Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және қылмыстың басқа да қауiптi түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 905 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және қылмыстың басқа да қауіпті түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімнің жобасында:
2-баптың 1-тармағының он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"стратегиялық мақсаттағы химиялық, биологиялық, радиоактивті және ядролық материалдарды, тауарлар мен технологияларды, әскери техниканың басқа да түрлерін заңсыз сату;";
9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Келісім қылмыстық істер бойынша беру және құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ фискальдық мәселелермен байланысты істер бойынша әкiмшiлiк және құқықтық көмек көрсету мәселелерін, сондай-ақ екіжақты және көпжақты халықаралық шарттардағы Тараптардың басқа міндеттерін қозғамайды. Осы Келісім қылмыстық істер өндірісі кезінде дәлелдемелер ретінде пайдалану мақсатында мәліметтер немесе ақпарат беру туралы сұрау салу үшін негіз болмайды. Осы Келісімге сәйкес жолданған мәліметтерді не ақпаратты жіберуші Тараптың ұлттық заңнамасына және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы екіжақты немесе көпжақты халықаралық шарттарға сәйкес оның алдын ала келісімінсіз пайдалануға болмайды.";
"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;";
13 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"13-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
14-бап
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі оның күшін жойғанға дейін күшінде қалады. Келісім оның қолданылуын тоқтату туралы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап алты (6) ай өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |