмұнына қойылатын талаптарды тұжырымдау

Үкіметке ұсыныстар

2024 жылғы желтоқсан

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, "ЭЗИ" АҚ" (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша), "KAZAKH INVESТ" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

17.

Қаржы секторының қатысушылары үшін ESG тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі туралы ақпаратты ашу, сондай-ақ осы тәуекелдерді анықтау, бағалау және басқару рәсімі бойынша ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

2023 жылғы маусым

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), ҰЭМ, "ЭЗИ" АҚ" (келісу бойынша), "KAZAKH INVEST"ҰК" АҚ (келісу бойынша)

18.

ESG қағидаттарының ағымдағы қызметке және даму стратегиясына интеграциялануы верификацияланатын компаниялар үшін әртүрлі қолдау бағыттарына талдау жүргізу

Үкіметке баяндама

2023 жылғы наурыз

ҰЭМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша)

19.

ESG қағидаттарына сәйкес келетін "жасыл" қаржыландыруды қоса алғанда, орнықты қаржыландыру құралдарын дамыту

Үкіметке ақпарат

2022 жылғы желтоқсан

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша)

20.

Қазақстан Республикасындағы және/немесе шетелдегі инвестициялық іс-шараларды (форумдар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, конференциялар, семинарлар және т.б.) ұйымдастыру/қатысу және Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру арқылы шетелдік инвесторларды тарту

СІМ-ге ақпарат

жыл сайын

"KAZAKH INVESТ" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

21.

Шетелдік және/немесе республикалық ірі БАҚ-та Қазақстан Республикасының инвестициялары мен инвестициялық мүмкіндіктерін тарту бойынша өткізілетін инвестициялық іс-шараларды медиа жариялау және ілгерілету арқылы Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін ілгерілету

СІМ-ге ақпарат

жыл сайын, желтоқсан

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

22.

Инвестициялық алаңдарды зерделеу, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ әлеуетті бизнес-әріптестермен келіссөздер жүргізу шеңберінде делегацияларды/ инвесторлардың сапарларын сүйемелдеу арқылы шетелдік инвесторларға "жұмсақ инфрақұрылымды" қамтамасыз ету

Үкіметке ақпарат

жыл сайын, желтоқсан

СІМ, "KAZAKH INVESТ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша)

23.

Үш деңгейлі инвестициялар тарту жүйесі шеңберінде елдік инвестициялық бағдарламаларды іске асыру

Үкіметке ақпарат

жыл сайын, желтоқсан

СІМ, "KAZAKH INVESТ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), шет елдердегі мекемелер

24.

Тауашалы жобалар/басым тауарлар/тауар топтары арасынан инвестициялық ұсыныстар дайындау, сондай-ақ инвесторларды одан әрі таргеттей отырып, халықаралық стандартқа сәйкес басым салалар мен тауарлар/тауар топтары бойынша шолу дайындау

дайындалған инвестициялық ұсыныстар

жыл сайын, желтоқсан

СІМ, "KAZAKH INVESТ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша)

25.

Ұлттық инвестициялық порталды ілгерілетуді қамтамасыз ету

үнемі жаңарта отырып, Ұлттық инвестициялық invest.gov.​kz. порталының іркіліссіз жұмыс істеуі

жыл сайын, желтоқсан

СІМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша)

2-бағыт. Жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу

26.

Венчурлік инвестициялау бағытын дамыту бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Үкіметке ұсыныс

2022 жыл, тамыз

АХҚО (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

27.

Жаңа, оның ішінде өңірлерде инвестициялық бастамаларды қалыптастыру

Үкіметке ұсыныс

жыл сайын, желтоқсан

СІМ, ИИДМ, СИМ, ЭГТРМ, ЭМ, Қаржымині, АШМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "KAZAKH INVEST"ҰК" АҚ (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларының әкімдіктері, даму институттары (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша)

28.

Іске асырылып жатқан және жоспарланатын инвестициялық жобалардың, сондай-ақ қаржыландыруды талап ететін жобалардың тұрақты тізімін/базасын қалыптастыру және жариялау

мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың веб-сайттарында, сондай-ақ invest.gov.​kz ұлттық инвестициялық порталында орналастыру

жыл сайын, желтоқсан

СІМ, ИИДМ, СИМ, ЭГТРМ, ЭМ, Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларының әкімдіктері, даму институттары (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша)

29.

Шетелдік инвесторлар үшін жыл сайынғы қазақстандық инвестициялық дөңгелек үстел өткізу арқылы Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру

Үкіметке ақпарат

жыл сайын, желтоқсан

СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша)

30.

Тәуекелдердің теңгерімділігін сақтау, МЖӘ шеңберінде жобалардың сапасын арттыру үшін тәсілдерді жетілдіру

заң жобасын Үкіметке енгізу

2022 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, "Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" АҚ (келісу бойынша)

31.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның веб-сайтында орналастыра және тұрақты негізде өзектілендіре отырып, МЖӘ жобаларының жиынтық Pipeline қалыптастыру

МЖӘ жобаларының жиынтық тізбесі

2022 – 2023 жылдар, желтоқсан

ҰЭМ, "Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" АҚ (келісу бойынша)

32.

МЖӘ жобаларын басқару сапасының рейтингтік бағасын енгізу

бұйрық жобасы

2023 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, "Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" АҚ (келісу бойынша)

33.

Банктерді, сақтандыру ұйымдарын, мемлекет қатысатын қорларды, квазимемлекеттік сектор компанияларын қоса алғанда, стратегиялық және бөлшек инвесторлардың қаражатын тарту бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Үкіметке ұсыныстар

2023 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша)

34.

Қазақстандық қор нарығын капиталдың халықаралық нарықтарына интеграциялау және ілгерілету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау және сыртқы портфельдік инвестицияларды тарту

ҰЭМ-ге ұсыныстар

жыл сайын, желтоқсан

ҚНРДА (келісу бойынша), СИМ, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша)

3-бағыт. Экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу

35.

Тиімсіз меншік иелерін ауыстыра отырып, дәрменсіз кәсіпорындардың нарықтан жедел шығуына бағытталған банкроттық рәсімдерді оңайлату бойынша ұсыныстар әзірлеу

ҰЭМ-ге ұсыныстар

2022 жылғы
қыркүйек

Қаржымині, ҚНРДА (келісу бойынша)

36.

Капитал ел экономикасына қайтарылған жағдайда оларға рақымшылық жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ҰЭМ-ге ұсыныстар

2022 жылғы желтоқсан

Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша)

37.

Өңірлердің инвестициялық тартымдылық рейтингі шеңберінде экономикаға, бірінші кезекте, экспорттық әлеуеті бар жобаларға инвестициялар тарту үшін өңірлік және салалық шектеулерге тұрақты талдау жүргізу, оның ішінде анықталған проблемалық мәселелерді жою бойынша ұсынымдар мен жүйелі шаралар әзірлей отырып, әрбір шетелдік компанияның кету себептерін талдау

ҰЭМ-ге ақпарат

2022 – 2026 жылдар, желтоқсан

СІМ, ИИДМ, ЭМ, СИМ, ЭГТРМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

38.

Қазақстандық компанияларды шетелдік юрисдикциялар мен офшорлық аймақтардан АХҚО юрисдикциясына кезең-кезеңімен ауыстыру (редомициляция)

Үкіметке ақпарат

2022 – 2023 жылдар, желтоқсан

АХҚО (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша)

39.

АХҚО құралдарына инвестициялар салу шартымен инвестор мен оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының көп мәртелік келу визасын алуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық резиденті деп тану мүмкіндігін көздейтін инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасын іске қосу мәселесін пысықтау

Үкіметке ұсыныстар

2023 жылғы желтоқсан

АХҚО (келісу бойынша), СІМ, Қаржымині, ҰЭМ

40.

Әлемдік қаржы орталықтарымен "Ашық аспан" қағидаты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу

Үкіметке ақпарат

2022 жылғы желтоқсан

ИИДМ, СІМ, АХҚО (келісу бойынша)

41.

Қазақстандық институционалдық инвесторлардың өздерінің квазимемлекеттік секторды инвестициялау стратегияларын қайта қарауы және инвестициялық декларацияларға жекелеген құрал түріндегі "жасыл" облигацияларға салынатын міндетті инвестициялау үлесін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыру

Үкіметке ұсыныстар

2022 жылғы желтоқсан

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша)

42.

Инвестициялар туралы келісімдер жасасу үшін стратегиялық инвестициялық жобалар пулын қалыптастыру және сүйемелдеу

СІМ-ге ақпарат

жыл сайын, желтоқсан

"KAZAKH INVESТ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар

43.

Жаңа инвесторларды тарту және "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ шетелдік өкілдер желісінің қызметін қамтамасыз ету арқылы шетелдік инвесторлардың кеңінен қамтылуын қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

жыл сайын, желтоқсан

"KAZAKH INVESТ" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

44.

Шетелдік өкілдерді іріктеу кезінде кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарау арқылы "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ шетелдік өкілдерінің қызметін жетілдіру

СІМ-ге ақпарат

2022 жылғы желтоқсан

"KAZAKH INVESТ" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

45.

Инвесторларды "KAZAKH INVESТ" ҰК" АҚ "бір терезе" шеңберінде сервистік қолдауды қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

жыл сайын, желтоқсан

"KAZAKH INVESТ" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АҚДМ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

"Атамекен" ҰКП

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы

"АХҚО" АҚ

"Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамы

АШМ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

АЭА

арнайы экономикалық аймақтар

Әділетмині

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

ӘМСҚ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

БП

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

ҒЖБМ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

ДКБҚ

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры

ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖС

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

"Зерде" ҰИХ" АҚ

"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы

ИИДМ

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ

"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"Қазгеология" ҰТК" АҚ

"Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы

ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі

ҚМ

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҚНРДА

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

МӘСҚ

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

МЖӘ

мемлекеттік-жекешелік әріптестік

МСМ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

ОАМ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

СИМ

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

ТШИ

тікелей шетелдік инвестициялар

ҰБ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҰҚК

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ХТО

Халықаралық төрелік орталығы

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ЭГТРМ

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

"ЭЗИ" АҚ

"Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы

ЭМ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

ЭЫДҰ

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

"Kazakh Export" АҚ

"Kazakh Export экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы

"KAZAKH INVESТ" ҰК" АҚ

"Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"QazExpoCongress" ҰК" АҚ

"QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"QazIndustry" ҚИЭО АҚ

"QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы

"QazTrade" АҚ

"QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы

      _____________________________

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2022 жылғы 15 шiлдедегi
№ 482 қаулысына
  қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарламаны бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысы.

      2. "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы.

      3. "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамын "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 546 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасына одан әрі инвестициялар тарту жөніндегі жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 548 қаулысы.

      5. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" және "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 952 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 16-тармағы.

      _____________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады