"Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 495 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есеп беріп тұрсын.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық жобалау офисінің базасында жобалық басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде Іс-қимыл жоспарының жедел мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырсын.";

      4 және 5-тармақтар алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

      "1. Адамдарға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру" деген бөлімде:

      мына:

      "

"Жобалар топтары:
"Халықпен тікелей және кері байланыс арналарының жұмысын жүйелі мониторингтеу және талдау" – 1 жоба;
"БАҚ, ҮЕҰ және халықтан келіп түсетін сауалдарға жедел ден қою" – 3 жоба;
"Мемлекеттің халықпен өзара іс-қимылы бойынша "бір терезе" құру – 3 жоба;
"Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор ақпаратының ашықтығын және қызметінің проактивтілігін қамтамасыз ету" – 4 жоба

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жобалар топтары:
"Мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын жүйелендіру, стандарттау және регламенттеу" – 1 жоба;
"БАҚ, ҮЕҰ және халық сауалдарына жедел ден қою" – 1 жоба;
"Мемлекеттің халықпен өзара іс-қимылы бойынша "бір терезе" құру" – 1 жоба
"Ақпараттың ашықтығын және мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметінің белсенділігін қамтамасыз ету" – 1 жоба

  ";

      1.1-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.1. Мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын жүйелендіру, стандарттау және регламенттеу

"Мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын жүйелендіру, стандарттау және регламенттеу" жобалар тобы

1.

"Мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын жүйелендіру, стандарттау және регламенттеу" жобасы

қоғамның сұраныстарына алдын ала ден қою

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2023 жылғы желтоқсан

көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет

  ";

      "1.2. БАҚ, ҮЕҰ және халықтан келіп түсетін сауалдарға жедел ден қою" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірлері 2 және 3-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

"ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл саласында үздік практикалар мен халықаралық стандарттарды енгізу" жобасы

мемлекеттік аппараттың ҮЕҰ-мен белсенді түрде ынтымақтасуы және олардың сауалдарына жедел ден қоюы

АҚДМ, СІМ

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

  ";

      "1.3. Мемлекеттің азаматтармен өзара іс-қимылы бойынша "бір терезе" құру" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7.

"Онлайн-петициялардың "Е-петиция" бірыңғай заңды институтын құру және ашықтық стандарттарын енгізу" жобасы

қоғамның сұраныстарына алдын ала ден қою

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2023 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

  ";

      "1.4. Ақпараттың ашықтығын және мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметінің проактивтілігін қамтамасыз ету" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

"Қазақстан Республикасының салалық заңнамасында ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаттарын, тетіктері мен құралдарын бекіту, сондай-ақ қоғамдық пікірді ескеру және сарапшылар қоғамдастығының қатысуы бөлігінде мемлекеттік секторда басқарушылық шешімдер қабылдау процесін жетілдіру" жобасы

экономиканың негізгі салалары мен әлеуметтік салаларда ақпаратқа ашық қолжетімділікті, сондай-ақ азаматтардың басқарушылық шешімдерді әзірлеуге және іске асыруға толыққанды қатысуын қамтамасыз ету

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2023 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

  ";

      реттік нөмірлері 9, 10 және 11-жолдар алып тасталсын;

      "2. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ реформалар жүргізу тәсілдерін жетілдіру" деген бөлімде:

      мына:

      "

Жобалар тобы:
"МЖЖ құжаттарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу тәртібін төрешілдіктен арылту" – 1 жоба;
"Стратегиялық, оның ішінде жергілікті деңгейде өзара байланыстырылған бюджеттік жоспарлау" – 1 жоба

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жобалар тобы:
"МЖЖ құжаттарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу тәртібін бюрократиядан арылту" – 1 жоба

  ";

      мына:

      "

"Стратегиялық, оның ішінде жергілікті деңгейде өзара байланысты бюджеттік жоспарлау" жобалар тобы

  "

      деген жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 13-жол алып тасталсын;

      "3. Оңтайлы және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру" деген бөлімде:

      мына:

      "

Жобалар тобы:
"Тиімді мемлекеттік аппарат" – 1 жоба;
"Оңтайлы мемлекеттік аппарат" – 2 жоба

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жобалар тобы:
"Тиімді мемлекеттік аппарат" – 1 жоба;
"Оңтайлы мемлекеттік аппарат" – 3 жоба

  ";

      реттік нөмірлері 14 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14.

"Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бөлігінде ЭЫДҰ ұсынымдарын енгізу мәселесін зерделеу және қарау" жобасы

халықаралық стандарттарға сәйкестік, ЭЫДҰ-мен өзара қарым-қатынасты жақсарту

ҰЭМ, МҚІА (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

15.

"Оңтайлы мемлекеттік аппарат" жобасы

мемлекеттік аппараттың оңтайлы құрылымы

ҰЭМ, МҚІА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1-жолмен толықтырылсын:

      "

15-1.

"Функциялардың оңтайлы санын қалыптастыру" жобасы

мемлекеттік органның артық функцияларын анықтау;
мемлекеттік органға тән емес функцияларды анықтау;
мемлекеттік органның қызметінде қайталауды жоққа шығару;
мемлекеттік органның жетіспейтін функцияларын айқындау

ҰЭМ, Әділетмині, ЦДИАӨМ, АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

  ";

      реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16.

"Жобалық басқарудың ұлттық жүйесін қалыптастыру" жобасы

мемлекеттік органдардың қызметін жобалық басқаруды және матрицалық құрылымдарды қолдана отырып, жүзеге асыруы

ЦДИАӨМ, МҚІА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2024 жылғы желтоқсан

*

республикалық бюджет

  ";

      "5. Адами ресурстар сапасын жақсарту және мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру" деген бөлімде:

      мына

      "

Жобалар топтары:
"Мемлекеттік қызметтің әлеуетін дамыту" – 6 жоба;
"Жұмыс беруші ретінде мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру" – 2 жоба

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жобалар топтары:
"Мемлекеттік қызметтің әлеуетін дамыту" – 5 жоба;
"Жұмыс беруші ретінде мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру" – 2 жоба

  ";

      реттік нөмірлері 19, 20, 21, 22 және 23-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

19.

"Мемлекеттік қызметшілерді үздіксіз оқыту жүйесін енгізу" жобасы

мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін үздіксіз дамыту жүйесі

МҚІА (келісу бойынша), Еңбекмині, МБА (келісу бойынша), басқа мемлекеттік органдар

2023 жылғы желтоқсан

*

республикалық бюджет

20.

"Assessment-center" жобасы

мемлекеттік саяси қызметшілердің кейбір лауазымдарын іріктеу мен бағалаудың тиімді тетігі

МҚІА (келісу бойынша), МБА (келісу бойынша)

2025 жылғы желтоқсан

*

республикалық бюджет

21.

"Келісімшарттық" қызметшілер институтын енгізу" жобасы

мемлекеттік аппараттың санын ұлғайтпай, "арнайы бейінді" мамандарды тарту есебінен мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарын іске асыру сапасын арттыру

МҚІА (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині

2023 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

22.

"Мемлекеттік секторға таланттарды іздеу және тарту" жобасы

мемлекеттік қызметке іріктеуге қатысу үшін белсенді және талантты жастарды тарту

МҚІА (келісу бойынша), ОМ, ҒЖБМ, Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2023 жылғы желтоқсан

*

республикалық бюджет

23.

"Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі" жобасы

неғұрлым құзыретті кадрларды тартуға бағытталған мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі жаңа нормативтік құқықтық актіні бекіту

МҚІА (келісу бойынша)

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

  ";

      реттік нөмірі 24-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 25 және 26-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

25.

"Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру" жобасы

мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдаудың заңнамалық тұрғыдан бекітілген тетіктері

МҚІА (келісу бойынша), Әділетмині, Қаржымині, ҰЭМ, Еңбекмині

2024 жылғы желтоқсан

көзделген қаражат шеңберінде

республикалық бюджет

26.

"Кадр қызметтерін трансформациялау" жобасы

стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік органдарды қажетті персоналмен қамтамасыз етуге бағдарланған кәсіби HR-қызметтер

МҚІА (келісу бойынша), МБА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2024 жылғы желтоқсан

көзделген қаражат шеңберінде

республикалық бюджет

  ";

      "6. Тиімді, оңтайлы және транспарентті квазимемлекеттік секторды қалыптастыру" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

27.

"Мемлекеттік мүлік тізілімін түгендеу және жаңарту" жобасы

мемлекеттік мүліктің жаңартылған тізілімі

Қаржымині, "АЕО" АҚ (келісу бойынша)

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

  ";

      реттік нөмірлері 29 және 30-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

29.

"Жекешелендіру тетіктерін жетілдіру" жобасы

жекешелендіру тетіктерін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ, Қаржымині, СЖРА (келісу бойынша), БҚДА (келісу бойынша)

2023 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

30.

"Квазимемлекеттік секторды корпоративтік басқаруды жетілдіру" жобасы

квазимемлекеттік секторды корпоративтік басқаруды жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ, Қаржымині, СЖРА (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша)

2023 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

  ";

      "7. Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі жетілдіру" деген бөлімде:

      мына:

      "

KPI:
2021 – 2025 жылдары – аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің 2345 әкімін қайта сайлау;

2024 жылдан бастап – облыстардағы аудандардың 163 әкімін және облыстық маңызы бар қалалардың 23 әкімін қайта сайлау;

ауылдық округтердің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 2030 жылға қарай – 50 % дейін;

барлық деңгейдегі 216 мәслихатты – мәслихаттар отырыстарын онлайн трансляциялаумен қамту.

Жобалар тобы:
"Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту" – 3 жоба

  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

KPI:
2021 – 2025 жылдары – аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің 2345 әкімін қайта сайлау;

2023 жылдан бастап облыстардағы және облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың әкімдерін қайта сайлау, оның ішінде 2023 жылы – 45;

ауылдық округтердің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 2030 жылға қарай –

50 %-ға дейін;

мәслихаттардың отырыстарын онлайн трансляциялаумен қамту – 2023 жылға дейін барлық деңгейдегі 223 мәслихат

Жобалар тобы:
"Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту" – 4 жоба

  ";

      реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

31.

"Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы" жобасы

жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігін, оның ішінде қаржылық дербестігін кеңейту

ҰЭМ, мүдделі орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 жылғы тамыз

талап етілмейді

талап етілмейді

  ";

      реттік нөмірі 33-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

33.

"Әртүрлі деңгейдегі әкімдерді сайлау" жобасы

халыққа азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру

ҰЭМ, ОСК (келісу бойынша), МҚІА (келісу бойынша), Қаржымині, Әділетмині, АҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2025 жылдар

42 480 569 мың теңге

республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-1-жолмен толықтырылсын:

      "

33-1.

"Өңірлік деңгейде өкілеттіктерді орталықсыздандыру" жобасы

облыстық, аудандық (қалалық) және ауылдық басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу, оның ішінде мемлекеттік басқару органдары өкілеттіктерінің аражігін ажырату

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2024 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

  ";

      "8. Бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау" деген бөлімде:

      мына:

      "

Жобалар тобы:
"Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу" – 2 жоба

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жобалар тобы:
"Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу" – 1 жоба

  ";

      реттік нөмірі 35-жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады