"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 272 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      18-7) және 18-8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-7) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша ұсыныстарды қалыптастыру және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісу;

      18-8) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;";

      24) және 25) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) өз құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты дамытуды және ілгерілетуді жүзеге асыру;

      25) Қазақстан Республикасы салалық мемлекеттік органдарының шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіру;";

      26) тармақша алып тасталсын;

      27) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) өз құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      28) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 28-1) және 28-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "28-1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      28-2) сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;";

      53) тармақша алып тасталсын;

      55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "55) тауарлар импорты саласындағы лицензиялардың тізілімін жүргізу;";

      58) тармақша алып тасталсын;

      63) тармақша алып тасталсын;

      70) тармақша алып тасталсын;

      72) тармақша алып тасталсын;

      119) тармақша алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады