Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаларды айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 428 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 214 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.04.2022 № 214 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Kazakhstan Project Preparation Fund" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

      1) денсаулық сақтау саласындағы республикалық концессиялық жобаларды қоспағанда, республикалық концессиялық жобаларды;

      2) егер жергілікті атқарушы органның тиісті шешімімен өзгеше белгіленбесе, жергілікті концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. "Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы денсаулық сақтау саласындағы республикалық концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.

      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады