Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы" 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 428 және "Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы" 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1057 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 116 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 214 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.04.2022 № 214 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 428 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 277-құжат):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаларды айқындау туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Kazakhstan Project Preparation Fund" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

      1) денсаулық сақтау саласындағы республикалық концессиялық жобаларды қоспағанда, республикалық концессиялық жобаларды;

      2) егер жергілікті атқарушы органның тиісті шешімімен өзгеше белгіленбесе, жергілікті концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. "Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы денсаулық сақтау саласындағы республикалық концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.";

      2) "Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1057 қаулысында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаларды айқындау туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-4-бабына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Kazakhstan Project Preparation Fund" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі денсаулық сақтау саласындағы республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. "Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы денсаулық сақтау саласындағы республикалық және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультативтік қолдау жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және "Алматы қаласында 300 төсектік көпсалалы университеттік аурухананы салу және пайдалану" концессиялық жобасына қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады