Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 339 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркістан облысының полиция департаменті Сауран ауданының полиция бөлiмi" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің республикалық бюджетінде және Түркістан облысының бюджетінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер аумақтық органдар және оның ведомстволарының тiзбесiнде:

      "1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 226-1-жолмен толықтырылсын:

      "226-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркістан облысының полиция департаменті Сауран ауданының полиция бөлімі.".

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады