Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Өнеркәсіптік саясат туралы
Осы Заң өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. Кіріспе ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық кластер – осы Заңда көзделген өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементі;
2) басым тауарлар тізбесі – экспортқа және ішкі нарыққа бағдарланған технологиялық күрделілік деңгейі жоғары өңдеу өнеркәсібі тауарларының тізбесі;
3) Индустрия 4.0 – өндірістік және бизнес-процестерді басқару жасанды интеллектіні, үлкен деректерді және цифрлық технологияларды кеңінен қолдану арқылы нақты уақыт режимінде автоматты түрде жүзеге асырылатын өндірісті ұйымдастыру;
4) инновациялық қызмет – инновация құруға бағытталған қызмет (интеллектуалды, шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда);
5) инновация – қандай да бір жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнім (тауар, жұмыс немесе көрсетілген қызмет), технология немесе процесс, жаңа маркетинг тәсілі немесе іскерлік тәжірибеде жаңа ұйымдастырушылық тәсіл, бәсекелестік артықшылықты алуды қамтамасыз ететін жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастыру түрінде іске асырылған инновациялық қызметтің пайдалануға енгізілген түпкілікті нәтижесі;
6) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – инновациялық және технологиялық даму саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды және іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) қарсы міндеттемелер – мемлекеттік ынталандыру шараларын алатын өнеркәсіптік қызмет субъектілері қабылдайтын міндеттемелер;
8) өңдеу өнеркәсібі – шикізатты, материалдарды, заттарды, компоненттерді жаңа өнімге (тауарға, оның ішінде, азық-түлік тауарларына) айналдыруға байланысты экономика салаларының жиынтығы;
9) өнеркәсіп – пайдалы қазбалар өндіруге, өңдеу өнеркәсібіне, электрэнергиясымен, газбен және бумен қамтамасыз етуге, ауаны баптауға, сумен жабдықтауға, су тартуға, қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға,
сондай-ақ ластауды жоюға жататын экономикалық қызмет түрлерінің жиынтығын білдіретін экономика саласы;
10) өнеркәсіптік өнім – өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде өндірілген тауарлар;
11) өнеркәсіптік саясат – мемлекет жүзеге асыратын және өнеркәсіпті ынталандыру мен дамытуға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі;
12) өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік ынталандыру – өңдеу өнеркәсібі мен өнеркәсіптік-инновациялық (индустриялық-инновациялық) қызметті дамыту мақсатында осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын мемлекет қолданатын ынталандыру шаралары;
13) Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық
комиссия – өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында құрылатын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган;
14) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілері – өнеркәсіпте қызмет атқаратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сондай-ақ, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері;
15) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын немесе отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (соның ішінде, қарапайым серіктестік түрінде);
16) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйенің субъектілері – даму ұйымдарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті мемлекетке тиесілі немесе жанама түрде тиесілі өзге де заңды тұлғалар;
17) өнеркәсіптік-инновациялық жүйе – Қазақстан Республикасында өнеркәсіпті дамытуды ынталандыруға бағытталған, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті, инфрақұрылым мен құралдарды мемлекеттік ынталандыруға қатысатын субъектілер жиынтығы;
18) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет – еңбек өнімділігін арттыру, отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және сыртқы нарықтарға ілгерілету мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға байланысты қызмет;
19) өнеркәсіптік-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістер ашуға (қолданыстағыны жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған белгілі бір уақыт ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
20) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіпті дамыту саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
21) стратегиялық шикізат пен жинақтаушылар – елдің аумағында өндірісі экономикалық тұрғыдан орынсыз, бірақ өндірістің толық циклын қамтамасыз ету үшін қажетті стратегиялық тауарлар;
22) технология – қолданылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер алуды қамтамасыз ететін бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдық кешені;
23) технологиялар трансферті – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жаңа немесе жетілдірілген технологияларды енгізу процесі, Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған тәсілдермен алынған меншік, иелену және (немесе) пайдалану құқықтары;
24) трансұлттық корпорация – бірнеше ел аумағында негізгі ұйым мен филиалдардан, еншілес ұйымдардан тұратын заңды тұлға (заңды тұлғалар жиынтығы);
25) шикізаттық емес экспорт – өңдеу өнеркәсібі тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің экспорты;
26) шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор – шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты.
2-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасы
1. Осы Заңның күші мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіп саласында қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қолданылады.
2. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-тарау. Негізгі ережелер
3-бап. Өнеркәсіптік саясаттың мақсаты мен міндеттері
1. Заманауи жоғары өнімді, бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық өнеркәсіпті жедел дамыту арқылы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру өнеркәсіптік саясаттың мақсаты болып табылады.
2. Өнеркәсіптік саясаттың міндеттері:
1) өңдеу өнеркәсібінің дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) жаңа бәсекеге қабілетті өндірістердің дамуы үшін жағдайды қамтамасыз ету;
3) еңбек өнімділігін арттыру, сондай-ақ өндірістік тізбекті ұзарту және нарықты кеңейту мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) үшін қолайлы жағдайлар жасау;
4) инновацияларды тиімді енгізуді және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды ынталандыру;
5) елде қолайлы индустриялық ахуалды қамтамасыз ету;
6) өнеркәсіпте елішілік құндылықты дамыту;
7) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің инвестициялық тартымдылығы мен экспорттық әлеуетін арттыру;
8) технологияларды коммерцияландыруда өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілеріне жәрдемдесу;
9) экспорттық әлеуетті дамытуда өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілеріне жәрдемдесу;
10) экономиканың басым салаларында ғылыми-зерттеу базасын дамыту және оны өндірістік процеспен интеграциялау;
11) қазіргі заманғы ресурстық-энергия үнемдеу және экологиялық технологияларды тиімді енгізуді ынталандыру;
12) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілеріне халықаралық ынтымақтастықта, оның ішінде жоғары білікті және білікті кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықта жәрдемдесу болып табылады.
4-бап. Өнеркәсіптік саясаттың қағидаттары
Өнеркәсіптік саясат:
1) жүйелілік: өнеркәсіптік саясат құрамбөліктерінің (мақсаттар және оларды іске асыратын субъектілер, күтілетін нәтижелер, оларға қол жеткізу тетігі және т.б.) өзара сәйкестігін қамтамасыз ету, өнеркәсіптегі өзгерістерді басқарудың түрлі деңгейлері мен тетіктері іс-әрекеттерінің ұйымдастырушылық бірлігі, өнеркәсіптік саясаттың мазмұнындағы жалпылық пен ерекшеліктің және оны экономикалық-ұйымдық тұрғыдан қамтамасыз етудің негізгі синтезі;
2) стратегиялық бағыттылық: қолданыстағы жағдайларға ғана емес (бастапқы позиция), сонымен қатар, өнеркәсіптің жұмыс істеуінің ішкі және сыртқы ортасының ықтимал өзгерістерін болжау, оның стратегиялық позициясын анықтау мақсатында ұзақ мерзімді перспективаларға да бағдар жасау;
3) өнеркәсіптік саясат мазмұнының және оны өнеркәсіптің жұмыс істеуінің әртүрлі жағдайлары, құрылымы және даму әлеуеті бар салалар мен өңірлерде іске асыру құралдарын таңдаудың жеке тәсілі;
4) өнеркәсіптік, инновациялық, инвестициялық, экспорттық, сауда, ғылыми-технологиялық, білім, салық, бюджет және ақша-кредит және т.б. саясаттардың бірлігі: өнеркәсіптік саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін өзара байланысқан пысықтау, оның функциялары мен іске асыру тетіктерін келісу;
5) мемлекет, қоғам және бизнес мүдделері арасындағы теңгерім: экономиканың индустриялық секторының жұмыс істеуі мен дамуына байланысты мемлекеттің, қоғамның, өнеркәсіп кәсіпорындарының стратегиялық мүдделерін сәйкестендіру және келісу;
6) құралдардың қажетті және жеткілікті алуан түрлері: өнеркәсіп саясатын іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдар пайдаланылатын құралдардың құрамы оның мақсаттары мен міндеттерінің көпжақтылығын, жеке салалар мен субъектілер жағдайының ерекшелігін, ресурстарды ұтымды пайдалануды көрсетуге тиіс;
7) өнеркәсіптік саясатты іске асыру процестері мен нәтижелеріне мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету: ағымдағы жағдайды бағалау және өзгеріп отыратын жағдайларға ден қоюдың барабар шараларын әзірлеу мақсатында өнеркәсіпті дамытудың негізгі сипаттамалары мен процестерін қадағалау;
8) ұсынылатын мемлекеттік ынталандыру шараларының жариялылығы, мақсаттылығы және транспаренттілігі;
9) игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу;
10) жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі;
11) әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарықтар ашу;
12) өнімділіктің өсуі, экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыру;
13) адами капиталды дамыту, білімге инвестиция салу;
14) қоршаған ортаны қорғау;
15) мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарына негізделеді.
5-бап. Индустриялық даму
1. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту мен арттыруды, өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғыртуға ықпал ететін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін жүйелі түрде қолдауды, жаңа индустриялық жобаларды іске асыру мен индустриялық ахуал қалыптастыруды көздейтін индустриялық даму арқылы жүзеге асырылады.
2. Индустриялық ахуал өнеркәсіптің тиімді дамуына арналған құқықтық, экономикалық және қаржылық жағдайлардың жиынтығын білдіреді.
Өнеркәсіптік саясатты іске асырудың тиімділігі индустриялық ахуал жағдайын бағалау шеңберінде анықталады.
3. Индустриялық даму бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу жергілікті атқарушы органдар мен ұлттық компанияларды, бизнес субъектілерін және қоғам өкілдерін тарту арқылы және олардың қатысуымен жүзеге асырылады.
6-бап. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру бағыттары
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік саясат осы Заңға сәйкес мынадай:
1) өнеркәсіпті дамытудың негізгі шарттары;
2) сату нарықтарында ілгерілету;
3) өнеркәсіптің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттары бойынша іске асырылады.
2-БӨЛІМ. ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ
3-тарау. Өнеркәсіптік саясат саласындағы мемлекеттік реттеу
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оны іске асыруды ұйымдастырады;
2) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру шараларын жүзеге асыруға уәкілетті ұлттық даму институттарының және басқа заңды тұлғалардың тізбесін бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
4) ұлттық экономиканың тұрақтылығын және орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында мыналарды:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың жаңа шараларын енгізуді, оларды жою мен қайта қарауды, сондай-ақ оларды қолдану тәртібін;
өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін, сондай-ақ оларды құру және олардың жұмыс істеу тәртібін енгізуді көздейтін қаулылар қабылдайды;
5) тауарлардың бірыңғай инвестициялық картасын бекітеді;
6) жобаларды Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібін анықтайды;
7) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекітеді;
8) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесіне енетін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесін бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.
8-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган:
1) өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) өнеркәсіптік қызмет саласында елішілік құндылықты дамыту саясатын қалыптастыруға қатысады;
3) өнеркәсіпті жоспарлауды, оның мониторингін, ынталандыру мен дамытуды жүзеге асырады;
4) мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті ынталандыру қызметін жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
5) жыл сайын, 31 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділігі туралы ақпарат ұсынады;
6) өнеркәсіптік-инновациялық жүйенің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының салалық мемлекеттік органдарының өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді;
8) өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының салалық мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
9) елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) тауарлардың бірыңғай инвестициялық картасын әзірлейді;
11) бірыңғай индустрияландыру картасын әзірлейді және бекітеді;
12) инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын анықтау бойынша ұсыныстар енгізеді;
13) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
14) мыналарды:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың жаңа шараларын енгізуді, оларды жою мен қайта қарауды, сондай-ақ оларды қолдану тәртібін;
өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін, сондай-ақ оларды құру және олардың жұмыс істеу тәртібін енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлейді;
15) жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібін әзірлейді;
16) бірыңғай индустрияландыру картасының жобаларына мониторинг жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
17) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
18) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруды жүзеге асыратын операторларды анықтайды;
20) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруды жүзеге асыратын операторлардың өкілеттіктерін әзірлейді және бекітеді;
21) ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың тізбесін әзірлейді;
22) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
23) аумақтық кластерлер тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
24) Қазақстан Республикасында аумақтық кластерлер тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;
25) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік ынталандыруды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26) аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік ынталандыруды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
27) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды және орындауды қамтамасыз етеді;
28) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны және оның үлгілік нысанын өзгерту мен бұзуға арналған негіздемелерді әзірлейді және бекітеді;
29) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны және оның үлгілік нысанын өзгерту мен бұзуға арналған негіздемелерді әзірлейді және бекітеді;
30) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамбөліктерін өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны және оның үлгілік нысанын өзгерту мен бұзуға арналған негіздемелерді әзірлейді және бекітеді;
31) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен бекітілген үлгілік нысан бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады;
32) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен бекітілген үлгілік нысан бойынша ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады;
33) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен бекітілген үлгілік нысан бойынша көлік құралдары және (немесе) ауылшаруашылық техникасы құрамбөліктерін өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады;
34) өнеркәсіптік гранттарды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
35) бекітілген үлгілік нысан бойынша бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім жасау және бұзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
36) бекітілген үлгілік нысан бойынша бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерімен келісім жасасады;
37) қарсы міндеттемелерді анықтай отырып, мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының нысаналы топтарына жатқызу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
38) басым таурлар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
39) стратегиялық шикізат пен жиынтықтауыштар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
40) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді;
41) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесіне енетін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесін әзірлейді;
42) елдегі индустриялық ахуалдың жағдайын бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
43) Индустрия 4.0 элементтерін енгізу жөніндегі саясатты іске асыруды үйлестіреді;
44) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар базасын, кадрлық әлеуетті дамыту бойынша бірлескен іс-қимылды үйлестіреді;
45) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Сыртқа сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган:
1) отандық өңделген тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелер аясында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) сыртқы нарықтарға ілгерілету шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
3) өз құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты дамыту мен ілгерілетуді жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының салалық мемлекеттік органдарының шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіреді;
5) шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының салалық мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
6) қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты тарапынан сақтандыруға жататын отандық өңделген өнім мен көрсетілетін қызметтерді шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасасатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды әзірлейді және бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) өз құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты ілгерілетуді жүзеге асырады;
3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және инновациялық қызметті қолдау саласындағы уәкілетті органдарға өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы ақпарат ұсынады;
4) сырқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға шикізаттық емес экспортты ілгерілету бойынша ақпарат ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, өз құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты ілгерілету бойынша шаралар әзірлейді;
6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және жауаптылықта болады;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйенің субъектілері
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру саласындағы ұлттық даму институты:
1) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған жаңа өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды құру үшін өзге де заңды тұлғаларды құру арқылы инвестицияларды жүзеге асырады;
2) ұлттық даму институттарынан, екінші деңгейдегі банктерден және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын және (немесе) оларға қатысатын ұлттық басқарушы холдингтерге тікелей немесе жанама түрде тиесілі өзге де заңды тұлғалардан кредиттер (қарыздар) бойынша құқықтарға (талаптарға) ие болады;
3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін қаржы-экономикалық сауықтыру, сондай-ақ экономиканың артықшылықты секторларының экономикалық белсенділігін және инвестициялық тартымдылығын ынталандыру және қалпына келтіру жөніндегі мынадай іс-шаралар кешенін тұжырымдайды және іске асырады:
берешекті қайта құрылымдау;
жарғылық капиталға инвестициялар;
стратегиялық және институционалдық инвесторларды іздеу және тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін қаржы-экономикалық сауықтыруға ықпал ететін ынталандырудың өзге де түрлері.
2. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) өңдеу өнеркәсібі дамытуды және өңірлерді өнеркәсіптік-инновациялық дамытуды қоса алғанда, экономика секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
2) өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға тауарлардың бірыңғай инвестициялық картасын әзірлеу және өзектілендіру бойынша қызметтер көрсетеді;
3) бірыңғай индустрияландыру картасын сүйемелдеу бойынша өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға қызметтер көрсетеді;
4) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
5) аумақтық кластерлерді дамытуда мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
6) аумақтық кластерлерді дамыту процестерін сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетеді;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өнеркәсіптік даму саласындағы консультациялық-кеңесші органның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетеді;
8) мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан алынған индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі статистикалық ақпарат пен деректерге талдау жүргізуді, сондай-ақ ұсыныстар мен сараптамалық қорытындылар әзірлеуді көздейтін индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды басқару бойынша қызметтер көрсетеді;
9) өнеркәсіптік гранттар ұсыну бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға қызметтер көрсетеді;
10) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді іріктеу, сүйемелдеу, іске асырылуын мониторингтеу және талдау бойынша қызметтер көрсетеді;
11) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру шараларын алу шеңберінде Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің қарсы міндеттемелерінің мониторингі бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға қызметтер көрсетеді;
12) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну мақсатында басым тауарлардың тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлеу жөнінде өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға қызметтер көрсетеді;
13) сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша қызметтер көрсетеді;
14) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға еліміздегі индустриялық ахуалдың жағдайын бағалау бойынша қызметтер көрсетеді;
15) өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында жұмыс орындарын ашуға және кадрлар қажеттілігіне мониторинг пен талдау жүргізеді.
3. Елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
1) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастырады және жүргізеді;
2) елішілік құндылықты дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
3) өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға ішкі нарықта тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерді мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін талдау бойынша қызметтер көрсетеді;
4) өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетін қызметтерін ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша қызметтер көрсетеді;
5) елішілік құндылық бойынша сараптаманы жүзеге асырады.
Елішілік құндылық бойынша сараптама дегеніміз бірыңғай индустрияландыру картасына енуге ниетті өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасында елішілік құндылық деңгейін бағалау;
6) субконтрактация орталығы болып табылады.
Субконтрактация дегеніміз өндірістік қызметті оңтайландыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданатын өндірістік (өнеркәсіптік) аутсорсинг нысандарының бірі түсініледі.
7) субконтрактация орталықтарын, оның ішінде негізгі өнеркәсіп секторларында ірі жеке және мемлекеттік кәсіпорындарын құру бойынша ұсынымдар әзірлейді;
8) өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға ішкі нарықта өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдау бойынша, оның ішінде елішілік құндылықты және жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды дамытуға арналған ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетеді.
Елішілік құндылық дегеніміз осы жоба және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан тауарларда, жұмыстарда және көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті қамту үлесінің құны бойынша жалпы еңбекақы қорынан өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жобасына қатысатын Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақысы құнының проценттік үлесі.
4. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;
2) инвесторлардың қызметін қолдап отыруды қатамасыз етеді, оның ішінде инвесторлардың мемлекеттік органдармен, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастырады, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткізеді, жұмыс істеп тұрған және перспективалы инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді, инвесторларға туындайтын мәселелерді шешуде жәрдемдеседі;
3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетеді, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат береді;
4) инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;
5) инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізеді;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуда инвесторларды қолдау бөлігінде "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайды.
5. Шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты:
1) сыртқы нарықтарға талдау жүргізеді;
2) отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілетуге жәрдемдеседі;
3) отандық экспорттаушыларға олардың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлеуетті экспорт нарықтарын іздеу және олардың тауарларын, көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелері бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
4) отандық өңделген тауарлар, көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілету бойынша іс-шаралар жүргізеді;
5) отандық өңделген тауарлар, көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілету мәселелері бойынша отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
6) отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету мақсатында шетелдік өкілдіктер құрады және (немесе) шетелдік өкілдер тағайындайды;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шикізаттық емес экспортты ілгерілету бойынша мәмілелерді экспорттық саудалық және экспорт алдындағы қаржыландыруды, сақтандыруды және қайта сақтандыруды, кепілдендіруді жүзеге асырады;
8) отандық өңделген жоғары технологиялық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Даму Банкі, лизингтік қызмет атқаратын басқа да заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асырған кезде қаржы агентінің функцияларын орындайды;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де сервистік қолдау шараларын ұсынады.
6. Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін және ұлттық экономиканы дамытуды оңтайландыру жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг:
1) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысады;
2) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруды жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
3) Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.
7. Инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар:
1) тиісті өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;
2) инвесторлардың қызметін ақпараттық қолдап отыруды қамтамасыз етеді, оның ішінде жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулер ұйымдастырады, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар және семинарлар өткізеді, инвесторлардың өңірлік дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;
3) өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетеді, оның ішінде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат береді;
4) инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;
5) өңір аумағында инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізеді;
6) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері инвестициялық тақырып бойынша ұйымдастырған, оның ішінде шет мемлекеттің аумағындағы іс-шараларға қатысады;
7) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияға және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктеріне өңірдегі инвестициялық қызмет, оның ішінде инвестицияларды талап ететін өнеркәсіптік-инновациялық жобалар, инвесторлар туралы өзекті ақпаратты тұрақты түрде ұсынады;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да көрсетілетін қызметтерді алу кезінде инвесторларды қолдап отыру бөлігінде "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайды.
8. Инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен айқындалады.
12-бап. Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру
1. Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеті:
1) өнеркәсіптік саясатты оның стратегиялық басымдықтарын, негізгі индикаторларын айқындау бөлігінде қалыптастыру;
2) өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру;
3) өңдеу өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты, соның ішінде кластерлік бастаманы іске асырудың тұжырымдамалық тәсілдемелері;
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын енгізу, күшін жою және қайта қарау;
5) өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін енгізу;
6) елдегі индустриялық ахуалды жақсарту;
7) өнеркәсіптегі инновациялық және технологиялық дамуға жәрдемдесу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады
2. Өнеркәсіп саясаты жөніндегі ведомствоаралық комиссия:
1) қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды орталық мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
2) өз отырыстарында Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері болып табылмайтын мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың лауазымды адамдарын шақырады, сондай-ақ тыңдайды;
3) Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жанынан жұмыс және сараптама топтарын құрады және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
4) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, жұмыс және сараптама топтарының жұмыс жоспарларын бекітеді;
5) өнеркәсіптік саясат мәселелерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің, заң жобаларын тұжырымдамаларының және мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын қарайды;
6) өнеркәсіптік саясат мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің келіссөз ұстанымын дайындауды жүзеге асырады;
7) мемлекеттік органдар арасындағы өнеркәсіп саясаты мәселелері жөніндегі қайшылықтар бойынша шешімдер қабылдайды;
8) өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманы іске асыру туралы ақпаратты тыңдайды;
9) өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын дайындауды жүзеге асырады;
10) еліміздегі индустриялық ахуал жағдайы, соның ішінде өнеркәсіптік жобаларды іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың және ұлттық компаниялардың қызметін бағалау туралы баяндаманы тыңдайды;
11) жергілікті атқарушы органдардың және ұлттық компаниялардың өнеркәсіптік жобаларды іске асыру мәселелері бойынша есептерін тыңдайды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы мен қызметін ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
13-бап. Өнеркәсіпті дамыту қоры
1. Өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі Қор) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тиесілі акционерлік қоғам болып табылады.
2. Қордың мақсаты өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына, экономиканың басым салаларында қызметін жүзеге асыратын Қазақстанның ұйымдары мен кәсіпкерлеріне қаржылық қолдау көрсету және ынталандыру, сондай-ақ инфрақұрылымды жаңғырту және көлік құралдарын жаңарту жөніндегі жобаларды іске асыру, Қазақстан экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
3. Қордың міндеттері:
1) мыналарға:
өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарын және өндірістік инфрақұрылымды құру, жаңғырту және кеңейту;
өңдеуші өнеркәсіптің отандық өнімін ілгерілетуге жәрдемдесу;
қоршаған ортаның жағдайын жақсарту, ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерін азайту, парниктік газдар шығарындыларын қысқарту, энергия үнемдеу және жаңартылатын табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға;
Қазақстанның өнеркәсіптік қызмет саласындағы елішілік құндылықты дамытуға жәрдемдесуге;
өндірістік, энергетикалық және көлік инфрақұрылымын құруға, жаңғыртуға және көлік құралдарын жаңартуға бағытталған жобаларды қаржыландыру;
2) заңды тұлғаларға, лизингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кредит беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасын ынталандыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қордың жарғысына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.
4. Қор өз міндеттерін орындау үшін тиісті лицензиясыз:
лизингтік қызметті;
резидент немесе резидент емес заңды тұлғаларға ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ұлттық және шетел валюталарында ақшалай нысанда кредит беру;
лизингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қаржыландыруды;
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады.
5. Қорды қорландыру:
республикалық бюджет қаражаты;
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін ақы ретінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы алған қаражат;
коммерциялық, меншікті және өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
6. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттарда қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған өңдеші саладағы жобаларды әрі қарай қаржыландыру үшін Қорға қарыз түрінде қаржыландыру ұсынады.
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы жүзеге асыратын қаржыландыру осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес банк және микроқаржы қызметіне жатпайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат құжаттарының болуын талап етпейді.
7. Қор:
1) ішкі актілерге сәйкес қаржыландыру саясатын айқындауға;
2) жобаларға сараптама жүргізу үшін сарапшылар мен консультанттарды тартуға;
3) қарыз қаражатын қоса алғанда, бос қаражатты қордың ішкі актілерінде айқындалған шекте және тәртіппен қаржы құралдарының ішкі және сыртқы нарықтарына орналастыруға құқылы.
14-бап. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесі
1. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесі – бұл өнеркәсіп салаларының жағдайы, олардың даму болжамы және мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйе. Өнеркәсіптің ақпараттық жүйесінің меншік иесі және операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесінің операторы) болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесі өнеркәсіптің жағдайы және оның даму болжамы туралы ақпаратты қалыптастыру мен алмасудың тиімділігін арттыру, өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілеріне ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету мақсатында, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамыту саласында болжау және шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік органдарды толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
3. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесінің негізгі міндеттері:
1) өнеркәсіптік-инновациялық саясатты іске асыру үшін қажетті ақпараттың жиналуы мен өңделуін автоматтандыру;
2) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы хабардар ету;
3) өнеркәсіптік-инновациялық саясатты іске асыру мониторингі;
4) кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік ынталандырудың бөлінген шараларының тиімділігін талдау;
5) кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік ынталандыру шараларын алу кезіндегі қарсы міндеттемелерін мониторингтеу;
6) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілері, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды ынталандыру және оңтайландыру;
7) материалдық, қаржылық, еңбек және табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануды ынталандыру, өнеркәсіп саласындағы еңбек өнімділігін арттыру;
8) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің технологиялық қайта жарақтандырылуын ынталандыру болып табылады.
4. Өнеркәсіптің ақпараттық жүйесінде:
басқа елдердің аумағында іске асырылатын теміржолдарды салу және жаңғырту жобалары мен басқа да ірі жобалар туралы;
қазақстандық өнімді қажетсінетін елдер бойынша;
экспорттық елдерге өнімдерді өткізу нысандары (қағидалары) бойынша өзекті ақпарат туралы;
техникалық реттеу мәселелеріне, оның ішінде ұлттық стандарттарды әзірлеу мен ілгерілетуге өнеркәсіптік кәсіпорындарды іске асыру және қатысу мүмкіндігі туралы;
әзірлемелер биржасын қоса алғанда, өнеркәсіптік кәсіпорындарда сұранысқа ие әзірлемелер бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы;
өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өндіретін тауарлар туралы;
отандық өнеркәсіптің қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды оқыту, біліктілігін арттыру, қайта даярлау және қолданыстағы білім беру бағдарламалары туралы;
отандық өнімге қажеттілігі бар мемлекетішілік жобалар туралы;
нарықтың, халықтың, өңірлердің қажеттіліктері және шығарылатын өнім туралы;
мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс, мемлекеттік материалдық резервті отандық өніммен толықтыру және жаңарту бөлігіндегі орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлары туралы;
өзге де мәліметтер қамтылады.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесін анықтайды.
6. Оператор Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесін қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, жүргізуді, сүйемелдеуді және дамуын қамтамасыз етеді және жүйе ресурстарына қолжетімділікті ұсынады.
7. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесінің тізбесі мен дереккөздері Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларында анықталады.
8. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесінің операторы тиісті салаларда мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесінің ресурстарына өтеусіз қолжетімдік ұсынады.
Өзге тұлғаларға Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесінің ресурстарына қолжетімділік Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес беріледі.
4-бөлім. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым
15-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым
1. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым техникалық жарақтандырудың жоғары деңгейін және стандарттау бойынша қолданылатын құжаттарды қамтамасыз етуге тиіс.
2. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылымның элементтері:
1) арнайы экономикалық аймақтар;
2) индустриялық аймақтар;
3) технопарктер;
4) тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлар;
5) венчурлік қорлар;
6) технологияларды коммерцияландыру орталықтары;
7) конструкторлық бюро;
8) халықаралық технологиялар трансферті орталықтары;
9) инновациялық кластерлер;
10) аумақтық кластерлер;
11) салалық технологиялық құзырет орталықтары;
12) осы Заңға сәйкес ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге элементтер болып табылады.
16-бап. Арнайы экономикалық аймақтар
Арнайы экономикалық аймақтар қызметін реттеу "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының салық, кеден, жер заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
17-бап. Индустриялық аймақтар
1. Индустриялық аймақтар кәсіпкерлікті дамыту үшін экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2. Индустриялық аймақтардың міндеттері:
1) өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерліктің жедел дамуына жәрдемдесу;
2) жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;
3) өндіріс тиімділігін арттыру болып табылады.
18-бап. Технопарктер
1. Дербес ұйым немесе өзге де заңды және жеке тұлғалар құрған немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған индустриялық-инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық және (немесе) мүліктік кешенімен аумаққа меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздемелері бар заңды тұлға технопарк болып табылады.
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы субъектілерге олардың жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде орынжай, жабдық беру, бухгалтерлік есеп жүргізу, құқықтық, ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу, инвестициялар тарту, жобаларды басқару, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды іске асыру үшін қажетті өзге де қызметтер көрсетуді білдіретін технологиялық бизнес-инкубациялау технопарктер қызметінің негізгі түрі болып табылады. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ осындай көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау қағидаларын инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
19-бап. Тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлар
1. Қызметінің айрықша түрі "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және оның инвестициялық декларациясында белгіленген талаптарға сәйкес осы қоғамның акционерлері оның акцияларын төлеуге енгізген ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік қоғам тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қор болып табылады.
2. Тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
20-бап. Венчурлік қорлар
1. "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес венчурлік қаржыландыру мақсатында ақша мен өзге де мүлікті тартуды және шоғырландыруды жүзеге асыратын жай серіктестік немесе акционерлік қоғам немесе шаруашылық серіктестік нысанындағы заңды тұлға венчурлік қор болып табылады.
Венчурлік қор Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерімен банктік салым шарттарын жасасуға құқылы.
2. Стартап-компанияларды венчурлік қаржыландыруды жүзеге асыратын және оларға сарапшылық қолдауды қамтамасыз ететін жеке тұлға жеке венчурлік инвестор болып табылады.
3. Венчурлік қаржыландыру дегеніміз инновациялық қызметті ғана жүзеге асыратын тұлғаларды олардың жарғылық капиталына инвестициялар салу, олар шығарған қаржы құралдарын сатып алу немесе оларға ақшалай қарыз беру арқылы қаржыландыруға байланысты қызмет болып табылады.
21-бап. Технологияларды коммерцияландыру орталығы
1. Жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін тәжірибелік қолдануға байланысты оң экономикалық әсер алуға бағытталған қызметті (технологияларды коммерцияландыруды) жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары оқу орнының немесе дербес білім беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлімшесі технологияларды коммерцияландыру орталығы болып табылады.
2. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары қызметінің негізгі бағыттары:
коммерцияландыру үшін технологияларды іздестіруді және бағалауды, маркетингтік зерттеулердегі, зияткерлік меншікті қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсетуді, технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзірлеуді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің технологияларды коммерцияландыру саласында шарттар жасасуы мақсатында олардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, технологияларды коммерцияландыру жөніндегі қызметтер кешенін көрсету болып табылады.
Технологияларды коммерцияландыру орталықтарын әдіснамалық, консультациялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қолдауды инновациялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.
3. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
22-бап. Конструкторлық бюро
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жаңа немесе жетілдірілген тауарлар өндіруді ұйымдастыруда жәрдемдесу үшін құрылған материалдық-техникалық кешенге иелік ететін заңды тұлға конструкторлық бюро болып табылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жаңа немесе жетілдірілген тауарларды ашуға, оның ішінде, технологиялар трансферті, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы иемдену, бейімдеу, әзірлеу, оны кейіннен индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне тегін негізде беру және оның негізінде тауарлар өндірісін ұйымдастыру үшін қажетті қызметтер көрсету арқылы жәрдемдесу конструкторлық бюроның негізгі міндеті болып табылады.
23-бап. Технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтары
Технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шетелдік әріптестермен бірлесіп іске асыратын жобаларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында инновациялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты құрады.
Технологиялар трансферті дегеніміз өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің меншік, иелену және (немесе) пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсілдермен алынған жаңа немесе жетілдірілген технологияларды енгізу процесі.
24-бап. Инновациялық кластер
Өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім және тәжірибе алмасу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы өнеркәсіптік-инновациялық қызметті ынталандыруға арналған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған ғылыми ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлардың, венчурлік қорлардың, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі инновациялық кластер болып табылады.
25-бап. Аумақтық кластер
Түпкі немесе аралық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірушілерді, жинақтаушыларды, мамандандырылған көрсетілетін қызметтер берушілерді, өндірістік және өзге де жабдықты өндірушілерді, мамандандырылған инфрақұрылымның өсім берішулерін, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа да ұйымдарды қамтитын өзара байланысты және өзара толықтыратын компаниялар мен ұйымдардың географиялық жағынан шоғырландырылған тобы аумақтық кластер болып табылады.
26-бап. Салалық технологиялық құзырет орталықтары
Тиісті саланы технологиялық дамыту мақсаттары үшін мемлекеттік органдар анықтайтын салалық және салааралық сипаттағы тиісті құзыреттерге ие сарапшылары бар заңды тұлғалар салалық технологиялық құзырет орталықтары болып табылады.
Әлемдік технологиялық трендтерге мониторинг жүргізу, жеделдетілген технологиялық даму үшін ағымдағы талаптарды және
бәсекелік артықшылықтарды, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктері мен мүдделерін анықтау салалық технологиялық құзырет орталықтарының негізгі міндеттері болып табылады.
Салалық технологиялық құзырет орталықтары мемлекеттік технологиялық саясаттың сабақтастығын және саланың технологиялық дамуының институционалды жадын қамтамасыз етеді.
5-бөлім. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру
1-параграф. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру тәсілдері
27-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарттары
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып, осы Заңға сәйкес айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінде қызметін жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыру "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
3. Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің инвестициялық және инновациялық қызметтерін ынталандыру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі.
4. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган, басқа да мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыру шараларын қарау, келісу және ұсыну кезінде мынадай өлшемшарттардың бірін:
1) инновациялылық – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жасау арқылы қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға бағыттылықты;
2) бәсекеге қабілеттілік шығарылатын өнімнің, жұмыстардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің төмен өзіндік құнынан, олардың сұранысынан және оларды өндірудің, көрсетудің немесе ұсынудың экономикалық орындылығынан көрінетін ұқсас индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылықты;
3) ауқымдылық Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік-инновациялық дамытуға арналған өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асырудың маңыздылығын;
4) экспорттық әлеуеттің болуы – өндірістің өнім мен көрсетілетін қызмет экспортына бағытталуын;
5) еңбек өнімділігі – пайдаланылатын ресурстардың бірлігіне есептегенде өнім шығаруды сипаттайтын, өндіріс көлемі мен еңбек ресурстары шығындарының арақатынасын білдіретін өндіріс тиімділігінің көрсеткішін басшылыққа алады.
5. Мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға үміткер өнеркәсіп кәсіпорындарына мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қарсы міндеттемелерді анықтаумен мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының нысаналы топтарына жатқызатын қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
28-бап. Басым тауарлар тізбесі
Басым тауарлар тізбесіне шикізат және шикізат маңындағы тауарларды қоспағанда, өндірісі ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін және мемлекеттік ынталандыру шараларының шоғырлануын айқындайтын қосылған құны жоғары және технологиялық күрделілігі орташа және жоғары қайта бөліністегі тауарлар енгізіледі.
Тауарларды басым тауарлар тізбесіне жатқызу тәртібі мен өлшемшарттарын уәкілетті орган айқындайды.
29-бап. Мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету үшін өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының нысаналы топтары
Мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету үшін кәсіпорындарды өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының нысаналы топтарына жатқызу қарсы міндеттемелерді айқындай отырып, мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының нысаналы топтарына жатқызу қағидаларында айқындалатын өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.
30-бап. Қарсы міндеттемелер
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйенің субъектілері мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін қарсы міндеттемелер белгілейді.
Қарсы міндеттемелер кәсіпорынның нысаналы топқа тиесілігіне және мемлекеттік ынталандырудың нақты шарасына байланысты белгіленеді.
2. Өнеркәсіптік кәсіпорындар қарсы міндеттемелерді орындамаған жағдайда, олар мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде алған ақшалай қаражат қарсы міндеттемелерді орындаудың қол жеткізілген деңгейін және қарсы міндеттемелерді айқындай отырып, мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының нысаналы топтарына жатқызу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып қайтарылуға жатады.
31-бап. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі арасында жасалатын, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру шараларының жеке құрамдастырылған пакетін ұсыну түрлері мен шарттарын және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі қабылдайтын қарсы міндеттемелерді көрсететін азаматтық-құқықтық шарт бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім болып табылады.
2. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімді жасасу және бұзу тәртібі, шарттары, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру шараларының жеке құрамдастырылған пакетінің шарттары өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидалармен регламенттеледі.
3. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісімен бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім өнеркәсіптік-инновациялық қызметті ынталандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы жасалған келісімнің мониторингін өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын қатыстыра отырып, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
5. Бұрын осындай келісім жасалған және мұндай орындамау оған байланысты емес мән-жайларға байланысты болған жағдайларды қоспағанда, қарсы міндеттемелерді орындамауға жол берген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісімен бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім жасасуға жол берілмейді.
32-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру құралдары
1. Өнеркәсіптік-инновациялық жүйені жоспарлау құралдарына тауарлардың бірыңғай инвестициялық картасы жатады.
Тауарлардың бірыңғай инвестициялық картасы Қазақстан Республикасында өндіру үшін стратегиялық бәсекелестік артықшылықтарға ие экономиканың әрбір басым секторы бойынша айқындалған және инвестицияларды тарту үшін басымдықтары болып табылатын тауар топтарының, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін білдіреді.
2. Бірыңғай индустрияландыру картасы өнеркәсіптік-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді.
Бірыңғай индустрияландыру картасын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Жобаларды Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Бірыңғай индустрияландыру картасы бойынша жалпы үйлестіру жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен бірге өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға жүктеледі.
Жауапты салалық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер және жергілікті атқарушы органдар өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға Бірыңғай индустрияландыру картасы жобаларын іске асыру барысы туралы жиынтық ақпаратты ай сайынғы негізде ұсынады.
3. Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті ынталандыруды жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау өнеркәсіптік-инновациялық жүйені талдау құралы болып табылады.
Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті ынталандыру қызметін жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2-параграф. Мемлекеттік ынталандыру шаралары
33-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыру шаралары
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыру шараларына:
1) жобаларды қоса қаржыландырумен бірге алғанда, лизингтік қаржыландыру, қаржыландыру;
2) қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер және кепілгерліктерді ұсыну;
3) қаржы институттары арқылы кредит беру;
4) қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау;
5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру;
6) кепілдендірілген тапсырыс;
7) инновациялық гранттар беру;
8) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
9) жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру;
10) ішкі нарықта ынталандыру;
11) шетелдік инвестицияларды тарту;
12) отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету;
13) еңбек өнімділігін арттыруды және аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыру;
14) қаржы-экономикалық сауықтыру шеңберінде берешекті қайта құрылымдау;
15) өнеркәсіптік гранттар беру;
16) осы Заңға сәйкес ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де шаралар жатады.
34-бап. Қоса қаржыландырумен бірге алғанда, лизингтік қаржыландыру, жобаларды қаржыландыру
1. Қоса қаржыландырумен бірге алғанда, жобаларды қаржыландыруды, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған лизингтік қаржыландыруды Қазақстанның Даму Банкі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.
2. Қоса қаржыландырумен бірге алғанда, қаржыландыру жаңа өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды жасау үшін жүзеге асырылады.
3. Қоса қаржыландырумен қоса алғанда, жобаларды қаржыландырудың, лизингтік қаржыландырудың шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
35-бап. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілдемелер ұсыну
1. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне берілетін екінші деңгейдегі банктердің қарыздары бойынша жүзеге асырады.
2. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді қаржы агентіне ұсынудың шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
36-бап. Қаржы институттары арқылы кредит беру
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агентінің қаржы институттарында қаражатты шартты түрде орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.
2. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру жаңа өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды жасау, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған жаңа өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды жасау, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды құру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) тұрып қалған өндірістерді қаржы-экономикалық сауықтыру, олардың инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру үшін олар өзінің жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкін, оның ішінде ақша ұсыну арқылы қатысқан жағдайда жүзеге асырылады.
3. Қаржы институттары арқылы несиелеудің шарттары мен механизмдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
37-бап. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау
1. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жаңа өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды жасау, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды жасау, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) тоқтап тұрған өндірістерді қаржы-экономикалық сауықтыру, инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру үшін олар өзінің жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкін, оның ішінде ақша ұсыну арқылы қатысқан жағдайда жүзеге асырылады.
Айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жүзеге асырылмайды.
2. Қаржы институттары өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері эмиссиялайтын облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін жүзеге асырады.
3. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялаудың шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
38-бап. Жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына инвестицияларды өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыратын ұлттық даму институттары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары өнеркәсіптік-инновациялық жоба мынадай шарттарға:
1) еңбек өнімділігін арттыруға және экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруды қамтамасыз етуге;
2) мәні өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық саясатын регламенттейтін ішкі құжаттарда айқындалатын болжамдық экономикалық және қаржылық параметрлер бойынша тартымдылыққа;
3) технологиялық әлеуетті арттыруға бағытталуына, өндіріс және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға және көлемін өсіруге, шикізат пен материалдарды қайта өңдеуді тереңдетуге, жоғары технологиялы өнім шығаруға сәйкес келген кезде жүзеге асырады.
2. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық қызметінің нәтижелері барлық өнеркәсіптік-инновациялық жобалар бойынша инвестициялық кіріс негізінде айқындалады.
3. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына инвестицияларды мынадай:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың капиталды қажетсінуі және (немесе) өзін-өзі ақтау және (немесе) төмен рентабельділігі мерзімдерінің ұзақтығы;
2) экономиканың басым секторларындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың әлеуметтік маңыздылығы жағдайларында жүзеге асырылуы мүмкін.
39-бап. Кепілдік берілген тапсырыс
1. Технологиялық меморандумдарды инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен жасасады және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындайды.
2. Жасалған технологиялық меморандумдардың негізінде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуге өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерімен шарттар жасасу арқылы кепілдендірілген тапсырысты орналастырады. Көрсетілген шарттардың талаптары бағаны, сапаны, қолжетімділікті, тасымалдау шарттарын қоса алғанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың коммерциялық мүдделеріне сай келуге тиіс және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне қайшы келмеуге тиіс.
3. Кепілдік берілген тапсырыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді барлық ықтимал берушілер арасында сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру арқылы орналастырылады.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия қалыптастырады.
40-бап. Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Өнеркәсіпті және инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органдар өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын мамандарға қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтар тізбесін айқындау жөнінде ұсыныстар қалыптастырады және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдар ұсынатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет жөніндегі мамандарға қажеттілік негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырады.
3. Өнеркәсіптің кадрлық әлеуетін нығайту және өндірістік талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім беру бағдарламаларын өзектендіруді жүзеге асырады.
41-бап. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету:
1) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;
2) жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және кеңейту үшін жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес келетін өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (қайта құруға) бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.
3. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
42-бап. Жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану құқығын беру
Жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне беру:
1) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерін бөлу;
2) өндірістік қызметке (технологиялық циклге) байланысты пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын беру арқылы жүзеге асырылады.
43-бап. Ішкі нарықта қолдау
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне сервистік қолдау көрсетуді және отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуді елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Ішкі нарықта өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдау:
1) жеке және заңды тұлғаларды тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорында өтеусіз тіркеу;
2) әлеуетті тапсырыс берушілер, отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер туралы ақпаратты елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтының интернет-ресурсында орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету арқылы жүзеге асырылады.
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. Елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институты индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету шығындарын өтеуге бөлінген қаражатты басқару үшін Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, ал келесі қаржы жылында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету шығындарын өтеуге жұмсалады.
44-бап. Шетелдік инвестицияларды тарту
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдау шаралары шетелдік инвестицияларды тарту арқылы қамтамасыз етіледі және мыналарды қамтиды:
1) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында әлеуетті шетелдік инвесторларды іздеу және олармен келіссөздер жүргізу;
2) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференцияларға және семинарларға қатысуға тарту;
3) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы тарату.
45-бап. Отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету
1. Отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша сервистік қолдау шараларын ұсынуды және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай операторды тарта отырып, сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдау шаралары:
1) олардың экспорттық әлеуетін диагностикалау;
2) сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу, көрме-жәрмеңкелік қызметті жүзеге асыру, отандық өндірушілердің тауар белгілерін шет елдерде ілгерілету және қазақстандық өндірушілердің шет елдердегі ұлттық стендтерді ұйымдастыру;
3) отандық өндірушілер және олардың тауарлары, шетелдегі көрсетілетін қызметтері туралы ақпаратты тұрақты негізде орналастыру арқылы әлеуетті шетелдік сатып алушылардың хабардар болуын арттыру;
4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;
5) отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді халықаралық гуманитарлық көмек нарығына ілгерілетуге жәрдемдесу;
6) экспорттық сауданы қаржыландыру, кредит беру және сақтандыру, қайта сақтандыру және шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәмілелерге кепілдік беру тетіктерін пайдалану;
7) шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты тарапынан сақтандырылуы тиіс отандық өңделген жоғары технологиялық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар ұсынатын кредиттер және олар жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.
3. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар отандық өңделген жоғары технологиялық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді шетелдік сатып алушыларға ұсынатын кредиттер мен жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асырады.
Шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты тарапынан сақтандырылуы тиіс отандық өңделген жоғары технологиялық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар ұсынатын кредиттер мен жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарттары мен тетіктерін сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4. Шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган және Шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор арасында жасалатын шарт негізінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету шығындарының бір бөлігін өтеуге бөлінген қаражатты басқару үшін Қазақстан Республикасының резиденті - екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
46-бап. Еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру
1. Еңбек өнімділігін арттыруда өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Еңбек өнімділігін арттыруда өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну:
1) кәсіпорын құзыретін арттыру;
2) өнеркәсіп кәсіпорындарына цифрлық технологиялар енгізу;
3) технологиялық процестерді жетілдіру;
4) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру шығындарын өтеу арқылы жүзеге асырылады.
3. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық институт арасында жасалатын шарт негізінде еңбек өнімділігін арттыруда мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқару үшін Қазақстан Республикасының резиденті - екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
47-бап. Аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыру
1. Аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кластерлік ұйымның жұмысын қолдау үшін және аумақтық кластерлер жобаларын іске асыруға шығындарды өтеу және (немесе) қаржыландыру және (немесе) бірлесіп қаржыландыру және аумақтық кластерлік бастамаларды құру және іске асыру шеңберінде мемлекеттік ынталандырудың өзге де шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
Аумақтық кластерлерді мемлекеттік ынталандыру аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қорытындысына және (немесе) Қазақстан Республикасының аумақтық кластерлері тізіліміне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кластерлік ұйымның жұмыс істеуін қолдауға және аумақтық кластерлер жобаларын іске асыруға және аумақтық кластерлік бастамалар құру және іске асыру шеңберінде басқа да мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға арналған шығындарды өтеу және (немесе) шығындарды қаржыландыру және (немесе) бірлесіп қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
Аумақтық кластердің дамуына әдістемелік, ұйымдастырушылық, сарапшылық-талдамалық және ақпараттық қолдап отыратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған кластерлік ұйым аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеуді және іске асыруды қолдап отыратын, аумақтық кластер қатысушылары, сондай-ақ, білім және ғылым мекемелерін, қаржы ұйымдары, мемлекеттік компаниялар және мемлекеттің қатысуымен компаниялар, даму институттары және мемлекеттік органдарды қоса алғанда, мүдделі ұйымдар арасында өзара іс-қимыл ұйымдастыру жөніндегі қызметті қамтамасыз етеді.
3. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық институт арасында жасалатын шарт негізінде аумақтық кластерлерді дамытуда мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқару үшін Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
48-бап. Берешекті қайта құрылымдау
1. Берешекті қайта құрылымдау өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін қаржылық-экономикалық сауықтыру үшін пайдаланылатын құралдардың спектрін кеңейту, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) тоқтап тұрған өндірістердің инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру, өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру мақсатында олар үшінші тұлғалардан қосымша қаржыландыруды қатыстырған және (немесе) меншікті жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүлік, оның ішінде ақша түрінде тиісінше қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда өндірістерді іске қосу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Берешекті қайта құрылымдау төлемдер кестесін өзгерту, құқықтарды (талаптарды) толық немесе ішінара тоқтату, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), сыйақыны, оның ішінде негізгі борышқа капиталдандырылған сыйақыны, инвестициялық өсімді, негізгі борышты және өзге де дебиторлық берешекті кешіру, инвестициялау және (немесе) кредит беру және (немесе) қаржыландыру мерзімдері мен шарттарын өзгерту, берешекті жарғылық капиталдарға айырбастау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер арқылы мүмкін болады.
49-бап. Өнеркәсіптік гранттар ұсыну
1. Өнеркәсіптік грант дегеніміз – өңдеуші саланың өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне олардың өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде ұсынылатын бюджет қаражаты. Өнеркәсіптік гранттарды өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган ұсынады.
2. Өнеркәсіптік гранттар өңдеуші саланың жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құны жоғары, оның ішінде жаңа экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті өнімді құруға бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қарсы міндеттемелер шарттарымен қоса қаржыландыру арқылы беріледі.
3. Өнеркәсіптік гранттар ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларына сәйкес сараптама жүргізіледі.
Өнеркәсіптік гранттар ұсыну қағидаларында оларға қойылатын өлшемшарттар белгіленеді.
4. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты олар ұсынған өнеркәсіптік-инновациялық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді талдау мақсатында берілген өнеркәсіптік гранттарға мониторингті жүзеге асырады.
5. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен өнеркәсіптік даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде өнеркәсіптік гранттар ұсынуға бөлінген қаражатты басқару үшін Қазақстан Республикасының резиденті - екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, ал келесі қаржы жылында өнеркәсіптік гранттар ұсынуға жұмсалады.
3-ТАРАУ. САТУ НАРЫҚТАРЫНДА ІЛГЕРІЛЕТУ
6-бөлім. Сыртқы нарықтар
50-бап. Шетелде отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғайды, соның ішінде сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға сыртқы нарықтарда ілгерілетуде жәрдемдеседі.
51-бап. Жаһандық қосылған құн тізбектеріне кіру
1. Қосылған құн тізбегі - өнеркәсіптік өнімді құру процестерінің тізбегі, онда өнеркәсіптік өнім белгілі бір тәртіппен өндіріс кезеңдерінен өтеді және әр кезеңде қосымша құндылыққа ие болады. Барлық кезеңдер аяқталғаннан кейін өнеркәсіптік өнімдер барлық кезеңдер құнының қосындысынан да үлкен мәнге ие болады.
2. Қосылған құнның жаһандық тізбегіне кіру технологиялар трансферті үшін жағдай жасайды, мемлекеттің өнеркәсіптік әлеуетін арттырады және мемлекеттік органдардың трансұлттық корпорациялармен өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады.
7-бөлім. Ішкі нарық
1-параграф. Ұлттық экономиканың өзіндік жеткіліктілігін қамтамасыз ету
52-бап. Өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің өзара іс-қимылына жәрдемдесу
Мемлекет өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің өзара іс-қимылына:
1) өнеркәсіпті дамыту жөніндегі проблемаларды зерделеу және ұсыныстар әзірлеу жөніндегі өнеркәсіпті дамыту институттарын құру мен дамытудан тұратын институционалдық қолдау;
2) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерін ақпараттық-талдамалық,
-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік қолдаудан тұратын ақпараттық қолдау нысанында жәрдемдеседі.
Өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің өзара іс-қимылына мемлекеттік жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қолдаудың өзге де түрлерін көздейді.
53-бап. Өнеркәсіптік өнімдердің реттелетін сатып алулары
1. Өнеркәсіптік өнімді сатып алуды реттеу мемлекеттік сатып алу, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, ақпараттандыру туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Өнеркәсіп өнімдерін реттелетін сатып алу Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының талаптарын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.
2-параграф. Ішкі нарықты қорғау және дамыту
54-бап. Импортты реттеу
Импортты реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды ескере отырып Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарларға ұқсас импортталатын тауарлардың бағаларына тұрақты мониторинг жүзеге асырылады.
55-бап. Өнеркәсіп өнімін өндірушілермен ішкі сауда сауда субъектілерінің әрекеттесуі
Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде, оның ішінде өнеркәсіп өнімін өндірушілермен және ішкі сауда субъектілерімен тиісті келісімдер жасасу арқылы сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлейді.
Сауда қызметін реттеу Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
4-ТАРАУ. ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
8-тарау. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту
56-бап. Еңбек өнімділігін арттыру
1. Еңбек өнімділігін дамытудың кешенді жүйесі мынадай:
атаулы қолдау;
өнімділікті арттыруға арналған шығындарды өтеу;
оқыту және кадрлық әлеуетті арттыру;
қаржы ресурстарын қолдау шараларын қамтиды.
Көрсетілген шараларды уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Өнеркәсіптік қызмет субъектілерін технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіпті ынталандыру саласындағы уәкілетті орган еңбек өнімділігіне мониторингті жүзеге асырады.
Көрсетілген мониторингті жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ еңбек өнімділігін бағалау әдістемесін өнеркәсіпті ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
57-бап. Өнеркәсіптегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру
1. Өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерін технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіпті ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіптік саясаттың басымдықтары бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге өнеркәсіп кәсіпорындарының қажеттіліктері туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады.
2. Аталған ақпаратты өнеркәсіпті ынталандыру саласындағы уәкілетті орган ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүзеге асыру үшін ғылыми ұйымдарды тарту мақсатында ғылым саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында және мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау үшін жібереді.
9-бөлім. Өнеркәсіптің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басқа да тәсілдері
58-бап. Өнеркәсіпке инвестициялар тарту
Инвестицияларды тарту және қосылған құны неғұрлым жоғары және өнімнің күрделілігі неғұрлым жоғары өндірістерді дамыту үшін өңдеу өнеркәсібіндегі ірі, капиталды қажет ететін жобаларды іске асыру мақсатында инвестициялар тарту тұрғысынан перспективалы тауарлардың тізбесі болып табылатын басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасы пайдаланылады.
59-бап. Өнеркәсіптегі инвестициялар
1. Инвестициялық қызметті реттеу өнеркәсіптік саясатты іске асыру қажеттілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Инвестициялық қызметті реттеу кезінде өнеркәсіптік саясатты іске асыру мынадай:
басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасына сәйкес келетін сектордың инвесторларын тарту;
бәсекеге қабілетті өндірістер құру үшін стратегиялық шетелдік инвесторларды тарту;
жұмыс істеп тұрған инвесторларды қайта инвестициялауды жүзеге асыруға ынталандыру;
бірлескен өндірістер құру үшін шетелдік инвесторларды тарту;
қосылған құн тізбегіне кіру үшін трансұлттық корпорацияларды тарту бағыттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін
60-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім
1. Көлік құралдары және (немесе) олардың компоненттері, ауыл шаруашылығы техникасы және (немесе) оның компоненттері өндірісінің дамуын ынталандыру мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады.
Моторлы көлік құралдарын құрастыру туралы келісім жасасқан және арнайы инвестициялық жобаны іске асырған заңды тұлғаларға инвестициялық преференциялар беру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Көлік құралы дегеніміз ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, адамдарды, жүктерді немесе оған орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған құрылғы, оның ішінде техникалық жағынан күрделі құрылғы.
Осы баптың мақсаты үшін ауыл шаруашылығы техникасы дегеніміз жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал, оның ішінде техникалық күрделі бұйым.
Көлік құралының құрамдас бөлігі дегеніміз көлік құралы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, толымдаушы бұйым, материал, химиялық, лак-бояу өнімі және көлік құралының өндірісі үшін қажетті өзге де жинақтауыш.
Ауыл шаруашылығы техникасының құрамдас бөлігі дегеніміз ауыл шаруашылығы техникасының конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жинақтауыш бұйым, материал, химиялық, лак-бояу өнімі және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру үшін қажетті өзге де жинақтауыш түсініледі.
3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдердің бірін жасасу Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының көлік құралдарының және (немесе) олардың компоненттерінің, ауыл шаруашылығы техникасының және (немесе) оның компоненттерінің өндіру ісі саласындағы өнеркәсіптік қызмет субъектісі болып табылатындығын растау болып табылады.
4. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының осындай келісімдер шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауын тексеруді жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде санамаланған келісімдердің бірінің талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы бөлігінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган анықталған бұзушылықтар хабарлама жіберілген кезден бастап бір ай мерзімде жойылмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келісімді біржақты тәртіппен бұзады.
61-бап. Көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚ ТН) кодтарын ершікті тартқыштарды, автобустарды, арнайы техниканы, жеңіл және жүк автомобильдерін қоспағанда, Көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Заңның 8-бабының 18) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес СЭҚ ТН кодтары бойынша жасалады.
2. Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім бұрын жасалмаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім осы Заңның 8-бабының 26) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес оқшаулауды бағалаудың баллдық жүйесінің бастапқы талаптарын орындағаннан кейін жасалады, олар технологиялық жабдықтың пайдаланылуын және мынадай талаптардың орындалуын қамтиды:
1) кәсіпорында дәнекерлеу, бояу (жеңіл автомобильдер бойынша катафорезді қоса алғанда) және шанағын (кабинасын) құрастыру жөніндегі технологиялық операцияларды – жеңіл автомобильдерге қатысты кемінде екі модель, кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына кемінде жиырма бес мың болатын СЭҚ ТН тиісті коды бойынша ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты кемінде бір модель, жеңіл автомобильдерге қатысты кемінде жылына жиырма бес мың, ершікті тартқыштарға, арнайы техникаға және жүк автобустарға қатысты кемінде жылына он мың, автобустарға қатысты кемінде жылына бір мың екі жүз;
2) жеңіл автомобильдерге қатысты – айлық есептік көрсеткіштің он сегіз миллион еселенген мөлшерінен кем емес, ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты – айлық есептік көрсеткіштің жеті жүз елу мың еселенген мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы.
3. Ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтары бойынша өз қолданысын 2020 жылғы 31 желтоқсанда тоқтататын моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (көпжақты келісім) жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен Көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қоса алғанда, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің (көпжақты келісімнің) бұрын қабылданған шарттары мен міндеттемелері орындалғаннан кейін ғана жасалады.
Жеңіл автомобильдердің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бірімен жасалған келісім шеңберінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімді осы Заңның 7-бабының 18) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарында белгіленген тәртіппен жасасуға жол беріледі.
2021 жылғы 1 қаңтардан кейін күшіне енетін жасалатын келісімдерге осы Заңның 8-бабының 18) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің талаптары қолданылады.
62-бап. Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім
Тракторлардың, астық жинау комбайндарының және сүрлем жинау комбайндарының СЭҚ ТН кодтары бойынша ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Заңның 8-бабының 26) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес мынадай шарттар орындалған кезде жасалады:
1) кәсіпорында дайындамалар пішуді, июді, дәнекерлеуді, құрастыруды және сырлауды қоса алғанда, дайындау операцияларын ұйымдастыру;
2) айлық есептік көрсеткіштің үш жүз жетпіс бес мың еселенген мөлшерінен кем болмайтын сомаға өндірістік активтердің болуы.
63-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің шеңберінде жеңілдіктер мен преференцияларды ұсыну
1. Кәсіпкерлік кодекстің 286-бабына сәйкес инвестициялық преференциялар беруге және Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес көлік құралдарына және (немесе) олардың құрамдастарына, ауыл шаруашылығы техникасына және (немесе) оның құрамдастарына қатысты техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыруға Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, ауыл шаруашылығы техникасы және (немесе) олардың компоненттерін өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім болған жағдайда ғана жол беріледі.
2. Осы Заңның 61-бабына сәйкес келісім жасалған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берілетін жеңілдіктер мен преференциялардің көлемі индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін оқшаулауды бағалау жөніндегі балдық жүйе негізінде айқындалатын болады.
Оқшаулауды бағалау жөніндегі балдық жүйе оқшаулаудың ең жоғары деңгейімен жасалған көлік құралдары бойынша жеңілдіктер мен преференциялардың ең жоғары деңгейін беруді қамтамасыз етуге тиіс.
5-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
64-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |