"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 665 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      Функциялардың 16-тармағында:

      "орталық аппараттың функциялары" мынадай мазмұндағы 93-1), 169-1), 169-2), 169-3), 169-4), 169-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "93-1) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      "169-1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін бекіту;

      169-2) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу;

      169-3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      169-4) арнаулы комиссияны қалыптастыру қағидаларын және ол туралы ережені әзірлеу;

      169-5) мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық даму институттарының және өзге де ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын қолдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады