Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі 2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 307 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі 2021 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспарды бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі 2021 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі 2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспарда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі 2021 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 24-1, 24-2, 24-3, 24-4 және 24-5-жолдармен толықтырылсын:
"
24-1. | ҚХР кеден органдарының ҚХР-ға салқындатылған ет пен ішек-бауырды импорттаушылар тізіліміне қазақстандық кәсіпорындарды қосу туралы шешім қабылдауын тездетуге жәрдемдесу |
Үкіметке ақпарат |
2021 жылғы | АШМ (жинақтау), СИМ, СІМ |
24-2. | Тарифтік квоталар көлемінің 50 %-ын етті қайта өңдеуші кәсіпорындардың пайдасына бөлу мәселесін пысықтау |
Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | СИМ (жинақтау), АШМ, ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
24-3. | Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 2 жылға дейін бюджеттік кредиттеуді ұсыну |
Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы мамыр | АШМ (жинақтау), Қаржымині |
24-4. | Азық-түлік қауіпсіздігін арттыру және азық-түлік тауарларын тұтынуда импорт үлесін 2021 жылы 16 %-ға дейін азайту бойынша шаралар қабылдау |
Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы маусым, 2021 жылғы желтоқсан | АШМ (жинақтау), ҰЭМ, СИМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ АҚ (келісу бойынша) |
24-5. |
Жұмыс істеп тұрған қант өндірістерін жаңғырту |
Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы тамыз | АШМ (жинақтау), ИИДМ |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 41-1, 41-2, 41-3, 41-4 және 41-5-жолдармен толықтырылсын:
"
41-1. |
Үшінші елдерден цементтің жекелеген түрлерін әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салуды енгізу |
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | 2021 жылғы мамыр | ИИДМ (жинақтау), СИМ, Қаржымині, ҰЭМ |
41-2. | Дәрілік препараттар өндірісіне арналған фармацевтикалық субстанциялар мен ингредиенттер үшін кедендік әкелу баждарын нөлге түсіру жөнінде ұсыныстар дайындау | СИМ-ге ұсыныстар | 2021 жылғы желтоқсан | ИИДМ (жинақтау), ДСМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
41-3. | Жеңіл өнеркәсіптің дайын өнімдерін өндіруге арналған шикізат пен жиынтықтаушыларға (фурнитура, бояуыштар, маталар, жіптер және басқалары) кедендік әкелу баждарын нөлге түсіру жөнінде ұсыныстар дайындау | СИМ-ге ұсыныстар | 2021 жылғы желтоқсан | ИИДМ (жинақтау), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
41-4. | Кинокөрсетілімдерді жабдықтау үшін кедендік баж мөлшерлемесін нөлге түсіру жөнінде ұсыныстар дайындау | СИМ-ге ұсыныстар | 2021 жылғы желтоқсан | МСМ (жинақтау), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
41-5. | Заңнамалық актілерге АЭА қызметін жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер енгізу | заңнамалық актілерге түзетулер енгізу | 2021 жылғы желтоқсан | ИИДМ (жинақтау), ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, ЭМ, Әділетмині, Еңбекмині |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 60-1 және 60-2-жолдармен толықтырылсын:
"
60-1. | Шектеу шаралары қолданылған кезеңде тасымалдаушылар кірістерінің төмендеуіне байланысты облысаралық қатынастар бойынша теміржол тасымалдарын субсидиялауға 3,5 млрд теңге мөлшерінде қосымша қаражат бөлу мәселесін пысықтау | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы сәуір | Қаржымині (жинақтау), ИИДМ |
60-2. | "Достық-Ақтоғай-Мойынты" теміржол көлігі дәлізін жаңғыртудың І іске қосу кешені" жобасын іске асыру мерзімін 2023 жылдан 2021 жылға ауыстыру мәселесін пысықтау | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы мамыр | ИИДМ (жинақтау), Қаржымині |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 62-1, 62-2, 62-3 және 62-4-жолдармен толықтырылсын:
"
62-1. | Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлем жасау мерзімдерін орындалған жұмыстар немесе тауарларды қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап 2 есеге қысқарту | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы маусым | Қаржымині (жинақтау), СИМ, ИИДМ, ҰЭМ, Еңбекмині |
62-2. | Мемлекеттік сатып алуда отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі іс-шаралардың жол картасын әзірлеу | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы сәуір | Қаржымині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
62-3. | Кәсіпкерлік қызмет шеңберінде ұсынылған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асыру үшін көрсетілетін төлем қызметтерді берушілерге немесе төлем жүйесі операторларына берілетін ұлттық штрихтық кодтар стандартын әзірлеу | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы мамыр | СИМ (жинақтау), ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині |
62-4. | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын кодтау жөнінде ұсыныс әзірлеу | Үкіметке ұсыныстар | 2021 жылғы тамыз | СИМ (жинақтау), Еңбекмині, Қаржымині |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 84-1, 84-2, 84-3, 84-4, 84-5, 84-6, 84-7, 84-8, 84-9, 84-10, 84-11, 84-12, 84-13, 84-14, 84-15, 84-16, 84-17, 84-18, 84-19, 84-20, 84-21 және 84-22-жолдармен толықтырылсын:
"
84-1. | Өтінімдерді қабылдау мерзімін 2021 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарта отырып, экономиканың зиян шеккен салаларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту мәселесін пысықтау | Үкімет қаулысы | 2021 жылғы сәуір | ҰЭМ (жинақтау), Қаржымині, Әділетмині, ҚНРДА (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
84-2. | Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың меншігіндегі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша шағын және орта бизнес субъектілері үшін жалдау төлемдерін 2021 жылғы 30 маусымға дейін тоқтата тұру және есептемеу |
Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | 2021 жылғы сәуір |
ҰЭМ (жинақтау), Қаржымині, Әділетмині, |
84-3. | Отандық тауар өндірушілерді мөлшері аз (1000 АЕК-ке дейін) мемлекеттік сатып алулар бойынша қолдау тетігін енгізу | заңнамалық актілерге түзетулер енгізу | 2021 жылғы желтоқсан | Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
84-4. | Мемлекеттік сатып алу шеңберінде жұмыс тәжірибесін верификациялау мерзімін кешенді объектілер бойынша жұмысты есепке алуды жүргізумен 10 жұмыс күніне дейін қысқарту |
Қаржы министрінің бұйрығы | 2021 жылғы мамыр | Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
84-5. | Ұлттық режимнен алу қолданылатын тауарларды мемлекеттік сатып алу мақсатында Индустриялық сертификатты қолдануды сақтау, отандық тауар өндірушілерден сатып алу тұрғысынан бақылауды қамтамасыз ету мәселесін пысықтау |
Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы мамыр | ИИДМ (жинақтау), Қаржымині, СИМ, ҰЭМ, Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
84-6. | Мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік секторлардың бастамасы бойынша заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің банкроттығы туралы істер қозғауды тоқтата тұру | Үкімет қаулысы | 2021 жылғы сәуір | Қаржымині (жинақтау), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
84-7. |
Оңалту және банкроттық саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдар санын ұлғайту; | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | Қаржымині (жинақтау), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
84-8. | Салық кодексіне Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі бекітетін тізбе бойынша импортталған тауарларға ҚҚС есептеу кезінде құнды белгілеу үшін бақылау бағаларының ең төменгі деңгейі құралын енгізу | заңнамалық актілерге түзетулер енгізу |
2021 жылғы | ҰЭМ (жинақтау), Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
84-9. | Мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлерге банк операцияларын тоқтату бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы СМС-хабарламалар жіберуін қамтамасыз ету | заңнамалық актілерге түзетулер енгізу |
2021 жылғы | ҰЭМ (жинақтау), Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
84-10. | Екінші деңгейдегі банктердің салықтар бойынша қарыздарды толық өтеу кезінде есеп айырысу шоттары бойынша операцияларды мемлекеттік кірістер органдарының растауынсыз жүргізуі | заңнамалық актілерге түзетулер енгізу |
2021 жылғы | ҰЭМ (жинақтау), Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
84-11. | Отандық тауар өндірушілерінің квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары аясында кепілдендірілген ұзақ мерзімді шарттар жасасуына жәрдемдесу | Үкіметке ақпарат |
2021 жылғы маусым, | ИИДМ (жинақтау), ЭМ, Қаржымині, АШМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ (келісу бойынша) |
84-12. | ЖАО сатып алуының жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесін ұлғайту бойынша шаралар қабылдау | Үкіметке ақпарат |
2021 жылғы маусым, | ИИДМ (жинақтау), ЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
84-13. | Микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерінің кәсіпкерлік субъектілеріне, әсіресе АӨК-де кредит беруге қатысуы есебінен кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының шарттарын кеңейту | Үкіметке ақпарат |
2021 жылғы қазан | ҰЭМ (жинақтау), АШМ, Қаржымині, ҚНРДА (келісу бойынша) |
84-14. | Оff-take келісімшарттарын қолдана отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру | Үкіметке ақпарат |
2021 жылғы қыркүйек | ҰЭМ (жинақтау), ИИДМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
84-15. |
Заңнамалық деңгейде бизнес субъектілерінің әкімшілік жүктемелерін төмендетуге бағытталған реттеушілік саясаттың мынадай жаңа қағидаттарын енгізу: | Заң жобасын Парламентке енгізу | 2021 жылғы 1 маусым | ҰЭМ |
84-16. | Жеке микроқаржы ұйымдарына "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде берілетін микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау | Үкіметке ақпарат |
2021 жылғы шілде, | ҰЭМ (жинақтау), "Даму" ҚДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
84-17. | ЕДБ қарыздарын "АШҚҚҚ" АҚ арқылы кепілдендіру шеңберінде басым бағыттарды кеңейту | Үкіметке ақпарат |
2021 жылғы шілде | АШМ (жинақтау), ҰЭМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Даму" ҚДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
84-18. | Инвестицияға салынған капиталға нарықтық кіріс алу және реттеліп көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын төмендетуге ынталандырулар жасау мақсатында тарифтік саясатты жетілдіру және табиғи монополияларды реттеу саласындағы бұдан былайғы тәсілдер бойынша ұсыныстар енгізу | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы қыркүйек | ҰЭМ |
84-19. | Креативті экономика саласындағы ШОБ қолдау бойынша шаралар әзірлеу | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы шілде | ҰЭМ (жинақтау), МСМ, ЦДИАӨМ, Әділетмині, БҒМ, ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
84-20. | Экономиканың зиян шеккен секторларында шағын және орта бизнестің кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну | ҚНРДА бұйрығы | 2021 жылғы сәуір | ҚНРДА (жинақтау) (келісу бойынша), Әділетмині |
84-21. |
2021 жылғы 1 сәуірден бастап нормалардың ретроспективті қолданылуын қамтамасыз ете отырып, экономиканың зиян шеккен секторларында шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін қолдау бойынша түзетулер қабылдау, оның ішінде: | заңнамалық актілерге түзетулер енгізу | 2021 жылғы маусым |
ҰЭМ (жинақтау), Қаржымині, ДСМ, ЕХӘҚМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
84-22. | Экономиканың зардап шеккен секторларында шағын және орта бизнес кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды ұзарту бойынша мәселені пысықтау | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы сәуір | ҚНРДА (жинақтау) (келісу бойынша), ҰЭМ Қаржымині, Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 99-1, 99-2, 99-3, 99-4, 99-5, 99-6, 99-7, 99-8 және 99-9-жолдармен толықтырылсын:
"
99-1. |
Мына: | заңнамалық актілерге түзетулер енгізу | 2021 жылғы маусым | ҰЭМ (жинақтау), Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
99-2. | Жұмыскерлердің жұмыс берушіден қорғаныш құралдары (бетперде, биялай, респиратор) түрінде алған табыстарын жеке табыс салығын төлеуден босату | заңнамалық актілерге түзетулер енгізу | 2021 жылғы маусым | ҰЭМ (жинақтау), Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
99-3. | Төмен болғанда салықтық берешекті бақылау шеңберінде шығыс операцияларын тоқтата тұру жүзеге асырылмайтын салық берешегінің шекті деңгейін 6 АЕК мөлшерінде белгілеу | заңнамалық актілерге түзетулер енгізу | 2021 жылғы маусым | ҰЭМ (жинақтау), Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
99-4. | 2023 жылға дейін салық төлеуден босатылуын ескере отырып, шағын және орта бизнес субъектілері үшін төленген салық көрсеткіші (бұдан әрі – ТСК) шегін 4-дан 3 %-ға дейін төмендету және ТСК есептеу кезінде түзету коэффициентін енгізу | Қаржы министрінің бұйрығы | 2021 жылғы мамыр | Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
99-5. | Ішкі топтық қарыздар жөніндегі сыйақы бойынша шығыстарды шегеруге жатқызу құқығын бере отырып, қарыздардың барлық түрлері бойынша сыйақыларды шегеруге жатқызу қағидаларын біріздендіру | заңнамалық актілерге түзетулер енгізу | 2021 жылғы маусым | ҰЭМ (жинақтау), Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
99-6. | Салық мөлшерлемелерінің шкаласын белгілей отырып, 2022 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған құрлықтағы көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған жаңа келісімшарттарға жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты тарату | заңнамалық актілерге түзетулер енгізу | 2021 жылғы маусым | ҰЭМ (жинақтау), Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
99-7. | Өндірілетін отандық өндіріс тауарлары, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде сатып алынатын тауарлар бойынша ұлттық режимнен алып қоюлардың қолданылуын кеңейту | Үкімет қаулысы | 2021 жылғы мамыр |
ИИДМ (жинақтау), Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
99-8. | Салық заңнамасын салықтар мен төлемдер санын қысқарту бөлігінде өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу | заңнамалық актілерге түзетулер енгізу | 2021 жылғы шілде | ҰЭМ (жинақтау), Қаржымині |
99-9. | Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өндірістік мақсаттағы негізгі қорларға инвестицияларды ынталандыру бөлігінде өзгерістер енгізу | заңнамалық актілерге түзетулер енгізу | 2021 жылғы маусым | ҰЭМ (жинақтау), Қаржымині |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 108-1, 108-2, 108-3, 108-4 және 108-5-жолдармен толықтырылсын:
"
108-1. | Валюта нарығында квазимемлекеттік сектор компанияларын үйлестіру мен іс-қимылдарының келісімділігін арттыру мақсатында инвестициялық бағдарламаларды іске асыру және сыртқы борышқа қызмет көрсету үшін қажетті көлемін ескере отырып, валюталық активтерді айырбастау бойынша болжамды жоспар әзірлеу | Үкіметке және ҰБ ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | ҰЭМ (жинақтау), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), басқа да квазимемлекеттік сектор субъектілері (келісу бойынша) |
108-2. | Ішкі нарықтағы Қаржы министрлігінің өтеу мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейінгі мемлекеттік бағалы қағаздарын шығару | Үкіметке және ҰБ ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | Қаржымині |
108-3. | ҚР МБҚ халықаралық индекстерге қосу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына сәйкес Қаржыминінің мемлекеттік борышты басқару саясатын жетілдіру | Үкіметке және ҰБ ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | Қаржымині (жинақтау), ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша) |
108-4. | Заңнамалық өзгерістерді талап ететін заңдық және нормативтік кедергілерді анықтай отырып, проблемалық кредиттер мен оларды сату жұмысы жөніндегі қазіргі құқықтық базаға бағалау жүргізу | Үкіметке ұсыныс | 2021 жылғы шілде | ҚНДРА (жинақтау) (келісу бойынша), Қаржымині, ҰЭМ |
108-5. | Уақытша пруденциалдық реттеу шараларын қайта қарау | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | ҚНДРА (жинақтау) (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша) |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 117-1 және 117-2-жолдармен толықтырылсын:
"
117-1. | Еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, шетелдік жұмыскерлерді (жеке тұлғалар тартатын, еңбек иммигранттары) қазақстандық кадрлармен алмастыру бойынша шараларды іске асыру | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | Еңбекмині (жинақтау), облыстардың,Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаларының әкімдіктері |
117-2. | Тұрақты жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ микрокредит беру құралдарын іске асыруға баса назар аудара отырып, 2021 жылы Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру | Үкіметке, ҚР ҰБ-ға ақпарат | 2021 жыл тоқсан сайын | Еңбекмині (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаларының әкімдіктері |
";
мынадай мазмұндағы, реттік нөмірлері 125-1, 125-2, 125-3, 125-4, 125-5, 125-6, 125-7, 125-8, 125-9, 125-10, 125-11, 125-12, 125-13 және 125-14-жолдармен толықтырылсын:
"
125-1. | SmartBridge жобасы арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау және SmartDataUkimet жобасы арқылы үлкен деректерді басқару | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | ЦДИАӨМ |
125-2. | Мемлекеттік органдардың жұмысында қағаз құжат айналымын алып тастау және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | ЦДИАӨМ (жинақтау), МСМ, мүдделі меморгандар |
125-3. | IT саланы және IT мамандарды (тәлімгерлік, қаржылай қолдау, гранттар, шығындарды өтеу, экспорттық қолдау, субсидиялау) мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | ЦДИАӨМ (жинақтау), Қаржымині, ҰЭМ, АХҚО "Атамекен" ҰКП |
125-4. | Ауылдық елді мекендерде "мемлекеттік көрсетілетін қызметке қол жеткізу орындарын" құру | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | ЦДИАӨМ |
125-5. | 286 ауылды FWA технологиясынан 3G/4G ауыстыру | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | ЦДИАӨМ |
125-6. | Бизнес-инновацияларды ынталандыру үшін инновациялық гранттар беруге қаржы бөлу | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | ЦДИАӨМ (жинақтау), Қаржымині |
125-7. | Жоғары технологиялық салалар компанияларының ғылыми техникалық қызметін қаржыландыруды ұлғайтуды пысықтау (АКТ, электрондық өнеркәсіп, аэроғарыш өнеркәсібі, робототехника, 3D машина жасау, заттар интернеті, жасанды интеллект) | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | ЦДИАӨМ (жинақтау), БҒМ, Қаржымині |
125-8. | Бизнес үшін egov mobile құру (кемінде 50 көрсетілетін қызмет) | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | ЦДИАӨМ (жинақтау), мүдделі ОМО |
125-9. | Білікті АТ кадрларды даярлау үшін бағдарламалаудың жеке мектептеріне гранттар бөлу | кемінде 1000 грант бөлу | 2021 жылғы қыркүйек | ЖАО, ЦДИАӨМ |
125-10. | ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арқылы гранттар бөлу | заңнамалық актілерге түзетулер енгізу | 2021 жылғы желтоқсан | ЦДИАӨМ (жинақтау), БҒМ |
125-11. | Бағдарламалаудың инновациялық 5 мектебін ашу | бағдарламалаудың кемінде 5 инновациялық мектебін құру | 2021 жылғы желтоқсан | ЖАО, ЦДИАӨМ, БҒМ |
125-12. |
"Qoldau.kz" ақпараттық жүйесінде онлайн өтінім беру рәсімін оңайлату, фермерлердің өтініштерін қарау үшін "күту парағын" әзірлеу | Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | 2021 жылғы мамыр | АШМ (жинақтау), Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
125-13. | Қаржы және Әділет министрліктерінің мемлекеттік ақпараттық жүйелерін "Qoldau.kz" ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз ету |
Қаржы министрінің бұйрығы | 2021 жылғы маусым | Қаржымині (жинақтау), АШМ, Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
125-14. | Құрылыс саласын және ТКШ-ны цифрландыру бойынша кешенді шаралар қабылдау мәселесін пысықтау | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы желтоқсан | ИИДМ (жинақтау), ЦДИАӨМ (жинақтау), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаларының әкімдіктері |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 140-1-жолмен толықтырылсын:
"
140-1. | Жеке меншік балабақшалардың, мектептердің, колледждердің, шығармашылық үйірмелердің, барлық меншік нысанындағы спорт секцияларының мемлекеттік білім беру, шығармашылық және спорттық тапсырыстары арқылы талап етілетін қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №597 бұйрығымен бекітілген жан басына шаққандағы қаржыландырудың жаңа әдістемесінде айқындалған деңгейге дейін қамтамасыз ету |
Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы тамыз |
БҒМ (жинақтау), МСМ, облыстардың, |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 157-1 және 157-2-жолдармен толықтырылсын:
"
157-1. | МӘМС жүйесінде коронавирус инфекциясына шалдыққан адамдарды медициналық оңалту үшін жеке меншік санаторийлерді тарту бойынша шаралар қабылдау |
Үкіметке ақпарат | 2021 жыл тоқсан сайын | ДСМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
157-2 |
Халықты COVID 19 коронавирус инфекциясынан жаппай вакцинациялауды уақтылы жүргізу | Үкіметке ақпарат | 2021 жыл тоқсан сайын | ДСМ (жинақтау), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 160-1 және 160-2-жолдармен толықтырылсын:
"
160-1. | Экономикалық тиімділігі жоғары жаңа жобаларды белсенді түрде іздеу және іске асыру үшін ұлттық басқарушы холдингтердің жұмысын жандандыру | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы шілде | ҰЭМ (жинақтау), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша) |
160-2. | Жаңа инвестициялық цикл қалыптастыру шеңберінде стратегиялық инвестициялық келісімдер жасасу үшін жаңа инвестициялық жобаларды тарту | Үкіметке ақпарат | 2021 жылғы тамыз | СІМ (жинақтау), СИМ, ИИДМ |
";
ескертпе мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"АЭА – арнайы экономикалық аймақ
АЕК – айлық есептік көрсеткіш
КМС – квазимемлекеттік сектор
ҚР МБҚ – Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары
ӘМСҚ – әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры
"АШҚҚҚ" АҚ – "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |