Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды және "электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілерін зерттеп-қарау бойынша жұмыстарды жеткізушілерді айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 308 қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мына мемлекеттік органдардың:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің;

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, оның ішінде әскери мақсаттағы, және ақпараттық жүйелерін қоспағанда, "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды және "электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілерін зерттеп-қарау бойынша, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің технологиялары мен инфрақұрылымын (PaaS), виртуалды инфрақұрылымды (IaaS), деректерді өңдеу орталықтарының (Hosting, Colocation) инфрақұрылымын зерттеп-қарау бойынша жұмыстарды жеткізушілер болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады