"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 280 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      6-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ереженің 16-тармағы бірінші бөлігінің 217), 218), 219), 220), 222), 223), 224) және 225) тармақшалары және екінші бөлігінің 84), 85), 86) және 87) тармақшалары 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары:

      мынадай мазмұндағы 217), 218), 219), 220), 221), 222), 223), 224) және 225) тармақшалармен толықтырылсын:

      "217) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      218) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      219) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      220) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      221) ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекітеді;

      222) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

      223) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекітеді;

      224) мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекітеді;

      225) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидаларын бекітеді.";

      ведомстволардың функциялары:

      мынадай мазмұндағы 84), 85), 86) және 87) тармақшалармен толықтырылсын:

      "84) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді;

      85) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді;

      86) мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді;

      87) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидаларын әзірлейді.".

      2. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағы бірінші бөлігінің 217), 218), 219), 220), 222), 223), 224) және 225) тармақшаларын және екінші бөлігінің 84), 85), 86) және 87) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады