Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 893 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі мен "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласында орналасатын "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары:

      "мынадай мазмұндағы 95-99) тармақшамен толықтырылсын:

      "95-99) күдіктілер, айыпталушылар, сотталғандар және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің сәбилер үйлеріндегі балалар үшін тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдардың және оның ведомстволарының тізбесінде:

      "2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 14-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.".

      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады