Қызмет бабымен орын ауыстыруы және ілгерілеуі кезінде көтерме жәрдемақыға, көлікпен жол жүруге және жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындардың өтелуіне құқығы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің лауазымдар тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 797 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 634 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.08.2023 № 634 қаулысымен.

      "Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған қызмет бабымен орын ауыстыруы және ілгерілеуі кезінде көтерме жәрдемақыға, көлікпен жол жүруге және жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындардың өтелуіне құқығы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің лауазымдар тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 9 қарашадағы
№ 797 қаулысымен
бекітілген

Қызмет бабымен орын ауыстыруы және ілгерілеуі кезінде көтерме жәрдемақыға, көлікпен жол жүруге және жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындардың өтелуіне құқығы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің лауазымдар тізбесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің орталық аппараты бойынша

      1. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет бастығы.

      2. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет бастығының орынбасары.

      3. Басқарма бастығы.

      4. Басқарма бастығының орынбасары.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің филиалдары бойынша

      1. Басқарма бастығы.

      2. Басқарма бастығының орынбасары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады