Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді колданудың ерекшеліктері туралы келісімге қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 345 қаулысы.


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімге қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Жоба

Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпинг ке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасы і етуді қолданудың ерекшеліктері туралы КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты (бұдан әрі — Одақ туралы шарт) және 2017 жылғы II сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты негізге ала отырып,

      мүше мемлекеттердің экономикалық интеграциясын дамыту қажеттігін мойындай отырып,

      халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын, сондай-ақ халықаралық сауданың жалпыға бірдей танылған нормалары мен қағидаларын басшылыққа ала отырып,

      Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - Одақ) мүше болып табылмайтын мемлекеттердің кедендік транзит жүйелерімен өзара іс қимыл жасауының мүмкіндігін іске асыру мақсатында Одақ шеңберінде кедендік транзиттің бірыңғай жүйесін дамыту қажеттігін мойындай отырып,

      кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдиу (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке карсы, өтемақы баждарын (бұдан әрі - кедендік және өзге де төлемдер) телеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету жүйесін дамыту және жетілдіру қажеттігін мойындай отырып,

      кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді ұсыну тәртібін оңайлату қажеттігін мойындай отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Келісімнің нысанасы

      Осы Келісім:

      тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруды бір мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асыратын, ал кедендік және өзге де төлемдерді төлеу женіндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету екініиі мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған жағдайларда, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктерін;

      тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруды бір мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асыратын, ал кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету екінші мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған жағдайларда, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепілгерлікті қолдану ерекшеліктерін айқындайды.

2-бап

Кедендік және өзге де телемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды

бас қамтамасыз етуді пайдалану кезінде оңайлатуларды қолдану жағдайлары мен шарттары

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз етуді пайдалану кезінде декларантқа ұсынылған кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз етудің мөлшерінен:

      а) осы баптың 2-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде - 20 процентке;

      б) Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) айқындайтын шарттар сақталған кезде — 30 процентке асатын жалпы сомаға кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету сертификатын (сертификаттарын) (бұдан әрі - қамтамасыз ету сертификаты) ресімдеу мүмкіндігін көздейтін оңайлатулар беріледі.

      2. Осы баптың 1-тармағының "а" тармақшасында көзделген оңайлатулар мынадай шарттар сақталған:

      а) осындай оңайлатуларды қолдануға ниеті бар тұлға кеден орғанына осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтініш берілген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған;

      б) кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету кеден органына осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтініш берілген мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған;

      в) осындай оңайлатуларды қолдануға ниеті бар тұлға осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтініш берілген күннің алдындағы 3 жыл ішінде осы Келісімнің 6-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз етуді пайдалана отырып, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарлардың тұрақты (жылына кемінде 30 рет) декларанты болған;

      г) осындай оңайлатуларды қолдануға ниеті бар тұлғада осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтініш кеден органына берілген күнге Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес белгіленген мерзімде орындалмаған кедендік және өзге де төлемдерді, өсімпұлдарды, проценттерді төлеу жөніндегі міндеті болмаған;

      д) осындай оңайлатуларды қолдануға ниеті бар тұлғаға қатысты осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтініш берілген күннің алдындағы 3 жыл ішінде осындай тұлға декларанты болған тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру шарттарының бұзылуына байланысты кедендік және өзге де төлемдерді, өсімпұлдарды, проценттерді өндіріп алу жөніндегі шаралар қолданылмаған;

      е) мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдары болған;

      ж) өзге де шарттар (егер мұндай шарттар мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайда) сақталған кезде қолданылады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген оңайлатуларды қолдануға ниеті бар тұлға кедендік және езге де төлемдерді төлеу женіндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету ұсынылған кеден органына өтініш жібереді.

      Өтініштің нысаны, онда көрсетілетін мәліметтер тізбесі, өтінішті қарау мерзімдері мен тәртібі (оның ішінде осы баптың 1-тармағында көзделген оңайлатуларды қолдану туралы немесе оңайлатуларды қолданудан бас тарту туралы шешім қабылдау және өтініш берушіге қабылданған шешім туралы ақпарат жіберу тәртібі) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Осы баптың 2-тармағында көзделген шарттар не осы баптың 1-тармағының "б" тармақшасына сәйкес Комиссия айқындайтын шарттар сақталған кезде кеден органы осы баптың 1-тармағының тиісінше "а" тармақшасында немесе "б" тармақшасында козделген оңайлатуларды қолдану туралы шешім қабылдайды, ал мұндай шарттар сақталмаған жағдайда тиісті оңайлатуларды қолданудан бас тартады.

      4. Осы баптың 1-тармағында көзделген оңайлатуларды қолдану межелі кеден органы жөнелтуші кеден органынан ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды жеткізу (толық немесе ішінара) туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы ақпаратты алған күннен бастап тоқтатыла тұрады.

      Осы баптың 1-тармағында көзделген оңайлатуларды қолдану:

      егер кеден органының тауарлардың орналасқан жерін анықтауға байланысты кедендік операцияларды жасау мерзімі ішінде оларға қатысты жөнелтуші кеден органында кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданылуының аяқталуы туралы ақпарат болмаған тауарларға (тауарлардың бір бөлігіне) қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтаған жағдайда, межелі кеден органы кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданылуын аяқталған күннен бастап не осы кеден органы ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданылуының аяқталғаны туралы ақпаратты алған күннен бастап;

      егер Кодекстің 55-бабының 3-тармағына және 73-бабының 3-тармағына сәйкес кеден органы жіберген белгіленген мерзімде төленбеген кедендік және өзге де төлемдер туралы хабарламада көрсетілген мерзім ішінде тауарларға қатысты жөнелтуші кеден органында кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданылуының аяқталғаны туралы ақпарат болмаған тауарларға (тауарлардың бір бөлігіне) қатысты кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндет орындалған жағдайда, ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде межелі кеден органы жөнелтуші кеден органынан не осы хабарлама жіберілген өзге кеден орғанынан кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндетті орындау туралы ақпаратты алған күннен бастап қайта басталады.

      5. Егер Кодекстің 55-бабының 3-тармағына және 73-бабының 3-тармағына сәйкес кеден органы жіберген белгіленген мерзімде төленбеген кедендік және өзге де төлемдер туралы хабарламада көрсетілген мерзім ішінде оларға қатысты жөнелтуші кеден органында кедендік транзиттің кедендік рэсімінің қолданылуының аяқталғаны туралы ақпарат болмаған тауарларға (тауарлардың бір бөлігіне) қатысты кедендік және өзге де төлемдерді төлеу женіндегі міндет орындалмаған жагдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген оңайлатуларды қолдану межелі кеден органы жөнелтуші кеден органынан не осы хабарлама жіберілген өзге кеден органынан кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны туралы ақпаратты алған күннен бастап осындай хабарламада көрсетілген мерзім өткенге дейін тоқтатылады.

      6. Декларантқа осы баптың 1-тармағында көзделген оңайлатуларды қолдануды тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы ақпарат беруді кеден органына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын тәртіппен кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету берілген мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырады.

      7. Егер тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, онда Кодекстің 153-бабының 5-тармағында және 309-бабының 3-тармағында көзделген мән-жайлар басталған кезде төленбеген кедендік және өзге де төлемдерді кеден органына кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету ұсынылған мүше мемлекеттің кеден органы осындай қамтамасыз ету есебінен, сондай-ақ Кодекстің 68-бабының 2 және тармақтарында және 77-бабының 2 және 3-тармақтарында кезделген кедендік және өзге де төлемдерді өндіріп алудың өзге де шараларын қолдану арқылы өндіріп алады.

3-бап

Кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз етудің ұсынылғанын растау ерекшеліктері

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз етуді пайдалану кезінде электрондық құжат түріндегі қамтамасыз ету сертификаты, сондай-ақ нақты транзиттік декларация бойынша тасымалданатын (тасылатын) тауарларға қатысты кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер (бұдан әрі - қамтамасыз етуді пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер) жөнелтуші кеден органы үшін кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің ұсынылғанын растау болып табылады.

      Кеден органына кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету ұсынылған мүше мемлекеттің кеден органы қамтамасыз етуді пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтерді жолдаған кезде қамтамасыз ету сертификатында көрсетілген және кеден органы бұғаттамаған сома шегінде нақты транзиттік декларация бойынша тасымалданатын (тасылатын) тауарларға қатысты кедендік және өзғе де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету сомасын пайдалануға уақытша тыйым салу (бұдан әрі - қамтамасыз ету сомасын резервтеу) жүзеге асырылады.

      Қамтамасыз ету сертификатын пайдалану тәртібін айқындау кезінде Комиссия қамтамасыз етуді пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер алмасуга қатысатын тұлғаларды, осындай тұлғалардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін және қамтамасыз ету сомасын резервтен шығару (пайдалануға тыйым салуды алу) үшін негіздерді айқындайды.

      2. Қамтамасыз ету сомасын резервтеуді және оны резервтен шығаруды (пайдалануға тыйым салуды алуды) кеден органына кедендік және езге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету ұсынылған мүше мемлекеттің кеден органы жүргізеді.

      3. Барлық тіркелген және өтелмеген қамтамасыз ету сертификаттарының жалпы сомасын бақылауды кеден органына кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды бас қамтамасыз ету ұсынылған мүше мемлекеттің кеден органы кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырады.

4-бап

Кедендік транзиттін кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кепілгерлікті қолдану ерекшеліктері

      1. Кепілгер мынадай:

      а) кепілгердің заңды тұлға болып табылуы;

      б) кеден органы осы баптың 3-тармагында керсетілген өтінішті тіркеген күні кепілгер мен кепілгер болып табылатын заңды тұлға заңнамасына сәйкес құрылған мүше мемлекеттің кеден органы арасындағы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында жасалған қолданыстағы кепілгерлік шартының болуы;

      в) кеден органы осы баптың 3-тармағында керсетілген өтінішті тіркеген күні Кодекске сәйкес белгіленген мерзімде орындалмаған кедендік және өзге де төлемдерді, өсімпұлдарды, проценттерді төлеу жөніндегі міндеттің болмауы;

      г) кеден органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтінішті тіркеген күннің алдындағы 3 жыл ішінде кепілгерге катысты кедендік транзиттің кедендік рәсімінің шарттарын бұзуға байланысты кедендік және өзге де төлемдерді, өсімпұлдарды, проценттерді өндіріп алу жөніндегі шаралардың қолданылмауы;

      д) кепілгердің кеден органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтінішті тіркеген күннің алдындағы 3 жыл ішінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді телеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты (жылына кемінде 50 рет) кепілгер болуы;

      е) кепілгердің кеден органдары алдындағы міндеттемелерін (банк кепілдігін және (немесе) ақша қаражатын (ақшаны)) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген, бірақ осы Келісімнің 6-бабы 2-тармағы екінші абзацының ережелерін ескере отырып, осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін (айқындалатын) валюталар бағамы (бұдан әрі - валюталар бағамы) бойынша 5 млн еуроға баламалы сомадан кем болмайтын сомаға тиісінше орындауына кепілдік берілуі;

      ж) ұлттық кепілдік беруші ретінде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті, мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарына сай келетін ақпараттық жүйелердің, ақпараттық технологиялардың және оларды қамтамасыз ету құралдарының болуы шарттары;

      з) өзге де шарттар (егер мұндай шарттар мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайда) сақталған кезде ұлттық кепілдік беруші болып танылады.

      2. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепілгерлік пайдаланылған кезде осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес ұлттық кепілдік беруші болып танылған (танылатын), коммерциялық ұйым не мемлекеттік меншік нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылатын кепілгер, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында осындай коммерциялық емес ұйымдар кепілгер бола алады деп белгіленсе, осы Келісімнің 6-бабы 2-тармағының үшінші абзацын ескере отырып, кепілгерлік шарты бойынша кепілгер міндеттемелері мөлшерінің ұсынылған кеден органдары алдындағы өз міндеттемелерін тиісінше орындау кепілдігінің мөлшерінен:

      а) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған: кепілгерлік шарты кемінде 1 жыл мерзімге жасалған;

      кепілдік сомасы осы баптың 3-тармағында көрсетілген етінішті кеден органы тіркеген күні колданылатын валюталар бағамы бойынша 5 млн еуроға баламалы сомадан кем болмайтын соманы құраған кезде, ұсынылған кепілдік мөлшерінің 10 процентіне;

      б) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған: кепілгерлік шарты кемінде 1 жыл мерзімге жасалған;

      кепілдік сомасы осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын валюталар бағамы бойынша 10 млн еуроға баламалы сомадан кем болмайтын соманы құраған кезде, ұсынылған кепілдік мөлшерінің 20 процентіне;

      в) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған: кепілгерлік шарты кемінде 1 жыл мерзімге жасалған;

      кепілдік сомасы осы баптың 3-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын валюталар бағамы бойынша 15 млн еуроға баламалы сомадан кем болмайтын соманы құраған кезде, ұсынылған кепілдік мөлшерінің 30 процентіне;

      г) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған:

      осы тармақтың "а" — "в" тармақшаларында көзделген оңайлатулар осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күннің алдында кемінде 3 жыл ішінде қолданылған;

      кепілдік сомасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын валюталар бағамы бойынша 20 млн еуроға баламалы сомадан кем болмайтын соманы құраған кезде, ұсынылған кепілдік мөлшерінің 50 процентіне;

      д) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған:

      осы тармақтың "а" - "г" тармақшаларында көзделген оңайлатулар осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күннің алдындағы кемінде 5 жыл ішінде қолданылған;

      кепілдік сомасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын валюталар бағамы бойынша 20 млн еурога баламалы сомадан кем болмайтын соманы құраған кезде, ұсынылған кепілдік мөлшерінің 100 процентіне асып түсуі бөлігінде оңайлатуларды қолдана алады.

      3. Кепілгерді ұлттық кепілдік беруші деп тану үшін кепілгер кепілгерлік шарты жасалған кеден органына өзін ұлттық кепілдік беруші деп тану туралы және қолданыстагы кепілгерлік шартына өзгерістер енгізу туралы не жаңа кепілгерлік шартын жасасу туралы өтініш жібереді.

      Коммерциялық ұйым не мемлекеттік меншік нысанымен коммерциялық емес ұйым болып табылатын кепілгер, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында осындай коммерциялық емес ұйымдар кепілгер бола алады деп белгіленсе, осы

      тармақтың бірінші абзаңында көрсетілген өтініште осы баптың 2-тармағының "а" - "в" тармақшаларында көзделген оңайлатулардың бірін колдану ниеті туралы мәліметтерді де мәлімдейді (корсетеді).

      Осы баптың 1-тармагында көзделген шарттардың сақталмауы кеден органының кепілгерді ұлттық кепілдік беруші деп танудан бас тартуы үшін негіз болып табылады, ал осы баптың 2-тармағының "а" - "в" тармақшаларында көзделген шарттардың сақталмауы тиісті оңайлатуды қолданудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      4. Осы баптың 2-тармағының "а" - "в" тармақшаларында көзделген оңайлатулардың бірін пайдаланатын, осы баптың 2-тармағының "а" - "в" тармақшаларында көзделгендерден басқа оңайлатуды не осы баптың 2-тармағының "г" - "д" тармақшаларында белгіленген оңайлатулардың бірін қолдануға ниеті бар ұлттық кепілдік беруші кепілгерлік шарты жасалған кеден органына қолданыстағы кепілгерлік шартына өзгерістер енгізу туралы не жаңа кепілгерлік шартын жасасу туралы ұсынысты қоса алғанда, осындай оңайлатуды қолдану туралы өтініш береді.

      Осы баптың 2-тармағында көзделген шарттардың сақталмауы тиісті оңайлатуды қолданудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген өтініштердің нысандары, оларда көрсетілетін мәліметтердің тізбесі, оларды қарау мерзімдері мен тәртібі (оның ішінде кепілгерді ұлттық кепілдік беруші деп тану немесе кепілгерді ұлттық кепілдік беруші деп танудан бас тарту туралы, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген оңайлатуларды қолдану туралы немесе мұндай оңайлатуларды қолданудан бас тарту туралы шешім қабылдау, өтініш берушіге қабылданған шешім туралы ақпарат жіберу тәртібі) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.

      6. Кепілгер ұлттық кепілдік беруші мәртебесін мынадай:

      а) ұлттық кепілдік беруші болып табылатын заңды тұлға таратылған;

      б) ұлттық кепілдік беруші мен кеден органы арасында көрсетілген мақсаттарда жаңа мерзімге кепілгерлік шарты жасалған жағдайды қоспағанда, ұлттық кепілгер мен кеден органы арасындағы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында жасалған кепілгерлік шартының қолданылуы тоқтатылған;

      в) ұлттық кепілдік беруші мен кеден органы арасындағы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында жасалған кепілгерлік шарты бұзылған;

      г) банк кепілдігінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін кепілгердің кеден органдары алдындагы міндеттемелерін тиісінше орындау кепілдігінің сомасы осы баптың 1-тармағының "е" тармақшасына сәйкес айқындапған сомадан төмендеген;

      д) кедендік және өзге де төлемдерді өндіріп алу кепілгердің кеден органдары алдындағы міндеттемелерін тиісінше орындау кепілдігіне айналдырылған;

      е) қолданылатын ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      ж) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда жоғалтады.

      7. Кепілгердің ұлттық кепілдік беруші мәртебесін жоғалтуы туралы шешім қабылдау тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айкындалады.

      Ұлттық кепілдік беруші мәртебесін жоғалту кепілгерді кепілгерлік шарты бойынша тоқтатылмаған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      8. Ұлттық кепілдік берушілер туралы ақпаратты мүше мемлекеттердің уәкілетті кеден органдары ұлттық кепілдік берушілердің бірыңғай тізбесін қалыптастыру және оны Одақтың ақпараттық порталында орналастыру үшін Комиссияға жібереді.

      Көрсетілген тізбеге енгізілетін мәліметтердің қүрамын және оларды Комиссияға жіберу тәртібін айқындауды, сондай-ақ осы тізбені қалыптастыруды және оны Одақтың акпараттық порталында орналастыруды Комиссия жүзеге асырады.

      9. Мүше мемлекеттердің заңнамасында қаражаты Кодекстің 153-бабының 5-тармағында көзделген, кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндет орындалуга жататын мән-жайлар туындаған кезде кедендік және өзге де төлемдерді ендіріп алу мақсатында ғана пайдаланылатын кепілдік беру қорын ұлттық кепілдік берушілердің қалыптастыруы көзделуі мүмкін. Кепілдік беру қорын қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ кепілдік беру қорының қаражаты есебінен кедендік және өзге де төлемдерді әндіріп алу тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.

5-бап

Кеден органдарынын өзара іс-қимылы

      Кодекстің 147-бабында көрсетілген құжаттар және (немесе) мәліметтер алмасу кезінде кеден органдары қамтамасыз етуді пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер, қамтамасыз ету сомасын резервтеу және оларды резервтен шығару (пайдалануға тыйым салуды алу) туралы мәліметтер, осы Келісімді іске асыру үшін қажетті өзге де мәліметтер алмасуды жүзеге асырады. Мұндай алмасу Одақ шеңберіндегі ортақ процестерді іске асыру арқылы Одақ туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы баптың бірінші абзацында көрсетілген мәліметтер алмасуды іске асыру кезінде мәліметтер құрамын және ақпарат жіберу тәртібін Комиссия белгілейді.

6-бап Өтпелі ережелер

      1. Осы Келісімнің 2-бабы 2-тармағы "в" тармақшасының ережелері осы Келісім күшіне енген күннен бастап 3 жыл ішінде Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында қолданылмайды.

      Көрсетілген кезең ішінде осы Келісімнің 2-бабы 1-тармағының "а" тармақшасында көзделген оңайлатулар Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында осы Келісімнің 2-бабы 2-тармағының "а", "б", "г" — "ж" тармақшаларында көзделген шарттар сақталған кезде, сондай-ақ егер осындай оңайлатуларды қолдануға ниеті бар тұлға осы Келісімнің 2-бабының 3-тармағында көрсетілген өтініш берілген күннің алдындағы 3 жыл ішінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарлардың тұрақты (жылына кемінде 30 рет) декларанты болған жағдайда қолданылады.

      2. Осы Келісім Армения Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында күшіне енген күннен бастап 5 жыл өткенге дейін:

      кепілгердің кеден органдары алдындағы міндеттемелерін тиісінше орындау кепілдігінің осы Келісімнің 4-бабы 1-тармағының "е" тармақшасында көзделген ең аз мөлшері осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады;

      кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепілгерлік пайдаланылған кезде коммерциялық ұйым не мемлекеттік меншік нысанымен коммерциялық емес ұйым болып табылатын, осы Келісімнің 4-бабының 1-тармағына сәйкес ұлттық кепілдік беруші болып танылған (танылатын) кепілгер, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында осындай коммерциялық емес ұйымдар кепілгер бола алады деп белгіленсе, мынадай шарттар бір мезгілде орындалған:

      кепілгерлік шарты кемінде 1 жыл мерзімге жасалған;

      кепілдік сомасы осы Келісімнің 4-бабының 3-тармағында көрсетілген өтінішті кеден органы тіркеген күні қолданылатын валюталар бағамы бойынша 5 млн еуроға баламалы сомадан кем болған, бірақ осы тармақтың екінші абзацына сәйкес айқындалған сомадан кем болмаған кезде, кепілгер кепілгерлік шарты бойынша кепілгер міндетгемелері мөлшерінің ұсынылған кеден органдары алдындағы өз міндеттемелерін тиісінше орындау кепілдігі мөлшерінен 5 процентке асып кетуі бөлігінде оңайлатуды қолдана алады.

      3. Егер осы Келісім күшіне енген күні кеден органы мен Беларусь Республикасында тіркелген және осы Келісімнің 4-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген шарттарға сай келетін кепілгер арасында жасалған шартқа сәйкес осы Келісімнің 4-бабының 2-тармағында белгіленген көлеммен салыстырғанда кепілгер міндеттемелері мөлшерінің ұсынылған кеден органдары алдындағы өз міндеттемелерін тиісінше орындау кепілдігінің мөлшерінен асып кетуі бөлігінде оңайлатулардың үлкенірек келемі көзделген болса, онда осы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін осындай шартта көзделген оңайлатулар қолданылады.

7-бап

Дауларды шешу тәртібі

      Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) колдануға байланысты даулар Одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.

8-бап Қорытынды ережелер

      1. Осы Келісім осы Келісімнің 4-бабы 1-тармағының осы Келісім күшіне енген күннен бастап 5 жыл өткен соң күшіне енетін "д" тармақшасын қоспағанда, осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

      2. Мүше мемлекеттердің өзара келісуі бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын езгерістер енгізілуі мүмкін.

      3. Осы Келісім Одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Одақ құқығына кіреді.

      20 жылғы "____"___________________ қаласында орыс тілінде бір

      төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Келісімнің төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Армения Республикасы үшін
      Беларусь Республикасы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін
      Қырғыз Республикасы үшін
      Ресей Федерациясы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады