Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналардың Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып:
1) Халықаралық Валюта Қорының:
Басқарушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Асқарбекұлы Досаев (келісу бойынша),
Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржывице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил;
2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің:
Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әсет Арманұлы Ерғалиев, Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров;
3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
Басқарушы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Асханұлы Смайылов, Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил;
4) Азия Даму Банкiнiң:
Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әсет Арманұлы Ерғалиев, Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил;
5) Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің:
Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әсет Арманұлы Ерғалиев, Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Қасымұлы Ержанов;
6) Ислам Даму Банкiнiң:
Басқарушы – "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Нематұлы Келімбетов (келісу бойынша), Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил.";
2) "Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестiрушiнi тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1194 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров тағайындалсын.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |