"Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 525 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 642 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 642 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы №1520 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, орналастыру, айналысқа қосу, оларға қызмет көрсету және өтеу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) андеррайтер – брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызметтер көрсететін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;

      2) бағалы қағаздар – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары эмиссиялайтын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;

      3) бастапқы дилер – белгіленген тәртіппен бағалы қағаздарды орналастыруға қатысуға жіберілген бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;

      4) депозитарийдің ережелер жинағы – депозитарийдің ішкі құжаты, оның негізінде депозитарий бағалы қағаздарға қызмет көрсетуді және оларды өтеуді жүзеге асырады;

      5) орталық депозитарий (бұдан әрі – депозитарий) – эмитентпен жасалған шартқа сәйкес бағалы қағаздарды орналастыру кезінде бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу жөніндегі төлем агентінің функцияларын және оларды өтеу кезінде бағалы қағаздарға депозитарийлік қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы;

      6) сауда-саттықты ұйымдастырушы – "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы;

      7) сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелері – сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаты, оның негізінде сауда-саттықты ұйымдастырушы бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырады;

      8) эмитент – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы.

      Бұл ретте облыстың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналым жасау үшін облыстардың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздардың, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру үшін шығарылатын өзге де бағалы қағаздардың ғана эмитенттері бола алады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, оларға қызмет көрсету және өтеу тәртібі";

      2.1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Бағалы қағаздарды шығарудың, орналастырудың, айналысқа жіберудің, оларға қызмет көрсетудің және өтеудің жалпы шарттары";

      20-тармақтың 4) тармақшасы "4) ұзақ мерзімді индекстелген;" деп жазылып, 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар (бұдан әрі – тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздар) түрлерін шығаруды, орналастыруды, айналысқа жіберуді, оларға қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады.";

      2.2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Орта мерзімді бағалы қағаздар";

      2.3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздар";

      2.4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздар";

      2.5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар";

      2.6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады