Қарағанды облысы Теміртау қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 243 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 5) тармақшасына және 108-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қарағанды облысы Теміртау қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы "Қарағанды облысының Теміртау қаласы мен Бұқар жырау ауданының шекарасын (шегін) Бұқар жырау ауданы жерінің жалпы ауданы 902 гектар бөлігін облыстық маңызы бар Теміртау қаласының шекарасына (шегіне) беру жолымен өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 27 шілдедегі № 551 және Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 маусымдағы № 40/04 бірлескен шешімі мен қаулысына келісім берілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 15 сәуірдегі
№ 243 қаулысына
қосымша

Қарағанды облысы Теміртау қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын Бұқар жырау ауданының жер бөліктерінің экспликациясы


Р/с №

Ауданның атауы

Теміртау қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын жердің ауданы (гектар)

Оның ішінде

ауыл шаруашылығы алқаптары

елді мекендердің (қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің) жерлері

егістік

жайылым


1

2

4

5

6

7

1

Теміртау қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын
жерлердің жалпы ауданы, Бұқар Жырау ауданы жерлерінің бөлігі, оның ішінде

902

-

743

159


Самарқанд а/о

37

-

23

14


Қызылқайың а/о

865

-

720

145


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады