Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 54-баптың 1-тармағы 11) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру;";
2) 55-баптың 1-тармағы 11) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру;";
3) 105-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Венчурлік қорларды қоса қаржыландыру жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға және іске асыруға мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау инновациялық қызметтің нарықтық перспективаларының беймәлімділігімен сипатталатын кәсіпкерлік жоғары тәуекел мен салынған қаржылық және өзге де ресустардың жоғалулары ескеріле отырып, ұзақ мерзімді перспективада осындай венчурлік қорлар активтерінің (бүкіл портфелінің) кірістілігі (залалдылығы) негізінде жүзеге асырылады.".
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4- құжат; № 6, 45- құжат; № 7-II, 55- құжат; № 8-I, 62, 65- құжат; № 8-II, 72- құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126; 2017 ж., № 9, 21- құжат; № 14, 50, 51-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжат; № 19,
62-құжат; № 22, 82, 83-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-І, 118; № 24-ІІ, 123, 124-құжат):
1) мазмұнында:
24-тараудың, 24-тараудың 1, 2, 3-параграфтарының, 100, 100-1, 103, 242, 243, 244, 244-1, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 251-1, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 266, 267, 268, 269, 270, 271, 272-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
103-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"103-бап. Мемлекеттік органдардың инновациялық қызметті қолдау саласындағы құзыреті"
мынадай мазмұндағы 23-1-тараудың және 241-1-241-7-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
"23-1-тарау. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
241-1-бап. Инновациялық қызмет ұғымы және оның мазмұны
241-2-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаты, міндеттері және негіздері
241-3-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйенің субъектілері
241-4-бап. Инновациялық жүйенің және технологиялық саясаттың құралдары
241-5-бап. Инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары
241-6-бап. Венчурлік қорлар мен жеке венчурлік инвесторларды бірлесіп қаржыландыру
241-7-бап. Инновациялық гранттар беру";
2) 92-баптың 1-тармағында:
3-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) инновациялық қызмет;";
3) 97-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, бизнес-инкубаторлар және өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтері жатады.";
4) 98-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Инновациялық қызметті қолдау саласында:
1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, технологиялық даму саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекітеді;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан технологиялық саясат жөніндегі кеңес құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
4) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын енгізуді, олардың күшін жоюды және қайта қарауды, сондай-ақ оларды қолдану тәртібін көздейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.";
5) 100-бап алып тасталсын;
6) 100-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"100-1-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган және оның инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті
1. Инновациялық және технологиялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган:
1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
3) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындайды;
4) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың технологияларды және инновацияларды дамыту бөлігінде даму стратегиялары мен жоспарларын келіседі;
5) инновациялық және технологиялық даму бөлігінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын келіседі;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
7) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсететін қызметтеріне ақы төлеу тәртібін әзірлейді және айқындайды;
11) құзыреті шеңберінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және оған жауапты болады;
12) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
8) 101-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) индустриялық-инновациялық қызмет саласында білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз етуді және жұмыспен қамтуды реттеуді үйлестіруді жүзеге асырады;
3) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму стратегиялары мен жоспарларын индустриялық-инновациялық даму мақсаттарына сәйкестігі тұрғысынан келіседі;
4) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
9) 102-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган:
1) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша тергеп-тексерулерді жүргізетін органмен өзара іс-қимыл жасайды;
2) тергеп-тексерулер жүргізетін органға арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексерулерге бастамашылық ету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіреді;
4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша ұсыныстарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі;
5) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
6) басқа елдердің ресми органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
7) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды әзірлейді және бекітеді;
8) құзыреті шеңберінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және оған жауапты болады;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
10) 103-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"103-бап. Мемлекеттік органдардың инновациялық қызметті қолдау саласындағы құзыреті
Мемлекеттік органдар инновациялық қызметті қолдау саласындағы өз құзыреті шегінде:
1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
3) Технологиялық саясат жөніндегі кеңесте қарау үшін жетекшілік ететін бағыттарда нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдарға инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, сондай-ақ инновацияларды дамыту жөніндегі индикаторларға қол жеткізу туралы ақпарат береді;
5) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар береді;
6) құзыреті шеңберінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және оған жауапты болады;
7) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
11) 105-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) тиісті аумақта өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау карталарын әзірлейді және бекітеді;
3) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруды жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетеді;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұйымдардың сатып алуындағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға береді;
5) өнеркәсіптік және инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органдарға өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы ақпарат береді;
6) негізгі қызметі инновацияларды дамытуға және инвестициялар тартуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
12) мынадай мазмұндағы 23-1-тараумен толықтырылсын:
"23-1-тарау. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
241-1-бап. Инновациялық қызмет ұғымы және оның мазмұны
1. Инновациялық қызмет деп инновацияларды құруға бағытталған қызмет (зияткерлік шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда) түсініледі.
Инновациялық қызмет инновациялық қызметтің нарықтық перспективаларының белгісіздігімен және салынған қаржылық және өзге де ресурстардың жоғалуымен сипатталатын жоғары кәсіпкерлік тәуекелдің болуын болжайды.
2. Инновациялық қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын, оның ішінде технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістер мен бизнес-модельдер құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені инновациялық жоба болып табылады.
3. Бәсекелестік артықшылық алуды қамтамасыз ететін қандай да бір жаңа немесе едәуір жақсартылған өнім (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет), технология немесе процесс, маркетингтің жаңа әдісі немесе іскерлік практикадағы, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастырудағы жаңа ұйымдастырушылық әдіс түрінде іске асырылған, тұтынуға енгізілген инновациялық қызметтің түпкілікті нәтижесі инновация болып табылады.
4. Инновациялық жобаларды іске асыратын жеке, заңды тұлғалар, жай серіктестіктер инновациялық қызмет субъектілері болып табылады.
241-2-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаты, міндеттері және негіздері
1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаты жаңа немесе едәуір жақсартылған өнімді (тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті), технологияны немесе процесті, маркетингтің жаңа әдісін немесе іскерлік практикадағы, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастырудағы жаңа ұйымдастырушылық әдісті пайдалануға енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасау негізінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың міндеттері:
1) таланттарды анықтау, тәрбиелеу, тарту және ұстап қалу және ғылыми, инженерлік және кәсіпкерлік кадрлардың кәсіби өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) экономиканың технологиялық күрделілігін арттыру, экономика мен қоғамның инновацияларға бейімділігін арттыру есебінен ұлттық экономиканың базалық салаларын технологиялық жаңғырту және оны әртараптандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
3) инновациялық қызметті, инновацияларды тиімді енгізуді, жоғары технологиялық өндірістерді, корпоративтік инновацияларды және технологиялар трансфертін дамытуды қолдау;
4) стартап инфрақұрылымды және венчурлік инвестициялау мәдениетін дамыту үшін жағдайлар жасау;
5) инновацияларға сұранысты ынталандыру;
6) технологияларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруда, ғылымды қажетсінетін бизнесті дамыту үшін жағдай жасауда инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдем көрсету;
7) инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықта, оның ішінде инновациялық қызмет үшін жоғары білікті кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықта жәрдем көрсету;
8) инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруда және инновациялық кластерлерді дамытуда жәрдем көрсету болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау мыналарға негізделеді:
1) осы Кодекске сәйкес инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
2) инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шараларының жариялылығына, атаулылығына және транспаренттілігіне;
3) мемлекет пен инновациялық қызмет субъектілері мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз етуге;
4) инновациялық қызмет субъектілерінің инновациялық жобаларын олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сәтті іске асыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыруға;
5) мемлекет пен инновациялық қызмет субъектілерінің тұрақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін кешенділік пен жүйелілікке;
6) ғылым, технологиялар және инновациялар саласындағы тиімді коммуникация жүйесін қалыптастыру есебінен инновациялық қызметтің өмірлік циклінің барлық сатыларында қолдау көрсетуге негізделеді.
241-3-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйенің субъектілері
1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйенің субъектілеріне ұлттық даму институттары және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалар жатады.
2. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйенің басқа да субъектілері:
1) технологиялық болжауды жүргізуде, технологиялық саясатты іске асыруда және инновациялық инфрақұрылымды дамытуда әдіснамалық және консультациялық қолдауды жүзеге асырады;
2) инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
3) инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, шетел қатысатын заңды тұлғаларды құру, инвестициялық және венчурлік қорларды құру немесе оларға қатысу арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады;
4) технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, технопарктерді, халықаралық технологиялар трансферті орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысады;
5) экономиканың басым секторларының технологиялық дамуын ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
6) іске асырылатын инновациялық жобалар, енгізілген технологиялар, технологиялық болжау бойынша жүргізілген талдамалық зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
7) технологиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансферті бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға, инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейтуге қатысады;
8) мемлекеттік органдарға инновациялық қызмет мәселелері бойынша сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдар береді;
9) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар беру бойынша қызметтер көрсетеді;
10) тәуекелмен инвестициялаудың инвестициялық қорларын, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыруды дамытуға жәрдем көрсетеді.
241-4-бап. Инновациялық жүйенің және технологиялық саясаттың құралдары
1. Технологиялық саясат – экономиканың, оның секторлары мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің технологиялық деңгейін арттыруға бағытталған мемлекет және/немесе инновациялық қызмет субъектілері жүзеге асыратын экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі.
2. Технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру құралдарына технологиялық платформалар жатады.
Технологиялық платформа технологияларды генерациялау мен жетілдіру және кадрлар даярлау, инновациялық қызметті ынталандыру, технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған инновациялық қызмет субъектілерін, ғылыми ұйымдарды, білім беру ұйымдарын, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғаларды коммуникация және нарыққа бағдарланған үйлестіру үшін технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру құралы болып табылады.
Салалық бағыттар бойынша технологиялық саясатты технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары технологиялық саясат жөніндегі кеңестің қарауына енгізеді.
3. Технологиялық саясатты қалыптастыру үшін технологиялық болжау (картаға түсіру) жүргізіледі.
Технологиялық болжау дегеніміз – дамуы мемлекеттің тұрақты инновациялық дамуының қажетті шарты болып табылатын технологияларды анықтауға бағытталған талдамалық зерттеулер кешені.
Технологиялық болжауды тиісті салалардағы технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары шетелдік және отандық сарапшыларды тарту, сұрау салулар мен талдамалық зерттеулер жүргізу, алынған деректерді қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру арқылы технологиялық платформалармен өзара іс-қимыл кезінде жүргізеді.
Технологиялық болжау процесі инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын әдіснамалық сүйемелдеумен қамтамасыз етіледі.
Технологиялық болжау қорытындылары технологиялық саясатты қалыптастыру және инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау кезінде ескеріледі.
4. Технологиялық саясатты іске асыру үшін нысаналы технологиялық бағдарламалар әзірленеді және бекітіледі.
Нысаналы технологиялық бағдарлама дегеніміз – мемлекеттің, кәсіпкерлік және ғылым субъектілерінің өзара іс-қимылына негізделген кәсіпорындардың (саланың) технологиялық міндеттерін шешу жөніндегі шаралар кешені.
Нысаналы технологиялық бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын инновациялық жобаларды іске асыру үшін инновациялық гранттар беру және мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары басым тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Инновациялық белсенділікті ынталандыру және инновациялық қызметті танымал ету құралдары инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдау, білімді, оның ішінде технологияларды коммерцияландыру бойынша білімді тарату болып табылады.
Инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдауды инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады және инновациялық белсенділікті ынталандыру, инновациялық қызметті ақпараттық қолдау және танымал ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды көздейді.
Технологияларды коммерцияландыруға жәрдемдесу (қолдау):
1) технологиялық кәсіпкерлік саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және (немесе) өткізу;
2) технологияларды іздеу, оларды сәйкестендіру жүйесін қалыптастыру және дамыту және оларды нарыққа жылжытуға жәрдем көрсету;
3) жобалық менеджерлер институтын дамыту;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады.
6. Инновациялық жүйені талдау құралы мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ инновациялық қызметті қолдауды, технологиялық саясаттар мен нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асыратын инновациялық жүйе субъектілері жүзеге асыратын инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау болып табылады.
Инновациялық жүйенің тиімділігін тәуелсіз талдауды, ұсынымдар әзірлей отырып, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Инновациялық обсерватория жүзеге асырады.
Инновациялық дамудың барлық факторларын, салалардың ағымдағы жай-күйін ескере отырып, инновациялық жүйені талдау үшін Қазақстан Республикасы инновацияларының ақпараттық талдамалық жүйесі пайдаланылады.
241-5-бап. Инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары
1. Инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте айқындалады.
Мемлекеттік қолдаудың түрлері мен деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
2. Инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларына:
1) венчурлік қорларды бірлесіп қаржыландыру;
2) инновациялық гранттар беру жатады.
3. Инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау осы Кодекске және "Өнеркәсіптік саясат туралы", "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы", "Ғылым туралы", "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы", "Қазақстанның Даму Банкі туралы", "Инновациялық технологиялар паркі "Инновациялық кластері туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады.
241-6-бап. Венчурлік қорлар мен жеке венчурлік инвесторларды бірлесіп қаржыландыру
Венчурлік қорлар мен жеке венчурлік инвесторларды бірлесіп қаржыландыруды тізбесін Үкімет бекітетін инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті инновациялық даму субъектісі жүзеге асырады.
241-7-бап. Инновациялық гранттар беру
1. Инновациялық грант дегеніміз – инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде инновациялық қызмет субъектілеріне олардың инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты.
Инновациялық гранттарды беруді инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институттарын тарта отырып жүзеге асырады.
2. Инновациялық гранттар инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық жобаларды іске асыруды бірлесіп қаржыландыру арқылы беріледі.
3. Инновациялық гранттар мыналарға:
1) технологияларды коммерцияландыруға;
2) кәсіпорындарды технологиялық дамытуға;
3) салаларды технологиялық дамытуға беріледі.
4. Инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін инновациялық гранттар беру қағидаларына сәйкес сараптама жүргізіледі.
Инновациялық гранттар беру қағидаларында инновациялық гранттар беру кезінде қойылатын өлшемшарттар белгіленеді.
5. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты Инновациялық гранттар берілген индустриялық-инновациялық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді талдау мақсатында берілген инновациялық гранттарға мониторинг жүргізеді.
6. Инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде инновациялық гранттар беруге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, ал келесі қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады. Инновациялық гранттар беруге арналған ақшаның жалпы көлемі барлық инновациялық гранттар арасында бөлінеді.";
13) 24-тарау алып тасталсын.
2. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-IV, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-II, 124-құжат):
278-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"7. "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Индустрияландыру картасына енгізілген өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты (байланысты) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері осы тармақта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодекстің 70-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілмеген аумақ шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіне берілген өтініш негізінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алуға құқылы деп белгіленсін. Бұл құқықты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде іске асыруы мүмкін.".
3. "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83- құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85- құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесі
Қазақстанның Даму Банкі (бұдан әрі – Даму Банкі) акцияларының бақылау пакеті Ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам болып табылады. Даму Банкі ұлттық даму институты және мемлекеттік инвестициялық саясатты және өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға уәкілеттік берілген банк болып табылады.";
2) 3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Заңның 7-бабында көзделген операцияларды (банктерге нысаналы кредиттерді, кредит желілерін, эмитент орналастырудан түскен қаражатты меморандумда айқындалған тәртіппен экспорттық операцияларды іске асыруға жіберетін Даму Банкінің облигацияларды сатып алуын қоса алғанда) жүзеге асыру арқылы экспорттық операцияларды қаржыландыру;".
4. "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 200, жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қордың осы Заңда белгіленген, Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты дамуына ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру ерекшеліктерін есепке алу кезінде оларды іске асыруға қатысу болып табылады.";
2) 6-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды, оның ішінде республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөле отырып іске асыруды қоса алғанда, Қордың Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстарын қарау;";
3) 8-баптың 3-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Қордың: тәуекелдерді басқару, қайырымдылық көмек жөніндегі, әлеуметтік жауапкершілік туралы, ақпаратты ашу, кредиттік, өнеркәсіптік-инновациялық және өзге де саясатын бекіту;";
4) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Қор әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруының ерекшеліктері
1. Қор және Қор тобына кіретін ұйымдар Қор қызметінің бағыттары бойынша өнеркәсіптік-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатыса алады.
2. Қордың немесе Қор тобына кіретін ұйымдардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық жасайтын, рентабельділігі төмен болып табылатын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда толық немесе ішінара бюджеттік қаржыландыруды және (немесе) мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктерді бере отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
Қор немесе Қор тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Қор немесе Қор тобына кіретін ұйым өнеркәсіптік-инновациялық қызметті жүзеге асырған кезде оған Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.";
5) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қордың даму стратегиясы Қор қызметінің бағыттары бойынша өнеркәсіптік-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары ескеріле отырып, он жылға әзірленеді.";
6) 19-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпарат Қор атынан шоғырландырылып, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде ұсынылады.".
5. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109- құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 49-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):
1) 4-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) мұнай-газ-химия өнеркәсібін дамыту бойынша жағдайлар жасау болып табылады.";
2) 6-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) газ және газбен жабдықтау саласындағы, сондай-ақ мұнай-газ-химия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;";
3) 5-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) газ және газбен жабдықтау саласындағы, сондай-ақ мұнай-газ-химия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;".
6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
11-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ақпараттық жүйесін қалыптастыру, оның жұмыс істеуі, оны жүргізу, сүйемелдеу және дамыту және оған қол жеткізуді ұсыну жөніндегі оператордың функцияларын жүзеге асырады.".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |