Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 953 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Кешенді жоспарды орындауға жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:

      1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;

      2) жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан және 10 шілдесінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 31желтоқсандағы
№ 953 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспар

      Кіріспе

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан-2050 "Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтық татулық, этносаралық және конфессияаралық диалог пен келісім қазақстандық қоғам мен мемлекеттің басты құндылығы екендігі атап көрсетілген.

      Бүгінде Қазақстан жаһандық өркениетаралық, дінаралық және конфессияаралық диалогтың ірі әрі беделді акторларының бірі болып табылады.

      Қазақстандық көпэтноконфессиялы мемлекеттегі бейбітшілік пен келісімді, мәдениеттер мен діндердің бірегей диалогын бүкіл әлемдік қауымдастық, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Өркениеттер альянсы, ИЫҰ, БИЛ, ЮНЕСКО сияқты жетекші халықаралық өзара іс-қимыл құрылымдары/институттары мен әлемдік және дәстүрлі діндердің беделді көшбасшылары мойындағаны белгілі.

      Қазіргі уақытта 130-дан астам этнос пен 18 конфессия өкілдері Қазақстанда татулық пен келісімде өмір сүруде.

      Конфессияаралық келісім саласындағы қазақстандық тәжірибе көп жағдайда бірегей. Республикада дәстүрлі діни бірлестіктерден (ислам және христиан) бастап елде бұрын болмаған жаңа діни нанымға дейінгі діни бірлестіктердің кең ауқымы бар. Түрлі көзқарастардың, дәстүрлер мен мәдениеттердің сан алуан болғанына қарамастан, Қазақстан діни тұрғыдағы қақтығыстар туындамайтын мемлекет болып қалады.

      Қоғамдағы тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі, Қазақстандағы діни дәстүрлердің жаңғыруы мен дамуы, діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге, қоғамдық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған салмақты әрі сындарлы мемлекеттік саясаттың нәтижесі болып табылады.

      2019 жылғы әлеуметтік сауалнамалардың деректері көрсеткендей, респонденттердің 76 %-ы елдегі діни ахуалды "қолайлы", "тұрақты" деп бағалайды. Дінаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты азаматтардың 89 %-дан астамы қолдайды.

      Бұл көрсеткіштер дін саласында мемлекет қабылдап жатқан шаралардың діни ахуалдың тұрақтануына ықпал ететін және қоғамда кеңінен қолдау табатын шаралар ретіндегі тиімділігі мен нәтижелілігін айғақтайды.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп көрсетілген, өзінің дін саласындағы саясатын мемлекет бүгінде соған сәйкес іске асырады.

      Алайда, объективті және субъективті факторлардың әсерінен қазіргі әлем өзінің дүниетанымы жағынан да, әлеуметтік-экономикалық жағынан да аса күрделі өзгеріске ұшырауда. Тұтастай алғанда, бұл жағдайлар орныққан басымдықтар мен құндылықтардың жойылуына, сондай-ақ жаһандық ауқымда, оның ішінде дін саласындағы жаңа қауіп-қатерлерге әкеледі.

      Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі қағидаттары:

      1. Барлық мемлекеттік органдар мен азаматтардың ар-ождан мен діни сенім бостандығын қорғауға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтауы.

      Конституцияның конфессиялық, этникалық, нәсілдік, әлеуметтік және жыныстық белгілері бойынша кемсітудің кез келген нысандарына тыйым салатын баптарын орындау.

      Адам құқықтары саласындағы ең маңызды халықаралық келісімдер мен шарттарға қол қойған Қазақстанның, оның ішінде осы саладағы БҰҰ-ның іргелі пактілерін орындауы.

      2. Қазақстанды зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде орнықтыратын қағидаттарды іске асыру, олардың барлық құқықтары мен функцияларын сеніммен жүзеге асыруы үшін тең және қолайлы жағдайлар жасау.

      3. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға азаматтық қоғам институттарының – үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қатысуы.

      4. Діндердің тату және сыйластықпен қатар өмір сүруі, экстремизмнің таралуына қарсы тұруы.

      Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын сақтау және одан әрі ілгерілету мақсатында саладағы түйінді аспектілерді, одан әрі дамуды және орын алып отырған проблемаларды көрсететін осы Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) әзірленді. Кешенді жоспардың ережелерін іске асыру саланы реттеудің сапалы негізін құрайды, мүдделі мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне және діни қызмет субъектілерінің қолданыстағы заңнаманы сақтауына елеулі ықпал ететін болады.

      Кешенді жоспарда көзделген мақсаттар мен міндеттер қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес орындалады.

      1. Халықаралық тәжірибе

      Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің, Америка Құрама Штаттарының, Қытай Халық Республикасының, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстанның, Қырғыз Республикасының тәжірибесі зерделенді.

      Қырғыз Республикасы мен Тәжікстаннан басқа мемлекеттердің көпшілігінде діни қызмет саласын мемлекеттік реттеудің нормативтік құқықтық актілері жоқ. Атап айтқанда, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстанда Мемлекет басшысының жарлықтарымен дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы қабылданған және іске асырылуда.

      2. Ағымдағы жағдайды талдау

      Елімізде барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі және тіл мен дінге деген көзқарасына қарамастан, әркімнің жеке сеніміне құрметпен қарау қағидаттарында мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың зайырлылық моделі қалыптасты.

      Жалпы қабылданған әлемдік нормаларға сәйкес мемлекет азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау мақсатында діни ұйымдардың қызметін реттейді.

      Мәселен, Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңы аясында діни бірлестіктердің қызметі ретке келтірілді, миссионерлік қызметті жүзеге асыру, діни іс-шараларды өткізу, дінтану сараптамасы, ғибадат ғимараттарын салу, діни әдебиетті тарату тәртібі айқындалды.

      Мемлекет дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайту, халықтың кез келген нысандар мен көріністегі діни экстремизм мен радикализм идеологиясына иммунитетін қалыптастыру жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

      2020 жылғы 1 сәуірге ресми тіркелген 18 конфессияны білдіретін 3816 діни бірлестіктің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалған. Оның ішінде 2680 – ислам, 342 – православие, 86 – католиктік, 595 – протестанттық, 60 – Иегова куәгерлері, 24 – Новоапостоль шіркеуі, 11 – Кришна санасы қоғамы, 7 – иудейлік, 6 – Бахаи, 2 – буддизм, 2 – Соңғы күн әулиесі Иисус Христос шіркеуі (мормондар), 1 – муниттер. Ел бойынша барлығы 3585 ғибадат ғимараты жұмыс істейді, оның ішінде 2678 мешіт, 301 православтық храм және 108 католик шіркеуі, 406 протестанттық құлшылық үйі, Иегова куәгерлерінің 57 құлшылық үйі, Новоапостоль шіркеуінің 24 құлшылық үйі, 6 синагога, Бахаи 2 құлшылық үйі, 2 Кришна санасы Қоғамы құлшылық үйі, 1 будда храмы.

      Ресми түрде 581 миссионер тіркелген, оның 438 – шетел азаматтары және 143 – Қазақстан азаматтары.

      Тіркелген діни қатынастар субъектілерінің бәрі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады, бейбітшілік пен келісім ісіне, қоғамның дамуына, мемлекеттің нығаюына қызмет етеді.

      Елімізде 13 рухани оқу орны жұмыс істейді. Оқушылардың жалпы саны 3381 адам. Оның ішінде 11 – ислам бағыты ("Нұр-Мүбарак" университеті, 5 медресе-колледжі, 4 медресе, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жанындағы имамдардың біліктілігін арттыру Ислам институты); 2 – христиан бағыты (Алматы православие рухани семинариясы және Қарағанды қаласындағы "Мария-Матерь шіркеуі" атты епархияаралық жоғары рухани семинар).

      2020 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 258 азамат шетелдік теологиялық оқу орындарында оқуды жалғастыруда (оның ішінде 130 адам ұсынылған мемлекеттік мекемелерде, 113 адам – күмәнді оқу орындарында). Рухани білім алу үшін сұраныс ең жоғары елдер Египет Араб Республикасы (95), Түркия (66), Сауд Арабия Корольдігі (57), сондай-ақ Иордания (17 адам) болып табылады.

      Жастардың діни білім алу үшін шетелге кетуін азайту мақсатында қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар жыл сайын "Исламтану", "Дінтану" және "Теология" мамандықтары бойынша білім гранттарын бөледі. 2019 – 2020 оқу жылына осы мамандықтарға 430 білім гранты бөлінді.

      624 нысанға діни әдебиетке дінтану сараптамасы жүргізілді, оның 14-і – теріс қорытынды алды, 507-сі – оң, 45 материал – діни мазмұнда емес, 58-і – шет тілінде.

      2020 жылдың 1 тоқсанында 654–тен астам интернет-ресурстың мазмұны талданды, оның ішінде заңсыз сипаттағы материалдар бар интернет-ресурстарға 431 сілтеме анықталды. Анықталған материалдар бойынша теріс қорытындылар қажетті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді.

      Өңірлік ішкі істер басқармаларының мәліметтері бойынша 2020 жылдың 1 тоқсанында діни қызмет саласында 64 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды, оның ішінде 29 ісі – ӘҚБтК-нің 453 және 489-баптары бойынша. Құқық бұзушылықтар бойынша қозғалған істердің негізгі бөлігі ӘҚБтК-нің 490-бабына қатысты, мысалы, діни жораларды және (немесе) жиналыстарды өткізу; діни әдебиетті және діни мазмұндағы басқа да материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, жариялауға және (немесе) таратуға қойылатын талаптарды бұзу.

      "Радикалдық идеологиядан зардап шеккен адамдарды оңалтуды және бейімдеуді ұйымдастыру" мемлекеттік әлеуметтік грантын іске асыру шеңберінде "Ақниет" қоғамдық қоры тергеуде жүрген, экстремизм мен терроризм үшін сотталған адамдармен және олардың отбасы мүшелерімен жыл сайын оңалту және дерадикаландыру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізеді. Айталық, ҚАЖ мекемелері шеңберінде оңалту іс-шараларымен 138 сотталған қамтылды, теолог-мамандардың бағалауына сәйкес олардың 9-ы оңалтылды, 91-і қалыпты позицияға бейімделді және 38-і өз позицияларында қалды.

      Бұдан басқа, Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес пенитенциарлық мекемелерде 3513 сотталған адамның қатысуымен 1625 іс-шара ұйымдастырылды (оның ішінде 506 адамның қатысуымен 1149 жеке кездесу және 2988 адамның қатысуымен 476 жалпы профилактикалық іс-шара). Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 165 сотталған адам оңалтылды.

      Діни қызмет саласындағы уәкілетті орган облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, Дін мәселелері жөніндегі өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарының (бұдан әрі – АТТ) қызметін үйлестіруді қамтамасыз етті. Осылайша, елімізде құрамына 2393 адам тартылған 224 өңірлік АТТ жұмыс істейді.

      Жалпы АТТ қызметі жастар, діндарлар, жұмыссыздар, сотталғандар және олардың отбасы мүшелері, мұнай өндіру секторының, жеке кәсіпорындардың сауда, қызмет көрсету салаларының қызметкерлеріне және т.б. азаматтардың атаулы санаттарына бағдарланған.

      Өңірлік дін істері басқармаларының ақпаратына сәйкес 2020 жылдың 1 тоқсанында АТТ мүшелерінің қатысуымен 264 мың азаматты қамтитын 2732 түрлі форматты іс-шаралар өткізілді. Осындай алдын алу шаралары жастар арасында ұйымдастырылды. Барлығы 35 мыңнан астам адамды қамтитын 612 іс-шара ұйымдастырылды.

      Қазақстан көп этносты және көп конфессиялы тәуелсіз мемлекет ретінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы көпжақты халықаралық шарттардың белсенді қатысушысы болып табылады.

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ел астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін тұрақты өткізу туралы бастамасы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін жаһандық өркениетаралық және дінаралық диалогты қамтамасыз етуде негіз қалаушы факторға айналды.

      Сонымен қатар, Қазақстанның дінаралық келісімнің халықаралық орталықтарының бірі ретіндегі рөлін жаңа деңгейге жылжытуға жәрдемдесу, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі мен оның институттарының қызметін қамтамасыз ету үшін "Н. Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды және жұмыс істейді.

      Қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау мақсатында мемлекет алдағы уақытта да мемлекеттің зайырлы дамуының конституциялық қағидаттарын мүлтіксіз сақтауға ниетті.

      3. 2021 – 2023 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары, міндеттері және жалпы тәсілдері

      Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттері мыналар:

      1. Мемлекеттік құрылыстың зайырлы қағидаттарын ілгерілету.

      2. Азаматтардың діни сенім бостандығына және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын жасауда құқықтарын сақтау.

      3. Қазақстандық қоғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау.

      4. Діни салада ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

      Бұл мақсаттарды орталық мемлекеттік органдар да, жергілікті атқарушы органдар да жүзеге асыруы керек.

      4. Мемлекет дамуының зайырлы қағидаттарын нығайту

      Мемлекеттің зайырлы құрылымы – Қазақстан халқының маңызды тарихи жетістігі.

      Қазақстан бірегей тарихи-мәдени жағдайларға, қоғамдық дамудың өзгешілігіне және діни саланың ерекшелігіне ие бола отырып, әлемдік қоғамдастық мойындаған мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың өзіндік моделін іске асырады.

      Мемлекеттің зайырлы сипаты туралы конституциялық норма Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың негізін түзуші болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет, білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, отбасы және неке институттары жүйелерін қоса алғанда, әлеуметтік қатынастар, сондай-ақ мемлекеттің құзыретіне жататын басқа да салалар тек заңнамамен реттеледі.

      Зайырлылық мынадай қағидаттарды көздейді:

      Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесінде

      Зайырлы қағидаттар қазіргі Қазақстанның дамуы мен жұмыс істеуінің негізі болып табылады.

      Өзінің күнделікті қызметінде барлық азаматтар, дінге деген қатынасына қарамастан, ең алдымен, заңдарды, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, сондай-ақ, егер олар қолданыстағы заңнамаға қайшы келмесе, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың ішкі ережелерін басшылыққа алады.

      Заң шығаруда, мемлекеттік билік органдарының қалыптасуы мен жұмыс істеуінде, лауазымды тұлғалардың этика қағидаттарында мемлекеттің конституциялық құрылымы діни мүддені жоққа шығарады.

      Мемлекет пен діни бірлестіктер арасында ерекше қарым-қатынас орнаған. Мемлекеттік саясат қандай да бір діни ілімнің нұсқауларында емес, азаматтардың, қоғамның және жалпы мемлекеттің тіршілік әрекеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты мүдделерін негізге ала отырып құрылады.

      Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстанда мемлекеттік шешімдер қандай да бір діннің немесе оның жекелеген ізбасарларының мүдделерін негізге алмай, бүкіл қоғамның мүдделерінің негізінде ғана қалыптасады.

      Қазақстан әрбір азаматтың ар-ожданының құндылығын мойындайды және еркіндігін қамтамасыз етеді.

      Ел азаматтары өзінің дінге деген көзқарасын өз бетінше және мәжбүрлеусіз анықтауға не өзін қандай да бір дінмен мүлдем байланыстырмауға және діни институттарға жүгінбей өмір сүруге құқылы.

      Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілер арқылы мемлекет азаматтарды қандай да бір нысанда белгілі бір дінді қабылдауға немесе ұстанбауға мәжбүрлей алмайды, бірақ дін ұстанатын және оны ұстанбайтын азаматтар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бірлестіктер арасында өзара келісім мен сыйластық қатынастарын орнатуға ықпал етеді.

      Ұлттық, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде мемлекет қоғамдық қатынастарды реттейді және басқарады.

      Осы мақсатта мемлекет адамның ішкі әлемі мен діни наным-сенімдеріне қол сұқпай, заңда көзделген шектеулерді енгізуге құқылы.

      Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет жүйесінің жұмыс істеуі үшін зайырлы қағидаттар негіз қалаушы болып табылады.

      Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметке ерікті түрде кіре отырып, бірқатар міндеттер мен шектеулерді мүлтіксіз сақтауға тиіс, соның ішінде:

      лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде әділ және діни бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болуға міндетті;

      қызмет жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерді діни бірлестіктер мүддесінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.

      Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшылық лауазымдағы мемлекеттік қызметшілер ұжымда өзінің діни нанымдарын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметкерлерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемейді.

      Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың азаматтық қызметшілері қызметтік және лауазымдық міндеттерін орындау кезінде дінді насихаттаудан тартынады. Олар басқару шешімдерін қабылдаған кезде діни ұйғарымдар негізге алынбауы тиіс.

      Құқық қорғау, арнаулы органдар мен Қарулы Күштер жүйесінде

      Құқық қорғау, арнаулы органдар мен Қарулы Күштер жүйесінде дінді насихаттауға жол берілмейді.

      Әскери міндет діни нанымдардан бас тартуды талап етпейді.

      Әскери қызметші өз сенімін ұстана алады, бірақ бұл сенімді іске асыру қызметтік іс-әрекетке нұқсан келтірумен жүзеге асырылмауы тиіс.

      Бұқаралық ақпарат құралдарында

      Бұқаралық ақпарат құралдары дін және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелерін бейтарап жария етуді қамтамасыз ете отырып, олардың діни және өзге де тиістілігіне қарамастан, елдің барлық азаматтарына арналған.

      Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекет дамуының зайырлы қағидаттарын, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделін ілгерілетуге, діни экстремизмнің алдын алуға, сондай-ақ діни алауыздық пен ксенофобияға жол бермеуге, діншілдікті насихаттамауға ықпал етуі тиіс.

      Діндердің қағидаттық мәселелерін құрылған, тіркелген діни бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары ғана жария етеді.

      Білім беру жүйесінде

      Білім беру жүйесі жеке тұлға мен қоғамда қазақстандық патриотизмді, халықтың ұлттық және рухани дәстүрлеріне деген құрмет қалыптастыруда іргелі рөл атқарады.

      Рухани (діни) білім беретіндерден басқа білім беру ұйымдарында, білім беру жүйесінің негіз қалаушы қағидаттары мыналар:

      мемлекеттің білім беру жүйесінің зайырлы сипатын қамтамасыз етуі;

      педагогтік құрамының діни дүниетанымды енгізу және дамыту үшін жауапкершілігін белгілеу;

      білім беру ұйымдарының ішкі құрылымының және қызметінің қандай да бір діни қағидаттардан тәуелсіздігін қамтамасыз ету;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) ішкі тәртіп ережелерін сақтауы, білім беру ұйымының жарғысын және білім беру қызметін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауы;

      оқу және тәрбиелеу барысында оқушыларға дін туралы тек ғылыми білім беру;

      қандай да бір діни бірлестікке кіруге немесе онда болуға оқу кезінде мәжбүрлеуге жол бермеу;

      оқушылардың діни себептер бойынша оқу сабақтарына қатысудан бас тартуына жол бермеу;

      білім беру ұйымдарында діни іс-шараларды және миссионерлік қызметті өткізуге жол бермеу;

      білім беру ұйымдарында белгіленген киім нысанына қойылатын талаптарды сақтау.

      Білім беру ұйымдарында "Қоғам және дін" инновациялық курсын оқытуда оқушылардың бойында діни ілімдердің ерекшеліктері мен тарих туралы ғылыми білімді қалыптастыруға, жастарды бейбітшілік, мәдени және діни алуан түрлілік рухында тәрбиелеуге бағытталатын болады.

      Денсаулық сақтау жүйесінде

      Елдің азаматтарына, олардың жынысына, нәсіліне, этникалық тиістілігіне, тіліне, әлеуметтік шығу тегіне және діни сеніміне қарамастан толыққанды медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету әлеуметтік мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады.

      Діни бірлестіктер өмірдің құндылығын, салауатты өмір салтын сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ нашақорлықтан, алкоголизмнен және өзге де зиянды әдеттерден бас тартуды насихаттай отырып, қоғамның дамуына үлес қоса алады.

      Діни бірлестіктер мен олардың өкілдері өз қызметінде азаматтарды адамның денсаулығы мен өмірін сақтау мүддесінде медициналық араласу қажет болған жағдайларда медициналық көмектен бас тартуға шақырмауға тиіс.

      Денсаулық сақтау ұйымдары:

      вакцинациядан, ағзаларды трансплантациялаудан, қан құюдан және өзге де медициналық көмектен діни себептер бойынша бас тартқан адамдар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі;

      емделушінің өміріне тікелей қауіп төнген, психикасы бұзылған және айналасындағыларға қауіп төндіретін басқа да аурулар болған жағдайларда азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсетуді көздейтін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің ережелерін басшылыққа алуы;

      медициналық және фармацевтік қызметкерлердің медициналық көмек көрсету кезінде олардың діни нанымдары бойынша қандай да бір әрекеттерге (әрекетсіздікке), сондай-ақ емделушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін діни рәсімдер мен рәсімдерді өткізуге (жасауға) жол бермеу қажет.

      Мәдениет және спорт жүйесінде

      Мәдениет ел азаматтарының ұлттық бірегейлігінің негізі, рухани дәстүрлер мен жалпы адамзаттық құндылықтардың жолсерігі бола отырып, мемлекет қамқорлығының ерекше объектісі болып табылады.

      Қазақстанның зайырлы құрылымы мемлекет аумағында барлық этностар мен конфессиялардың мәдениетін дамыту үшін әділ және тең жағдай жасайды.

      Қазақстанның әрбір азаматы этникалық шығу тегіне және дінге қатынасына қарамастан өз мәдениетін, салт-дәстүрін және тілін дамытуға, қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық салаларында өкілдік етуге құқылы.

      Қазақ және басқа да этностардың тарихи қалыптасқан ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау мемлекеттің ерекшелігі болып табылады.

      Қазақстандағы барлық діни бірлестіктер өз өкілдерінің мемлекеттік рәміздерді, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді құрметтеуін қамтамасыз етуі тиіс.

      Мемлекет елдің тарихи-мәдени мұралары мен әлемдік және отандық мәдениет пен өнердің аса маңызды құрамдас бөліктері ретінде олардың діни тиесілігіне қарамастан мәдени құндылықтарды сақтауға зор көңіл бөледі.

      Қазақстанның әлемдік мәдени және тарихи маңызы бар объектілерінің бір бөлігінің діни маңызы бар. Республикада ислам мен басқа да діндерді таратушылардың есімдерімен байланысты қасиетті жерлер бар, олар Қазақстан халқының ажырамас мұрасы болып табылады және мемлекеттің күзетінде.

      Қазіргі уақытта әртүрлі конфессиялардың жаңа ғибадат ғимараттары мен құрылыстары қайта жаңғыртылуда және салыну үстінде.

      Қазақстандық зайырлылықтың бірегей моделі Қазақстан халқының жалпыұлттық (азаматтық) және мәдени бірегейлігі негізінде қалыптасты.

      Бүгінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың алдында Қазақстан халқының көпэтносты және көпконфессиялы біртұтастығы мен бірлігін көрсететін рухани-мәдени мұраны одан әрі сақтау мен дамыту міндеті тұр.

      Қазақстандық қоғамда діндер:

      қоғамдағы моральдық-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, сақтауға және дамытуға, соның ішінде руханиятсыздық элементтерін жеңуге;

      қоғамдағы мәдениет деңгейін арттыруға;

      халықтың дәстүрлі құндылықтарын дамытуға және қоғамға жалған құндылықтардың енуіне қарсы тұруға;

      отбасы және неке институтының рөлі мен маңыздылығын арттыруға;

      елде және халықаралық деңгейде мәдени алуан түрлілік пен мәдениетаралық диалог құндылықтарын дамытуға маңызды үлес қоса алады.

      Мәдениет және спорт мекемелері:

      діни басымдықты насихаттауға жол бермеу мақсатында мәдениеттің барлық салаларында Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және одан әрі насихаттау бойынша шығармашылық интеллигенцияның жұмысын жандандыруы;

      діни экстремизмге қарсы әрекет ету үшін мәдениет және спорт қайраткерлерінің әлеуетін пайдалануы;

      күш-жігерді республиканың спорт мектептерінің оқушылары мен жаттықтырушы-оқытушы құрамын рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеуге шоғырландыруы;

      спортшылар мен олардың жаттықтырушыларының зайырлы дүниетанымын, конфессияаралық келісім мәдениетін, ыдыратушы идеологияға иммунитетін қалыптастыру;

      жастар арасында экстремизм идеологиясының таралуына қарсы әрекет етуге мемлекет пен қоғамға жәрдемдесуі қажет.

      Әлеуметтік-экономикалық салада

      Әлеуметтік-экономикалық қатынастар барлық қауымдар мен индивидтердің дамуы үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерге кепілдік беретін мемлекеттің зайырлы қағидаттарына сүйене отырып реттеледі.

      Мемлекет діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыра отырып, рухани және діни құндылықтар елді діни догмалармен тежемей, оның дамуы мен өркендеуіне ықпал етуі тиіс екендігін негізге алады.

      Рухани-адамгершілік құндылықтар әлеуметтік-экономикалық дамуға әсер ете алады:

      адамның дамуы мен адамзатқа ықпал ететін әділетті экономикалық қатынастарға шақыруға;

      қоғамда адал еңбектің, сапалы білімнің, кәсіп алудың, біліктілігін ұдайы арттырудың, азаматтардың өз отбасы мен тұтастай мемлекеттің игілігі үшін белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастырудың құндылықтарын ілгерілетуге;

      шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетті дамытуға;

      ғылым мен инновацияларға деген құрмет пен ұмтылысты дамытуға;

      бизнестің әлеуметтік бағдарлануын кеңейтуге;

      демографиялық орнықтылықты сақтай отырып, меценаттық пен қайырымдылықтың дамуына оң ықпал ете алады.

      Отбасы институтын нығайтуда

      Мемлекеттің әлеуметтік дамуындағы маңызды міндеттердің бірі – отбасы институтын және оның дәстүрлі адамгершілік құндылықтарын сақтау. Сондықтан, отбасылық-неке қатынастары жүйесіндегі мемлекеттік саясат, ең алдымен, отбасы институтын, оның құндылықтарын нығайтуға және дамытуға, оны деструктивті идеялардың ықпалынан қорғауға бағытталған.

      Қазақстанда діни рәсімдерге отбасын құру, балалардың дүниеге келуі, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы кезінде рұқсат етіледі.

      Сонымен бірге, тек уәкілетті органдарда тіркелген неке ресми деп танылады, заңды күші мен тиісті құқықтық салдары болады. Осыған байланысты діни қағидалар бойынша неке қию рәсімі неке заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органдарда ресми тіркелгеннен кейін ғана жүргізілуге тиіс.

      Діни бірлестіктер мен олардың өкілдері дәстүрлі отбасының құндылықтары мен мұраттарын қоғамдық сананың нығаюына, ажырасу мен отбасының бұзылу фактілерін азайтуға, сондай-ақ ел тұрғындарының жалпы туу деңгейінің өсуіне ықпал ете алады.

      Конституциялық құрылымның зайырлы қағидасына сәйкес баланың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін және оның құқықтарына нұқсан келтіретін жағдайларда мемлекет ата-аналардың немесе олардың басқа да заңды өкілдерінің бала тәрбиесіне араласуы мүмкін.

      Кәмелетке толған балалар, ата-аналарының немесе олардың басқа заңды өкілдерінің діни сенімдеріне қарамастан, өздерінің діни немесе атеистік сенімдері мен қалауын өз бетінше анықтауға құқылы.

      Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары заңмен қорғалады. Атап айтқанда, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңға сәйкес діни бірлестіктердің жетекшілері кәмелетке толмағандардың ата-аналарының бірі немесе оның басқа да заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде діни бірлестік қызметіне кәмелетке толмағандардың тартылуына және (немесе) қатысуына жол бермеу шараларын қабылдауға міндетті.

      "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңға сәйкес кәмелетке толмаған балаларға қатысты діни рәсімдер ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың келісімімен жүзеге асырылады. Бұл сонымен бірге кәмелетке толмаған адам қатысатын діни рәсімдерді өткізуге ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың келісімімен ғана рұқсат етілетінін білдіреді.

      Мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара іс-қимылында

      Мемлекет діни бірлестіктердің қоғамдағы гуманистік құндылықтарды сіңіруге бағытталған қызметін де реттеуі керек.

      Ол үшін:

      орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл нысандарын жетілдіру;

      дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарына сәйкес келетін діни бірлестіктердің қоғамдық бастамаларына жан-жақты қолдау көрсету;

      діни бірлестіктермен радикалды діни ағымдардың идеяларына қарсы тұру, олардың идеологиясының беделін түсіруді қоса алғанда, көптеген мәселелер бойынша белсенді өзара іс-қимыл;

      елдің мемлекеттік рәміздерін, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді құрметтейтін, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысатын діни бірлестіктерге көмек көрсету қажет.

      5. Азаматтардың діни сенім бостандығына құқығын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету

      Қазақстан Республикасының жетістіктеріне қол жеткізудің аса маңызды факторларының бірі – қоғамды рухани жаңғыртудың ұзақ мерзімді стратегиясының, діни саланы реттеудегі нақты мақсаттардың және оларға қол жеткізудің жоғары кәсіптік саясатының болуы.

      Мемлекеттің зайырлы табиғаты туралы конституциялық норма Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың негіз қалауына сипаты болып табылады.

      Діни сенім бостандығы – адам құқығы мен бостандықтары жүйесінің негізгі элементтерінің бірі, демократиялық қоғамды дамытудың қажетті және ажырамас шарты.

      Адамның негізгі құқықтарының бірі ретінде діни сенім бостандығы әрқашан терең діни дәстүрлерімен және өмірдің рухани мағынасын іздеумен ерекшеленетін қазақ мемлекеті үшін ерекше маңызға ие.

      Діни сенім бостандығын қамтамасыз етудің негізгі элементтері:

      мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың конституциялық-құқықтық негіздері;

      дін саласындағы мемлекеттік саясаттың төрт бағытын іске асыратын ұйымдық-құқықтық құрылымдар болып табылады.

      Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық мемлекет, онда әркімге дін бостандығына кепілдік берілген, барлық конфессиялардың өкілдері заң алдында тең.

      Мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынастардағы жаңа тәсілдерді іздеу тиісті заңнамалық базаны, адамның және азаматтың
ар-ождан бостандығына құқықтары саласындағы конституциялық-құқықтық базаға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге әкелді.

      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының дін саласындағы, оның ішінде діни сенім бостандығындағы тиімді мемлекеттік саясатының маңызды бағыттары оның құқықтық қамтамасыз етілуі және заңнаманы уақыт талаптары мен сын-тегеуріндерге сәйкес жетілдіру, оның ішінде ақпарат және коммуникация, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, мемлекеттік қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару және өзге де салаларда, сондай-ақ ұлттық құқық пен халықаралық-құқықтық нормалар мен стандарттар негізінде мемлекеттік және қоғамдық институттар қызметінің заңдық тетіктері болып табылады.

      Сонымен қатар, адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік, нәсілдік, этникалық, тілдік немесе діни көзқарасына қарамастан сақталуы мен қорғалуы үшін халықаралық-құқықтық нормалар мен стандарттардың басым маңызы бар.

      Адамның діни сенім бостандығына құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету көп конфессиялы ел ретіндегі Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне жатады және оның одан әрі демократиялық және құқықтық дамуының маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

      Тұтастай алғанда, қабылданып жатқан заңнамалық шаралардың бәрі тұрғындар мен сарапшылардың қолдауына ие, сондай-ақ елдегі діни ахуалға да, Қазақстандағы адам құқықтарын қамтамасыз етудің жалпы жағдайына да оң ықпал етеді.

      Қазақстан өз қызметінде адам құқығы саласындағы жалпыға танымал халықаралық актілерге сүйенеді. Осыған орай, дін мен сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы қазақстандық нормативтік-құқықтық база Еуропалық және әлемдік демократиялық стандарттарға сәйкес келеді.

      Көптеген сарапшылардың тұжырымдары бойынша елдің заңнамасы ЕҚЫҰ және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдар қабылдаған халықаралық стандарттарға, сондай-ақ әлемдегі дамыған демократиялардың тәжірибесіне негізделген базалық қағидаттарға сәйкес келеді.

      Адам құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттарда, ҚР Конституциясында және басқа да нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген ар-ождан бостандығы туралы ережелер 30 жыл бойы мемлекеттік органдардың қызметінде және діни бірлестіктердің өмірінде іс жүзінде іске асырылып келеді.

      Қазақстанның діни бірлестіктері қоғамдағы азаматтық татулық пен рухани келісімді нығайтуға бағытталған әлеуметтік-мәдени шараларға белсенді қатысады.

      Аса ірі діни бірлестіктердің жетекшілері Қазақстан халқының республикалық және кіші ассамблеяларының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің және жергілікті атқарушы органдардың – облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдіктері құрамына кіреді.

      Конституция бойынша зайырлы мемлекет бола отырып, Қазақстан барлық діни конфессиялардың еркін дамуына кепілдік береді және республиканың діни сенім бостандығына құқықтарды сақтау саласындағы қолданыстағы нормалары мен халықаралық міндеттемелерінің құқықтық қолданылуында тәжірибесі мол.

      Қазақстан болашақта да көпконфессиялы мемлекет болып қала береді, онда әртүрлі діни бағыттағы діни бірлестіктер еркін жұмыс істейді, ал барлық азаматтар, олардың дінге қатынасына қарамастан, тең құқықтар мен мүмкіндіктерге, соның ішінде діни сенім бостандығына ие болады.

      Осыны ескере отырып:

      дін саласындағы уәкілетті органдар мен жетекші халықаралық құқық қорғау ұйымдары арасындағы діндер саласындағы өзекті мәселелер, оның ішінде азаматтардың ар-ождан мен діни сенім бостандығына құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты белсенді кеңейтуге;

      азаматтық сектордың, оның ішінде діни бірлестіктердің әлеуетін дін саласында орын алып отырған мәселелерді шешу үшін, сондай-ақ елдегі діни құқықтарды сақтау мәселелері бойынша пайдалану қажеттігі туындайды.

      6. Қазақстандық қоғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету

      Қазақстанда қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін этностар мен діндердің өзара іс-қимылының орнықты моделі қалыптасқан. Елбасы атап өткендей: "біздің ұлтаралық және дінаралық келісім моделі – бұл Қазақстанның түрлі конфессиялардың өзара іс-қимылының жалпы әлемдік процесіне қосқан нақты үлесі".

      Қазақстан халқы сан алуан этникалық және діни топтардан тұрады. Саяси тұрақтылықты сақтау мен нығайту, экономиканы дамыту мен әлеуметтік ілгерілеу наным-сенімдері мен діни көзқарасы әртүрлі адамдардың келісімі мен тату ынтымақтастығына байланысты.

      Сондықтан, мемлекет этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдау, толеранттылық пен сындарлы диалог атмосферасын сақтау, діни экстремизм көріністерінің алдын алу саясатын жүргізеді.

      Сауатты құрылған мемлекеттік саясаттың нәтижесі демократиялық және зайырлы мемлекет құру болды, оның негізгі лейтмотиві елдің барлық азаматтарының экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани дамуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады.

      Жасалған нәтижелі жұмыстарға қарамастан, қоғамдағы конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау мемлекет тарапынан ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғамнан да, діни бірлестіктердің де қажырлы күш-жігерін талап етеді.

      Ол үшін:

      қоғамдағы дінаралық және этносаралық қақтығыстардың туындауына жол бермеу үшін елде және одан тыс жерлерде діни ахуалдың одан әрі дамуына тұрақты мониторинг жүргізу және болжау жүргізу;

      халықпен, әсіресе дінге берілгендер арасында отбасының рөлін күшейту, мемлекеттік құрылымның зайырлы қағидаттарын сақтау, сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алу бойынша атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту;

      Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлеріне негізделген рухани-адамгершілік құндылықтарды көпшілікке таратуға және қоғамда ілгерілетуге бағытталған тақырыптық ақпараттық медиа өнімдер циклін құруды қамтамасыз ету қажет.

      7. Дін саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кез келген өркениетті мемлекеттің кезек күттірмейтін міндеті. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекет қаншалықты сәтті дамыған сайын, оның азаматтары да соншалықты қорғалады.

      Қазақстанның ұлттық мүдделері азаматтық татулықты, аумақтық тұтастықты, мемлекеттік билік пен оның институттарының тұрақтылығын қамтамасыз етуден, сондай-ақ әлеуметтік, этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың пайда болу себептері мен шарттарын бейтараптандырудан тұрады.

      Конфессияаралық және ұлтаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері үнемі назар аударуды талап етеді. Ішкі саяси тұрақтылық, қауіпсіздік және Қазақстанның одан әрі дамуы дұрыс шешімге байланысты.

      Радикалды діни ағымдар идеологиясының ықпалына түскен, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан және өтеген адамдарды радикалды көзқарастан арылту, оңалту және әлеуметке қосу жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыруда уәкілетті мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы, құқық қорғау және арнаулы органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін іске асыру бойынша жұмыс өзекті болып қалады.

      Орталық мемлекеттік уәкілетті органдардың жергілікті атқарушы органдармен деструктивті діни ағымдардың, соның ішінде діни экстремизмді қоздыруды, адамдарды жалған діни бірлестіктерге қатыгездік немесе зорлық-зомбылықты қолдана отырып тартуға жол бермеу үшін әкімшілік және басқа шараларды қамтамасыз етуі керек.

      Ол үшін:

      халықтың атаулы топтары арасында профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталған тәсілдерді жетілдіру;

      контрнасихатқа және қоғамда діни экстремизм мен радикализм идеологиясына төзбеушілікке бағытталған әлеуметтік, ақпараттық және ғылыми-білім беру жобаларының кешенін іске асыру;

      дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты жетілдіру;

      Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің және оның институттарының бастамаларын елде және одан тыс жерлерде одан әрі ілгерілету және танымал ету жөніндегі жұмысты күшейту қажет.

      8. Күтілетін нәтижелер

      Діни қызмет саласының негізгі индикаторлары:

      1) 2023 жылға қарай Қазақстан халқының дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдау деңгейі кемінде 90,7 %;

      2) 2023 жылға қарай халықтың ел дамуының зайырлы қағидаттарын қолдау деңгейі 64 %-дан кем емес.

      3) 2023 жылға қарай деструктивті діни көзқарасты ұстанатын азаматтар қатарынан ақталған адамдардың үлесі 14,1 %-дан кем емес.

  Қазақстан Республикасының
дін саласындағы мемлекеттік саясатын
іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға
арналған кешенді жоспарға
қосымша

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Іс-шара атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығындар (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Күтілетін нәтиже

1

2

3

4

5

6

7

8

1. Мемлекет дамуының зайырлы қағидаттарын нығайту

1.

Діни саладағы мемлекеттік саясатты қоғамда түсіндіруге және ілгерілетуге, зайырлы мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың жалпыұлттық оқиғалық кестесін бекіту

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ, ІІМ, Қорғанысмині, ОМ, МСМ, ДСМ,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын, 1 желтоқсанға дейін

-

талап етілмейді

діни саладағы мемлекеттік саясатты ілгерілетудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу

2.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі
2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды жария ету жөніндегі медиажоспарды бекіту

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ, ІІМ, Қорғанысмині, ОМ, МСМ, ДСМ,
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын, 1 желтоқсанға дейін

-

талап етілмейді

3.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бөлінген қаражат шеңберінде қоғамда зайырлылықтың базалық қағидаттарын ілгерілету, этносаралық, конфессияаралық диалог пен келісімді насихаттау, діни экстремизм идеологиясының алдын алу жөніндегі ақпараттық материалдарды басып шығару

әдістемелік құралдар, анықтамалар, брошюралар, жинақтар,
иллюстрацияланған буклеттер және өзге де ақпараттық материалдар

АҚДМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

2021 жыл –
2 413
2022 жыл –
2 413
2023 жыл –
2 413
 

республикалық бюджет
(002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы)

дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша өзекті әдебиетті шығару

4.

Мемлекеттік құрылымның қоғамдағы зайырлы қағидаттарын нығайтуға және ілгерілетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру

жобаның тізбесі мен тұжырымдамасы

АҚДМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

2021 жыл –
293 342
2022 жыл –
293 342
 

республикалық бюджет
(002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы)

қазақстандық қоғамның зайырлы құндылықтарын танымал ету

5.

Шығармашылық интеллигенция, ғылыми-сараптамалық қауымдастық, мәдениет және спорт өкілдерін тарта отырып, халықтың атаулы топтары арасында Қазақстан халқының рухани және мәдени мұрасын сақтау, мемлекеттің зайырлы қағидаттарын нығайту, діни радикализм идеологиясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру
 

іс-шаралар жоспары

АҚДМ,
МСМ, ҒЖБМ

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

2021 жыл –
6 318
2022 жыл –
6 318
2023 жыл –
6 318
 

республикалық бюджет
(002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы)

қазақстандық қоғамның рухани және дәстүрлі құндылықтарын насихаттау

2. Азаматтардың діни сенім бостандығы және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету

6.

Ұқсас уәкілетті мемлекеттік органдар, оның ішінде ЭЫДҰ елдері, шетелдік ұйымдар арасындағы діни саланың өзекті мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту

меморандумдар, келісімдер

АҚДМ, СІМ

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

-

талап етілмейді

діни саладағы өзекті мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықты жолға қою

7.

Азаматтардың діни сенім бостандығы, діни төзімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқықтарын сақтау бөлігінде халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен, оның ішінде ЕҚЫҰ-мен, шетелдік және отандық ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылды нығайту

кездесулер, конференциялар
офлайн және/немесе онлайн форматтарда

АҚДМ, СІМ

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

2021 жыл –
8 790
2022 жыл –
6 720
2023 жыл –
6 075

республикалық бюджет (005 "Шетелдік іссапарлар" бюджеттік бағдарламасы)

8.

Елімізде діни құқықтарды сақтау бойынша дәлелдеме материалдарды тұрақты негізде дайындау мәселелері бойынша отандық ҮЕҰ және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау

ақпараттық материалдар

АҚДМ, ҮЕҰ (келісу бойынша)

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

-

талап етілмейді

елімізде ар-ождан бостандығына сенушілердің құқықтарын сақтау бойынша позициялық материалдар дайындау
 

3. Қазақстан қоғамындағы конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету

9.

Дін саласындағы саясат мемлекеттік саясаттың іске асырылу барысы туралы қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу мақсатында әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жүргізу

талдамалық анықтамалар

АҚДМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын 2021 – 2023 жылдар

2021 жыл –
12 370
2022 жыл –
12 370
2023 жыл –
12 370

республикалық бюджет
(001 "Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасы)

елдегі діни ахуалдың дамуын болжау

10.

Елдегі және әлемдегі діни ахуалдың жай-күйі мен даму серпініне жүйелі негізде мониторинг ұйымдастыру

талдамалық анықтамалар

АҚДМ, ІІМ, СІМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

-

талап етілмейді

елдегі діни ахуалды жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу
 

11.

Мемлекеттің зайырлы қағидаттарын, конфессияаралық келісімді нығайтуға, халық арасында діни радикализм идеологиясына иммунитет қалыптастыруға бағытталған деректі фильмдерді, оқу-танымдық телехабарларды, телевизиялық сюжеттерді, әлеуметтік бейнероликтер мен басқа да медиа өнімдерді дайындау және шығару

ақпараттық материалдар

АҚДМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

бюджеттен бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет (003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы)

дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қоғамда ілгерілету

12.

Отбасының рөлін күшейту, ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың кәмелетке толмаған балалардың өмірі мен денсаулығы, білімі мен тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттыру бойынша халықтың атаулы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру

іс-шаралар жоспары

АҚДМ, ОМ, ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

2021 жыл –
42 064
2022 жыл –
42 064
2023 жыл –
42 064
 

республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы)

халықтың атаулы топтары арасында діни және құқықтық сауаттылықты арттыру

13.

Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары, республиканың өркениетаралық және дінаралық диалогқа қосқан үлесі, радикалды идеологияға төзбеушілік туралы қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару

қоғамдық маңызы бар әдебиет

МСМ, АҚДМ

қажеттілігіне қарай

бюджеттен бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет (033 "Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу және танымал ету және мұрағат ісін іске асырудың тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы)

қазақстандық қоғамның рухани және дәстүрлі құндылықтарын насихаттау

4. Діни салада ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

14.

"Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтау тұрғысынан діни бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу

АҚДМ-ге ақпарат

ІІМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

-

талап етілмейді

діни қызмет субъектілерінің діни саладағы заңнаманы сақтауы

15.

Діни саладағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау, арнайы органдар мен Қарулы Күштер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін оқыту семинарларын, тренингтерін ұйымдастыру

офлайн және/немесе онлайн форматтарда семинар, тренинг
 

АҚДМ,
БП (келісу бойынша),
ҰҚК (келісу бойынша),
ІІМ, Қорғанысмині

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

2021 жыл –
30 038
2022 жыл –
31 436
2023 жыл –
30 309

республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы)

дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерінде біліктілікті арттыру

16.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін дайындау, ұйымдастыру және өткізу

іс-шаралар жоспары

АҚДМ, СІМ, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша),
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері
 

2022 жылғы маусым

2022 жыл –
207 817

республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы)

Орталық Азия өңірі елдеріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерінде Қазақстанның имиджін арттыру

17.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХХІІ отырыстарын, Съезд хатшылығының Жұмыс тобының отырыстарын дайындау, ұйымдастыру және өткізу

іс-шаралар жоспары

АҚДМ, СІМ,
ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша),
Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
 

жыл сайын, 2022 – 2023 жылдар

2022 жыл –
45 741
2023 жыл –
45 741

республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы)

18.

Дінаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделін, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін танымал ету жөніндегі гуманитарлық сипаттағы шетелдік іс-шараларға қатысу

офлайн және/немесе онлайн форматтарда конференциялар,
форумдар,
дөңгелек үстелдер,
кездесулер,
халықаралық көрмелер

АҚДМ, СІМ

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

2021 жыл –
34 722
2022 жыл –
10 161
2023 жыл –
6 495

республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы)

дінаралық және конфессияаралық үнқатысудың қазақстандық моделін танымал ету

19.

Жақтаушылар қатарынан қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдар арасында ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу

іс-шаралар жоспары

АҚДМ, ІІМ,
облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдіктері

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

2021 жыл –
16 581
2022 жыл –
16 581
2023 жыл –
16 581
 

республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы)

сотталғандардың көзқарастарының радикалдық деңгейін төмендету

20.

Шетелде теологиялық білім алу ниеті бар адамдармен отандық теологиялық оқу орындарында оқытудың орындылығы туралы түсіндіру әңгімелерін өткізу

талдамалық ақпарат

АҚДМ, ҒЖБМ,
облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдіктері

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

-

талап етілмейді

студенттердің шетелдік күмәнді діни оқу орындарында баруына жол бермеу

21.

Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу, қазақстандық мәдениет деңгейін арттыру бойынша діндар әйелдер арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру

іс-шаралар жоспары

АҚДМ,
облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдіктері

жыл сайын, 2022 – 2023 жылдар

2022 жыл –
24 000
 

республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы")

қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайту

22.

Діни негіздегі қақтығыстардың алдын алу және олардың профилактикасы бойынша бөлінген мақсатты топтар немесе дінге сенуші азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

АҚДМ-ге ақпарат

ІІМ, облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдіктері

тоқсан сайын, 2021 – 2023 жылдар

-

талап етілмейді

діни негіздегі қақтығыстарға жол бермеу бойынша бірыңғай тетіктерді әзірлеу

23.

Жастардың антиэкстремистік санасын қалыптастыруға, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру

іс-шаралар жоспары

АҚДМ, облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдіктері

тоқсан сайын, 2021 – 2023 жылдар

-

талап етілмейді

жастар арасында радикалды идеологияға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру

24.

Халықты деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан қорғау бойынша діни бірлестіктер өкілдерін тарта отырып қарсы іс-шаралар өткізу

іс-шаралар жоспары

АҚДМ, ІІМ, облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдіктері

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

2021 жыл –
1 057 000
2022 жыл –
1 057 000
2023 жыл –
1 057 000
 

республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы)

қоғамда деструктивті идеологияның таралуына жол бермеуге бағытталған шараларды іске асыру

25.

Діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттауды қамтитын материалдарды анықтау мақсатында интернет-ресурстардың, оның ішінде әлеуметтік желілердің мониторингін ұйымдастыру, республика аумағында оларға қол жеткізуді шектеу бойынша "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қабылдау
 

дінтану сараптамасының қорытындылары

АҚДМ, БП (келісу бойынша)

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

-

талап етілмейді

интернет-ресурстарда деструктивті сипаттағы материалдарды таратуға жол бермеу
 
 

26.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021–2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру қорытындыларының ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету

БАҚ-тағы жарияланымдар
 
 
 

АҚДМ

жыл сайын, 2021 – 2023 жылдар

-

талап етілмейді

кешенді жоспардың іске асырылуы барысы туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету
 
 
 

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

      ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар

      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады