"Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 767 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 765 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2023 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер;";

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады