Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысына жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2019 жылы республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 71 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 193-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының және Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарына 224 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша берілген бюджеттік кредиттер мынадай тәртіппен қайта құрылымдалсын:

      1) 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 9МИО1022 кредиттік шарт бойынша Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органының кредитті игеру кезеңін 2020 жылғы 10 желтоқсаннан 2021 жылғы 10 желтоқсанға өзгерту;

      2) 2019 жылғы 22 қарашадағы № 9МИО1049 кредиттік шарт бойынша Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының кредитті игеру кезеңін 2020 жылғы 10 желтоқсаннан 2021 жылғы 10 желтоқсанға өзгерту;

      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.08.2021 № 581 қаулысымен;
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.08.2021 № 581 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, Нұр-Сұлтан қаласының және Маңғыстау облысының әкімдері кредиттік шартқа тиісті қосымша келісім жасасуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 3 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.08.2021 № 581 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады