"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай білім беру ұйымдарына:
1) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 41 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Фариза Оңғарсынованың есімі;
2) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 72 жалпы білім беретін орта IT мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әбіш Кекілбайұлының есімі берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |