"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 429 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:

      мынадай мазмұндағы 8-17-тармақпен толықтырылсын:

      "8-17. Тиісті салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру және артық құжат айналымын қысқарту жөнінде шоғырландырылған ұсыныстар тұжырымдау мақсатында мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі аясында мерзімді есептер мен баяндамалар және жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін мемлекеттік органдардың Мемлекет басшысының атына ақпарат, баяндамалар мен есептер беру кестелері арқылы жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің сақталуы үшін жауапкершілік тиісті салада мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.";

      49-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Келісу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының (не олардың міндетін атқарушы адамдардың) ЭЦҚ-сымен қолбелгі қою үшін қаулы (өкім) жобасын МОИП арқылы түпкілікті келісуге жіберуді қамтамасыз етеді және келісуші мемлекеттік органдардың бірінші басшысының ЭЦҚ қойылған қорытындыларымен (келіспеушілік хаттамаларымен) және тиісті қосымшаларымен бірге электрондық құжат нысанында МОИП арқылы Кеңсеге енгізеді. Бұл ретте жобаны келісудің түпкілікті мерзімі үш жұмыс күнінен аспауға тиіс. Заң жобалары, Үкімет қорытындыларының жобалары қағаз және электронды түрде Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) арқылы, әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы қағаз және электронды түрде, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары электронды түрде келіскен Президент актілерінің жобалары МОИП арқылы енгізіледі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады