"Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келісу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 865 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келісу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және өзге де ұйымдарының тізімінде:

      реттік нөмірі 31-жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады