"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 492 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      48-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-1) Қазақстан Республикасының уран кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді, ережеде оның қызметін ұйымдастыру, құрамы, жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу айқындалады;";

      мынадай мазмұндағы 82-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "82-1) банктік салым кепілі шартын жасасу тәртібін және оның көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 180-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "180-1) радиоактивті қалдықтарға нормативтерді белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 423-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "423-1) мемлекеттік орган қабылдаған көмірсутектер және уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулерді ұсыну және есепке алу тәртібін айқындайды;";

      мынадай мазмұндағы 431-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "431-1) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";

      ведомствоның функцияларында:

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, оның ішінде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметке мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

      "23-1. Аппарат басшысы аумақтық органдар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.";

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      6-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Бұл ретте осы қаулының 1-тармағының тоғызыншы, оныншы, он алтыншы және он жетінші абзацтары 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады