"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 825 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Ереженің 16-тармағының орталық аппарат функцияларының 301) және 302) тармақшаларын және Ереженің 16-тармағының ведомстволар функцияларының 64, 65) және 78) тармақшаларын, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Ереженің 16-тармағының ведомстволар функцияларының 98) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, "жасыл экономиканы" дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (коммуналдық, медициналық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, басқару процесін үйлестіру салаларында басқаратын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.";

      15-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, табиғи ресурстарды қорғауды, пайдалануды және молықтыруды мемлекеттік бақылау, өндірістік және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу (коммуналдық, медициналық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері, "жасыл экономиканы" дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау, мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын молықтыру салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) табиғи ресурстарды сақтау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг саласында басшылық және салааралық үйлестіру;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Функциялары:

      орталық аппараттың функциялары:

      1) реттелетін салаларда стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

      2) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

      3) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      4) қоғамдық кеңес құрады;

      5) қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарайды;

      6) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      7) қоғамдық кеңестерді азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты консультациялық құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабардар етеді;

      8) Министрлік құратын қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауларды өткізу мерзімдерін келіседі;

      9) Министрліктің қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған жұмысының нәтижелері туралы есепті қоғамдық кеңеске ұсынады;

      10) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүргізеді;

      11) тиісті салада мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      12) өз құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді, оларға өзгерістер енгізуді, қайта қарау және жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      13) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;

      14) реттелетін салалардағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындайды;

      15) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      16) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      17) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      18) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;

      19) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

      20) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

      21) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      22) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдайды;

      23) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қабылдайды;

      24) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

      25) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ұсынылуын қамтамасыз етеді;

      26) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;

      27) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;

      28) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;

      29) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;

      30) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасы міндеттемелерінің орындалуын және құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын бақылайды;

      31) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттарын іске асырады;

      32) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді бекітуді, күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер енгізуді жүзеге асырады;

      33) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;

      34) сараптамалық кеңестер құрады;

      35) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;

      36) нормативтік техникалық құжаттар техникалық регламенттер талаптарын іске асыру үшін қолданылған жағдайда оларды Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық стандарттар ретінде әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      37) реттелетін салада біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;

      38) рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;

      39) ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;

      40) екінші санаттағы рұқсаттарды алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;

      41) бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін), тексеру парақтарын іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады;

      42) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларда тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді, бекітеді және бекітілген тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

      43) өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;

      44) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестiң құрамын бекітеді;

      45) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 82-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;

      46) реттелетін саладағы мемлекеттік бақылау және қадағалаудың тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады;

      47) кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға өз құзыреті шегінде ұсынады;

      48) сапаның экологиялық нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      49) Жердің озон қабатын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

      50) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекітеді;

      51) эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесін бекітеді;

      52) Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      53) табиғи ресурстардың жай-күйі мен пайдаланылуын есепке алу деректерінің негізінде табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мониторингін жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізуді ұйымдастырады;

      54) Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын бекітеді;

      55) ең озық қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, қолдану, мониторингтеу және қайта қарау қағидаларын әзірлеу тәртібін айқындайды;

      56) қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

      57) мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізуді ұйымдастырады;

      58) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасында жұмыс процестерін үйлестіруді жүзеге асырады;

      59) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша техникамен және жабдықпен материалдық-техникалық жарақтандырудың заттай нормаларын, пайдалану шығындары үшін материалдардың жұмсалу нормаларын, химиялық реактивтер мен зертхана ыдыстарының, далалық жарақтардың және арнайы киімдердің тиесілілік нормаларын, Министрлік және оның аумақтық ведомстволары қызметкерлерінің уақыт пен жұмыс жүктемесі нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      60) коммуналдық қалдықтарды басқару мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      61) парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      62) қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      63) иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін бекітеді;

      64) өндіруші немесе импорттаушы қолданатын қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесіне қойылатын талаптарды айқындайды;

      65) қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша міндеттемелердің орындалуын растау ретінде құжаттарды ұсыну тәртібін айқындайды;

      66) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытынды шығару қағидаларын және қорытынды нысандарын бекітеді;

      67) парниктік газдар көздері мен сіңіргіштерінен антропогендік шығарындыларды бағалаудың ұлттық жүйесін жүргізеді;

      68) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

      69) аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттарын белгілейді;

      70) полигон операторының тарату қорын қалыптастыру тәртібін айқындайды;

      71) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады;

      72) мемлекеттік көміртегі кадастрын әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады;

      73) қалдықтардың жинақталу лимиттерін және қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесін бекітеді;

      74) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      75) көміртегі квоталарының ұлттық жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      76) қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекітеді;

      77) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлейді;

      78) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын әзірлейді;

      79) коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      80) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын буып-түю үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан жасалған орамаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекітеді;

      81) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жолымен өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды бекітеді;

      82) энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін бекітеді;

      83) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді пайдалануға қойылатын экологиялық талаптарды бекітеді;

      84) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

      85) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды бекітеді;

      86) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін бекітеді;

      87) ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін жүргізуді ұйымдастырады;

      88) Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу, сондай-ақ Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу қағидаларын бекітеді;

      89) Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға көшуі жөніндегі ұлттық баяндаманы әзірлеуді ұйымдастырады;

      90) экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізу қағидаларын бекітеді;

      91) мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      92) көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктерді ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      93) көміртегі квоталарының ұлттық жоспарының резервін басқаруды жүзеге асырады;

      94) жыл сайын 1 мамырға дейін ресми интернет-ресурста өткен жылғы:

      1) мемлекеттік экологиялық саясаттың іске асырылу барысы туралы;

      2) экологиялық залалды ремедиациялау жөніндегі іске асырылған іс-шаралар туралы;

      3) республикалық бюджеттің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған шығыстары туралы;

      4) мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері және Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін бюджетке өндіріп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпаратты орналастырады;

      95) тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу, оның ішінде тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекітеді;

      96) тарихи ластануды болғызбау жөніндегі қағидаларды бекітеді;

      97) озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады;

      98) "Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі, жүргізу және пайдалану жөніндегі жұмысты, сондай-ақ осыған байланысты барлық жұмыс процестерін үйлестіруді қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      99) әртүрлі кластағы полигондарда көмуге арналған қалдықтар түрлерінің тізбесін айқындайды;

      100) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын әзірлейді;

      101) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын бекітеді;

      102) қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;

      103) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесін бекітеді;

      104) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені бекітеді;

      105) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлер тізбесін бекітеді;

      106) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлер тізбесіне қосу үшін хердерлерді айқындау әдістемесін бекітеді;

      107) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу және сезімталдық индексін айқындау жөнінде шешім қабылдау қағидаларын бекітеді;

      108) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу әдіснамасын бекітеді;

      109) техникалық газды күкіртпен жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

      110) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын айқындау әдістемесін бекітеді;

      111) экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын бекітеді;

      112) республикалық деңгейде маңызы бар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      113) кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекітеді;

      114) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерін, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру қағидаларын бекітеді;

      115) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін), қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін кәбілді-өткізгіш өнім өндіруді ынталандыру қағидаларын бекітеді;

      116) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекітеді;

      117) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      118) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;

      119) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

      120) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын келіседі;

      121) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

      122) жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды;

      123) қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      124) жастардың қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге қатысуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;

      125) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітетін пестицидтердің тіркеу (ұсақ-түйек және өндірістік) сынақтарын жүргізу және оларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын келіседі;

      126) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қызметін дамыту стратегиясын және инвестициялық саясатын келіседі;

      127) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік экологиялық бақылауды іске асыратын лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін айқындайды;

      128) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін түгендеудің мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      129) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасында мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді бөлуді белгілейді;

      130) әсер етуге экологиялық рұқсат берілетін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді белгілейді;

      131) климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарға сәйкес климаттың өзгеруіне бейімделу нәтижелері бойынша есептілікті жүзеге асырады;

      132) қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы халықаралық шарттарды іске асыру бойынша бөлінген орталықтың функцияларын жүзеге асырады;

      133) халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі ұлттық органның функцияларын жүзеге асырады;

      134) жалпы мемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтерді көрсетуге байланысты метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті, қоршаған орта жай-күйінің мониторингін жүргізу жөніндегі қызметті ұйымдастырады;

      135) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін әзірлейді;

      136) қалдықтар сыныптауышын бекітеді;

      137) Қазақстан Республикасының орнықты органикалық ластағыштар туралы халықаралық шарттарын іске асыруды қамтамасыз етеді;

      138) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, киіп жүру тәртібін бекітеді;

      139) озон қабатын бұзатын заттар бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) белгілейді;

      140) коммуналдық қалдықтарды басқару мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      141) орман мен жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      142) жануарлар санын реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      143) карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      144) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      145) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндік схемаларын және су шаруашылығы балансын әзірлеу және бекіту тәртібін айқындайды;

      146) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      147) аумақтық суларда жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      148) су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру тәртібін айқындайды;

      149) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды;

      150) ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      151) суды бастапқы есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      152) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;

      153) экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      154) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      155) жерүсті су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштерін және оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу әдістемесін әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді;

      156) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су қатынастарын реттеу, трансшекаралық суларды ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша шектес мемлекеттермен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      157) Қазақстан Республикасының Үкіметіне биоалуантүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      158) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекітеді;

      159) Қазақстан Республикасының Үкіметіне өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою және оларды алып қою көлемін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      160) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік орман қорын санаттар бойынша бөлу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      161) орман шаруашылығы саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілер мен құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      162) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      163) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін әзірлейді және бекітеді;

      164) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      165) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      166) су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      167) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      168) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде, сондай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      169) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

      170) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұрын бекітіп берілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

      171) ихтиологиялық байқаулар қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      172) балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      173) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

      174) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардан басқа, эпизоотияны болғызбау мақсатында жануарларды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      175) балықтар мен басқа да су жануарлары мониторингінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      176) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық шаруашылығын (акваөсіру) жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      177) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы жануарларды экспорттауға лицензия береді;

      178) кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      179) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын әзірлейді;

      180) әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      181) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту тәртібін әзірлейді және ұсыныстар енгізеді;

      182) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды биосфералық резерваттарға жатқызу қағидаларын бекітеді;

      183) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      184) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін жерлерде өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      185) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оны іске асырады;

      186) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту тәртібін әзірлейді және осы жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      187) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

      188) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;

      189) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      190) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарға, аңшылық шаруашылығының мұқтаждары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілері үшін учаскелер беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      191) орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге жәрдемдесу шаралары жүргізілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      192) орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;

      193) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      194) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің; орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және айқындау жөніндегі; орман қоры аумағында орманды заңсыз кесу көлемдерін және орманды заңсыз кесуден келтірілген залалды есепке алу және айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;

      195) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді әзірлейді және бекітеді;

      196) отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      197) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      198) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу орындарын куәландыруды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      199) мемлекеттік орман қорында таңбаларды қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      200) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдастардың плантацияларын отырғызуға және өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      201) мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт станциясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      202) басқа санаттағы жерді орман қорының жеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      203) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жекелеген жабайы өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген шикізатты әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) береді;

      204) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жекелеген жабайы өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген шикізатты экспорттауға лицензия береді;

      205) мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      206) мемлекеттік орман қоры жерлерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау және жерасты ұңғымалық шайып сілтісіздендіру әдісімен уран өндіру кезінде оларды орман иеленушіге беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      207) орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін орман қоры жерлерінің санатынан басқа санаттағы жерлерге ауыстыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      208) ормандарды молықтыру мен орман өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      209) орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      210) мемлекеттік орман қорғау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      211) мемлекеттік орман қоры аумағында шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы ағаш ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      212) орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      213) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      214) өзендер, көлдер, су қоймалары, арналар және басқа да су объектілері жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерінің енін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      215) әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      216) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерді әзірлейді және бекітеді;

      217) орман қоры аумағында заңсыз ағаш кесудің көлемін және заңсыз ағаш кесуден келтірілген залалды есепке алу мен айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      218) қорықшы төсбелгісінің және айырым белгілері бар арнайы киімнің нысанын әзірлейді және бекітеді;

      219) уәкілетті орган ведомствосының және оның жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      220) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

      221) жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      222) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерінің тізбелерін айқындайды және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызуды қоспағанда, оларды бір санаттан екінші санатқа ауыстырады;

      223) жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      224) дериваттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      225) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;

      226) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиттерін және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін әзірлейді және бекітеді;

      227) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      228) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      229) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығын, шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жатқызу өлшемшарттарын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      230) мемлекеттік монополия субъектісінің бекіре тұқымдас балық түрлерінің өнімін қайта өңдеу кезінде қалдықтар, ысыраптар және шикізат шығыстары нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      231) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарды және мамандандырылған ұйымдарды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      232) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      233) аң аулау, балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      234) аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын және балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      235) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін әзірлейді және бекітеді;

      236) мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балық түрлерін және олардың уылдырығын өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      237) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      238) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      239) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      240) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      241) зоологиялық коллекцияларды жасау және мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      242) аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      243) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      244) аң аулауда пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      245) жануарлар дүниесін пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      246) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      247) айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және онымен жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын, сондай-ақ жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерін қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      248) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларына шаруашылық қызметі нәтижесінде келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      249) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысаны мен оларды беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      250) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      251) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;

      252) су тарту және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді және оларды орнатуды келіседі;

      253) ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      254) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      255) ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін және сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын әзірлейді және бекітеді және ішкі нарықта оны сату үшін таңба беруді жүзеге асырады;

      256) аңшылық шаруашылықтары, өсімін молайту учаскелері мен тынығу аймақтары, балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулауға және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналының) нысанын әзірлейді және бекітеді;

      257) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      258) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      259) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;

      260) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;

      261) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;

      262) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;

      263) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      264) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің шекараларын және аумақтарын қорғау режимінің түрін бекітеді;

      265) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету тәртібін бекітеді;

      266) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекітеді;

      267) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде (спорттық) балық аулау, мелиорациялық аулау, ғылыми-зерттеу үшін аулау, өсімін молайту мақсатында аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      268) республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      269) табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      270) жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      271) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын мелиорациялық аулауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      272) табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызметті және ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      273) ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамы мен ережелерін әзірлейді және бекітеді;

      274) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді және олардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      275) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша су объектілеріне жол берілетін шекті зиянды әсерлердің нормативтерін белгілейді;

      276) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді;

      277) бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде су пайдалану лимиттерін бекітеді;

      278) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекітеді;

      279) су объектілерін және ауызсумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін бекітеді;

      280) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттауды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорттың нысанын белгілейді;

      281) су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      282) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектілерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      283) су объектілеріне жол берілетін шекті зиянды әсерлердің нормативтерін әзірлеу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді, белгілейді;

      284) тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      285) су шаруашылығы, гидромелиорациялық жүйелер мен құрылыстарды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      286) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін айқындау жөнінде ұсыныс енгізеді;

      287) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу өлшемшарттарын айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      288) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемшарттарын, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемшарттарын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      289) гидротехникалық құрылыстар мен негізгі жабдықтарды көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      290) суларды мемлекеттік есепке алуды және оларды пайдалануды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды, суларды және оларды пайдалануды мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

      291) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;

      292) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;

      293) геологиялық барлау кезеңділігінің қағидаларын айқындайды;

      294) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;

      295) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ оның иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекітеді;

      296) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпаратты және оның жеткізгіштерін сақтау және есепке алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      297) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беруге өтініш беру және оны қарау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      298) жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      299) жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлейді және бекітеді;

      300) геологиялық есептің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      301) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені және оның құрамын бекітеді;

      302) пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекітеді;

      303) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      304) тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру карталарын әзірлейді және бекітеді;

      305) мемлекеттік жер қойнауы мониторингін жүзеге асыру қағидаларын айқындайды;

      306) жер қойнауын пайдаланушылардың уәкілетті органға нормаланатын ысыраптар туралы деректерді ұсыну қағидаларын бекітеді;

      307) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептердің нысандарын бекітеді;

      308) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу және пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпарат ұсыну қағидаларын бекітеді;

      309) геологиялық есепке мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;

      310) геология саласындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

      311) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      312) жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензиялар беруге өтініштер беру және оларды қарау тәртібін айқындайды;

      313) жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия алуға өтініштердің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      314) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт нормалары мен бағаларды бекітеді;

      315) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысады;

      316) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, су ресурстарын басқару, орман қатынастары, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      317) қажет болған кезде бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

      318) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;

      319) бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастырады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді;

      320) мемлекеттік органның қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастырады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін жария талқылау жүргізіледі;

      321) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі әзірлеген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобаларын түсіндірме жазбаларымен және оларға салыстырма кестелермен (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырады;

      322) өзінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, лауазымды адамдарының мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауына ішкі бақылауды жүзеге асырады;

      323) өз құзыреті шегінде "Ұлттық қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұлттық қауiпсiздiк, "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес азаматтық қорғау, "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актiлерінiң сақталуын қамтамасыз етедi;

      324) тиісті мемлекеттік басқару саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру үшін жауаптылықта болады, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлеріне олардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды;

      325) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

      326) төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда нұқсан мен ысыраптың мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдайды;

      327) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      328) ең озық қолжетімді техникалар жөнінде оларды қолданудың барлық салалары бойынша қорытындыларды 2023 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей бекітуді қамтамасыз етеді;

      329) технологияларды "жасыл" технологиялар ретінде тану қағидаларын әзірлейді;

      330) "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамаларын (таксономиясын) әзірлейді;

      331) қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және/немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды қаржыландыру қағидалары мен шарттарын келіседі;

      332) қайтарымдылық шарттарында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер құрылысын қаржыландыру не қоса қаржыландыру қағидалары мен шарттарын әзірлейді;

      333) қауіпті және басқа да қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттеу қағидаларын әзірлейді;

      334) Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шекарасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді;

      335) озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      336) экономиканың реттелетін секторларындағы бенчмарктер тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      337) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      338) валидация және верификация жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      339) озонды бұзатын заттарды түгендеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      340) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      341) озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      342) озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      343) ауыр металдар эмиссияларын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      344) төзімді органикалық ластағыш заттар эмиссияларын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      345) жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын және жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды нысандарын бекітеді;

      346) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      347) мемлекеттік климаттық кадастрды жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік климаттық кадастр деректерінің құрамы және мемлекеттік органдарға, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғаларға оның деректерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      348) мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      349) ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      350) стационарлық байқау пункттері және мемлекеттік байқау желісінің атмосфераның ластану жай-күйін байқау пункттері туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      351) жерді неғұрлым құнды жерден құндылығы төменіне ауыстыру, консервациялау, сондай-ақ экологиялық зілзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу қажеттігін айқындау мақсатында оны бағалаудың экологиялық өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

      352) атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын бекітеді;

      353) су объектілеріне жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын бекітеді;

      354) күкіртті карталарда ашық түрде күкіртті орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесін бекітеді;

      355) жол берілетін жиынтық антропогендік жүктеме нормативтерін әзірлеу қағидаларын бекітеді;

      356) қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      357) I және II санаттағы объектілерді өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу, ішкі есепке алуды жүргізу, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мерзімді есептерді қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекітеді;

      358) қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысандарын бекітеді;

      359) биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидаларын бекітеді;

      360) қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларын бекітеді;

      361) I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін бекітеді;

      362) кепілдік, банктік салым кепілін, мүлік кепілін беру және сақтандыру ұсыну туралы өтініштің нысандарын бекітеді;

      363) I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепілдіктердің үлгі нысанын бекітеді;

      364) I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілінің үлгі шартын бекітеді;

      365) I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілінің үлгі шартын бекітеді;

      366) сыртқы тәуелсіз сарапшыларды, оның ішінде оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттарын тарту қағидаларын бекітеді;

      367) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекітеді;

      368) жиынтық экологиялық пайдаға талдау жүргізу әдістемесін бекітеді;

      369) мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жою үшін диспергенттер мен хердерлерді диспергенттер мен хердерлер тізбесіне қосу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      370) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлер тізбесіне қосу үшін хердерлерді айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      371) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу және сезімталдық индексін айқындау жөнінде шешім қабылдау қағидаларын бекітеді;

      372) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу әдіснамасын бекітеді;

      373) техникалық газды күкіртпен жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

      374) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын айқындау әдістемесін бекітеді;

      375) қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекітеді;

      376) тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару кезінде ірі экологиялық оқиғаларды болдырмау бағдарламасын, сондай-ақ осындай оқиғаларға ден қоюдың ішкі жоспарын әзірлеу қағидаларын бекітеді;

      377) қалдықтардың жекелеген түрлерін басқару саласындағы ұлттық стандарттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      378) қалдықтарды бөлек жинауға, оның ішінде техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығы ескеріле отырып, міндетті бөлек жинауға жататын қалдықтардың түрлеріне немесе топтарына (түрлерінің жиынтығына) қойылатын талаптарды бекітеді;

      379) қалдықтарды бөлек жинауға, оның ішінде міндетті түрде бөлек жинауға жататын қалдықтардың түрлеріне немесе топтарына (түрлерінің жиынтығына) қойылатын талаптарына сәйкес және техникалық, экономикалық және экологиялық тұрғыдан орындылығын ескере отырып айқындайды;

      380) жабайы жануарлардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидаларын бекітеді;

      381) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидаларын бекітеді;

      382) қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты, осындай ақпараттың құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды, оны жариялау және мүдделі тұлғаларға беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      383) газдарды тазарту қондырғыларын пайдалану қағидаларын бекітеді;

      384) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тарихи ластанудың жекелеген объектілерін анықтау және бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      385) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жекелеген объектілерге қатысты тарихи ластануды жою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      386) тарихи ластануды жою бойынша жұмыстар жүргізілген басым объектілерді айқындайды, сондай-ақ тарихи ластану объектілерін санаттау нәтижелері бойынша өзге де шұғыл шаралар қабылдайды;

      387) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

      388) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының кейінгі ұлттық салымдарын әзірлейді;

      389) көлік құралдарында қауіпті қалдықтарды тасымалдау қағидалары мен нормаларын, көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекітетін тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға қойылатын талаптарды және экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі басқа да талаптарды келіседі;

      390) қысқа мерзімді немесе орта мерзімді перспективада қоршаған орта үшін елеулі теріс салдарлар туғызатын немесе халықтың өміріне және (немесе) денсаулығына, сондай-ақ қоршаған орта үшін қатер төндіретін жабық (пайдаланудан шығарылған, жойылған) және қараусыз (иесіз) қалған тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын жинау объектілерінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

      391) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсаттар беруді жүзеге асырады;

      392) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілетін генетикалық түрлендірілген өнімдердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      393) экологиялық рұқсаттар мен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекітеді;

      394) ішкі есепке алуды жүргізу, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы және табиғи ресурстары туралы ұлттық деректер банкіне электрондық нысанда мерзімді есептерді қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекітеді;

      395) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында пайдалану рұқсат етілетін генетикалық түрлендірілген өнімдердің тізбесін бекітеді;

      ведомстволардың функциялары:

      1) ведомствоның құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;

      2) құрылымына ведомство кіретін Министрліктің нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының басшылары қабылдайтын және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтын нормативтік құқықтық бұйрықтарды бекітеді;

      3) қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      4) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      5) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылық етеді;

      6) ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді;

      7) өз құзыреті шегінде техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      8) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 82-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың әзірленетін жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдауды жүргізеді;

      9) реттеушілік әсерге жүргізілген талдау нәтижесін Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырады;

      10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 132-бабының 2-тармағына сәйкес тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан байқауды және тексеруді жүзеге асырады;

      11) тиісті салада мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін әзірлейді;

      13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізеді;

      14) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүргізеді;

      15) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      16) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді лицензиялауды жүзеге асырады;

      17) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады;

      18) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, келіседі және бекітеді;

      19) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындайды;

      20) реттелетін салаларда рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;

      21) қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия береді;

      22) озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді лицензиялауды жүзеге асырады;

      23) мыналарға:

      экологиялық рұқсаттар беру рәсімі шеңберінде I санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына, сондай-ақ кешенді экологиялық рұқсаттарды қайта қарау рәсіміне;

      операторлар оларды ерікті түрде алған жағдайда кешенді экологиялық рұқсаттар беру рәсімі шеңберінде II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына;

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 87-бабы бірінші бөлігінің 3) – 8) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргізеді;

      24) апелляциялық комиссияның құрамына кіреді;

      25) апелляциялық комиссия қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тексеру нәтижелері туралы актісіне шағымды шағым жасалған мәселелер шегінде қарайды;

      26) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын келіседі;

      27) экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны береді;

      28) озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар береді;

      29) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының бұзылуына байланысты жеке және заңды тұлғалардың рұқсаттарын, қорытындыларын, лицензияларын және басқа да рұқсат беру құжаттарын кері қайтарып алу, олардан айыру және олардың қолданысын тоқтата тұру жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдайды;

      30) кешенді экологиялық рұқсаттар береді;

      31) өндірістік және басқа да сарқынды суларды белгіленген нормативтерге дейін тазалаған жағдайда осындай суларды теңізге ағызу үшін рұқсаттар береді;

      32) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      33) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;

      34) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар беруді жүзеге асырады;

      35) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар береді;

      36) заңда белгіленген шекте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

      37) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге, оның ішінде:

      2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ережелерінің сақталуына;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына;

      жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды консервациялау және олардың салдарын жою, бүлінген жерлерді рекультивациялау кезінде экологиялық талаптардың сақталуына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің орындалуына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының осы Кодексте айқындалған талаптарды орындауына;

      біліктілік талаптарының және қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін, сондай-ақ өзіне қатысты хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті жүзеге асыру қағидаларының сақталуына;

      жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі талаптарын сақтауына мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;

      38) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      39) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      40) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      41) әкімшілендірілетін қондырғылардың парниктік газдардың квоталанатын шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;

      42) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      43) полигондарда қалдықтарды орналастыруға және полигондарды күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      44) тиісті зертханалық практика саласындағы нормативтік-әдістемелік базаны әзірлейді (әзірлеуге қатысады);

      45) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестікті міндетті растауға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      46) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлейді, бекітеді, олардың күшін жояды, тоқтата тұрады, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      47) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және орындайды;

      48) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      49) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;

      50) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумағын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамасын келісуді жүзеге асырады;

      51) сауда мақсатында теңізде жүзі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кемелермен ластанудың алдын алу жөніндегі қағидаларды келіседі;

      52) өтініш берушіге жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия береді;

      53) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ оның иелігі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алады, сақтайды, жүйелейді, жинап қорытады және ұсынады;

      54) геологиялық барлау кезеңділігінің қағидаларын әзірлейді;

      55) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;

      56) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ оның иелігі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және ұсыну қағидаларын әзірлейді;

      57) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпаратты және оның жеткізгіштерін сақтау және есепке алу қағидаларын әзірлейді;

      58) геологиялық есепке мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      59) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

      60) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысады;

      61) жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензиялар беруге өтініштер беру және оларды қарау қағидаларын әзірлейді;

      62) жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын, жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені әзірлейді;

      63) тарихи шығындардың мөлшерін, геологиялық ақпараттың құны мен алу шарттарын айқындайды;

      64) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені әзірлейді;

      65) пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені әзірлейді;

      66) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді;

      67) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді;

      68) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, геологиялық және тау-кендік бөлулерді береді;

      69) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізеді;

      70) геологиялық есептің нысандарын әзірлейді;

      71) пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын айқындау, геологиялық ақпаратты пайдалану және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген басқа да мәселелер бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасайды және үйлестіреді;

      72) геологиялық есепке мемлекеттік сараптама жүргізуді ұйымдастырады;

      73) жерасты сулар бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысады;

      74) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсаттарды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органымен келіседі;

      75) жеке және заңды тұлғалар жүргізетін, су объектілерінің сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау іс-шараларын келіседі;

      76) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытындылар береді;

      77) жер қойнауын геологиялық зерттеуге және оның кеңістігін пайдалану үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді;

      78) пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын бағалау туралы есепте ресурстар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабына сәйкес бұрын бекітілген өнеркәсіптік санаттар қорларының жиырма бес пайызынан аса азайтылуының негізділігін растайды;

      79) мәлімделген жер қойнауы учаскесінде кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын пайдалы қатты қазбалар ресурстарының жоқтығын немесе ресурстар перспективасының жоқтығын растайтын геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есептің мемлекеттік сараптама қорытындысын береді;

      80) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының елді мекендерді, өнеркәсіптік кешендерді және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалау және салу кезінде алдағы құрылыс салу учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе олардың аз мөлшерде екендігі туралы оң қорытындысын келіседі;

      81) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсаттарын келіседі;

      82) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастырады және жүргізеді;

      83) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттейді;

      84) жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      85) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен дәйектілігі жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      86) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      87) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептердің нысандарын әзірлейді;

      88) тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру карталарын әзірлейді;

      89) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және жүргізеді;

      90) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу және пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпарат ұсыну қағидаларын әзірлейді;

      91) жер қойнауының, геологиялық ақпаратты жинау мен жинақтаудың мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады;

      92) өздігінен төгілетін иесіз гидрологиялық және авариялық мұнай-газ ұңғымаларын жоюды және консервациялауды жүзеге асырады;

      93) мемлекеттік органдарға пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу жөніндегі ақпаратты ұсынады;

      94) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімін жүргізеді;

      95) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік беру арқылы оны ашады;

      96) жер қойнауын пайдаланушылардың уәкілетті органға нормаланатын ысыраптар туралы деректерді ұсыну қағидаларын әзірлейді;

      97) жер қойнауын пайдаланушының геологиялық ақпараттың сынамалар түріндегі табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруына және (немесе) сынамаларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуіне рұқсаттар береді;

      98) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын нормаланатын ысыраптар туралы деректер негізінде жүзеге асырылатын пайдалы қатты қазбаларды өндіру кезіндегі ысыраптардың есебін жүргізеді;

      99) ұңғымадан көмірсутектердің ағымын құжатпен растап алу арқылы, оның ішінде оған қабатты сынағышпен сынамалау және (немесе) мұнай-газ қанықтылығына коллектор-жынысты зертханалық зерттеу жүргізу кезінде жаңа кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) ашылғанын растайды;

      100) жер қойнауын геологиялық зерттеуге берілген лицензиялар бойынша жерасты суларына арналған іздестіру-бағалау жұмыстарының жобаларына өзгерістерді келіседі;

      101) жерасты сулары учаскелері қорларына мемлекеттік сараптама ұйымдастырады және жүргізеді;

      102) ұңғымаларды, технологиялық бірліктерді қабылдайды және жер қойнауын пайдаланушының балансына береді;

      103) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру қағидаларын айқындайды;

      104) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөнінде комиссия құрады;

      105) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын әзірлейді;

      106) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иеленуді және пайдалануды жүзеге асырады;

      107) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және іске асырады;

      108) ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;

      109) орман қорының жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуына және орман өсіруге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;

      110) ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының алдын алу, оларды есепке алу мен болжаудың дәлдігі, екпелердің табиғи, антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден әлсіреуі мен солып қалуының алдын алу жөнінде қабылданған шаралардың уақтылығына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      111) кеспеағаштардың бөлінуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      112) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      113) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуына, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомниктер шаруашылығын жүргізуге мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      114) орман қоры жерлерінің олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердің қорғалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      115) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      116) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаш аймағын және ағаштың кесілетін жасын әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етеді;

      117) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген қағидаттарға сәйкес ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсіру және орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      118) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғатты қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері жөніндегі есептерін тыңдайды;

      119) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзінің қарауындағы ормандардың жай-күйі мен молықтырылуына қауіп төндіретін жұмыстарды тоқтата тұрады, шектейді, тоқтатады;

      120) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман селекциясы мен орман тұқым шаруашылығы саласында ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеу мен жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады;

      121) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өзінің қарамағындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастырады және өткізеді;

      122) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;

      123) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде жеке және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрады;

      124) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын жергілікті атқарушы органдарын, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғатты қорғау ұйымдарын орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

      125) орман орналастыру жобаларын бекітеді;

      126) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларына сәйкес мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін қалыптастырады және бекітеді;

      127) орман тұқымдарын аудандастыруды әзірлейді және бекітеді;

      128) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өзінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілері үшін учаскелер береді;

      129) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық мөлшерлемелерді әзірлейді;

      130) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;

      131) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен айналысатын жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      132) ормандардың тозуы немесе құрып кету қаупі төнген кезде мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешім қабылдайды;

      133) мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      134) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      135) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы күзет режимдерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тексеру арқылы жүзеге асырады;

      136) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту жөніндегі тәртіпті әзірлейді және ұсыныстар енгізеді;

      137) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекітеді;

      138) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;

      139) табиғатты қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемалары мен туын), сондай-ақ табиғатты қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін бекітеді;

      140) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекітеді;

      141) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарайды;

      142) өзінің қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәліздерді құру мен кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады және оларды бекітеді;

      143) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      144) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызметті ұйымдастырады;

      145) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізеді;

      146) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      147) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және өзге де қала құрылысы құжаттамасын келіседі;

      148) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      149) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беруді жүзеге асырады;

      150) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысаны мен беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      151) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;

      152) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсаттар береді;

      153) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;

      154) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;

      155) балықтардың қырылуына сөзсіз әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қатердің бетін қайтару мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;

      156) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      157) су тарту және ағызу құрылыстарын балық қорғау құрылғыларының бар-жоғына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап-тексеруді жүзеге асырады;

      158) зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;

      159) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      160) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;

      161) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      162) аңшылық, балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      163) аң аулау және балық аулау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      164) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      165) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      166) жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      167) биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынындағы және (немесе) учаскесіндегі балық шаруашылығы мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді келіседі;

      168) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі;

      169) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы жануарларды әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) береді;

      170) балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорында және (немесе) учаскелерінде және аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесінің өсімін молайту мен мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      171) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған орындарда қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруін келіседі;

      172) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдар енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;

      173) Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ұсынады;

      174) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;

      175) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      176) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша мемлекеттік заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге кәсіптік стандарттарды әзірлеуді, бекітуді, ауыстыруды және қайта қарауды жүзеге асырады;

      177) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      178) су объектілерінің бассейндері бойынша табиғатты қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық су жіберу көлемдерін белгілейді;

      179) жерүсті су объектілері үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның ведомствосы бекіткен су объектілеріндегі су сапасын сыныптаудың бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      180) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесін құрады;

      181) су объектілері деректерінің ақпараттық дерекқорын құрады және оған барлық мүдделі тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      182) су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру тәртібін айқындайды;

      183) Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беруді, оның қолданысын тоқтата тұруды, ұзартуды және қайта ресімдеуді, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтатуды жүзеге асырады;

      184) мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      185) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;

      186) елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

      187) республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;

      188) елді мекендерден тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;

      189) суларды мемлекеттік есепке алуды және оларды пайдалануды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

      190) орталық атқарушы органдар әзірлеген өндіргіш күштерді және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың болжамдарын су ресурстарын пайдаланудың жол берілетін деңгейі тұрғысынан келіседі;

      191) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;

      192) су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының, олардағы және ерекше қорғалатын су объектілеріндегі шаруашылық қызметтің белгіленген режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      193) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      194) су тұтыну және су бұру лимиттерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      195) су тарту құрылыстарын, су шаруашылығы жүйелері мен су қоймаларын пайдалану қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      196) су объектілерінен алынатын және оларға ағызылатын су мөлшерінің бастапқы есебін жүргізудің дұрыстығына, суды тұтыну мен ағызуды есепке алуға арналған жабдық пен аппаратураның болуына, жарамды жай-күйіне және мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің сақталуына, су пайдаланушылардың белгіленген есептілік мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      197) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсеріне (су тасқыны, су басу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      198) су объектілерін оқшауланған және бірлесіп пайдалануға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      199) су объектілерін өз бетінше пайдалануға жол бермеуге бақылауды жүзеге асырады;

      200) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасының болуын және оған экономика салаларының объектілерін және су объектілерін салудың, реконструкциялаудың, техникалық қайта жарақтандырудың олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметтің сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады;

      201) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;

      202) жалпы республика бойынша негізгі өзендер мен басқа да су объектілерінің бассейндері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлейді;

      203) бассейндік схемаларға сәйкес бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде он жылдық кезеңге су пайдалану лимиттерін белгілейді;

      204) бассейндік қағидат негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқаруды жүзеге асырады;

      205) оң экономикалық әсерге, орынды, әділ және экологиялық орнықты су пайдалануға қол жеткізу мақсатында су қатынастары субъектілерінің су ресурстарын пайдалану жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      206) тиiстi бассейн шегiнде су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдерді дайындайды және iске асырады;

      207) бассейндер бойынша мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

      208) тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын келісуді жүзеге асырады;

      209) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды келісуді жүзеге асырады;

      210) су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөнiндегi жарылыс жұмыстарын, кабельдер, құбырларды және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды келісуді жүзеге асырады;

      211) су пайдаланушылардың су объектiлерiн сақтау, олардың жай-күйiн жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарларын келісуді жүзеге асырады;

      212) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы салдарынан туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;

      213) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бөлінісінде су пайдалану лимиттерін айқындайды;

      214) су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

      215) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын келiседі;

      216) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысады;

      217) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiседі;

      218) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар етеді;

      219) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды;

      220) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзеді;

      221) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалайды;

      222) салық органына ұсынғанға дейін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін куәландыруды жүзеге асырады;

      223) бассейндік кеңестің жұмысын, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізуді, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдауды, оларды іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруды, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізуді ұйымдастырады;

      224) облысаралық, өңіраралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын және олардың сақталуын бақылауды әзірлейді;

      225) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңнамасын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

      226) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асырады;

      227) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      228) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен қағидаларды бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен талаптар қояды;

      229) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа береді;

      230) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;

      231) республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;

      232) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

      233) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      234) су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауызсумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;

      235) ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануды келіседі;

      236) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін орын белгілеуді келіседі;

      237) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;

      238) ағаш ағызу үшін пайдаланылатын су объектілерінің тізбесін және оларды тазалауды жүргізу тәртібін келіседі;

      239) ұйымдарды бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткізеді;

      240) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу өлшемшарттарын айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді;

      241) су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;

      242) жерүсті су объектілері үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның ведомствосы бекіткен су объектілеріндегі су сапасын сыныптаудың бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      243) су объектілерінде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерінен басқа) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ өздері алып отырған жер учаскелері су қорғау аймақтары мен белдеулеріне немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;

      244) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      245) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады;

      246) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      247) су объектілерін өз бетінше пайдалануға жол бермеуге бақылауды жүзеге асырады;

      248) Экология кодексінің 337-бабының 1-тармағында көрсетілген субъектілерден хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;

      249) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (пайда болуын) растау қағидаларын әзірлейді;

      250) геологиялық және тау-кендік бөлулерді беру және қайта ресімдеу қағидаларын әзірлейді;

      251) жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын және жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды нысандарын әзірлейді;

      252) эмиссиялары экологиялық нормалауға жататын ластаушы заттардың тізбесін әзірлейді;

      253) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;

      254) өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлейді;

      255) эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесін бекітеді;

      256) қалдықтардың жинақталу лимиттерін және қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесін әзірлейді;

      257) атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын әзірлейді;

      258) құзыретті органмен бірлесіп, зерттеу нәтижелерін және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды қабылдау тәртібін айқындайды;

      259) су объектілеріне жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын әзірлейді;

      260) күкіртті карталарда ашық түрде орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесін әзірлейді;

      261) нақты аумақтар және (немесе) акваторийлер (немесе олардың бөліктері) шегінде табиғи ортаның жекелеген компоненттеріне жол берілетін жиынтық антропогендік жүктеме нормативтерін белгілейді;

      262) жол берілетін жиынтық антропогендік жүктеме нормативтерін әзірлеу қағидаларын әзірлейді;

      263) қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді;

      264) шығарындылардың стационарлық көздеріне түгендеу жүргізу, оның деректерін түзету, осындай түгендеу және түзету жүргізу нәтижесінде алынған деректерді құжаттау және сақтау қағидаларын әзірлейді;

      265) I және II санаттағы объектілерді өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу, ішкі есепке алуды жүргізу, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мерзімді есептерді қалыптастыру және ұсыну қағидаларын әзірлейді;

      266) экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны, сондай-ақ әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін, әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтініш нысанын беру қағидаларын әзірлейді;

      267) экологиялық рұқсаттар мен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

      268) экологиялық рұқсаттар мен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекітеді;

      269) ішкі есепке алуды жүргізу, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы және табиғи ресурстары туралы ұлттық деректер банкіне электрондық нысанда мерзімді есептерді қалыптастыру және ұсыну қағидаларын әзірлейді;

      270) қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысандарын әзірлейді;

      271) биоәртүрлілікті жоғалтуды өтеуді орындау қағидаларын әзірлейді;

      272) қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне олардың кіші түрлері бойынша қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;

      273) қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларын әзірлейді;

      274) I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді;

      275) кепілдік беру, банктік салым кепілін, мүлік кепілін және сақтандыру ұсыну туралы өтініштің нысандарын әзірлейді;

      276) I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын кепілдіктің үлгі нысанын әзірлейді;

      277) I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілінің үлгі шартын әзірлейді;

      278) I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілінің үлгі шартын әзірлейді;

      279) I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде сақтандырудың үлгі шартын әзірлейді;

      280) сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын, оның ішінде оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттарын әзірлейді;

      281) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін әзірлейді;

      282) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидаларын әзірлейді;

      283) жиынтық экологиялық пайдаға талдау жүргізу әдістемесін әзірлейді;

      284) жиынтық экологиялық пайданы талдау мәселелері және теңізде мұнайдың төгілуін жою әдістері бойынша ұсынылатын ең үздік халықаралық практикалар тізбесін әзірлейді;

      285) жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келіседі;

      286) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесіне диспергенттер мен хердерлерді енгізу қағидаларын әзірлейді;

      287) мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлер тізбесін әзірлейді;

      288) мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені әзірлейді;

      289) мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлер тізбесіне қосу үшін хердерлерді айқындау әдістемесін әзірлейді;

      290) экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық индексін айқындау бойынша шешімдер қабылдау қағидаларын әзірлейді;

      291) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу әдістемесін әзірлейді;

      292) техникалық газды күкіртпен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді;

      293) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзу нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасын айқындау әдістемесін әзірлейді;

      294) мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын әзірлейді;

      295) қалдықтардың жинақталу лимиттерін және қалдықтарды көму лимиттерін, қалдықтарды басқару туралы есептілікті ұсыну және бақылау қағидаларын әзірлейді;

      296) жабайы жануарлардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидаларын әзірлейді;

      297) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидаларын әзірлейді;

      298) жасыл белдеулерде орналасқан ормандарды пайдалану, күзету, қорғау, молықтыру ерекшеліктерін белгілейді;

      299) газдарды тазарту қондырғыларын пайдалану қағидаларын әзірлейді;

      300) сараптама комиссияларын құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;

      301) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың сараптамалық кеңестері туралы ережелерді және олардың дербес құрамын бекітеді;

      302) қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлейді;

      303) қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      304) бастапқы консультациялар барысында келісілген тәртіп пен шарттарға сәйкес қатысы бар тараптармен консультациялар өткізуді ұйымдастырады;

      305) қатысы бар тараптармен консультациялар барысында алынған, сондай-ақ стратегиялық экологиялық бағалау немесе қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде өз функцияларын орындау кезінде қатысы бар тараптардың мүдделі органдары мен жұртшылығы ұсынған ескертпелер мен ұсыныстардың қаралуы мен ескерілуін қамтамасыз етеді;

      306) экологиялық рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының орындалуына жыл сайынғы мониторингті жүзеге асырады;

      307) I санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсаттар береді;

      308) ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілердің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметін қоспағанда, метеорологиялық ақпаратты өндірушілердің метеорологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      309) озонды бұзатын заттарды және құрамында солар бар өнімдерді ЕАЭО елдерінен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен бекітілетін бірыңғай нысан бойынша рұқсаттар береді;

      310) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты жеке және заңды тұлғалардың рұқсаттарын, қорытындыларын, лицензияларын және басқа да рұқсат беру құжаттарын кері қайтарып алу, олардан айыру және олардың қолданысын тоқтата тұру жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдайды;

      311) кешенді экологиялық рұқсаттар береді;

      312) өндірістік және басқа да сарқынды суларды белгіленген нормативтерге дейін тазалаған жағдайда осындай суларды теңізге ағызу үшін рұқсаттар береді;

      313) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      314) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жою жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты және қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін бекітеді;

      315) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;

      316) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар беруді жүзеге асырады (қызметтің кіші түрлері: шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін табиғат қорғауды жобалау, нормалау; шаруашылық және өзге де қызметтің I санаты үшін экологиялық аудит);

      317) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар береді;

      318) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      319) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      320) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ оның иелігі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алады, сақтайды, жүйелейді, жинап қорытады және ұсынады;

      321) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;

      322) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

      323) балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат береді;

      324) 2021 жылғы 1 қаңтарға ластаушы заттардың жиынтық шығындылары бойынша неғұрлым ірі I санаттағы елу объектінің тізбесін әзірлейді;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады