Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А.Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж', № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж. № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құж’ат- № 18 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; №12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; №2, 9, 11- құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; №11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар, 2014 ж„ № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат, № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат, 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; 2019 ж., № 7 (2782), 39-құжат):
1) мазмұнында:
12-тараудын тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"12-тарау. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймақтарының мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер";
3) 13-бап мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
"3-2) босалқы жерді атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша ядролық қауіпсіздік аймақтарының жері санатына ауыстыру және оның тәртібін бекіту;";
4) 12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"12-тарау. Өнеркэсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймақтарының мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер";
5) мынадай мазмұндағы 120-1-баппен толықтырылсын:
"120-1-бап. Ядролык қауіпсіздік аймағынын жері
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ядролық қауіпсіздік аймақтарын құру және олардың жұмыс істеуі үшін берілген жер ядролық қауіпсіздік аймағының жері деп танылады.
2. Жер учаскелерін босалқы жер санатынан ядролық қауіпсіздік аймағы жерінің санатына ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
3. Жер учаскелерін босалқы жер санатынан ядролық қауіпсіздік аймағы жерінің санатына ауыстыру, ядролык қауіпсіздік аймағының жерін ядролық қауіпсіздік аймағының операторына беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
4. Ядролық қауіпсіздік аймағының жері ядролық қауіпсіздік аймағының тиісті операторына жер пайдалануға беріледі.";
6) 138-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"138-бап. Босалқы жерді беру
Босалқы жер ауыл шаруашылығының, жекеше орман өсірудің, өнеркәсіптің мұқтажы және өзге де мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда меншікке немесе жер пайдалануға беріледі. Босалқы жерді басқа санаттарға ауыстыру оны меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүзеге асырылады.";
7) 143-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ядролық қауіпсіздік аймағының операторына берілетін ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне қатысты қолданылмайды.".
2. Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексіне (Қазакстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2021 ж., № 1, 1-құжат):
236-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарының ережссі Қазақстан Республикасының заннамасына сәйкес ядролық қауіпсіздік аймағының операторына берілетін ядролық қауіпсіздік аймақтарының жеріне қатысты қолданылмайды.".
2. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |