Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қыркүйектегі № 675 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен республикалық мүлік:

      1) Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қаратал көшесі, құрылыс 1Е мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 11536,4 шаршы метр, кадастрлық нөмірі 03:268:056:124:1/А жатақхана ғимараты;

      2) Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қаратал көшесі, құрылыс 1Е мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 03:268:056:124, алаңы 0,3969 га жер учаскесі "Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады