"Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 647 қаулысымен бекітілген |
Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі – Әдістеме) "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және шикі мұнайға, газ конденсатына, оның ішінде Каспий Құбыржол Консорциумының құбыржол жүйесін пайдалана отырып, "КҚК-Р" терминалы FOB* шарттарымен, Қара теңіз порттары арқылы FOB шарттарымен (Каспий Құбыржол Консорциумының құбыржол жүйесінің терминалынан басқа), Жерорта теңізінің порттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының теміржол станциясы және (немесе) Ақтау – Баку/Сангачал – Джейхан порты бағыты бойынша, Каспий теңізінің порттарын пайдалана отырып, Каспий теңізі порттарының FOB шарттарымен, Балтық теңізінің порттарын пайдалана отырып, "Дружба" магистральдық мұнай құбырымен, теміржол көлігімен экспорттау кезіндегі мәміле (өткізу) бағасын белгілеу әдістемесін айқындайды.
Осы Әдістеме 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасасқан және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнаймен жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.
2. Шикі мұнай мен газ конденсатының (бұдан әрі – тауар) нарықтық бағасын анықтау үшін сатып алу-сату келісімшартында айқындалатын ресми ақпарат көздері пайдаланылады.
3. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) алдын ала төлем – жоспарланған, бірақ әлі жөнелтілмеген тауарды жеткізу үшін алдын ала төлем;
2) белгіленім кезеңі – мәміле шарттарына сәйкес мәміле тараптары тиісті биржалық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнін айқындайтын кезең ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуге арналған келісімшартта белгіленген, бірақ биржадағы баға белгіленімдері жарияланған, қатарынан күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын баға белгілеу кезеңі;
3) дифференциал – мәміле бағасын немесе ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері;
4) коносамент – жөнелтілген тауарды кеменің алғанын растайтын құжат;
5) мәміле (өткізу) бағасы – тауарды сатып алу-сату келісімшартының валютасында көрсетілген және осы Әдістемеге сәйкес есептелген тауарды сатып алу-сату келісімшарттарына сәйкес бір өлшем бірлік үшін тауар құны;
6) мерзімінен бұрын төлем – жөнелтілген тауар үшін сатып алу-сату келісімшарттарында белгіленген мерзімнен ерте төлем;
7) мұнайға баға белгіленімі – ресми ақпарат көздерінде жарияланатын баға белгіленімі;
8) мұнайды қабылдау-тапсыру актісі – жүк тасымалдаушысы құбыр арқылы тасымалдау кезінде жүк иесіне беретін құжат;
9) ресми ақпарат көзі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысымен бекітілген Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген ақпарат көзі;
10) сапа бойынша түзету – тауардың сапалық сипаттамалары (тығыздығы, күкірттің болуы) бойынша мәміле бағасын түзету;
11) Солтүстік теңіз баға эталоны – ресми ақпарат көздерінде жарияланатын "Brent (Dated)" немесе "NorthSeaDated", немесе "BFOE" мұнайының баға белгіленімі;
12) спрэд – ресми ақпарат көздерінде жарияланатын әртүрлі белгіленімдер арасындағы баға айырмашылығы;
13) тәуелсіз инспекция есебі – халықаралық практика мен корпоративтік стандарттардың нормаларына сәйкес тәуелсіз инспекция беретін және жүк жөнелту, алу кезінде немесе бағыттың тұтастай учаскесінде оның саны мен сапасын тексеру қорытындылары туралы ақпаратты қамтитын ресми құжат;
14) тиеу портындағы позициялық график – тиеу портында танкерлерге жүк тиеу (орналастыру) графигі.
Ескертпе * – Incoterms сауда терминдерінің халықаралық қағидаларының қолданыстағы редакциясына сәйкес беру шарттары.
2-тарау. Шикі мұнайдың және газ конденсатының мәміле (өткізу) бағасын айқындау әдістемесі
1-параграф. Шикі мұнайдың және газ конденсатының мәміле (өткізу) бағасын айқындау әдістемесі
4. Мәміле (өткізу) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
P = B + S – D (+/-) К,
мұнда:
P – тауардың мәміле (өткізу) бағасы;
B – ресми ақпарат көзінен алынған, тауардың белгіленім кезеңін есепке ала отырып, әрбір жөнелтуге арналып тауардың орташа белгіленімдерінің орташа мәні ретінде есептелетін бағасы;
S – спрэд, үшінші тарапқа жүк сатуға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес тиеу терезесінің бірінші күніне дейін оныншы күннен бастап жиырма бесінші күнді қоса алған кезеңде ресми ақпарат көздерінде жарияланатын бірнеше дәйекті орташа белгіленімдердің бірі немесе орташа мәні. Оныншы күннен бастап жиырма бесінші күнді қоса алған кезең сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес таңдалған ресми танылған ақпарат көзінің әдіснамасына сәйкес келеді. Таңдалған көздің әдіснамасы өзгерген жағдайда, бұл кезең өзгертіліп тұрады.
Айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде тиеу терезелері бар жүктер үшін тиеу терезесінің бірінші күніне дейін күнтізбелік бірінші күннен бастап жиырма бесінші күнді қоса алған кезеңде спрэд (белгіленім) қолданылады. Тиеу портында тиеу терезелері позициялық график негізінде айқындалады.
D – шикі мұнайды сатып алу-сату келісімшартында айқындалған шикі мұнайды жеткізу келісімшартына байланысты есепке алынатын дифференциал;
K – АРІ** градусы бойынша бағаны түзету (эскаляция-деэскаляция), егер шикі мұнайды сатып алу-сату келісімшартының талаптары бойынша шикі мұнайдың сапасы тығыздықтың базалық шектерінің стандартты аралықтарынан жоғары/төмен болған жағдайда, сыйлықақы/жеңілдік түрінде есептеледі.
Ескертпе ** – API градусы мұнайдың тығыздығын өлшеу бірлігін білдіреді.
2-параграф. Каспий Құбыржол Консорциумының құбыржол жүйесін пайдалана отырып, "КҚК-Р" терминалы FOB шарттарымен сату кезінде шикі мұнайдың және газ конденсатының мәміле (өткізу) бағасын айқындау әдістемесі
5. Мәміле (өткізу) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
P = B + S – D,
мұнда:
P – тауардың мәміле (өткізу) бағасы;
B – тиісті нарықта белгіленім кезеңін есепке ала отырып, ресми ақпарат көзінде әрбір жөнелтуге арналып жарияланған тауарды сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес қолданылатын тауардың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдерінің орташа мәні.
Осы нарықтағы баға белгіленімдері мынадай ресми ақпарат көздерінде жарияланады:
1) Platts: Brent (Dated), не CPC FOB 80 мың тонна, не CPC Blend CIF, не CPC Blend FOB;
2) Argus Media: North Sea Dated (NSD), не СРС Blend, не СРС FOB Тerminal;
3) Refinitiv: даталанған BFOE (RIC <BFO-E>), не CPC Blend CIF (RIC <CPC-E>), не CPC Blend FOB (RIC <RUBNK-CPC-YO>);
S – спрэд, үшінші тарапқа жүк сатуға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес тиеу терезесінің бірінші күніне дейін оныншы күннен бастап жиырма бесінші күнді қоса алған кезеңде ресми ақпарат көздерінде жарияланатын бірнеше дәйекті орташа белгіленімдердің бірі немесе орташа мәні.
Айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде тиеу терезелері бар жүктер үшін тиеу терезесінің бірінші күніне дейін күнтізбелік бірішні күннен жиырма бесінші күнді қоса алған кезеңдегі спрэд (белгіленім) қолданылады. Тиеу портында тиеу терезелері позициялық график негізінде айқындалады:
1) Platts: "Spread vs fwd DTD Brent", CPC Blend CIF/CPC Blend FOB/CPC FOB 80 KT деген жолда;
2) Argus Media: Russia-Caspian кестесінде СРС Blend/ СРС fob terminal деген жолындағы Diff дифференциалы;
3) Refinitiv: CPC Blend CIF Augusta (RIC <BFO-CPC>) дифференциалы.
Спрэд Солтүстік теңіз баға эталонының белгіленіміне қолданылады.
Белгіленімдер мен спрэдті айқындау үшін ресми ақпарат көзін таңдау сатушы мен сатып алушы арасында келісіледі және тауарды сатып алу-сату келісімшартында белгіленеді;
D – сатып алу-сату келісімшартында айқындалған, Заңға сәйкес ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын, тауарды жеткізу шарттарына байланысты есепке алынатын дифференциал, ол мыналарды қамтиды:
1) кемені жалдау бойынша шығыстар;
2) жүкті сақтандыру бойынша шығыстар;
3) порттық алымдар;
4) жүк инспекциясы бойынша шығыстар;
5) түрік бұғаздарынан өту бойынша шығыстар;
6) 80 мың тонна және 140 мың тонна танкер партиясының мөлшеріне жеңілдік;
7) қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;
8) тауарды тасымалдау кезіндегі ысыраптар бойынша шығыстар;
9) сатып алушы маржасы.
3-параграф. Қара теңіз порттары арқылы FOB шарттарымен (Каспий Құбыржол Консорциумының құбыржол жүйесінің терминалын қоспағанда) сату кезінде шикі мұнайдың және газ конденсатының мәміле (өткізу) бағасын айқындау әдістемесі
6. Атырау – Самара бағыты бойынша Қара теңіз порттарына дейін тауарды жеткізу кезінде мәміле (өткізу) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
P = B + S – D (+/-) К,
мұнда:
P – тауардың мәміле (өткізу) бағасы;
B – тиісті нарықта белгіленім кезеңін есепке ала отырып, ресми ақпарат көзінде әрбір жөнелтуге арналып жарияланған тауарды сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес қолданылатын тауардың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдерінің орташа мәні.
Осы нарықтағы баға белгіленімдері мынадай ресми ақпарат көздерінде жарияланады:
1) Platts: Brent (Dated), не Urals RCMB (Recombined);
2) Argus Media: North Sea Dated (NSD), не Urals Med Aframax, не Urals Med Suezmax;
3) Refinitiv: даталанған BFOE (RIC <BFO-E>), не Urals 80.000 тонна CIF Аугуста (RIC <URL-E>), CIF Аугуста (RIC <URL-80-135>) базисіндегі 80 мың тонна және 140 мың тонна көлеміндегі партиялар арасындағы дифференциал;
S – спрэд, үшінші тарапқа жүк сатуға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес тиеу терезесінің бірінші күніне дейін оныншы күннен бастап жиырма бесінші күнді қоса алған кезеңде ресми ақпарат көздерінде жарияланатын бірнеше дәйекті орташа белгіленімдердің бірі немесе орташа мәні.
Айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде тиеу терезелері бар жүктер үшін тиеу терезесінің бірінші күніне дейін күнтізбелік бірінші күннен бастап жиырма бесінші күнді қоса алған кезеңдегі спрэд (белгіленім) қолданылады. Тиеу портында тиеу терезелері позициялық график негізінде айқындалады:
1) Platts: Urals (Mediterranean) деген жолдағы "Spread vs fwd DTD Brent";
2) Argus Media: North Sea Dated (NSD), не Urals Med Aframax, не Urals Med Suezmax;
3) Refinitiv: CIF Аугуста (RIC <BFO-URL-E>) Urals 80 мың тонна дифференциалы, не CIF Аугуста (RIC<BFO-URL140>) Urals 140 мың тонна дифференциалы.
Спрэд Солтүстік теңіз баға эталонының белгіленіміне қолданылады.
Белгіленімдер мен спрэдті айқындау үшін ресми ақпарат көзін таңдау сатушы мен сатып алушы арасында келісіледі және тауарды сатып алу-сату келісімшартында белгіленеді;
D – сатып алу-сату келісімшартында айқындалған, Заңға сәйкес ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын, тауарды жеткізу шарттарына байланысты есепке алынатын дифференциал, ол мыналарды қамтиды:
1) кемені жалдау бойынша шығыстар;
2) жүкті сақтандыру бойынша шығыстар;
3) порттық алымдар;
4) жүк инспекциясы бойынша шығыстар;
5) түрік бұғаздарынан өту бойынша шығыстар;
6) 80 мың тонна және 140 мың тонна танкер партиясының мөлшеріне жеңілдік;
7) қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;
8) тауарды тасымалдау кезіндегі ысыраптар бойынша шығыстар;
9) сатып алушы маржасы.
K – АРІ градусы бойынша бағаны түзету (эскаляция-деэскаляция), егер тауарды сатып алу-сату келісімшартының талаптары бойынша тығыздықтың базалық шектерінің стандартты аралығынан жоғары/төмен болған жағдайда, сыйлықақы/жеңілдік түрінде есептеледі.
7. Тауарды Қазақстан Республикасының теміржол станциясы және (немесе) Ақтау – Махачкала – Новороссийск порты бағыты бойынша Қара теңіз порттарына дейін жеткізген кезде мәміле (өткізу) бағасы осы Әдістеменің 6-тармағында көрсетілген формула бойынша есептеледі.
Бұл ретте D Қазақстан Республикасының теміржол станциясы және (немесе) Ақтау – Махачкала порты бағыты бойынша Қара теңіздегі тиеу портына дейін мұнайды жеткізуге байланысты мынадай көлік шығыстарын қамтиды:
1) Ақтау портындағы порттық алым;
2) экспедициялау және көлік-экспедиторлық құжаттарды ресімдеу;
3) Каспий теңізінде Ақтау портынан Махачкала портына дейін кемені жалдау;
4) Махачкала порты мен "Дагнефтепродукт" мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу және жеткізу бойынша ашық акционерлік қоғамында ауыстырып тиеу;
5) танкерлерде және "Дагнефтепродукт" мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу және жеткізу бойынша ашық акционерлік қоғамында жылыту;
6) Ақтау портында сапасы мен санына инспекция жүргізу;
7) Махачкала портында сапасы мен санына инспекция жүргізу;
8) Ақтау портынан "Махачкала" мұнай айдау станциясында № 73 мұнайдың саны мен сапасын өлшеу жүйесіне дейін жүру жолында жүкті сақтандыру;
9) Ақтау порты мен Қара теңіз портынан жөнелтілетін тауар сұрыптарының арасындағы сапа үшін сыйлықақы/жеңілдік;
10) экспедитордың/тасымалдаушының маржасы (сыйақысы);
11) тауарды жөнелту станциясынан Ақтау портына дейін теміржол көлігімен тасымалдау кезіндегі шығыстар:
вагон-цистерналарды жалдау;
теміржол тарифі;
теміржолмен жүк тасымалдау құны, тиелген вагондарды жөнелту және бос вагондарды алу, вагондарды тиеу және түсіру пункттеріне беру-алып тастау, тиелген вагондардың тұруы-сақталуы, кірме жолдар бойынша көрсетілетін қызметтері;
Ақтау портының терминалдарында ауыстырып тиеу;
теміржолмен тасымалдау экспедиторының маржасы.
8. Тауарды Қазақстан Республикасының теміржол станциясы және (немесе) Ақтау – Баку/Сангачал – Батуми порты бағыты бойынша Қара теңіздің порттарына дейін жеткізген кезде мәміле (өткізу) бағасы осы Әдістеменің 6-тармағында көрсетілген формула бойынша есептеледі.
Бұл ретте D Қазақстан Республикасының теміржол станциясы және (немесе) Ақтау – Баку – Батуми порты бағыты бойынша Қара теңіздегі тиеу портына дейін тауарды жеткізуге байланысты мынадай көлік шығыстарын қамтиды:
1) Ақтау портындағы порттық алым;
2) экспедициялау және көлік-экспедиторлық құжаттарды ресімдеу;
3) Каспий теңізінде Ақтау портынан Баку портына дейін кемені жалдау;
4) Ақтау портында сапасы мен санына инспекция жүргізу;
5) CIF*** Бакудан бастап FOB Батумиге дейінгі учаскеде сапасы мен санына инспекция жүргізу;
6) Ақтау портынан FOB Батумиге дейін жүру жолында жүкті сақтандыру;
7) Ақтау портынан және Қара теңіз портынан тиелетін мұнай сұрыптарының арасындағы сапа үшін сыйлықақы/жеңілдік;
8) экспедитордың/тасымалдаушының маржасы (сыйақысы);
тиеп-жөнелту станциясынан Ақтау портына дейін теміржол көлігімен тауар тасымалдау кезіндегі шығыстар:
цистерналарды жалдау;
теміржол тарифі;
теміржолмен жүк тасымалдау құны, тиелген вагондарды жөнелту және бос вагондарды алу, вагондарды тиеу және түсіру пункттеріне беру-алып тастау, тиелген вагондардың тұруы-сақталуы, кірме жолдар бойынша көрсетілетін қызметтері;
Ақтау портының терминалдарында ауыстырып тиеу;
теміржолмен тасымалдау экспедиторының маржасы.
Ескертпе:
*** – Incoterms сауда шарттарының халықаралық қағидаларының қолданыстағы редакциясына сәйкес беру шарттары.
4-параграф. Жерорта теңізінің порттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының теміржол станциясы және (немесе) Ақтау – Баку/Сангачал – Джейхан порты бағыты бойынша сату кезінде шикі мұнайдың және газ конденсатының мәміле (өткізу) бағасын айқындау әдістемесі
9. Жерорта теңізінің порттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының теміржол станциясы және (немесе) Ақтау – Баку/ Сангачал – Джейхан порты бағыты бойынша сату кезінде тауарға мәміле (өткізу) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
P = B + S – D,
мұнда:
P – тауардың мәміле (өткізу) бағасы;
B – тиісті нарықта белгіленім кезеңін есепке ала отырып, ресми ақпарат көзінде әрбір жөнелтуге арналып жарияланған мұнайды сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес қолданылатын тауардың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдерінің орташа мәні;
Осы нарықтағы баға белгіленімдері мынадай ресми ақпарат көздерінде жарияланады:
1) Platts: Brent (Dated), не BTC, не Azeri Light;
2) Argus Media: North Sea Dated (NSD), не BTC, не Azeri Light
3) Refinitiv: даталанған BFOE (RIC <BFO-E>), Azeri Light CIF Аугуста (RIC <AZR-E>), CIF Аугуста (RIC <URL-80-135>) базисінде 80 мың тонна және 140 мың тонна көлеміндегі партиялар арасындағы дифференциал;
S – спрэд, үшінші тарапқа жүк сатуға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес тиеу терезесінің бірінші күніне дейін оныншы күннен бастап отызыншы күнді қоса алған кезеңде ресми ақпарат көздерінде жарияланатын бірнеше дәйекті орташа белгіленімдердің бірі немесе орташа мәні.
Айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде тиеу терезелері бар жүктер үшін тиеу терезесінің бірінші күніне дейін күнтізбелік бірінші күннен бастап отызыншы күнді қоса алған кезеңдегі спрэд (белгіленім) қолданылады. Тиеу портында тиеу терезелері уәкілетті орган шығаратын бекітілген ресми позициялық график негізінде айқындалады:
1) Platts: Azeri Lt CIF, Azeri Lt FOB Ceyhan, BTC FOB Ceyhan деген жолдағы "Spread vs fwd DTD Brent";
2) Argus Media: Russia-Caspian кестесіндегі BTC деген жолдағы, не Azeri Light деген жолдағы Diff дифференциалы;
3) Refinitiv: Azeri Light CIF Аугуста (RIC<BFO-AZR>) дифференциалы, CIF Аугуста (RIC<URL-80-135>) базисіндегі 80 мың тонна және 140 мың тонна көлеміндегі партиялар арасындағы дифференциал.
Спрэд Солтүстік теңіз баға эталонының белгіленіміне қолданылады.
Белгіленімдер мен спрэдті айқындау үшін ресми ақпарат көзін таңдау сатушы мен сатып алушы арасында келісіледі және тауарды сатып алу-сату келісімшартында белгіленеді;
D – сатып алу-сату келісімшартында айқындалған, Заңға сәйкес ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын, тауарды жеткізу шарттарына байланысты есепке алынатын дифференциал, ол мыналарды қамтиды:
1) кемені жалдау бойынша шығыстар;
2) жүкті сақтандыру бойынша шығыстар;
3) порттық алымдар;
4) жүк инспекциясы бойынша шығыстар;
5) 80 мың тонна және 140 мың тонна танкер партиясының мөлшеріне жеңілдік;
6) қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;
7) тауарды тасымалдау кезіндегі ысыраптар бойынша шығыстар;
8) сатып алушы маржасы.
Қазақстан Республикасының теміржол станциясы және (немесе) Ақтау – Баку/Сангачал – Джейхан порты бағыты бойынша тауар жеткізуге байланысты көлік шығыстары:
Ақтау портындағы порттық алым;
экспедициялау және көлік-экспедиторлық құжаттарды ресімдеу;
Каспий теңізінде Ақтау портынан Баку/Сангачал портына дейін кемені жалдау;
CIF Баку/Сангачалдан FOB Джейханға дейін тасымалдау (сапа банкін қоса алғанда);
Ақтау портында сапасы мен санына инспекция жүргізу;
CIF Баку/Сангачалдан FOB Джейханға дейінгі учаскеде сапасы мен санына инспекция жүргізу;
Ақтау портынан және Жерорта теңізінің портынан жөнелтілетін тауар сұрыптары арасындағы сапа үшін сыйлықақы/жеңілдік;
экспедитордың/тасымалдаушының маржасы (сыйақысы);
9) тауарды жөнелту станциясынан Ақтау портына дейін теміржол көлігімен тасымалдау және кейіннен ауыстырып тиеу кезінде мынадай шығыстар туындайды:
цистерналарды жалдау;
теміржол тарифі;
теміржолмен жүк тасымалдау құны, тиелген вагондарды жөнелту және бос вагондарды алу, вагондарды тиеу және түсіру пункттеріне беру-алып тастау, тиелген вагондардың тұруы-сақталуы, кірме жолдар бойынша көрсетілетін қызметтері;
Ақтау терминалында ауыстырып тиеу;
теміржолмен тасымалдау экспедиторының маржасы.
5-параграф. Каспий теңізінің порттарын пайдалана отырып, Каспий теңізі порттарының Free On Board шарттарымен сату кезіндегі шикі мұнайдың және газ конденсатының мәміле (өткізу) бағасын айқындау әдістемесі
10. Мәміле (өткізу) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
P = B – D,
мұнда:
P – тауардың мәміле (өткізу) бағасы;
B – тиісті нарықта белгіленім кезеңін есепке ала отырып, ресми ақпарат көзінде әрбір жөнелтуге арналып жарияланған тауарды сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес қолданылатын тауардың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдерінің орташа мәні;
Осы нарықтағы баға белгіленімдері мынадай ресми ақпарат көздерінде жарияланады:
1) Platts: Brent (Dated) немесе таңдалған бағытқа басқа да белгіленімдер;
2) Argus Media: North Sea Dated (NSD), не Urals Med Aframax, не Urals Med Suezmax, не BTC, не Azeri Light, немесе таңдалған бағытқа басқа да белгіленімдер;
3) Refinitiv: даталанған BFOE (RIC<BFO-E>), Urals 80.000 тонна CIF Аугуста (RIC<URL-E>).>), Azeri Light CIF Аугуста (RIC<AZR-E>), CIF Аугуста (RIC<URL80-135>) базисінде 80 мың тонна және 140 мың тонна көлеміндегі партиялар арасындағы дифференциал немесе таңдалған бағытқа басқа да белгіленімдер;
D – сатып алу-сату келісімшартында айқындалған, Заңға сәйкес ресми ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын, тауарды жеткізу шарттарына байланысты есепке алынатын және тауарды одан әрі жеткізу бағытымен айқындалатын дифференциал.
Белгіленімдерді айқындау үшін ресми ақпарат көзін таңдау сатушы мен сатып алушы арасында келісіледі және тауарды сатып алу-сату келісімшартында белгіленеді.
6-параграф. Балтық теңізінің порттарын пайдалана отырып, сату кезінде шикі мұнайдың және газ конденсатының мәміле (өткізу) бағасын айқындау әдістемесі
11. Мәміле (өткізу) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
P = B + S – D (+/-) K,
мұнда:
P – тауардың мәміле (өткізу) бағасы;
B – тиісті нарықта белгіленім кезеңін есепке ала отырып, ресми ақпарат көзінде әрбір жөнелтуге арналып жарияланған тауарды сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес қолданылатын тауардың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдерінің орташа мәні;
Осы нарықтағы баға белгіленімдері мынадай ресми ақпарат көздерінде жарияланады:
1) Platts: Brent (Dated), не Urals (Primorsk), не Urals (Ex-Baltic);
2) Argus Media: North Sea Dated (NSD), не Urals NWE, не Urals fob Primorsk, не Urals fob Ust-Luga;
3) Refinitiv: даталанған BFOE (RIC <BFO-E>), не Urals FOB Приморск (RIC <URL-PRMSK>);
S – спрэд, үшінші тарапқа жүк сатуға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес тиеу терезесінің бірінші күніне дейін оныншы күннен бастап жиырма бесінші күнді қоса алған кезеңде ресми ақпарат көздерінде жарияланатын бірнеше дәйекті орташа белгіленімдердің бірі немесе орташа мәні.
Айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде тиеу терезелері бар жүктер үшін тиеу терезесінің бірінші күніне дейін күнтізбелік бірінші күннен бастап жиырма бесінші күнді қоса алған кезеңдегі спрэд (белгіленім) қолданылады. Тиеу портында тиеу терезелері позициялық график негізінде айқындалады:
1) Platts: Urals (Rotterdam, Urals (Ex-Baltic) не Urals (Primorsk) деген жолдағы "Spread vs fwd DTD Brent";
2) Argus Media: Russia-Caspian кестесіндегі Urals NWE, не Urals fob Primorsk, не Urals fob Ust-Luga деген жолдағы Diff дифференциалы;
3) Refinitiv: Urals 100 мың тонна CIF Солтүстік-Батыс Еуропа (RIC <BFO-URL-NWE>) дифференциалы.
Спрэд Солтүстік теңіз баға эталоны белгіленіміне қолданылады.
Белгіленімдер мен спрэдті айқындау үшін ресми ақпарат көзін таңдау сатушы мен сатып алушы арасында келісіледі және тауарды сатып алу-сату келісімшартында белгіленеді;
D – сатып алу-сату келісімшартында айқындалған, Заңға сәйкес ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын, шикі тауарды жеткізу шарттарына байланысты есепке алынатын дифференциал, ол мыналарды қамтиды:
1) кемені жалдау бойынша шығыстар;
2) жүкті сақтандыру бойынша шығыстар;
3) жүк инспекциясы бойынша шығыстар;
4) қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;
5) тауарды тасымалдау кезіндегі ысыраптар бойынша шығыстар;
6) Балтық теңізінің порттарындағы порттық алымдар бойынша шығыстар;
7) Роттердам портына кеменің кіргені үшін порттық алымдар бойынша шығыстар;
8) күкірт шығарындыларын бақылау аймағындағы экологиялық алымдар (ECA);
9) сатып алушы маржасы;
10) мұз алымдары, күту уақытын қоса алғанда, қыс маусымы ішінде тіркеп-сүйреу үшін қосымша төлем, оның ішінде мұз жиегінде және мұзда күту уақыты/осы акваторияда қалыпты жылдамдықпен жүрумен салыстырғанда, мұзда жүру уақытында айырмашылық (кідіру);
11) Усть-Луга порты мен Приморск портындағы тауар сапасының арасындағы айырмашылық үшін өтемақы – мемлекеттік уәкілеттік органдар немесе уәкілетті көлік компанияларынан мұнайдың әртүрлі сапасы туралы растауы болған жағдайда;
K – АРІ градусы бойынша бағаны түзету (эскаляция-деэскаляция), егер тауарды сатып алу-сату келісімшартының талаптары бойынша тауардың сапасы тығыздықтың базалық шектерінің стандартты аралықтарынан жоғары/төмен болған жағдайда, сыйлықақы/жеңілдік түрінде есептеледі.
7-параграф. "Дружба" магистральдық мұнай құбырымен экспортталатын шикі мұнайдың және газ конденсатының мәміле (өткізу) бағасын айқындау әдістемесі
12. Мәміле (өткізу) бағасы мынадай екі формуланың біреуін пайдалана отырып есептеледі:
1) P = B + (S1+S2)/2 + (S3+S4)/2 – D;
2) P = M – SM– D,
мұнда:
P – тауардың мәміле (өткізу) бағасы;
B – тиісті нарықта белгіленім кезеңін есепке ала отырып, ресми ақпарат көзінде әрбір жөнелтуге арналып жарияланған тауарды сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес қолданылатын Солтүстік теңіз баға эталоны маркалы шикі мұнайдың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдерінің орташа мәні;
S1 – спрэд, әрбір қабылдау-тапсыру актісі үшін тараптар сатып алу-сату шартында келіскен кезеңде ресми ақпарат көздерінде Urals (Rotterdam) деген жолда жарияланатын "Spreadvs fwd Солтүстік теңіз баға эталоны" тауарын сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес қолданылатын орташа белгіленімдердің орташа мәні;
S2 – спрэд, әрбір қабылдау-тапсыру актісі үшін тараптар сатып алу-сату келісімшартында келіскен кезеңде ресми ақпарат көздерінде Urals (Mediterranean) деген жолда жарияланатын "Spreadvs fwd Солтүстік теңіз баға эталоны" тауарын сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес қолданылатын орташа белгіленімдердің орташа мәні;
S3 – спрэд, әрбір қабылдау-тапсыру актісі үшін тараптар сатып алу-сату шартында келіскен кезеңде ресми ақпарат көздерінде Urals (Ex-Novo) деген жолда жарияланатын "Spreadvs fwd Солтүстік теңіз баға эталоны" тауарын сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес қолданылатын орташа белгіленімдердің орташа мәні;
S4 – спрэд, әрбір қабылдау-тапсыру актісі үшін тараптар сатып алу-сату келісімшартында келіскен кезеңде ресми ақпарат көздерінде Urals (Ex-Baltic) деген жолда жарияланатын "Spreadvs fwd Солтүстік теңіз баға эталоны" тауарын сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес қолданылатын орташа белгіленімдердің орташа мәні;
M – жеткізу күнтізбелік айы ішінде ресми ақпарат көздерінде жарияланған тауарды сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес қолданылатын Солтүстік теңіз маркалы шикі мұнайдың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдердің орташа мәні;
SM – шикі мұнайды "Дружба" құбырымен Словакияға, Чехияға, Венгрияға, Польша мен Германияға жеткізуге арналған, ресми ақпарат көздерінде жарияланған ай сайынғы спрэд;
D –дифференциал, соның ішінде:
1) жүкті сақтандыру бойынша шығыстар;
2) жүк инспекциясы бойынша шығыстар;
3) шақыртып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;
4) сатып алушы маржасы.
8-параграф. Теміржол көлігімен экспортталатын шикі мұнайға және газ конденсатына мәміле (өткізу) бағасын айқындау әдістемесі
13. Мәміле (өткізу) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
P = B – D,
мұнда:
P – тауарға мәміле (өткізу) бағасы;
B – тиісті нарықта белгіленім кезеңін есепке ала отырып, ресми ақпарат көзінде әрбір жөнелтуге арналып жарияланған тауарды сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес қолданылатын тауардың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдерінің орташа мәні;
D – сатып алу-сату келісімшартында айқындалған шикі тауарды жеткізу шарттарына байланысты есепке алынатын, Заңға сәйкес ресми ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын дифференциал.
9-параграф. Газ конденсатына мәміле (өткізу) бағасын айқындау әдістемесі
14. Газ конденсаты үшін мәміле (өткізу) бағасы осы Әдістемеде көзделген белгіленім кезеңін және құрамбөліктері газ конденсатын жеткізу бағыты мен базисіне сәйкес анықталатын дифференциалды есепке ала отырып, әрбір жөнелтуге Солтүстік теңіз баға эталоны немесе CPC Blend маркалы шикі мұнайдың орташа белгіленімдерінің орташа мәні ретінде есептеледі:
P = B +K – D,
мұнда:
P – газ конденсатына мәміле (өткізу) бағасы;
B – белгіленім кезеңін есепке ала отырып, ресми ақпарат көзінде әрбір жөнелтуге арналып жарияланған мұнайды сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес қолданылатын Солтүстік теңіз баға эталоны немесе CPC Blend маркалы шикі мұнайдың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдерінің орташа мәні;
K – тығыздық бойынша түзету, нақты жөнелтілген газ конденсатының тығыздығы Солтүстік теңіз баға эталоны немесе CPC Blend маркалы шикі мұнайдың стандартты тығыздығынан жоғары немесе төмен болған жағдайда сыйлықақы немесе жеңілдік түрінде есептеледі;
D – сатып алу-сату келісімшартында айқындалған газ конденсатын жеткізу шарттарына байланысты есепке алынатын, Заңға сәйкес ресми ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын дифференциал, ол мыналарды қамтиды:
1) тасымалдау – тасымалдау шартының талаптарына сәйкес теміржол көлігі, автокөлік (мұнай тасығыштар, газ тасығыштар) арқылы тасымалдау бойынша нақты шығыстар;
2) жүк сақтандыру;
3) сапасы мен санына инспекция жүргізу;
4) кемені жалдау бойынша шығыстар;
5) порттық алымдар;
6) қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;
7) тауарды тасымалдау кезіндегі ысыраптар бойынша шығыстар;
8) сатып алушы маржасы.
3-тарау. Дифференциал құрауыштарын пайдалану
15. Ресми ақпарат көзінен бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру мақсатында тауарды жеткізу шарттарына байланысты дифференциалға Заңның 18-бабына сәйкес межелі тиісті нарығына дейін тауарды жеткізуге байланысты Заңның 13-бабына сәйкес сатып алушының негізделген және құжаттамалы түрде расталған шығыстары немесе ресми ақпарат көздерінің деректері немесе өзге де ақпарат көздері қосылады.
16. Дифференциал құрауыштарының мөлшері мерзімді басылымдар мен Тізбеге енгізілген баспагерлердің ақпараттық-талдамалық жүйелеріндегі нарықтық бағалардың диапазонына сәйкес келген кезде қабылданады.
17. Бастапқы құжаттар болмаған жағдайда, дифференциал құрауыштарының мөлшері мерзімді басылымдар мен ресми түрде танылған сатушы мен сатып алушы арасында келісілген және тауарды сатып алу-сату келісімшартында белгіленген Тізбеге енгізілген баспагердің ақпараттық-талдамалық жүйелеріндегі нарықтық бағалары диапазонының орташа мәні ретінде қабылданады.
4-тарау. Дифференциал құрауыштарының айқындау және бастапқы құжаттар
18. Осы Әдістемеде алғашқы құжат ретінде операция немесе оқиға фактісі және оны орындау құқығы туралы қағаз жүзінде де, (немесе) электрондық жеткізгіште де құжаттық дәлелдеме танылады.
19. Теңізбен тасымалдау (жалдау) құны жалдау шарттарымен (charterparty, time-charter) немесе танкерді жалдау шарттарының үзінді көшірмелерімен (CP recap), төлем шоттарымен (invoice) және сатып алушының 1 (бір) нетто баррель үшін жалдау құнын есептеуімен немесе ресми ақпарат көздерінің деректерімен расталады. Бұл ретте кемені жалдау бойынша шығыстар мынадай шығыстардан:
1) Қара немесе Жерорта теңіздері порттарының FOB жеткізу шарттарымен жалдау шартында көрсетілген Worldscale**** мөлшерлемесі бойынша есептелген Август портына дейінгі шығыстар құнынан аспайды;
2) Worldscale ресми жарияланымдарына сәйкес Роттердам портына кеменің кіруін жалдау шартында көрсетілген Балтық теңізі порттарының FOB жеткізу шарттарымен жалдау шартында көрсетілген Worldscale мөлшерлемесі бойынша есептелген Роттердам портына дейінгі шығыстар құнынан аспайды.
20. Кемені жалдау құны кемені жалдау күнінде айқындалады. Кемені жалдау бойынша бастапқы құжаттар болмаған жағдайда, жалдау құны теңіз коносаменті күніне дейінгі оныншы күннен бастап жиырма бесінші күнді қоса алған мерзімге орташа мәні ретінде айқындалады. Жалдау құнын есептеген кезде тиісті тауар партиясын жөнелту үшін пайдаланылатын танкердің (Aframax және Suezmax*****) жүк көтергіштігі, flat rate базалық мөлшерлемесі және оған сәйкес тауарға белгіленім қолданылған ресми ақпарат көздерінің баспагері жариялайтын Worldscale (WS) шамасы ескеріледі.
21. Қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстарының құны мынадай құжаттармен расталады:
1) банк аккредитивінің шарттары жазылатын тауарды сатып алу-сату келісімшарттары;
2) аккредитив сатушының пайдасына ашылғаны және аккредитив ашуға банк шығыстары туралы банктің растамасы;
3) танкердің атауын, тауарды жөнелту күнін, баррельдегі көлемдер, банктің пайыздық мөлшерлемесін, аккредитив сомасын және бір баррель үшін банк шығыстарының сомасын көрсете отырып, әрбір жекелеген жеткізу бойынша сатып алушының белгісі мен қолы бар мағынасы ашылып жазылған жазба.
22. Ерте төлем және алдын ала ақы дифференциал құрауыштарының болып табылмайды, сатып алу-сату келісімшарттарының талаптарымен айқындалады.
23. Тасымалдау кезіндегі ысыраптардың мөлшері тауарды өткізу сәтінде қолданылатын мынадай құжаттарға сәйкес дифференциалда ескеріледі:
Қазақстан Республикасының аумағында – Қазақстан Республикасындағы табиғи кему нормалары бойынша ұлттық стандарттарда;
басқа елдердің аумағында – осы елдердің табиғи кему бойынша нормативтік құжаттарында немесе тәуелсіз инспекцияның есептерінде, немесе ресми ақпарат көздерінің деректерінде.
Бұл ретте ысыраптар мөлшері ресми ақпарат көздерінің бағалауынан аспауы тиіс.
24. Сатып алушы маржасы трансферттік баға белгілеу туралы заңнамаға және басқа да ақпарат көздеріне сәйкес мерзімді басылымдар мен Тізбеге енгізілген баспагерлердің ақпараттық-талдамалық жүйелерінде жарияланған деректерден алынған орташа мән ретінде қабылданады.
25. Теміржолмен тасымалдау құны шарттармен, төлем шоттарымен (инвойс) немесе ресми ақпарат көздерінің деректерімен немесе ұлттық тасымалдаушылардың деректерімен немесе Rail-Tariff ақпараттық бағдарламасының деректерімен расталады.
26. Экспедитордың маржасы (теміржол тасымалының құнын анықтау кезінде экспедитордың маржасы ескеріледі) шарттармен, инвойстармен (invoice) расталады.
27. Теңіз, теміржол көлігімен немесе өзге де көлікпен тасымалдау кезінде жүкті сақтандыру құны шарттармен немесе сақтандыру полистерімен, немесе төлем шоттарымен (инвойс), сатып алушының сақтандыру құнын есептеуімен расталады.
28. Жүктің сапасы мен санын айқындау бойынша жүк инспекциясының құны инспекторлық қызметтерді көрсету шарттарымен, төлем шоттарымен (инвойс), сатып алушының инспекция құнын есептеуімен, тәуелсіз инспекторлық компаниялардың есептерімен расталады. Инспекцияның құны әрбір өлшеу нүктесінде ескеріледі.
29. Кеменің Роттердам портына кіргені үшін порттық алымдар бойынша шығыстардың құны Роттердам портындағы жүк бағытын растайтын бастапқы құжаттармен расталады.
30. Порттағы порттық алымның құны қызметтер көрсету шарттарымен, төлем шоттарымен (инвойс) расталады.
31. Портта жүкті ауыстырып тиеу бойынша шығыстарының құны шарттармен, инвойстармен (инвойс) расталады.
32. Танкер түрік бұғаздарынан (бұғаздар демерреджі) өткен кезде оның нормативтен артық бос тұруы бойынша шығыстар таймшитпен (timesheet) және инвойстармен (инвойс) расталады.
33. Күкірт шығарындыларын бақылау аймағындағы экологиялық алымдар (ECA) чартер-партиялармен (ECA бөлімі), кеме иесінің инвойстарымен, Worldscale деректерімен (бағыттың мөлшерлемесін және оның милядағы әрі-бері ұзындығын растау) расталады.
34. CIF Аугуст базисында көлемі 80 мың тонна (Afrаmax) танкерлермен жеткізілетін партияларға көлемі 140 мың тонна (Suezmax) танкерлермен жеткізілетін мұнай партияларына жеңілдік ресми ақпарат көздерінің деректерімен (Теңіз және Жерорта теңіздері FOB порттарының шарттарымен мұнай жеткізу бөлігінде) расталады.
35. Тауардың сапасын қабылдаушы тарап – мұнай құбырлары кәсіпорындарының, терминалдардың, мұнай өңдеу зауыттарының (Ақтау порты – Каспий теңізі бассейнінің басқа да порттары бағыты арқылы Қара және Жерорта теңіздері порттарының бағытында мұнай жеткізу кезінде ғана) тапсыру пунктіндегі талаптарға сәйкес келетін сапалық сипаттамаларға дейін жеткізу үшін жеңілдік (өтемақы) мынадай құжаттармен расталады:
1) мұнайды Ақтау портының терминалдарында араластырғанға дейінгі және Ақтау портындағы танкерге құйғанға дейінгі тауар сапасының паспорты (сертификаты);
2) қабылдаушы тараптың тауар тапсыру пунктіндегі сапа паспорты (сертификаты);
3) Каспий теңізі бассейнінің FOB порттарына жеткізу шарттарымен тауар сатып алу-сату шарты;
4) шот-фактуралар/төлем шоттары (инвойс).
36. Усть-Луга портындағы және Приморск портындағы тауар сапасы арасында сападағы айырмашылық үшін өтемақы бастапқы құжаттармен, уәкілетті ақпарат көздері деректерімен және уәкілетті көлік компанияларының деректерімен расталады.
37. Ақтау – Махачкала порты немесе Ақтау – Баку/Сангачал – Батуми порты, немесе Ақтау – Баку/Сангачал – Джейхан порты бағыттарындағы көлік және ілеспе шығыстар мынадай құжаттармен (Қара және Жерорта теңіздерінің FOB порттарының шарттарымен тауар жеткізу бөлігінде) расталады:
1) теміржолмен тасымалдау: цистерналарды жалдау, диспетчерлеу, кірме жолдарымен тасымалдау шығыстары, Ақтау портындағы порттық алымдар, Ақтау портында көлік-экспедиторлық ресімдеу және басқа да ілеспе шығыстар – шарттармен, төлем шоттарымен (инвойс);
2) Каспий теңізінде Ақтау портынан Махачкала портына немесе Баку/Сангачал портына дейінгі кеме жалдау – жалдау шарттарымен/рейс чартерімен, төлем шоттарымен (инвойс);
3) Ақтау портындағы порттық алым – шарттармен, төлем шоттарымен (инвойс);
4) Махачкала портында мұнайды танкерден ағызу кезінде – порттық/жағалау инфрақұрылымының терминалдарында мұнайды қабылдау, сақтау және дайындау, мұнай құбыры жүйесінің мұнай есебі торабына мұнайды ауыстырып тиеу/тапсыру немесе CIF Баку/Сангачал – FOB Батуми немесе CIF Баку/Сангачал– FOB Джейханнан – шарттармен инвойстармен (инвойс);
5) танкерлерде және Махачкала портының порттық/жағалау инфрақұрылымының терминалдарында жылыту – шарттармен, төлем шоттарымен (инвойс);
6) инспекция – шарттармен, төлем шоттарымен (инвойс), жүргізілген инспекцияның есептерімен;
7) тауар жөнелту пунктінен тапсыру пунктіне дейін Махачкала портының порттық/жағалау инфрақұрылымының терминалдарынан мұ най құбыры жүйесінің мұнай есебінің торабына дейін немесе FOB Батуми порты немесе FOB Джейханда мұнай тапсырғанға дейін жүк сақтандыру – шарттармен немесе сақтандыру полистерімен, төлем шоттарымен (инвойс), тасымалдаушының/экспедитордың сақтандыру құнын есептеуімен;
8) тасымалдаушының/экспедитордың сыйақысы (маржасы) – тасымалдау шарттымен немесе төлем шоттарымен (инвойс).
38. Дифференциалдың құрауыштарының құжаттамалық түрде, оның ішінде шарттармен (келісімшарттармен), тауарды межелі тиісті (жеткізу) нарығына дейін жеткізуге және оны өткізуге байланысты өткізу шығыстарын бап бойынша нақтылай отырып, іске асқан шығыстар бойынша көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру актілерімен расталады.
39. Егер қандай да бір шығыстарды дифференциалға енгізу мүмкін болмаған жағдайда, онда сатушы оларды сатып алу-сату келісімшартында немесе басқа да шарттарда жазылған талаптар бойынша сатып алушыға жеке төлейді немесе өтейді.
Ескертпе:
**** – жеткізу құнын анықтауға арналған тасымалдау бағасын белгілейтін пайыздық шкаласы;
***** – қолданылатын акваторияға және мөлшерге байланысты танкерлердің түрлері.