Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаларды айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1057 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 214 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.04.2022 № 214 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-4-бабына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. "Kazakhstan Project Preparation Fund" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі денсаулық сақтау саласындағы республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. "Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы денсаулық сақтау саласындағы республикалық және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультативтік қолдау жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.

      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 03.03.2021 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады