Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.

      2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;

      2) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есеп беріп тұрсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді –ҚР Үкіметінің 27.06.2023 № 495 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық жобалау офисінің базасында жобалық басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде Іс-қимыл жоспарының жедел мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.06.2023 № 495 қаулысымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.06.2023 № 495 қаулысымен.
      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.06.2023 № 495 қаулысымен.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 8 шілдедегі
№ 470 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

      Ескерту. Іс-қимыл жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.03.2022 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2023 № 495 қаулыларымен.

Р/с
Жобаның атауы Күтілетін нәтиже Нәтижелерге жауаптылар Аяқталу мерзімі Болжамды шығыстар
(мың теңге)
Қаржыландыру көздері


1 2 3 4 5 6 7

1. Адамдарға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру

Мақсаты (реформаның міндеті): "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидаты бойынша жұмыс істейтін, тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұранысына жедел ден қоятын мемлекеттік аппарат

Күтілетін әсерлер:
өтініштерді клиентке бағдарлана, жедел және сапалы қарау, проблемалы аймақтармен проактивті тәртіппен жұмыс істеу;
мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде әлеуметтік тәуекелдерді мониторингтеу мен болжамдаудың кешенді жүйесін қолдану;
елді мекендердің, өңірдің және елдің өзекті мәселелерін шешуге азаматтардың, қоғамдық бірлестіктер мен ҮЕҰ-ның қатысуы;
халықтың өз өтініштеріне берілген жауаптардың сапасына қанағаттануы, "Е-өтініш" және "Е-петиция" жүйелерін енгізу;
азаматтардың басқарушылық шешімдерді әзірлеуге және іске асыруға қатысуы;
мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері ақпаратының қолжетімділігін арттыру

KPI:
Дүниежүзілік банктің халықтың пікірін есепке алу индексі және мемлекеттік органдарының есептілігі, процентиль: 2021 жыл – 20, 2022 жыл – 27,5, 2023 жыл – 35, 2024 жыл – 42,5, 2025 жыл – 50, 2026 жыл – 53, 2027 жыл – 59, 2028 жыл – 63, 2029 жыл – 68, 2030 жыл – 73;
The Global right to information rating (ақпарат құқықтарының жаһандық рейтингі), рейтингтегі орын, балл: 2021 жыл – 61, 2022 жыл – 63, 2023 жыл – 70, 2024 жыл – 72, 2025 жыл – 74, 2026 жыл – 77, 2027 жыл – 79, 2028 жыл – 81, 2029 жыл – 83, 2030 жыл – 85;
халықтың мемлекеттік органдарға сенім деңгейі, % (әлеуметтік сауалнама): 2021 жыл – 60 %, 2022 жыл – 62 %, 2023 жыл – 63 %, 2024 жыл – 65 %, 2025 жыл – 67 %, 2026 жыл – 70 %, 2027 жыл – 72 %, 2028 жыл – 73 %, 2029 жыл – 74 %, 2030 жыл – 75 %.

Жобалар топтары:
"Мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын жүйелендіру, стандарттау және регламенттеу" – 1 жоба;
"БАҚ, ҮЕҰ және халық сауалдарына жедел ден қою" – 1 жоба;
"Мемлекеттің халықпен өзара іс-қимылы бойынша "бір терезе" құру" – 1 жоба
"Ақпараттың ашықтығын және мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметінің белсенділігін қамтамасыз ету" – 1 жоба

1.1. Мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын жүйелендіру, стандарттау және регламенттеу

"Мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын жүйелендіру, стандарттау және регламенттеу" жобалар тобы

1.

"Мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын жүйелендіру, стандарттау және регламенттеу" жобасы

қоғамның сұраныстарына алдын ала ден қою

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2023 жылғы желтоқсан

көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет

1.2. БАҚ, ҮЕҰ және халықтан келіп түсетін сауалдарға жедел ден қою

"БАҚ, ҮЕҰ және халықтан келіп түсетін сауалдарға жедел ден қою" жобалар тобы

2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.06.2023 № 495 қаулысымен.

3. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.06.2023 № 495 қаулысымен.

4.

"ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл саласында үздік практикалар мен халықаралық стандарттарды енгізу" жобасы

мемлекеттік аппараттың ҮЕҰ-мен белсенді түрде ынтымақтасуы және олардың сауалдарына жедел ден қоюы

АҚДМ, СІМ

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

1.3. Мемлекеттің азаматтармен өзара іс-қимылы бойынша "бір терезе" құру

"Мемлекеттің халықпен өзара іс-қимылы бойынша "бір терезе" құру" жобалар тобы

5.

"Азаматтардың өтініштерін қабылдаудың "Нәтиже" бірыңғай орталығын құру" жобасы

әртүрлі мемлекеттік органдарға өтініш беру және оны "Нәтиже" орталықтары арқылы ұйымдастыру

"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КеАҚ (келісу бойынша), ЦДИАӨМ

2021 жылғы шілде

талап етілмейді

талап етілмейді

6.

"Е-өтініш" ақпараттық жүйесін енгізу" жобасы

мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері үшін қолжетімді және өтініш берушіге өтініштің қаралу барысын қадағалауға және жауаптың сапасын бағалауға мүмкіндік беретін азаматтар өтініштерінің бірыңғай базасының жұмыс істеуі

ЦДИАӨМ, БП ҚСжАЕК (келісу бойынша), ОМО, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді

талап етілмейді

7.

"Онлайн-петициялардың "Е-петиция" бірыңғай заңды институтын құру және ашықтық стандарттарын енгізу" жобасы

қоғамның сұраныстарына алдын ала ден қою

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2023 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

1.4. Ақпараттың ашықтығын және мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметінің проактивтілігін қамтамасыз ету

"Ақпараттың ашықтығын және мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметінің проактивтілігін қамтамасыз ету" жобалар тобы

8.

"Қазақстан Республикасының салалық заңнамасында ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаттарын, тетіктері мен құралдарын бекіту, сондай-ақ қоғамдық пікірді ескеру және сарапшылар қоғамдастығының қатысуы бөлігінде мемлекеттік секторда басқарушылық шешімдер қабылдау процесін жетілдіру" жобасы

экономиканың негізгі салалары мен әлеуметтік салаларда ақпаратқа ашық қолжетімділікті, сондай-ақ азаматтардың басқарушылық шешімдерді әзірлеуге және іске асыруға толыққанды қатысуын қамтамасыз ету

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2023 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

9. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.06.2023 № 495 қаулысымен.

10. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.06.2023 № 495 қаулысымен.

11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.06.2023 № 495 қаулысымен.

2. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ реформалар жүргізу тәсілдерін жетілдіру

Мақсаты (реформаның міндеті): стратегиялық және бюджеттік жоспарлау процесі төрешілдіктен арылған, республикалық, сондай-ақ жергілікті деңгейде өзара байланыстырылған, ғылыми тәсілдерді пайдалану арқылы азаматтық және сараптамалық қоғамдастықтарды тарта отырып жүзеге асырылады

Күтілетін әсерлер:
мүдделі тараптарды тарта отырып, "төменнен жоғарыға" қағидаты негізінде стратегиялық және бюджеттік жоспарлау процестерінің транспаренттілігі;
қоғам мен бизнестің сұраулары стратегиялық және бюджеттік жоспарлау процесінде көрсетілген;
жеке жауапкершілік арқылы нәтижелерге қол жеткізу

KPI:
Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі (Government Effectiveness), процентиль: 2021 жыл – 59-62, 2022 жыл – 62-65, 2023 жыл – 65-68, 2024 жыл – 68-73, 2025 жыл – 74-75, 2026 жыл – 74-75, 2027 жыл – 75-76, 2028 жыл – 76-77, 2029 жыл – 77-78, 2030 жыл – 78-80;
халықтың пікірін есепке алу индексі және Дүниежүзілік банктің мемлекеттік органдарының есептілігі (Voice and Accountability), процентиль: 2021 жыл – 20, 2022 жыл – 27,5, 2023 жыл – 35, 2024 жыл – 42,5, 2025 жыл – 50, 2026 жыл – 57,5, 2027 жыл – 65, 2028 жыл – 72,5, 2029 жыл – 80, 2030 жыл – 87.

Жобалар тобы:
"МЖЖ құжаттарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу тәртібін бюрократиядан арылту" – 1 жоба

"МЖЖ құжаттарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу тәртібін төрешілдіктен арылту" жобалар тобы

12.

"МЖЖ құжаттарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу тәртібін төрешілдіктен арылту" жобасы

МЖЖ құжаттарын келісу және бекіту мерзімдерін қысқарту

ҰЭМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2021 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

13. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.06.2023 № 495 қаулысымен.

3. Оңтайлы және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру

Мақсаты (реформаның міндеті): оңтайлы және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру

Күтілетін әсерлер:
қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын оңтайландырылған мемлекеттік аппарат;
жобалық басқаруды енгізу арқылы тиімді мемлекеттік аппарат;
қабылданатын шешімдер үшін жоғары жауапкершілік деңгейімен мемлекеттік аппараттың ресурстарын ұтымды пайдалану

KPI:
халықтың пікірін есепке алу индексі және Дүниежүзілік банктің мемлекеттік органдарының есептілігі, процентиль: 2021 жыл – 20, 2022 жыл – 27,5, 2023 жыл – 35, 2024 жыл – 42,5, 2025 жыл – 50, 2026 жыл – 53, 2027 жыл – 59, 2028 жыл – 63, 2029 жыл – 68, 2030 жыл – 73;
Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі (Government Effectiveness), процентиль: 2021 жыл – 59-62, 2022 жыл – 62-65, 2023 жыл – 65-68, 2024 жыл – 68-73, 2025 жыл – 74-75, 2026 жыл – 74-75, 2027 жыл – 75-76, 2028 жыл – 76-77, 2029 жыл – 77-78, 2030 жыл – 78-80;
халықтың мемлекеттік органдарға сенім деңгейі, % (әлеуметтік сауалнама): 2021 жыл – 60 %, 2022 жыл – 62 %, 2023 жыл – 63 %, 2024 жыл – 65 %, 2025 жыл – 67 %, 2026 жыл – 70 %, 2027 жыл – 72 %, 2028 жыл – 73 %, 2029 жыл – 74 %, 2030 жыл – 75 %.

Жобалар тобы:
"Тиімді мемлекеттік аппарат" – 1 жоба;
"Оңтайлы мемлекеттік аппарат" – 3 жоба

"Тиімді мемлекеттік аппарат" жобалар тобы

14.

"Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бөлігінде ЭЫДҰ ұсынымдарын енгізу мәселесін зерделеу және қарау" жобасы

халықаралық стандарттарға сәйкестік, ЭЫДҰ-мен өзара қарым-қатынасты жақсарту

ҰЭМ, МҚІА (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

"Оңтайлы мемлекеттік аппарат" жобалар тобы

15.

"Оңтайлы мемлекеттік аппарат" жобасы

мемлекеттік аппараттың оңтайлы құрылымы

ҰЭМ, МҚІА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

15-1.

"Функциялардың оңтайлы санын қалыптастыру" жобасы

мемлекеттік органның артық функцияларын анықтау;
мемлекеттік органға тән емес функцияларды анықтау;
мемлекеттік органның қызметінде қайталауды жоққа шығару;
мемлекеттік органның жетіспейтін функцияларын айқындау

ҰЭМ, Әділетмині, ЦДИАӨМ, АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

16.

"Жобалық басқарудың ұлттық жүйесін қалыптастыру" жобасы

мемлекеттік органдардың қызметін жобалық басқаруды және матрицалық құрылымдарды қолдана отырып, жүзеге асыруы

ЦДИАӨМ, МҚІА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2024 жылғы желтоқсан

*

республикалық бюджет

4. Азаматтардың қажеттіліктері негізінде проактивті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге көшу

Мақсаты (реформаның міндеті): азаматтардың қажеттіліктері негізінде проактивті қызмет көрсетуге көше отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу процестерін барынша жеңілдету

Күтілетін әсерлер:
мемлекеттік аппараттың қызметі азаматтар үшін қызметтерді проактивті түрде көрсетуге шоғырланатын және халықтың қажеттіліктеріне сай қайта форматталатын болады;
тиісті тіршілік жағдайларында азаматтар қандай да бір сұрау салусыз мемлекеттік қызметті алу қажеттігі немесе мүмкіндігі туралы автоматты түрде хабарлама алатын болады;
"еGov" мобильдік қосымшасы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерді ұлғайту ("смартфондағы мемлекет");
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде азаматтардың мемлекеттік дерекқорларда қамтылған ақпаратты енгізу және растау процестерін болдырмау;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барынша қысқа мерзімде, оның ішінде проактивті және композиттік нысанда, тұрғылықты жеріне байланыстырылмай көрсетілетін болады

KPI:
адами факторды толық жою және ТОП 50 мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін 20 минутқа дейін қысқарту: 2021 жыл – 5, 2022 жыл – 10, 2023 жыл – 15, 2024 жыл – 20, 2025 жыл – 25, 2026 жыл – 30, 2027 жыл – 35, 2028 жыл – 40, 2029 жыл – 45, 2030 жыл 50;
мемлекеттік қызметтердің кемінде 90 %-ы электронды форматта ғана алынуға тиіс: 2021 жыл – 81 %, 2022 жыл – 82 %, 2023 жыл – 83 %, 2024 жыл – 84 %, 2025 жыл – 85 %, 2026 жыл – 86 %, 2027 жыл – 87 %, 2028 жыл – 88 %, 2029 жыл – 89 %, 2030 жыл – 90 %;
халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кемінде 50 %-ы проактивті түрде көрсетілуі тиіс: 2021 жыл – 5 %, 2022 жыл – 10 %, 2023 жыл – 15 %, 2024 жыл – 20 %, 2025 жыл – 25 %, 2026 жыл – 30 %, 2027 жыл – 35 %, 2028 жыл – 40 %, 2029 жыл – 45 %, 2030 жыл – 50 %.

Жобалар топтары:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту" – 2 жоба

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту" жобалар тобы

17.

"Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу" жобасы

мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кедергілерді кеңейту және алып тастау үшін заңнаманы дамыту

ЦДИАӨМ

2022 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

талап етілмейді

18.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру" жобасы

мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу процестерін оңайлату

ЦДИАӨМ, ОМО, ЖАО

2030 жыл

көзделген қаражат шеңберінде

республикалық бюджет

5. Адами ресурстар сапасын жақсарту және мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру

Мақсаты (реформаның міндеті): халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аппараттың әлеуетін іске асыру

Күтілетін әсерлер:
мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі, кәсібилігі мен жауапкершілігінің жоғары деңгейі негізінде халықтың әл-ауқатын арттыру;
халықта адами құндылықтардың, әдеп мен моральдың жоғары нормаларына сәйкес келетін мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін жасау;
мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту есебінен мемлекеттік қызметтің тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру

KPI:
Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі (Government Effectiveness), процентиль: 2021 жыл – 59-62, 2022 жыл – 62-65, 2023 жыл – 65-68, 2024 жыл – 68-73, 2025 жыл – 74-75, 2026 жыл – 74-75, 2027 жыл – 75-76, 2028 жыл – 76-77, 2029 жыл – 77-78, 2030 жыл – 78-80;
халықтың мемлекеттік органдарға сенім деңгейі, % (әлеуметтік сауалнама): 2021 жыл – 60 %, 2022 жыл – 62 %, 2023 жыл – 63 %, 2024 жыл – 65 %, 2025 жыл – 67 %, 2026 жыл – 70 %, 2027 жыл – 72 %, 2028 жыл – 73 %, 2029 жыл – 74 %, 2030 жыл – 75 %.

Жобалар топтары:
"Мемлекеттік қызметтің әлеуетін дамыту" – 5 жоба;
"Жұмыс беруші ретінде мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру" – 2 жоба

"Мемлекеттік қызметтің әлеуетін іске асыру" жобалар тобы

19.

"Мемлекеттік қызметшілерді үздіксіз оқыту жүйесін енгізу" жобасы

мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін үздіксіз дамыту жүйесі

МҚІА (келісу бойынша), Еңбекмині, МБА (келісу бойынша), басқа мемлекеттік органдар

2023 жылғы желтоқсан

*

республикалық бюджет

20.

"Assessment-center" жобасы

мемлекеттік саяси қызметшілердің кейбір лауазымдарын іріктеу мен бағалаудың тиімді тетігі

МҚІА (келісу бойынша), МБА (келісу бойынша)

2025 жылғы желтоқсан

*

республикалық бюджет

21.

"Келісімшарттық" қызметшілер институтын енгізу" жобасы

мемлекеттік аппараттың санын ұлғайтпай, "арнайы бейінді" мамандарды тарту есебінен мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарын іске асыру сапасын арттыру

МҚІА (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині

2023 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

22.

"Мемлекеттік секторға таланттарды іздеу және тарту" жобасы

мемлекеттік қызметке іріктеуге қатысу үшін белсенді және талантты жастарды тарту

МҚІА (келісу бойынша), ОМ, ҒЖБМ, Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2023 жылғы желтоқсан

*

республикалық бюджет

23.

"Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі" жобасы

неғұрлым құзыретті кадрларды тартуға бағытталған мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі жаңа нормативтік құқықтық актіні бекіту

МҚІА (келісу бойынша)

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

24. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.06.2023 № 495 қаулысымен.

"Жұмыс беруші ретінде мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру" жобалар тобы

25.

"Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру" жобасы

мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдаудың заңнамалық тұрғыдан бекітілген тетіктері

МҚІА (келісу бойынша), Әділетмині, Қаржымині, ҰЭМ, Еңбекмині

2024 жылғы желтоқсан

көзделген қаражат шеңберінде

республикалық бюджет

26.

"Кадр қызметтерін трансформациялау" жобасы

стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік органдарды қажетті персоналмен қамтамасыз етуге бағдарланған кәсіби HR-қызметтер

МҚІА (келісу бойынша), МБА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2024 жылғы желтоқсан

көзделген қаражат шеңберінде

республикалық бюджет

6. Тиімді, оңтайлы және транспарентті квазимемлекеттік секторды қалыптастыру

Мақсаты (реформаның міндеті): тиімді және бәсекеге қабілетті квазимемлекеттік сектор

Күтілетін әсерлер:
нарыққа бағдарланған тиімді, бәсекеге қабілетті, оңтайлы және ықшам квазимемлекеттік сектор;
мемлекеттік мүлікті басқарудың айқындығы, ашықтығы, тиімділігі

KPI:
мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін қысқарту, ЖІӨ қатысты %-бен: 2021 жыл – 14,9 %, 2022 жыл – 14,7 %, 2023 жыл – 14,5 %, 2024 жыл – 14,2 %, 2025 жыл – 14,0 %, 2026 жыл – 13,9 %, 2027 жыл – 13,7 %, 2028 жыл – 13,5 %, 2029 жыл – 13,2 %, 2030 жыл – 13,0 %.

Жобалар тобы:
"Квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру" – 2 жоба;
"Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тиімді басқару" – 2 жоба

"Квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру" жобалар тобы

27.

"Мемлекеттік мүлік тізілімін түгендеу және жаңарту" жобасы

мемлекеттік мүліктің жаңартылған тізілімі

Қаржымині, "АЕО" АҚ (келісу бойынша)

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

28.

"Мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту" жобасы

мемлекеттің қатысу үлесін 14 % дейін қысқарту

ҰЭМ, Қаржымині, БҚДА (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2025 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

"Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тиімді басқару" жобалар тобы

29.

"Жекешелендіру тетіктерін жетілдіру" жобасы

жекешелендіру тетіктерін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ, Қаржымині, СЖРА (келісу бойынша), БҚДА (келісу бойынша)

2023 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

30.

"Квазимемлекеттік секторды корпоративтік басқаруды жетілдіру" жобасы

квазимемлекеттік секторды корпоративтік басқаруды жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ, Қаржымині, СЖРА (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша)

2023 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

7. Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі жетілдіру

Мақсаты (реформаның міндеті): азаматтар жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және оларды басқаруға қатысатын, билігі орталықтандырылмаған тиімді жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі

Күтілетін әсерлер:
жергілікті халықтың мұқтажын жедел қанағаттандыру;
жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шараларға халықтың сенімі деңгейін арттыру;
мемлекеттік шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуын кеңейту

KPI:
2021 – 2025 жылдары – аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің 2345 әкімін қайта сайлау;
2023 жылдан бастап облыстардағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың әкімдерін қайта сайлау, оның ішінде 2023 жылы – 45;
ауылдық округтердің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 2030 жылға қарай –
50 %-ға дейін;
мәслихаттардың отырыстарын онлайн трансляциялаумен қамту – 2023 жылға дейін барлық деңгейдегі 223 мәслихат

Жобалар тобы:
"Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту" – 4 жоба

"Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту" жобалар тобы

31.

"Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы" жобасы

жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігін, оның ішінде қаржылық дербестігін кеңейту

ҰЭМ, мүдделі орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 жылғы тамыз

талап етілмейді

талап етілмейді

32.

"Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру" жобасы

жеке заң әзірлеу

ҰЭМ, мүдделі орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

2023 жыл

талап етілмейді

талап етілмейді

33.

"Әртүрлі деңгейдегі әкімдерді сайлау" жобасы

халыққа азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру

ҰЭМ, ОСК (келісу бойынша), МҚІА (келісу бойынша), Қаржымині, Әділетмині, АҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2025 жылдар

42 480 569 мың теңге

республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер

33-1.

"Өңірлік деңгейде өкілеттіктерді орталықсыздандыру" жобасы

облыстық, аудандық (қалалық) және ауылдық басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу, оның ішінде мемлекеттік басқару органдары өкілеттіктерінің аражігін ажырату

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

8. Бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау

Мақсат (реформаның мақсаты): кәсіпкерлік қызметті жандандыру үшін барынша қолайлы және ынталандыру жағдайларын қалыптастыру

Күтілетін әсерлер:
кәсіпкерлік субъектілерінің іскерлік белсенділігін арттыру;
кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін мемлекеттік органдардың қызметке бағдарланған тәсілі;
сенім және реттеушілік қысымды төмендету қағидаттарында оңтайландырылған мемлекеттік реттеу саласы

KPI:
2030 жылға қарай жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің санын 15 %-ға ұлғайту.

Жобалар тобы:
"Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу" – 1 жоба

"Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу" жобалар тобы

34.

"Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу" жобасы

тиімді реттеушілік саясат

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2023 жыл

талап етілмейді

талап етілмейді

35. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.06.2023 № 495 қаулысымен.

9. Мемлекеттің сервистік моделін құру үшін сот жүйесі мен әкімшілендіруді, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін трансформациялау

9.1. Сот жүйесі мен әкімшілендіруді трансформациялау

Мақсаты (реформаның міндеті):
қоғамның соттарға деген сенімін нығайту;
жоғары кәсіби судьялар корпусы;
сот жүйесі мен судьялардың іс жүзіндегі тәуелсіздігі;
сот практикасының біркелкілігі

Күтілетін әсерлер: кемсітушіліктен, сыбайлас жемқорлықтан, заңсыз араласудан ада, қолжетімді, ашық, бейтарап, жедел, тиімді сот төрелігі

KPI:
халықтың соттарға сенім деңгейі (әлеуметтанушылық сауалнама): 2021 жыл – 60 %, 2022 жыл – 61 %, 2023 жыл – 62 %, 2024 жыл – 63 %, 2025 жыл – 64 %, 2026 жыл – 65 %, 2027 жыл – 66 %, 2028 жыл – 67 %, 2029 жыл – 68 %, 2030 жыл-70 %;
"Азаматтық сот төрелігі" құқық үстемдігі индексі, балл: 2021 жыл – 0,64, 2022 жыл - 0,66, 2023 жыл - 0,68, 2024 жыл – 0,70, 2025 жыл – 0,71, 2026 жыл – 0,72, 2027 жыл – 0,73, 2028 жыл – 0,74, 2029 жыл – 0,75, 2030 жыл – 0,76, "Қылмыстық сот төрелігі": 2021 жыл – 0,47, 2022 жыл – 0,48, 2023 жыл – 0,49, 2024 жыл – 0,50, 2025 жыл – 0,51, 2026 жыл – 0,52, 2027 жыл – 0,53, 2028 жыл – 0,54, 2029 жыл – 0,55, 2030 жыл – 0,56;
"Сот тәуелсіздігі" индикаторы бойынша Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі, орын: 2021 жыл – 70, 2022 жыл – 68, 2023 жыл –66, 2024 жыл – 64, 2025 жыл – 62, 2026 жыл – 60, 2027 жыл – 58, 2028 жыл – 56, 2029 жыл – 54, 2030 жыл – 50.

Сот жүйесі мен әкімшілендіруді трансформациялау Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде іске асырылатын болады

9.2. Құқық қорғау жүйесін трансформациялау

Мақсаты (реформаның міндеті): мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің құндылық ұстанымдарын ескере отырып, құқық қорғау жүйесін трансформациялау

Күтілетін әсерлер:
халықтың өз қауіпсіздігін қабылдау деңгейін арттыру;
полиция қызметінің қазақстандық сервистік моделін қалыптастыру және енгізу;
қызметке кіру және қызмет бабында ілгерілету кезінде меритократия қағидатын қамтамасыз ету;
халықтың пікірін ескеретін құқық қорғау органдарын бағалаудың теңгерімді жүйесін құру

KPI:
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі "Полиция қызметтерінің сенімділігі" индикаторы бойынша 60 орыннан төмен емес;
халықтың құқық қорғау органдарына сенім деңгейі кемінде 70 %

Құқық қорғау жүйесін трансформациялау Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде іске асырылатын болады

9.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Мақсаты (реформаның міндеті):
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу рөлін арттыру;
азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру

Күтілетін әсерлер:
азаматтардың өз құқықтарының қорғалуын қабылдау деңгейін арттыру;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартылған азаматтар санын арттыру;
азаматтардың бюджет шығыстарының тиімділігі мен нәтижелілігіне қанағаттанбау және теріс бағалау деңгейін төмендету;
мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың жүйелі түрде алдын алуға көшуі;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
сатып алуды өткізу процесінің ашықтығын арттыру;
бәсекелестікті дамыту және тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;
іскерлік белсенділіктің артуы

KPI:
Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі, балл: 2021 жыл – 40, 2022 жыл – 42, 2023 жыл – 43, 2024 жыл – 44, 2025 жыл – 45, 2026 жыл – 47, 2027 жыл – 49, 2028 жыл – 51, 2029 жыл – 53, 2030 жыл – 55.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылатын болады

      Ескертпе:

      * – республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар көлемі тиісті жоспарлы кезеңге республикалық бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланатын болады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:


"АЕО" АҚ

"Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы

"Азаматтарға арналған үкімет" МК КеАҚ

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

АҚДМ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Әділетмині

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары

БҚДА

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

БП

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖАО

жергілікті атқарушы органдар

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҚСжАЕК

Қазақстан Республикасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

МБА

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

МЖЖ

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі

МҚІА

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

НҚА

нормативтік құқықтық акт

ОМО

орталық мемлекеттік органдар

ОСК

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

СЖРА

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

СЖРА ҰСБ

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

"ҰАТ" АҚ

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ҮЕҰ

үкіметтік емес ұйымдар

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ОМ

-

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

ҒЖБМ

-

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады