"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 қаулысы.

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы


      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 166-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды жүзеге асырсын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

           

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі А. Мамин


      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 175 қаулысымен
бекітілген


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар


      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 363-2-жолмен толықтырылсын:

      "363-2. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы.";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 388-жол алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:

      "3. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы.".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады