Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 жылға арналған республикалық бюджетке 550 000 000 000 (бес жүз елу миллиард) теңге мөлшерінде нысаналы трансферт, оның ішінде:
1) республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғауға және көмек көрсетуге, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге және инфрақұрылымды дамытуға – 33 725 976 мың теңге;
2) мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, қазақстандық мәдени мұраны сақтауға, зерделеу мен танымал етуге және архив ісін іске асырудың тиімділігін арттыруға – 573 372 мың теңге;
3) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттеріне – 45 335 770 мың теңге;
4) мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттерге – 20 000 000 мың теңге;
5) Ақмола облысының бюджетіне, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне қалалардың шеткі аумақтарындағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттеріне – 24 000 000 мың теңге;
6) "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде іс-шараларды іске асыруға – 67 000 000 мың теңге;
7) Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде моноқалалар мен өңірлерде іс-шараларды іске асыруға – 61 999 996 мың теңге;
8) ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуге және олардың сапасын жақсартуға бағытталған күтіп-ұстауды ұйымдастыруға – 24 826 961 мың теңге;
9) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы саласындағы іс-шараларды іске асыруға - 96 470 389 мың теңге;
10) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға – 176 067 536 мың теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 жылға арналған республикалық бюджетке 400 000 000 000 (төрт жүз миллиард) теңге мөлшерінде нысаналы трансферт, оның ішінде:
1) республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғауға және көмек көрсетуге, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге және инфрақұрылымды дамытуға - 31 203 562 мың теңге;
2) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттеріне - 39 598 790 мың теңге;
3) мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттерге – 20 000 000 мың теңге;
4) Ақмола облысының бюджетіне, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне қалалардың шеткі аумақтарындағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттеріне - 30 000 000 мың теңге;
5) "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде іс-шараларды іске асыруға – 87 500 000 мың теңге;
6) Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде моноқалалар мен өңірлерде іс-шараларды іске асыруға – 3 427 747 мың теңге;
7) республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамытуға – 36 245 525 мың тенге;
8) ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуге және олардың сапасын жақсартуға бағытталған күтіп-ұстауды ұйымдастыруға – 82 926 661 мың теңге;
9) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы саласындағы іс-шараларды іске асыруға – 10 335 858 мың теңге;
10) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға – 58 761 857 мың теңге бөлінсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 жылға арналған республикалық бюджетке 400 000 000 000 (төрт жүз миллиард) теңге мөлшерінде нысаналы трансферт, оның ішінде:
1) республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғауға және көмек көрсетуге, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге және инфрақұрылымды дамытуға – 35 686 020 мың теңге;
2) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттеріне – 13 868 283 мың теңге;
3) мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттерге – 25 000 000 мың теңге;
4) "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде іс-шараларды іске асыруға – 99 200 000 мың теңге;
5) республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамытуға – 36 940 780 мың теңге;
6) ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуге және олардың сапасын жақсартуға бағытталған күтіп-ұстауды ұйымдастыруға – 167 576 867 мың теңге;
7) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы саласындағы іс-шараларды іске асыруға – 2 966 281 мың теңге;
8) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға – 18 761 769 мың теңге бөлінсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |