Қазақстан Республикасы Президенті Iс Басқармасының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 335 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған "Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. "Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      реттік нөмірі 7-жол алып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады