Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына орай арнайы -шараларды өткізу жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 377 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына орай арнайы іс-шараларды өткізу жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) жарты жылда бір рет жартыжылдықтың соңғы айының 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жылына екі рет 20 маусымға және 20 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 4 маусымдағы
№ 345 қаулысымен
бекітілген

Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына орай арнайы іс-шараларды өткізу жөніндегі жоспар


Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланатын іс-шаралар

1.1.

Бағдарламалар, хабарлар, сюжеттер, айдарлар циклын дайындау мен шығаруды ұйымдастыру

бағдарламалар, жаңалықтар, сюжеттер

АҚДМ, ЭМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

2021 жыл

-

талап етілмейді

1.2.

Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған деректі фильмдерді көрсету

деректі фильмдер

АҚДМ, ЭМ, Павлодар облысы мен Алматы қаласы әкімдіктері

2021 жылғы желтоқсан

-

талап етілмейді

1.3.

Семей полигоны жабылуының 30 жылдығын жоспарлы насихаттау бойынша республикалық және өңірлік баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында толық іргелі мақалалар (сұхбаттар) шығару

мақалалар, сұхбат

АҚДМ, БҒМ, ЭМ, СІМ, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының әкімдіктері

2021 жыл

-

талап етілмейді

1.4.

Кинотеатрларда көрсетілім басталар алдында Семей полигонының жабылуына арналған бейнежазбалар көрсетілімін ұйымдастыру

деректі фильм, бейнероликтер көрсету

Нұр-Сұлтан қаласының, Алматы облысының әкімдіктері

2021 жылғы тамыз

көзделген қаражат шеңберінде

жергілікті бюджет

2. Білім беру іс-шаралары

2.1.

Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған көрмені ұйымдастыру және өткізу (Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде)

фото-құжаттық, архивтік көрмелер, кітаптар көрмесі

Қазақстан Республикасы Президентінің архиві (келісу бойынша), Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының, Нұр-Сұлтан қаласының, әкімдіктері

2021 жыл

көзделген қаражат шеңберінде

жергілікті бюджет

2.2.

Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған эссе, сурет байқауларын өткізу

байқауларды өткізу

Павлодар облысының, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері

2021 жыл

көзделген қаражат шеңберінде

жергілікті бюджет

2.3.

"Семей полигоны-Қазақстанның ядролық қасіреті" атты тақырыптық іс-шаралар, сынып сағаттары, дәрістер өткізу

дәрістер, сынып сағаттары

БҒМ, Ақмола, Жамбыл, Павлодар облыстарының әкімдіктері

2021 жыл

-

талап етілмейді

3. Ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар

3.1

Конференциялар, семинарлар өткізу

ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференциялар

БҒМ, ЭМ, ДСМ, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының әкімдіктері

2021 жыл

-

талап етілмейді

3.2

Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстелдер/семинарлар/брифингтер (онлайн-формат / толық формат)

дөңгелек үстелдер/семинарлар/ брифингтер

СІМ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасы (келісу бойынша), Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері

2021 жылғы тамыз

-

Талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;

      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады