1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен сенімгерлік басқару шартын жасасу арқылы "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамының 100 % акциялар пакетіне үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |