Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 маусымдағы № 424 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық мүлік - Toyota маркасының Hilux моделі, мемлекеттік тіркеу нөмірі 181TG02, 2018 жылы шығарылған, шанақ нөмірі MR0HB3CD200409342 ақ түсті автокөлік Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесінің балансынан "Азаматтық қорғаудың республикалық оқу-әдістемелік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, Қазақстан      Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады