Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 97 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 25 ақпандағы
№ 97 қаулысына
қосымша

"Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі


Р/с № Мүліктің атауы Өлшем бірлігі Саны Шығарылған жылы Зауыттық нөмірі
1 2 3 4 5 6

1

Н-130 тікұшағы

бірлік

1

2020

SN-8910

2

Н-145 ВС 145 тікұшағы

бірлік

1

2020

D-2 17.100.01 E
SN-20354

3

Негізгі жиынтықтаушы бұйымдары, қосымша жабдығы, қосалқы бөлшектерінің, жабдықтары мен құрал-саймандарының бір жинағы бар Ми-8АМТ тікұшағы

бірлік

1

2020

8АМТ00398197843U

4

Жер үстінде қамтамасыз ету құралдары, су бетінде ұшуға арналған жабдықтар және
Ми-8АМТ тікұшағына қосымша мүлік

бірлік

1

2020

8АМТ00398197843U

5

Негізгі жиынтықтаушы бұйымдары, қосымша жабдығы, қосалқы бөлшектерінің, жабдықтары мен құрал-саймандарының бір жинағы бар Ми-8АМТ тікұшағы

бірлік

1

2020

8АМТ00398197844U

6

Жер үстінде қамтамасыз ету құралдары, су бетінде ұшуға арналған жабдықтар және
Ми-8АМТ тікұшағына қосымша мүлік

бірлік

1

2020

8АМТ00398197844U


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады