Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 227 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің байқау кеңесімен "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.

      2. Мынадай:

      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні бастауыш, негізгі орта, кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беруді жүзеге асыру болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорын жарғысын бекітуге ұсынуды;

      2) жарғының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында тіркелуін;

      3) іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. "Қазақ ұлттық хореография академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) таратылсын.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған қоғамның мүлкін заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпорынның балансына берсін.

      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі таратылатын қоғамның білім алушыларының оқу жылын аяқтауы және оларды кәсіпорынға ауыстыру үшін шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      8. Осы қаулының 4 және 6-тармақтары орындалғаннан кейін қолданысқа енгізілетін 7-тармақты қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2021 жылғы 9 сәуірдегі
№ 227 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қ." деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-167-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірі 224-33-9-жол алып тасталсын.

      3. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында:

      аталған қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 45-жолмен толықтырылсын:

      "

45

"Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Нұр-Сұлтан қаласы

  ".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады