Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2019 жылғы 13 мамырдағы № 271 және "Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2019 жылғы 25 қазандағы № 801 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 341 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 271 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына:

      ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "

"Қоғамдық келісім" РММ – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Қоғамдық келісім" РММ – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі"

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Қоғамдық келісім" РММ – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі".

      ";

      2) "Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 801 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарында:

      "Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу" деген бөлімде:

      "2. Ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 11-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12.

Шетелдік жетекші БАҚ-та Қазақстан Республикасы Конституциясының
25 жылдығына арналған тапсырыспен материалдарды орналастыру

2020 жыл бойы

БАҚ-та материалдар жариялау

СІМ

019 "Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет

      ";

      "3. Ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу іс-шаралары" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірлері 15, 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15.

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының базасында онлайн-форматта Қазақстан Республикасы Конституциясының
25 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізу

2020 жылғы тамыз

конференция

Әділетмині

-

талап етілмейді

16.

Судьялардың, Конституциялық Кеңес мүшелерінің және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен жоғары және жалпы орта білім беретін оқу орындарында және өзге де ұйымдарда дәрістер мен "ашық сабақтар", оның ішінде онлайн-форматта ұйымдастыру және өткізу

2020 жыл бойы

АҚДМ-ға ақпарат

БҒМ, КК (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша), ІІМ

-

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 24-жол алып тасталсын;

      "4. Қоғамдық-бұқаралық іс-шаралар" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

26.

Қазақстан Республикасы Конституциясының
25 жылдығына арналған мерекелік концертті
онлайн-форматта ұйымдастыру

2020 жылғы тамыз

концерт

МСМ, КК (келісу бойынша),
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, әкімдіктері

033
"Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы
105 "Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу" кіші бағдарламасы бойынша 137 177 мың теңге

республикалық бюджет

      ";

      реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

28.

Нұр-Сұлтан қаласында ел басшылығының, беделді халықаралық ұйымдар, басқа елдердің конституциялық әділет органдары мен ғылыми қауым өкілдерінің қатысуымен онлайн-форматта "XXI ғасырдың Конституциясы – құқықтың үстемдігі, адамның құндылығы және мемлекеттің тиімділігі" тақырыбында халықаралық конференция өткізу

2020 жылғы тамыз

АҚДМ-ға ақпарат

КК (келісу бойынша), БП (келісу бойынша),
СІМ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

006 "Өкілдік шығыстар" бюджеттік бағдарламасы бойынша
33 765 мың теңге

республикалық бюджет

      ";

      реттік нөмірі 29-жол алып тасталсын;

      "Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу" деген бөлімде:

      "1. Ұйымдық-әдістемелік іс-шаралар" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 41-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 42, 43-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

42.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары қауымдастығының кеңейтілген отырысын онлайн-форматта өткізу

2020 жылғы
II жартыжылдық

отырыс хаттамасы

БҒМ,
"Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша)

-

талап етілмейді

43.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған дөңгелек үстелдерді, конференцияларды, семинарларды оның ішінде онлайн-форматта өткізу

2020 жыл бойы

АҚДМ-ға ақпарат

БҒМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша),
облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

-

талап етілмейді

      ";

      "2. Ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 51-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

51.

Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының дамуы туралы роликтер шығару

2020 жылғы екінші жартыжылдық

бейнероликтер

"Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), АҚДМ

001 "Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша 15 000 мың теңге

республикалық бюджет

      ";

      "3. Ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу іс-шаралары" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 54-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

54.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің Қазақстан халқы Ассамблеясының
25 жылдығына арналған кеңейтілген отырысын онлайн-форматта өткізу

2020 жыл бойы

АҚДМ-ға ақпарат

"Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС (келісу бойынша), "Қоғамдық келісім" РММ (келісім бойынша)

001 "Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

      ";

      "4. Халықаралық іс-шаралар" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 58-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 59-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

59.

Шетелде Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен онлайн-форматта Қазақстан халқы Ассамблеясының
25 жылдығына арналған дөңгелек үстелдер сериясын, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу

2020 жыл бойы

АҚДМ-ға ақпарат

СІМ, Қазақстан Республикасының Парламенті (келісу бойынша)

-

талап етілмейді

      ";

      "5. Қоғамдық-бұқаралық іс-шаралар" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірлері 61, 62, 64-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 65-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

65.

Музейлерде Қазақстан халқы Ассамблеясының
25 жылдығына арналған экспозициялар мен көрмелерді онлайн-форматта ұйымдастыру

2020 жыл бойы

АҚДМ-ға ақпарат

МСМ,
облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

-

талап етілмейді

      ";

      реттік нөмірі 67-жол алып тасталсын;

      ескертпеде:

      аббревиатуралардың толық жазылуында:

      мына "Қоғамдық келісім" РММ – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамдық келісім" РММ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС" – "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады