"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының зерттеу университетін дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 923 қаулысы.

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2024 № 713 (01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының зерттеу университетін дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 923 қаулысымен
бекітілген

"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының зерттеу университетін дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасы

      Ескерту. Бағдарламаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.09.2024 № 713 (01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы

"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының зерттеу университетін дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Даму бағдарламасы)

Әзірлеу үшін негіздеме

"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
"Назарбаев Университеті" дербес білім бері ұйымы Қамқоршылық кеңесінің 2018 жылғы 1 желтоқсандағы № 6 шешімімен бекітілген Назарбаев Университетінің (бұдан әрі – НУ) 2018 – 2030 жылдарға арналған стратегиясы

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Бағдарламаның мақсаттары

Зерттеу қызметінің перспективалы бағыттары бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының инновациялық дамуына елеулі теориялық және практикалық үлес қосуды жүзеге асыратын жоғары құзыреттердің озық ғылыми-зерттеу орталықтарын қалыптастыру арқылы ең көп жиынтығын жасау. 

Міндеттер

1. Қазақстандық экономиканы ғылым саласында бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету үшін ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, білім беру процесін интеграциялау.
2. НУ мектептері мен қазақстандық университеттердің оқытушы-профессорлар құрамы арасында ынтымақтастық пен зерттеу желілерін құру бойынша жаңа бастамаларды күшейту және қалыптастыру; пәндердің кең спектрі бойынша озық зерттеулер жүргізу.
3. НУ ғылыми қызметінің тиімділігін арттыру үшін талдаманың озық құралдарын пайдалану арқылы зерттеу гранттарын әкімшілендіру процестерін жаңғырту, оңайлату және жетілдіру.

Іске асыру мерзімі

2021 – 2025 жылдар

Нысаналы индикаторлар
 

1. Ғылыми-зерттеу қызметіне тартылған оқытушы-профессорлар құрамының үлесін ұлғайту – кемінде 95 %.
2. Соңғы бес жылда Science Citation Index – Expanded және Social Sciences Citation Index (тек Article) индекстелген мақалалар саны – кемінде 3100 бірл.
3. Web of Science, Scopus индекстелетін халықаралық рецензияланатын рейтингтік журналдарда соңғы бес жылдың ішінде жарияланған ғылыми мақалалардан дәйексөз келтірудің орташа деңгейі – кемінде 5.0.
4. НУ зерттеу бағдарламалары бойынша конкурстар шеңберінде берілген зерттеу гранттарының саны – жылына кемінде 30.

Қаржыландыру көздері мен көлемі*

Даму бағдарламасын іске асыруға 2021 – 2025 жылдары 33 246 млн теңге* (республикалық бюджеттен/ ұлттық қордан (бұдан әрі – РБ/ҰҚ) – 12 536 млн теңге қаражат, НУ меншікті қаражатынан – 20 710 млн теңге бағытталады, оның ішінде:
2021 – 5 258 млн теңге,
2022 – 6 759 млн теңге,
2023 – 6 824 млн теңге,
2024 – 7 095 млн теңге,
2025 – 7 310 млн теңге.

      * Даму бағдарламасын қаржыландыру көлемі алдағы кезеңдерге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде және тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде айқындалатын болады.

2-тарау. Кіріспе

      "Зерттеу университеті" мәртебесі белгіленген "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымын дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев төрағалық ететін НУ Жоғары қамқоршылық кеңесі бекіткен Назарбаев Университетінің 2018 – 2030 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес әзірленді.

      Даму бағдарламасы 2016 – 2020 жылдар аралығында алғашқы Даму бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша қол жеткізілген зерттеу қызметінің жоғары өсу қарқынын сақтауға бағытталған. Осы бес жылдың ішінде НУ ғылыми зерттеулерді дамытудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өз көрсеткіштерін едәуір жақсартты және қазақстандық білім беру нарығында көшбасшылар қатарына кірді. 1-ші, 2-ші және 3-ші квартильдерге кіретін басылымдардағы НУ оқытушы-профессорлар құрамының (бұдан әрі – ОПҚ) жарияланымдар саны Scopus деректері бойынша екі еседен астамға өсті, 2019 жылдың қорытындысы бойынша олардың саны қазақстандық университеттердің барлық жарияланымдарының 20 %-ын құрайды.

      Қол жеткізілген нәтижелер НУ-да құрылған ғылыми экожүйенің тиімділігін көрсетеді, оның негізінде білім беру процесіне толыққанды интеграцияланған ғылыми-зерттеу қызметі процесінде білімдердің генерациясы мен ғылыми кадрлардың өсіп-өнуіне қол жеткізіледі. Студенттердің ғылыми нәтижелілігі жоғары оқытушылардың ғылыми жобаларына қатысуы оларға жаһандық зерттеу желілеріне жылдам қосылуға мүмкіндік береді.

      Дамудың жаңа кезеңінде НУ стратегиясы 2030 жылға қарай университеттің жаһандық нарыққа шығуына дайындалуға бағытталған. Ғылыми құзыреттерді әртараптандыру ірі зерттеу жобаларын іске асыру үшін күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді: ғылыми басымдықтарды қалыптастыру жылдарында НУ көптеген ғылыми идеяларды сынақтан өткізілді, 2021 – 2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасы шеңберінде осы идеяларды, тәсілдерді, оның ішінде қазақстандық ЖОО-мен ынтымақтастықта одан әрі дамыту және жылдам кеңінен тарату мүмкіндіктері ашылуда.

3-тарау. НУ-дың әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде қалыптасуы мен дамуы

1-параграф. Зерттеу университетін құрудың алғышарттары, жетістік факторлары, ағымдағы бастамалар

      Қазіргі уақытта зерттеу университетінің моделі экономикасы білімге негізделген елдерде білім беру мекемесінің эталоны болып табылады. Зерттеу ЖОО-ның жоғары нәтижелілігін айқындайтын факторлардың қатарына:

      1) таланттардың жоғары шоғырлануы (ОПҚ мен студенттер арасында);

      2) қолайлы оқу ортасы мен озық зерттеулер жүргізу үшін жағдай жасайтын елеулі ресурстар;

      3) көшбасшылық қасиеттерді дамытуды, стратегиялық пайымдауды, инновациялар мен икемділікті көтермелейтін және мекемелерге төрешілдік әуре-сарсаңсыз шешімдер қабылдауға және ресурстарға иелік етуге мүмкіндік беретін басқарудың қолайлы ерекшеліктері кіреді. НУ әлеуетін осы факторлар тұрғысынан қарай отырып, мынаны айтуға болады.

      Бүгінгі таңда НУ-ды қоса алғанда, тек төрт жоғары оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі берілді. Негізі қаланған күннен бастап НУ-ға жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетілді, бұл 10 жылдан астам уақыт бойы университеттің қаржылық орнықтылығы мен серпінді дамуын қамтамасыз етті. Бұл саясатты жалғастыру университетке өз ресурстарына көбірек сүйене отырып, мемлекеттік қамтамасыз етуге тәуелділікті азайту үшін 2030 жылға қарай берік қаржылық базаны қалыптастыруға және қаржыландыру көздерін тиімді әртараптандыруға мүмкіндік береді.

      Қаржыландыру көздерін тиімді әртараптандыру білімдер трансферінен университеттің кірісін ұлғайтуды талап етеді. Осыған байланысты НУ қазірдің өзінде бөлімшелерді қаржыландыруға емес, перспективалы жобаларды қолдауға басымдық беріп отыр. Бұл ретте маркетинг, бизнес-инкубациялау және ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру сияқты қызмет бағыттары дамуда. Бұған қоса, білім алушылардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыру және болашақта өз стартаптарын ашу мүмкіндігін көтермелеу үшін университет бакалавриаттың барлық студенттерін бизнес және инновациялар курстарынан өтуге міндеттейді.

      Таланттардың жоғары шоғырлануы туралы сөз еткенде кез келген ұйымды дамытудың негізгі ресурсы адам болып табылатыны айқын факт. Университет қызметінің тиімділігі, оның рейтингтік көрсеткіштері оқытушылар мен қызметкерлердің күш-жігері мен жұмыс нәтижелеріне, олардың құзыреттілігіне, ынтасына, шығармашылық әлеуетіне, инновациялық белсенділігіне айтарлықтай шамада тәуелді.

      НУ-да жүздеген талантты ғалымдар жұмыс істейді. 2016 жылы алғашқы Даму бағдарламасы іске қосылғаннан бері НУ ғылыми жарияланымдарының саны тез өсіп, жарияланған 2000 құжаттан асып түсті. Бұдан басқа, соңғы бес жылдың ішінде НУ жарияланымдарына дәйексөз келтірудің орташа алынған индексі 1.27-ге жетті, бұл олардың сапасы орташа әлемдік деңгейден жоғары екендігін көрсетеді. Салыстыру үшін, осы көрсеткіштің орташа әлемдік мәні 1-ге тең, ал оның қазақстандық ЖОО бойынша жиынтық мәні 0.6-дан кем. Жарияланымдарға дәйексөз келтірудің орташа алынған индексі бойынша НУ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жетекші университеттері арасында 4-ші орынды және 2004 жылдан кейін Еуропалық одаққа кірген елдердің университеттері арасында 14-ші орынды алады. Бес жылдың ішінде НУ ең көп дәйексөз келтірілетін қазақстандық ЖОО болды, бұл Web of Knowledge және Scopus ғылымиметрикалық көрсеткіштері бар халықаралық жүйелердің деректерімен расталады. НУ көшбасшылық ұстанымы мен оның зерттеушілерінің жоғары деңгейі қол жеткізілген нәтижелердің маңыздылығын көрсетіп отыр. Бұл жетістік НУ Азияның он бес жетекші университеттері кіретін Азиялық университеттер альянсының (AUA) алғашқы мүшесі болуға шақырылуына ықпал етті. AUA миссиясы өңірлік және жаһандық, атап айтқанда, жоғары білім мен экономикалық, ғылыми және технологиялық дамумен байланысты проблемаларды оның мүшелері арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы бірлесіп шешу болып табылады. AUA басқарушы Кеңесі НУ-ды 2020 – 2021 жылдарға арналған AUA төрағалық етуші ұйымы ретінде таңдады.

      НУ әлемнің 200 үздік университеттерінің бірі болуға ұмтылады. НУ-дың осы мәселедегі стратегиясы ОПҚ-ның сапалық құрамын қолдауға, перспективалы жас ғалымдарды тартуға және НУ дарынды студенттері мен қызметкерлерін академиялық мансапты таңдауға ынталандыруды қалыптастыруға бағытталған. Бұл жерде НУ Мектептеріндегі постдокторанттар үшін позициялар санының ұдайы өсуі көрнекті болып табылады. Бұл ретте сөз қолда бар кадрлық әлеуетті өрістету туралы ғана емес, оны жұмылдыру және неғұрлым тиімді пайдалану туралы ғана болып отыр, өйткені ОПҚ жас мүшелерінің салыстырмалы түрде аз үлесінің өзінде таланттардың шоғырлануы өте жоғары.

      НУ қомақты шәкіртақылар ұсына отырып, көптеген талантты жастарды тартады. Бұдан басқа, Nazarbayev University Foundation Year Program (NUFYP) бағдарламасы ағылшын тілін жетік білмейтін перспективалы студенттерге білімін жетілдіруге және НУ-ға түсуге және одан әрі шет тілінде оқуға дайындалуға мүмкіндік береді. Аталған тәсіл үміткерлердің санын көбейтеді, бұл НУ-дың білім алушылар санын екі есе көбейту жөніндегі ұзақ мерзімді мақсатына қол жеткізуге ықпал етеді.

      Басқару жүйесіне келетін болсақ, НУ қазақстандық ЖОО қатарында ғана емес, сондай-ақ бүкіл посткеңестік кеңістіктегі университеттер арасында да ерекшеленеді. Бастапқыда университетті құру бойынша жұмыс істеген жобалау тобы оның Қазақстанның әлемдік деңгейдегі университеттерді құру бойынша бұдан бұрынғы күш-жігерінен өзгешелігінің маңыздылығын түсінді. Осы тұрғыда НУ-ға академиялық және институттық дербестік беретін арнайы заңның қабылдануы маңызды болды. Өз кезегінде дербестік Университетке басқарудың жаһандық стандарттарын, академиялық жетістіктер негізінде студенттерді іріктеудің ашық жүйесін және сіңірген кәсіби еңбегі негізінде жалдау саясатын енгізуге мүмкіндік берді. Бұл құрамында халықаралық, сол сияқты ұлттық өкілдер де бар Қамқоршылық кеңес құруға да мүмкіндік берді. Басқарудың бұл тәсілі енді НУ жетістігінің арқасында басқа қазақстандық университеттерге біртіндеп таратылуда.

2-параграф. Ғылыми зерттеулер

      Зерттеу университеті ретінде НУ-ды дамытудың алғашқы бағдарламасы шеңберінде 192 ғылыми жоба қаржыландырылды. Жобалар әлі де іске асырылып жатқанына және 2021 – 2023 жылдары аяқталатынына қарамастан, зерттеулердің көптеген нәтижелері жетекші рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланды. Магистратура мен докторантурада білім алушылар ғылыми жобаларға қатысып, халықаралық зерттеу практикасының стандарттарына сәйкес келетін білім алды.

      Сонымен қатар университет Нобель сыйлығының лауреаты Дж. Смутты қоса алғанда, халықаралық ғылыми қоғамдастық ортасында танымал атақты ғалымдар басқаратын арнайы жобалық топтарға қолдау көрсетуді жалғастырды. Астрофизика саласындағы озық зерттеулер нәтижелерді рейтингі жоғары ғылыми журналдарда жариялауда табысты көрініс тапты.

      2018 – 2019 жылдары университетте ғылыми-зерттеу қызметін одан әрі дамытуға қатысты бірнеше маңызды құжат әзірленіп, практикаға енгізілді:

      1) Жоғары Қамқоршылық кеңес НУ-дың 2018 – 2030 жылдарға арналған жаңа стратегиясын мақұлдады, ол НУ қызметінің басым бағыттары ретінде зерттеулер мен инновацияларды, оның ішінде STEMпәндердегі (жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия және математика) зерттеулер мен инновацияларды бөліп көрсететін болашақтың маңызды тақырыптары мен мәселелеріне шоғырланады;

      2) НУ ғылыми саясатының ережелері университеттік деңгейдегі зерттеулерді қолдаудың жаңа тетіктерін айқындады. Зерттеулер жүргізудің негізгі қағидаттарынан, зерттеу этикасына қойылатын талаптардан және университет бөлетін зерттеу гранттары бойынша рәсімдік ережелерден басқа, ғылыми саясат шеңберінде университеттің зерттеушілері арасында гранттарды бөлу тетігін айқындайтын үш зерттеу бағдарламасы бекітілді;

      3) зерттеу стратегиясы аясында НУ тарихында алғаш рет оның ғылыми-зерттеу қызметін дамытудың ұзақ мерзімді бағыттары айқындалды. Бұл бағыттар осы Даму Бағдарламасының зерттеу басымдықтарының негізі етіп алынды.

3-параграф. Ағымдағы бастамалар

      НУ өсуі мен дамуының келесі кезеңінің басымдығы оның профессорлары жүргізетін ғылыми зерттеулердің серпінді бағдарламасы болады. Университет осындай бағдарламаны әзірлеуді табысты бастап кетті: 500-ге жуық оқытушы мен зерттеуші 2011 – 2018 жылдар кезеңінде 2000-нан астам халықаралық жарияланым жариялады. Бұл жарияланымдардың төрттен үш бөлігі халықаралық серіктестермен ынтымақтастықта жарияланғанын атап өту маңызды. НУ білім алушылары ғылыми қызметке де белсенді қатысады: олардың есебінде 130-дан астам мақала бар. НУ жарияланымдарының 11 %-дан астамы бүкіл әлем бойынша кеңінен дәйексөз келтірілетін жарияланымдардың 10 %-ы қатарына кіреді және ширегінен астамы жетекші журналдарда жарияланады.

      Сондай-ақ Университеттің ағымдағы бастамалары:

      1) пәнаралық зерттеулердің қажеттілігін және зерттеу ресурстарын университеттің мүмкіндіктерімен шектелген басым бағыттар санына шоғырландырудың маңыздылығын баса көрсететін жаңа зерттеу стратегиясын әзірлеуді;

      2) Зияткерлік жүйелер және жасанды интеллект институтын құруды;

      3) НУ дамуының екінші декадасының негізгі міндеті болып қала беретін университетті интернационалдандыруды (интернационалдандыру жөніндегі кіші комитет құрылды, басқа ЖОО-да интернационалдандырудың озық практикасын анықтау жөніндегі бағдарлама іске қосылды);

      4) НУ Қамқоршылық кеңесінің шешіміне сәйкес 2025 жылға қарай студенттер санын екі есеге ұлғайтуды;

      5) НУ ағымдағы және болашақ инновациялық бастамаларын қолдау үшін инновациялар экожүйесін одан әрі дамытуды қамтиды.

4-тарау. Ағымдағы стратегиялық мақсаттар мен дамудың басым бағыттары

      Бүгінде НУ екінші онжылдыққа аяқ басты; оның бірінші Стратегиясында (2013 – 2020 жылдар) және Зерттеу университетінің даму бағдарламасында (2016 – 2020 жылдар) көзделген кезең аяқталды. Осы уақыт ішінде НУ-де алты бітіру рәсімі өтті, жалпы алғанда университетті 4635 түлек бітірді, оның ішінде 2997 бакалавр, 1569 магистр және 69 PhD докторанты мен медицина докторлары. Мемлекеттің жан-жақты қаржылық қолдауының арқасында оқыту, ғылыми қызмет және қоғамдық өмір үшін дамыған инфрақұрылымы бар заманауи кампус салынды.

      Қазіргі кезде түлектер Университеттің негізгі өнімі болып табылады. Алты шығарылымдағы 4635 түлектің шамамен үштен бірі білім алуды жалғастыруға шешім қабылдады, ал қалғандары еңбек нарығына шықты. Алайда бакалавриат бағдарламаларының түлектері бойынша қарайтын болсақ, олардың жартысына жуығы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына түсті, олардың көпшілігі шетелге оқуға кетті, бұл ретте көпшілігі әлем бойынша үздік халықаралық университеттерге аттанды (АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Франция – бұл НУ түлектерінің таңдауы бойынша көшбасшы елдер). Түлектердің көпшілігі магистратура бағдарламаларына түсті, бұл ретте олардың басым бөлігі докторантура бағдарламаларында немесе "Медицина докторы" бағдарламасында оқиды. Олардың жартысынан сәл кемі шетелде оқуды жөн көрді және жартысынан сәл астамы НУ-да оқуын жалғастырды.

      Бүгінгі таңда НУ-да 5444 білім алушы бар, оның ішінде: 3399 бакалавр, 1282 магистрант пен докторант. НУ ОПҚ контингенті ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді айналысатын 492 оқытушыны қамтиды.

      Университетте бес мектеп жұмыс істейді, олардың үшеуі кәсіби. Барлық мектептерге әлемнің үздік университеттерінің серіктестері қолдау көрсетеді.

      Жетекші халықаралық университеттермен стратегиялық әріптестік қарым-қатынас орнату НУ институттық дамуын жеделдетуде жетекші рөл атқарды. Әр мектеп өз серіктесін таңдады. Университетке осындай әртүрлі серіктестермен қарым-қатынасты дамыту оңайға соққан жоқ, бірақ тұтастай алғанда бұл университетке өте бай тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. Төменде стратегиялық серіктестердің бастапқы тізімі келтірілген, ол уақыт өте келе өзгерді, олардың көпшілігі ұзақ мерзімді болды, кейбіреулерімен ынтымақтастық мерзімі аяқталды, ерекше жағдайларда өзара ынтымақтастық жүзеге асқан жоқ. Жалғасып жатқан серіктестік үшін ғылыми ынтымақтастық басымдыққа айналды.

      НУ стратегиялық серіктестерінің тізімі:

      1) Кембридж университеті, білім беру факультеті (Ұлыбритания) – жоғары білім беру мектебі; Кембридждің бағалау бойынша тестілеуі (қабылдау тестілеуі);

      2) ICarnegie университеті (АҚШ) – ғылым және технологиялар мектебінің алғашқы серіктесі (алғашқы үш жылда);

      3) Колорадо тау-кен мектебі (АҚШ) – тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі;

      4) Дьюк Университеті, Фукуа бизнес мектебі – АҚШ) – жоғары бизнес мектебі;

      5) Лоуренс Беркли ұлттық зертханасы (АҚШ) – Астана ұлттық зертханасы (National Laboratory Astana);

      6) Сингапур ұлттық университеті, Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі (Сингапур) – жоғары мемлекеттік саясат мектебі;

      7) Oak Ridge Associated Universities (ORAU) (АҚШ) – ішкі зерттеу гранттарына арналған сыртқы бағалау;

      8) Пенсильвания университеті, Білім мектебі (АҚШ) – жоғары білім мектебі;

      9) Питтсбург университеті (АҚШ) – медицина мектебі;

      10) Ворвик университеті (Ұлыбритания) – NUFYP (UCL шыққаннан кейін қайта жобалау кезеңінде);

      11) Висконсин-Мэдисон университеті (АҚШ) – гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі;

      12) Лондон университеттік колледжі (Ұлыбритания) – инженерия мектебі (алғашқы 5 жыл ішінде) және дайындық мектебі (алғашқы 5 жыл ішінде).

1-параграф. Университеттің 2018 – 2030 жылдарға арналған стратегиялық мақсаттары

      Халықаралық мойындалу үшін НУ университеттердің жаһандық рейтингінде тиімді бәсекелесуі қажет. Бұл бәсекелестік, ең алдымен, ғылыми-зерттеу жетістіктері мен жарияланымдарына, сондай-ақ студенттердің үлгерімімен және НУ сипаттамаларына байланысты. Сонымен қатар, "Қазақстан – 2050" Стратегиясын іске асыру мақсатында НУ ОПҚ-ны екі бағытта – маңызды жаһандық проблемаларды шешуге, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық проблемаларын шешуге бағдарланған зерттеулер жүргізуге ынталандыратын болады.

      Академиялық және ғылыми көшбасшылық – барлық үздік университеттердің негізі. НУ ОПҚ мен ғылыми қызметкерлері университет қызметінің осы негізгі салаларында жоғары жаһандық стандарттарға қол жеткізу қабілеттерін көрсетуді жалғастыруға тиіс. Зерттеу сапасы мен түлектер жетістіктерінің үнемі өсуі халықаралық мойындау мен деңгейге қол жеткізу үшін шешуші маңызға ие болады. НУ міндеті қоғамды жаңғыртуға және Қазақстанның 2050 жылғы пайымына қол жеткізуге ықпал ете отырып, қазіргі заманғы Қазақстанда жұмыс істеу үшін де, сондай-ақ ертеңгі ортаны қалыптастыру үшін де түлектердің мүмкіндіктерін кеңейту болады.

      Жоғары қамқоршылық кеңес Назарбаев Университеті үшін бес стратегиялық мақсатты бекітті:

      1) Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалаудағы көшбасшылық;

      2) академиялық көшбасшылық;

      3) ғылыми көшбасшылық;

      4) денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесінің моделін құру;

      5) инновациялар және ғылымды өндіріске енгізу.

      2020 – 2025 жылдарға және 2025 – 2030 жылдарға арналған НУ стратегиясымен бекітілген "Назарбаев Университеті" ДББҰ стратегиялық мақсаттары мен нысаналы индикаторлары осы Даму бағдарламасына 1-қосымшада көрсетілген.

2-параграф. Даму бағдарламасының басым бағыттары

      Бірінші дәрежелі зерттеулер НУ-дың зерттеу университеті ретінде бәсекеге қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады. Ғылыми көшбасшылық беделін қалыптастыра отырып, университет тәуелсіз және табысты болашақтың негізін қалайды, онда НУ жақын және алыс шетелдердің талантты студенттері мен зерттеушілері үшін тартымды жұмыс орны болып табылады.

      Университеттердің көпшілігінен өзін ерекшелеу үшін НУ халықаралық деңгейде танылған бірқатар басым салаларда құзыреттілікке ие болуы қажет. НУ-дың ағымдағы мүмкіндіктері мен күшті жақтарына сүйене отырып, ықтимал салалар арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:

      1) құрылыс, инфрақұрылым, көлік жүйелері және ақылды қалалар (SMART cities)

      2) биомедицина және нейроғылым;

      3) антропология, әлеуметтану және тарих;

      4) еуразиялық зерттеулер;

      5) білім;

      6) қаржы, нарықтар және үкіметтер;

      7) инновациялар және кәсіпкерлік;

      8) компьютерлік инженерия, деректер туралы ғылымдар;

      9) робот техникасы және зияткерлік жүйелер;

      10) озық материалдар, энергетика және орнықты даму;

      11) мұнай-газ ісі, Жер туралы ғылымдар және ресурстарды басқару;

      12) физика және ғарыштық зерттеулер.

      Сонымен қатар жаңа технологиялардың қарқынды дамуы дамыған елдер үшін де, дамушы және өтпелі экономикалар үшін де сын-тегеурінге айналды. Бұл сын-тегеуріндер инженерлік және жаратылыстану ғылымдары үшін жаңа күн тәртібін қалыптастырды. Биомедицина, баламалы энергетика, жасанды интеллект, 3D-баспа технологиялары, заттар интернеті, блокчейн сияқты бағыттар қазіргі заманның түйінді үрдістеріне айналды және осы салалардағы жетістіктер бірқатар секторлардың бейнесін қарқынды өзгертуде.

      Аталған бағыттардағы ғылыми ізденіс бүгінде бүкіл әлемде жүріп жатыр. НУ-дың бұл ізденістегі объективті артықшылығы жас ғылыми университет бола тұра, өзінің ғылыми басымдықтарын қалыптастыру кезеңінде ол өзінің күш-жігері мен ресурстарын неғұрлым перспективалы білімнің салаларына шоғырландырып, болашақта ғылыми көшбасшылықтың берік тіректеріне айналатын өсу бағыттарын құра алады.

      Осы артықшылықты іске асыру үшін ғылыми зерттеулерді жаһандық маңызы бар ғылыми проблемаларға да, сол сияқты мемлекет алдында тұрған маңызды технологиялық міндеттерді шешуге де өрістету қажет.

      НУ-да енгізілген зерттеу университетінің тұжырымдамасы оның Қазақстан экономикасын көрсетілген сын-тегеуріндерге жауап беретін зерттеулермен және әзірлемелермен интеграциялануы негізінде құрылған білім беру процесінің арқасында жаратылыстану, инженерлік және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың кең спектрі бойынша заманауи құзыреттерге ие кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Осы Даму бағдарламасының басым бағыттары жоғарыда аталған сын-тегеуріндерді ескереді, сондай-ақ жаһандық ғылыми және білім беру кеңістігінде НУ-дың шындап ілгерілеуі үшін әлеуеті бар бағыттарды қолдауды көздейді.

      Мұндай бағыттар ретінде мыналар таңдалды:

      1) әлеуметтік-экономикалық трансформация және адами капиталды дамыту;

      2) зияткерлік жүйелер және адам-машина интерфейсі;

      3) денсаулық және әл-ауқат;

      4) озық материалдар мен жаңа технологиялар;

      5) энергетика, табиғи ресурстар және қоршаған орта.

1-бөлім. 1-бағыт. "Әлеуметтік-экономикалық трансформация және адами капиталды дамыту"

      Тәуелсіздік алған сәттен бастап үш онжылдықтан аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасы даму жолында орасан зор табыстарға қол жеткізді. Қоғамның әл-ауқаты айтарлықтай жоғарылады. Жан басына шаққандағы сатып алу қабілетінің паритеті 1993 жылғы 7010 АҚШ долларынан 2018 жылы 24230 АҚШ долларына дейін өсті. Білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жақсартулардың және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтудің арқасында Қазақстан экономикасының жылдам дамуы азаматтардың тұрмыс сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Елдің саяси басшылығы ел алдында асқақ даму мақсаттарын қойды. Тұңғыш Президент "Қазақстан – 2050" Стратегиясында Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің бірі болуға ұмтылуға тиіс екенін нақты айқындап берді.

      Осы бағыт экономикадағы өзгерістердің драйверлерінің бірі ретінде қарастырылатындықтан, оның ғылыми басымдықтары елдің саяси басшылығы айқындаған стратегиялық мақсаттарға сәйкес келеді және:

      орнықты экономикалық өсу үшін жағдай жасауға;

      денсаулық, білім, табыс және әл-ауқат тұрғысынан байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты азайтуға;

      ауылдық жерлерде қаржылық сауаттылықты, жан-жақты өсу мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілетуге;

      инклюзивті білім беруді және оның дивидендтерін, сондай-ақ үкімет пен өнеркәсіптік серіктестермен желілер мен кооперациялық байланыстарын құруды қамтамасыз етуге бағытталған.

      Бағыт мынадай зерттеу басымдықтарын айқындайды:

      1) теңсіздіктің құрылымдық детерминанттары (қала мен ауылдық аудандар арасындағы алшақтық және басқалар);

      2) кедейшілікті, теңсіздікті, инклюзивті өсуді, Қазақстанда да, сол сияқты бүкіл өңірде де ауылдық аудандардың дамуын зерделеу жөніндегі жүйелі пәнаралық зерттеулер;

      3) таланттар мен оқыған мамандарды сақтауға бағытталған жоғары сапалы, инклюзивті білім беру арқылы адами капиталды дамыту;

      4) жақсы дайындалған қазақстандық зерттеушілердің кадрлық құрамын қалыптастыру;

      5) сапалы деректерді жинау мен талдауды қамтамасыз ету үшін институттық тетіктер мен шешімдер қабылдау, сапалы деректерді сақтау орнын құру, сондай-ақ зерттеулердің сапалы және тиімді нәтижелерін өндіру.

2-бөлім. 2-бағыт. Зияткерлік жүйелер және адам-машина интерфейсі

      Бұл бағыт мемлекеттің "Қазақстан 2030", "Қазақстан 2050" және "Цифрлық Қазақстан" сияқты бастамалары үшін негізгі болып табылады. Бұдан басқа, ол орнықты даму саласындағы жаһандық мақсаттармен, таяудағы еңбек нарығында күтілетін өзгерістермен және мақсатты медицинадағы үрдістермен жақсы үйлеседі. Бағыт:

      1) жасанды интеллект, 5G және 6G технологиялары саласындағы жетістіктерді қоса алғанда, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы зерттеулердің сапасын арттыруға;

      2) 4.0 индустрияны, медициналық диагностиканы және ақылды қалаларды дамытуды қолдау шеңберінде жасанды интеллект саласындағы зерттеулерді ілгерілетуге;

      3) ақпарат пен деректерді этикалық стандарттарға сәйкес пайдалануды дамытуға және оны айқындауда көмек көрсетуге;

      4) технологиялардың қазақстандық өнеркәсіппен интеграциясын күшейтуге;

      5) жарияланымдарда, прототиптерде, патенттерде, стартаптарда, өнеркәсіптік кооперация жобаларында өлшенетін бағыттың түйінді салаларына мәнді әсер етуді / қатысуды қамтамасыз етуге арналған.

      Зияткерлік жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) НУ-да 2019 жылы осы бағыттағы зерттеулерді үйлестіру үшін құрылды. Қазақстандық университеттермен, сондай-ақ халықаралық және өнеркәсіптік серіктестермен тығыз ынтымақтастық жолға қойылады деп күтілуде.

3-бөлім. 3-бағыт. Денсаулық және әл-ауқат

      Денсаулықтың толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың жай-күйі ретінде әр адамның толыққанды өмірі үшін маңызды мәні бар. Қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту Қазақстанның дамуы үшін шешуші мәнге ие, өйткені оның азаматтарының күтілетін өмір сүру ұзақтығы дамыған елдерге қарағанда төмен болып қалуда. Аурулардың таралуын ұлғайтуға әкелетін факторларға әсер ету арқылы қоғамдық денсаулық сақтаудың дамуына ықпал ету елдегі тұрмыс сапасы мен саламатты өмір салтын арттыру үшін өте маңызды. Саламатты өмір салтын көтермелеумен бірге денсаулық сақтауды жүйелі түрде жақсарту Қазақстанда саламатты қартаюға әкелетін өмір сүру ұзақтығын ұзарту үшін қажет.

      Денсаулық және әл-ауқат саласындағы зерттеулердің негізгі басымдықтары:

      1) Қазақстандағы денсаулық сақтаудың негізгі проблемаларын мониторингтеу және анықтау үшін, сондай-ақ аурулар мен денсаулық жағдайындағы айырмашылықтарды туындататын экологиялық және генетикалық факторларды айқындау үшін эпидемиологиялық бағдарламалар жасау;

      2) Қазақстанда туберкулез, жүрек-қан тамырлары, метаболизм, нейродегенеративті бұзылуларды, жұқпалы ауруларды, COVID-19 және обырды қоса алғанда, негізгі аурулар бойынша мықты зерттеу бағдарламаларын құру;

      3) Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде медициналық көмек көрсетудегі теңсіздіктерді анықтау;

      4) жас ерекшелік ауруларына ерекше назар аудара отырып, дербестендірілген медицинаны зерттеуге мүмкіндік беретін мақсатты медицина үшін платформа құру;

      5) пациенттерді алдын ала диагностикалау мен емдеуде қолдану үшін зияткерлік және сенсорлық жүйелерді әзірлеу;

      6) клиникалық сынақтар мен фармацевтикалық өндірісті нығайту үшін инфрақұрылым құру жолымен дәрілік заттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаны қалыптастыру болып табылады.

4-бөлім. 4-бағыт. Озық материалдар мен жаңа технологиялар

      Материалдар саласындағы технологиялық прогресс жаңа өнімдерді әзірлеуді ынталандырады және экономиканың өсуін тездетеді. Бұл бағыт заманауи құрылғылар мен жүйелерде қолданылатын жаңа технологиялар үшін көп функциялы озық материалдарды әзірлеуге бағдарланған. Материалдар мен құрылғыларды өндіру технологияларындағы серпіліс өнеркәсіптің әртүрлі салаларында пайдалы болады. Материалтанудағы, энергетикалық материалдардағы, биомедициналық инженериядағы, қоршаған орта, электр техникасы және есептеу техникасы туралы ғылымдағы жетістіктер қосылған құны бар өнімді зертханалық ауқымнан жүйелік деңгейге дейін шығару үшін қажетті білім мен тәжірибені біріктіреді. Жас кадрларды зерттеулер мен әзірлемелерге болашақ қажеттіліктер үшін оқыту заманауи материалдардың қасиеттерін түбегейлі зерделеуден бастап оларды практикалық қолдануға дейін жүргізілетін болады. Әзірленген жаңа функционалдық материалдар қазақстандық өнеркәсіпті әртараптандыруға, әртүрлі секторларда жұмыс орындарын құруға алып келеді және Қазақстан экономикасының білімге негізделген экономикаға табысты трансформациялануына ықпал ететін болады.

      Негізгі назар ең жаңа функционалдық материалдарды, құрылғыларды, жүйелерді және оларды өнеркәсіптің әртүрлі секторларында қолдану үшін дайындау (фабрикациялау) технологияларын іргелі зерттеулерге аударылатын болады. Бұдан басқа, Университет НУ мен индустриялар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұмтылады. Бағыт шеңберінде мынадай мақсаттарға қол жеткізілетін болады:

      1) жаңа материалдар, озық құрылғылар мен жүйелер саласындағы ең жаңа технологияларды игеру арқылы Қазақстанның әлемдегі стратегиялық ұстанымдарын сақтау;

      2) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) шығаруды ұлғайту және өнеркәсіппен тығыз ынтымақтастықты жолға қою;

      3) құрылғылар мен жүйелерді кеңінен қолдануды қамтамасыз ету үшін пәнаралық ынтымақтастықты күшейту;

      4) Қазақстанда әзірленген технологияларға инвестициялар тарту.

      Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін басым зерттеу мәселелерінің шеңбері айқындалды:

      1) жаңа материалдар мен заманауи материалдардың және құрылғылардың жұмыс механизмдері туралы іргелі білімдер алу;

      2) мынадай салаларға назар аудара отырып, заманауи функционалдық материалдарды зерттеу:

      биоматериалдар;

      сұранысқа ие электроника;

      энергияны сақтау және генерациялау үшін тиімділігі жоғары материалдар мен құрылғылар және жүйелер;

      мұнай-химия материалдары және катализаторлар;

      фармацевтикалық материалдар;

      функционалдық сенсорлық материалдар.

      3) ең заманауи технологияларды қолдана отырып, озық электроника мен жүйелерді әзірлеу.

5-бөлім. 5-бағыт. Энергетика, табиғи ресурстар және қоршаған орта

      Қазақстан экономикасы көптеген заманауи экономикалар сияқты стратегиялық тұрғыдан энергияны өндіру мен тұтыну ықпалына ұшырайды. Сондай-ақ Қазақстан өзінің орасан зор табиғи ресурстарымен бірегей. Осы табиғи ресурстарды өндіру оны жоспарлауға және жүзеге асыруға жауапты тәсіл болмаған кезде қоршаған ортаға айтарлықтай теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан бұл бағыт ұлттық және әлемдік экономика үшін табиғи және энергетикалық ресурстарды жаһандық жеткізуді жұмылдыру және дамыту; табиғи ресурстарды жеткізу көздерін кеңейту және ресурс тиімділігін арттыру, ұлттық және жаһандық экономиканың орнықтылығын арттыру сияқты мәселелерде маңызды мәнге ие.

      Төменде бағыттың зерттеу басымдықтары берілген:

      1) күн және жел энергетикасы саласындағы технологияларды дамыту;

      2) "Қазақстан – 2030" және "Қазақстан – 2050" ұлттық даму бастамаларына сәйкес энергетика және табиғи ресурстар секторларын өндірістің, өңдеу мен басқарудың технологиялық салаларына трансформациялау;

      3) Қазақстанның табиғи ресурстарын экологиялық тұрғыдан жауапты түрде игеру мен өндіруді жүзеге асыру;

      4) қазбалы отынға балама ретінде жаңартылатын энергияны дамыту, сондай-ақ энергия тұтыну мен өндірістің тиімділігін арттыру;

      5) су ресурстарын сапа, қолжетімділік және пайдалану тұрғысынан басқарудың зияткерлік жүйелерін әзірлеу;

      6) Қазақстанның шетелдік энергия көздеріне тәуелділігін барынша минимумға дейін қысқарту;

      7) озық халықаралық практикаға сәйкес келетін басқару қағидаттарын оқыту және енгізу арқылы табиғи ресурстармен байланысты салаларда қауіпсіздік пен өнімділікті арттыру.

5-тарау. Ағымдағы жағдайды талдау

      Осы Даму бағдарламасы НУ-дың 2018 – 2030 жылдарға арналған стратегиясы негізінде және 2016 – 2020 жылдарға арналған бірінші Даму бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша әзірленді.

      Стратегиялық бағдарламаға қол жеткізу үшін НУ мынадай бағыттар бойынша міндеттерді іске асыруға шоғырланатын болады:

      1) академиялық көшбасшылық – қазақстандық экономиканы ғылым саласындағы бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету үшін ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, білім беру процесін одан әрі интеграциялауды жүзеге асыру;

      2) ғылыми көшбасшылық – НУ мектептері мен қазақстандық университеттердің ОПҚ арасында ынтымақтастық пен зерттеу желілерін құру бойынша жаңа бастамаларды күшейту және қалыптастыру; жетекші әлемдік ғылыми журналдарда жарияланған нәтижелерді қамтитын пәндердің кең спектрі бойынша озық зерттеулер жүргізу;

      3) зерттеу ортасы – НУ ғылыми қызметінің тиімділігін арттыру үшін зерттеу қызметін талдаудың озық құралдарын пайдалану арқылы зерттеу гранттарын әкімшілендіру процестерін жаңғырту, оңайлату және жетілдіру.

      Стратегиялық мақсатқа қол жеткізуді және Бағдарламаның көрсетілген міндеттерін шешуді ресурстық қамтамасыз етуді қарапайым ұлғайтумен жүзеге асыру мүмкін болмайды және есебінен жаңа сапаға салыстырмалы түрде жылдам өту мүмкін болатын тәсілдерді жүйелі қолдануды талап етеді.

      Мұндай түйінді тәсілдер:

      1) "үздік ақыл-ойды" іріктеу мақсатында конкурстық негізде ғылыми зерттеулер жүргізуге гранттар бөлу саясатын жалғастыру;

      2) ОПҚ-ны тарту және НУ студенттерінің зерттеу жобаларына қатысуы;

      3) ұсынылатын зерттеу жоспарларының ғылыми жағының құндылығын бағалау үшін шетелдік сараптаманы пайдалану және шетелдік сарапшылар сараптамасының нәтижелеріне негізделген НУ Ғылыми кеңесінің ұсынымдары негізінде жобаларды қаржыландыру туралы шешімдер қабылдау;

      4) өзін танытқан ОПҚ мүшелерімен шарттық жағдайларды икемді басқаруға және халықаралық еңбек нарығынан көрнекті мамандарды одан әрі тартуға бағытталған кадрлық саясат, бұл ретте профессорлық құрамның жаңа мүшелерінің біліктілігіне қойылатын талаптар арттырылады;

      5) ғылыми көшбасшылыққа қол жеткізу өлшемдері ретінде ғылымиметрикалық көрсеткіштер мен сараптамалық пікірлерді пайдалану;

      6) ғылыми дамудың негізгі басымдықтарын таңдау және 2030 жылға қарай НУ жетекші әлемдік позицияларға шығу мүмкіндігі бар зерттеулер мен ғылыми кадрларды даярлау бағыттарына ресурстар мен назарды шоғырландыру, сондай-ақ Қазақстанда қалыптасып келе жатқан экономиканың инновациялық салалары ерекше мұқтаж болатын бағыттарды қолдау;

      7) жоғары сапалы магистрлік бағдарламаларда және PhD бағдарламалар тізбесін кеңейту, пост-докторлық зерттеу лауазымдарының санын ұлғайту, магистрлік және PhD бағдарламаларда оқитын білім алушылардың үлесін білім алушылардың жалпы санының 1/3 дейін ұлғайту;

      8) зерттеулердің пәнаралығын арттыру, төрешілдік кедергілерді азайту.

      "Назарбаев Университеті" ДББҰ зерттеу университетінің SWOT талдамасы:

      Күшті жақтары:

      1) студенттердің сапасы;

      2) түлектердің жетістігі ("НУ елшілері");

      3) студенттердің қоғамдық өмірге қатысуы (әлеуметтік үлес);

      4) ішкі және халықаралық беделдің өсуі;

      5) ұлттық деңгейдегі бедел: НУ бренді үшін мақтаныш;

      6) халықаралық ОПҚ-ның жоғары сапасы;

      7) НУ оқытушылары беделді университеттерге жұмысқа орналасады, бұл НУ ОПҚ сапасы туралы, сондай-ақ НУ одан әрі кәсіби дамудың тиімді катализаторы болып табылатындығын көрсетеді;

      8) НУ бұрынғы оқытушылары НУ елшілеріне айналады;

      9) мемлекет тарапынан күшті қолдау;

      10) сапаны арттырудың дамыған ішкі жүйесі;

      11) НУ мектептерінің сыртқы әлемнен оқшаулану деңгейінің төмендігі (қазіргі кезде);

      12) қажет болған жағдайда өзгеруге дайын жас, жігерлі және икемді жоғары оқу орны;

      13) іргетасы қаланған инновациялық экожүйе;

      14) жоғары білікті қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде НУ тартымдылығы;

      15) университет қоғамдастығының барлық мүшелерінің (студенттер, оқытушылар, қызметкерлер) жоғары ынталылығы;

      16) халықаралық студенттер санының өсуіне тартымды негізді қамтамасыз ететін жайлы кампус.

      Әлсіз жақтары:

      1) Қазақстанның әлемдегі орны;

      2) оқытушыларды жұмысқа орналастыру туралы қысқа мерзімді және икемсіз бастапқы шарттар – неғұрлым икемді жүйені енгізу қажеттілігі;

      3) елдің басқа университеттерімен оңтайлыдан төмен қарым-қатынас;

      4) мемлекеттік қолдауға шамадан тыс тәуелділік;

      5) сыртқы, сол сияқты ішкі коммуникациялар;

      6) елдің басқа университеттерінен оқшаулануы;

      7) НУ құндылықтарын тарату әлі де жалғасып жатыр;

      8) "әлемдік деңгейдегі университеттің" нені білдіретіні туралы ортақ түсініктің жоқтығы;

      9) "халықаралық" және "қазақстандық" деп бөліну;

      10) ОПҚ және әкімшілік персонал арасындағы бөліну;

      11) негізгі көрсетілетін қызметтердің төмен деңгейі: АТ және Адам ресурстарын басқару департаменті;

      12) төрешілдік, әсіресе қаржы мәселелерінде.

      Мүмкіндіктер:

      1) Орталық Азиядағы (ОА) және одан тыс жерлердегі зерттеулердегі көшбасшылық;

      2) Орталық Азиядағы өңірлік көшбасшылық;

      3) көрші елдермен тығыз қарым-қатынас;

      4) Орталық Азияның артып келе жатқан геосаяси маңызы;

      5) оқытушыларды, оның ішінде алмасу бағдарламалары бойынша қолдауды күшейту;

      6) тағылымдамалар мен студенттер алмасу бағдарламаларының санын арттыру;

      7) НУ түлектерін тарату үшін ABC әлеуеті;

      8) үздіксіз инновациялар, әсіресе, цифрлық технологиялар саласында;

      9) "Цифрлық Қазақстанға" едәуір үлес қосу;

      10) пәнаралық зерттеулерді арттыру;

      11) студенттерді интернационалдандыру;

      12) тиімділікті арттыру үшін НУ мектептерінің құрылымдарын талдау;

      13) Қазақстан мен Азиядағы басқа университеттермен ынтымақтастық;

      14) дәстүрлер мен "НУ жолы" брендін дамыту.

      Қатерлер:

      1) елдік тәуекел мен жеңілісті қабылдамау;

      2) оқытушыларды, зерттеушілерді және студенттерді тартудағы жаһандық және өңірлік бәсекелестік;

      3) көрші елдердің тұрақсыздығы;

      4) зерттеулерге бюджет қаражатын тартудағы белгісіздік: мөлшері және болжамдылығы;

      5) қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен салыстырғанда жоғары мемлекеттік қаржыландыру НУ-ды ерекше назар аудару объектісіне айналдырып отыр;

      6) елдегі экономикалық жағдай Үкіметтің дамудың келесі кезеңін, әсіресе, ABC құрылысына қатысты қолдау қабілетін төмендетеді;

      7) персоналдың "тығырыққа тірелуі" (әсіресе "бірінші буындағы");

      8) бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуіне байланысты үздік қызметкерлер мен халықаралық оқытушыларды тарту қабілетінің төмендігі;

      9) "білімдарлардың" кетуі.

6-тарау. Даму бағдарламасының мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Мақсат. Зерттеу қызметінің перспективалы бағыттары бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының инновациялық дамуына елеулі теориялық және практикалық үлес қосатын жоғары құзыреттердің озық ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу арқылы ең көп жиынтығын жасау.

      Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

      1-міндет. Қазақстандық экономиканы ғылым саласында бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету үшін ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, білім беру процесін интеграциялау.

      2-міндет. НУ мектептері мен қазақстандық ЖОО-ның ОПҚ арасында ынтымақтастық пен зерттеу желілерін құру бойынша жаңа бастамаларды күшейту және қалыптастыру; пәндердің кең спектрі бойынша озық зерттеулер жүргізу.

      3-міндет. НУ ғылыми қызметінің тиімділігін арттыру үшін талдаманың озық құралдарын пайдалану арқылы зерттеу гранттарын әкімшілендіру процестерін жаңғырту, оңайлату және жетілдіру.

      "Назарбаев Университеті" ДББҰ зерттеу университетін дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері осы Даму бағдарламасына 2-қосымшада ұсынылған.

      "Назарбаев Университеті" ДББҰ зерттеу университетін дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы Даму бағдарламасына 3-қосымшада ұсынылған.

7-тарау. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

      Осы Бағдарламаның негізгі бағыттары:

      1) НУ ОПҚ мен білім алушыларын зерттеу жобаларына тарту;

      2) халықаралық сараптаманы тарту арқылы қаржыландырылатын жобалардың жоғары ғылыми сапасын сақтау;

      3) ғылыми нәтижелілікті бағалаудың озық құралдарын пайдалану;

      4) НУ ғылыми дамуының түйінді басымдықтарын дамыту, сондай-ақ дамуында Қазақстанда қалыптасып келе жатқан экономиканың инновациялық салалары ерекше мұқтаж болатын бағыттарды қолдау;

      5) зерттеулердің пәнаралығын арттыру, төрешілдік кедергілерді азайту.

      Мақсат. Зерттеу қызметінің перспективалы бағыттары бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының инновациялық дамуына елеулі теориялық және практикалық үлес қосатын жоғары құзыреттердің озық ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу арқылы ең көп жиынтығын жасау.

      Міндеттері:

      1) академиялық көшбасшылыққа қол жеткізу – қазақстандық экономиканы ғылым саласында бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету үшін ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, білім беру процесін интеграциялау.

      Академиялық көшбасшылыққа қол жеткізу бөлігіндегі бүгінгі бастамалар мыналарды қамтиды:

      НУ оқыту және сабақ беру стратегиясы Университеттің оқыту тәсілін айқындады. Инновация, интеграция және инклюзивтілік НУ "Академиялық көшбасшылығының" және "Түлек атрибуттарының" негізгі элементтері болып табылады. Стратегия академиялық адалдыққа, ғылымды оқуға интеграциялауға, жеке оқытуға, ынтымақтастық оқытуға, тиісті құзыреттерді дамыту мақсатында заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып оқытуға және халықаралық интеграцияланған оқытуға басты екпін береді.

      НУ академиялық сапасын арттыру тұжырымдамасы (бұдан әрі – АСАТ) студенттер мен оқытушылардың кері байланысының нәтижелерін талдауға, сыртқы сарапшылардың пікірлеріне, курс, бағдарлама, Мектеп деңгейінде студенттердің прогресс жасауы мен академиялық үлгерімі туралы деректерге, сондай-ақ алдыңғы іс-шаралар кешенінің қол жеткізілген нәтижелерін үздіксіз талдауға негізделеді. АСАТ НУ мектептері арасында тарату қажет жаңа мақсаттарды белгілейді және қолда бар озық практикаларды айқындайды.

      Бірінші және екінші курстың барлық студенттері үшін бакалавриат академиялық бағдарламаларының міндетті компоненті әзірленуде, бұл студенттерге өз мамандығын таңдаудан бұрын қызығушылықтары мен зияткерлік әуесқойлықтарын айқындауға жеткілікті уақыт береді. Бакалавриаттың академиялық бағдарламаларының міндетті компоненті НУ сабақ беру және оқыту стратегиясының, сондай-ақ кәсіпкерлік тәсіл мен шығармашылық дизайн-ойлаудың қағидаттарын қамтиды.

      НУ өз қызметінің нәтижелерін сыртқы 23 тәуелсіз бағалауды алу мақсатында Еуропалық университеттер қауымдастығының (ЕУҚ) институттық бағалау бағдарламасына қатысты. Осы бағалаудың нәтижелерін НУ басшылығы назарға алып, іске асыруда.

      НУ-дың ел болашағына қосатын негізгі үлесі болашақ көшбасшыларды даярлау болып қала береді. НУ-дың білім беру және зерттеу ландшафттарының жылдам дамып келе жатқан екі элементі – ол докторантура және постдокторантура бағдарламалары. НУ шетелдік студенттерді тарту және пост-докторлық зерттеу лауазымдарының санын кеңейту үшін жоғары сапалы PhD бағдарламаларының тізімін кеңейтеді. Жақында НУ бүкіл кампус ауқымында зерттеу мәдениетін дамытуды жеделдету, студенттерге еліктеу үлгілерін жасау, сондай-ақ тартымды жағдайлар (қаржылық және ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері) арқылы оралып жатқан диаспораны тарту мақсатында пост-докторлық лауазымдардың санын көбейтті. Осылайша НУ үшін де, басқа қазақстандық университеттер үшін де әлеуетті ОПҚ өсіп-жетілетін болады. Постдокторанттар ОПҚ зерттеулерін де қолдайтын болады. Қазақстаннан көпшілік диаспорасы бар жерлерде орналасқан НУ өкілдік офистерінің ұсынылып отырған дамуы да кандидаттарды тарту бойынша тұрақты арнаны дамытуға көмектесе алар еді.

      Интернационалдандыру НУ дамуының екінші декадасының негізгі міндеті болып қала береді, осы бағыттағы жұмыс жүргізілуде, интернационалдандыру жөніндегі кіші комитет құрылды. НУ-дың өңірлік көшбасшылығын орнату мақсатында басқа Орталық Азия елдерінің үздік студенттерін де қамтитын студенттер контингенті болуға тиіс. Жаһанданған әлемде сенімді түрде жұмыс істеу үшін НУ студенттері басқа елдерден келген және мәдениеті басқа құрдастарымен бірге оқып, өмір сүруге тиіс. Осыған байланысты Университет өз алдына шетелдік студенттер санын арттыру бойынша асқақ мақсат қойды: бүгінде бір пайыздан аз санды құрайтын көрсеткіштен 2025 жылға қарай 10 %-ға дейін өсу;

      2) ғылыми көшбасшылыққа қол жеткізу – НУ мектептері мен қазақстандық университеттердің ОПҚ арасында ынтымақтастық пен зерттеу желілерін құру бойынша жаңа бастамаларды күшейту және қалыптастыру; пәндердің кең спектрі бойынша озық зерттеулер жүргізу.

      Ғылыми зерттеулерді қолдаудың жаңа жоспары әзірленді, онда пәнаралық зерттеулерді жүргізу қажеттілігі, сондай-ақ ресурстарды басым бағыттардың қолайлы санының айналасында шоғырландыру қажеттілігі атап өтіледі.

      Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болу үшін НУ жариялаған зерттеулер озық, серпінді және жетекші журналдарда ұсынылуға тиіс. Қазіргі әлемде көптеген пәндер бойынша үздік ғылыми нәтижелерге ғалымдар командасы жетеді, сондықтан НУ зерттеушілері өздерінің білім салаларында танылған жаһандық командалардың мүшелері болуға тырысуға тиіс.

      Сонымен қатар НУ "Қазақстан – 2050" Стратегиясының пайымына қол жеткізуге ықпал ету үшін Қазақстанның жаңғыруы мен өсуіне де өз үлесін қосуға бағдарланған. Ол үшін НУ өзінің зерттеу дағдыларын Қазақстан үшін басым мәселелерге қолдануға тиіс. Басқа қазақстандық университеттермен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты дамыту маңызды.

      Қазақстанның ішінде және одан тыс жерлерде мемлекеттік емес көздерден ғылыми гранттар іздестіру бойынша НУ күш-жігері артады. Университеттің сыртқы гранттарды тарту мүмкіндігі оның беделіне және НУ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінің жетекші сыртқы зерттеушілермен ынтымақтасу қабілетіне байланысты болады.

      Осы міндетті іске асыру мақсатында Университет өзінің зерттеу бағдарламаларын жалғастыруды және кеңейтуді көздейді:

      1. "Назарбаев Университеті" ДББҰ оқытушы-профессорлар құрамының гранттарын зерттеу бағдарламасы (бұдан әрі – ОЗБ) шеңберінде НУ ОПҚ-ның іргелі және қолданбалы зерттеулерін іске асыру.

      Академиялық қоғамдастық кез келген зерттеу университетінің қозғаушы күші болып табылады. Зерттеу университеттерінде жұмыс істейтін ғалымдар бүкіл ғылыми қоғамдастықтың шағын, бірақ өте маңызды бөлігі болып табылады. Олардың аздығына қарамастан, олар түйінді зерттеулердің ең көп көлемін шығарады.

      ОЗБ зерттеу бағдарламасы НУ ОПҚ-ның іргелі және қолданбалы зерттеулердің кең спектрін жүргізуін және зерттеулерге магистранттар мен PhD докторанттарды тарту есебінен НУ жас ғалымдарын даярлауды көздейді. Бұл бағдарлама 2017 жылы басталды және НУ зерттеу жұмыстарының ғылыми сапасын арттыру құралы болып табылады. Бағдарлама шеңберінде маңызды зияткерлік құндылығы бар және қазақстандық қоғам үшін әлеуметтік бағдарланған нәтижелерге қол жеткізуді көздейтін кез келген іргелі және қолданбалы зерттеулерге қолдау көрсетіледі. Бағдарлама НУ оқытушыларын олардың зерттеулерінде қолдауға және олардың оқытушылық пен зерттеу мансабын ынталандыруға да бағытталған.

      Бағдарламаны іске асыру үшін жыл сайын конкурс өткізу жаңа магистрлік және докторлық бағдарламаларды құрумен, НУ студенттік және академиялық қоғамдастығын кеңейтумен қатар зерттеулердің едәуір артуына алып келеді, бұл университеттің жарияланымдық белсенділігіне оң әсер етеді деп күтілуде.

      НУ-да ғылыми жобаларды қарау және іріктеу кезінде қолданылатын сапаның қатаң өлшемшарттары бар, бұл ғылыми нәтижелердің сапасына және білім саласы бойынша өлшенген НУ жұмыстарынан дәйексөз келтірудің біртіндеп артуына кепілдік береді (field-weighted citation impact).

      Осы зерттеу бағдарламасы шеңберінде ғылыми жобаларды іске асыру үшін оны қаржыландыруға бағытталған қаражаттан жабдықтар сатып алуға рұқсат етіледі.

      2. Бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламасы (бұдан әрі – БҒЗБ) шеңберінде ғылыми қызметкерлердің, ОПҚ және қазақстандық ЖОО-лардың бірлескен зерттеулерін іске асыру

      Қазіргі әлемде пәндердің көпшілігі бойынша үздік ғылыми нәтижелерді ғалымдар тобы алады, сондықтан НУ профессорлар мен зерттеушілерді әртүрлі институттармен және ұйымдармен, оның ішінде қазақстандық университеттермен күш-жігер біріктіруді көтермелейді. Бұл ретте осындай ынтымақтастықтың озық нәтижелерді алудағы табысының маңызды факторы жүргізілетін ғылыми жұмыстардың пәнаралығы болып табылады.

      Даму бағдарламасының стратегиялық мақсатына қол жеткізу НУ мектептері арасында орнықты серіктестік қатынастар құруды және олардың қазақстандық ғылыми қоғамдастықпен ынтымақтастығын жолға қоюды талап етеді.

      БҒЗБ ғылымның барлық салаларында білімді дамыту, сондай-ақ НУ мен қазақстандық университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін әртүрлі маманданған ғалымдар жүргізетін жаңа пәнаралық зерттеулерді дамытуға бағытталған. Ынтымақтастық жоғары сапалы зерттеу жобаларын жүргізуді қамтамасыз ететін бағдарламаның ажырамас бөлігі болып табылады. БҒЗБ бағдарламасы жаңа және дәстүрлі зерттеу салаларында орнықты серіктестік қатынастар мен ынтымақтастық құруды қолдайды, бұл Университеттің стратегиялық басымдығы болып табылады және қазақстандық қоғам мүдделері тұрғысынан маңызды мәнге ие бола алады. Бағдарлама шеңберіндегі конкурстар зерттеулердің нақты салаларына бағдарланбаған және НУ ОПҚ-ның олардың ғылыми ізденісін қолдауға, оқытушылық және зерттеу мансабын ынталандыруға және қазақстандық ғылыми қоғамдастықпен ынтымақтастықты жолға қоюға бағытталатын болады. Қосымша мақсат зерттеу мәселелерін бірлесіп шешудегі ғылыми-техникалық жетістіктерге және сыртқы қолдауды алуда бәсекеге қабілетті жаңа зерттеулерді дамытуға ықпал ету үшін әртүрлі ғылыми және оқу байланыстарына негізделген ынтымақтастықты жолға қоюды көтермелеуді қамтиды. Серіктестік БҒЗБ-ның аса маңызды бөлігі болып табылады.

      Аталған зерттеу бағдарламасының шеңберінде ғылыми жобаларды іске асыру үшін оны қаржыландыруға бағытталған қаражаттан жабдықтар сатып алуға рұқсат етіледі.

      3. Халықаралық пәнаралық зерттеу бағдарламасы (бұдан әрі – ХПЗБ) шеңберінде зерттеудің басым саласында кемінде әлемдік деңгейдегі бір зерттеу орталығын қалыптастыру

      НУ дәстүрлі пәндер шегінен шығатын жаңа зерттеу бастамаларын дамытуға жәрдемдесуге ұмтылады. ХПЗБ осы міндетті тиімді жүзеге асыру үшін қалыптастырылған. Ол зерттеулердің деңгейі мен сапасын көтеруге, сондай-ақ олардың халықаралық бәсекеге қабілеттілігін, танылуы мен құрметтелуін арттыруға бағытталған.

      ХПЗБ мақсаты – қазақстандық зерттеулерді академиялық стандарттарды жетілдіру, олардың жаңартылуына, қалпына келтірілуіне және орнықтылығына ықпал ету арқылы күшейту, сондай-ақ олардың қоғам мүдделері тұрғысынан маңыздылығын қамтамасыз ету. Бағдарлама зерттеу стратегияларын іске асыруға және ғылыми инфрақұрылымды дамытуға көмектесуге тиіс. ХПЗБ шеңберінде зерттеулерді іріктеу бағдарламаның стратегиялық мақсаттары мен НУ қажеттіліктері негізінде жүргізілетін болады.

      Жалпы мақсаттар іргелі және/немесе қолданбалы зерттеулерді қамтуы мүмкін салаларда озық ұлттық ноу-хау мен бәсекеге қабілеттілікті дамытуды, жоғары рейтингті зерттеушілерді қолдауды, пәнаралық салааралық зерттеу жобаларын басқаруды, университеттерде ғылыми ресурстарды жинауды және нәтижелермен алмасуға және оларды пайдалануға жәрдемдесуді қамтиды. ХПЗБ шеңберінде ақпарат алмасу және инновациялық идеялар мен технологияларды коммерциялық пайдалану, сондай-ақ ғылыми инфрақұрылымды дамыту үшін өнеркәсіппен және/немесе үкіметпен ынтымақтастық жолға қойылады деп болжанып отыр. Мұндай өзара іс-қимыл сауда мен өнеркәсіптің қажеттіліктерін ескеру үшін зерттеу басымдықтарын айқындауға көмектеседі.

      ХПЗБ мақсаттары нақты таңдалған мәселені шешуге әсер етуі мүмкін зерттеу жоспарын әзірлеуден ғана емес, сондай-ақ шын мәнінде маңызды, орнықты пәнаралық ғылыми зерттеулерді айқындаудан тұрады. ХПЗБ, ең бастысы, зерттеулер жүргізу үшін ұйымдастырылатын пәнаралық бөлімшені білдіреді. Сонымен бірге ХПЗБ студенттерді және (немесе) түлектерді оқытуды, өнеркәсіптік инновацияларды, қауымдастықтармен жұмысты, клиникалық көрсетілетін қызметтерді қамтуы мүмкін. Бұдан басқа, ХПЗБ-ның мұндай ғылыми топтары халықаралық зерттеу жетістіктеріне екпін бере отырып, қатаң халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейтін болады.

      Бұдан басқа, ХПЗБ – бұл зерттеу мақсаттарының нақты жиынтығы бар, НУ бақылауымен жұмыс істейтін және жетекші зерттеушілердің бірі ретінде көрнекті халықаралық профессорларды тартатын зерттеу және оқыту желісі. Қаржыландыруды бес жылдық мерзімге беру жоспарланып отыр, бұл ХПЗБ шеңберінде ұзақ мерзімді жобалау жоспарларымен жұмыс істей алатындығын білдіреді. Бағдарламаны НУ-ды, университеттерді, зерттеу институттарын жеке бизнесті, халықаралық қаржы агенттіктерін және басқа да көптеген көздерді қоса алғанда, әртүрлі көздерден бірлесіп қаржыландыруға болады.

      ХПЗБ НУ-дағы зерттеулердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және олардың танылуы мен бағалануын арттыруға арналған. ХПЗБ шеңберінде жүргізілетін зерттеулер ең жоғары стратегиялық деңгейде жетекшілік етілуге тиіс, бұл ретте зерттеулердің салалары мен бағыттары бағдарламаның конкурстық құжаттамасында жарияланады. Бұдан басқа, ХПЗБ зерттеулер мен қоғамның жетілуіне және жалпы прогресіне ықпал ететін шығармашылық және өнімді ғылыми ізденісті, оқыту ортасын дамытуға бағытталған;

      3) зерттеу ортасын дамыту – НУ ғылыми қызметінің тиімділігін арттыру үшін талдаманың озық құралдарын пайдалану арқылы зерттеу гранттарын әкімшілендіру процестерін жаңғырту, оңайлату және жетілдіру.

      Университеттер – бұл адами капиталды дамытуды білдіреді. Әрине, студенттер басты мәнге ие бола тұра, жоғары білікті оқытушыларды, зерттеушілерді және бірінші дәрежелі әкімшілік-басқару персоналын дамыту және ұстап қалу НУ болашақ өсуі мен дамуы үшін шешуші мәнге ие. НУ қазірдің өзінде НУ-да жұмыс істейтін жоғары білікті жергілікті персоналды одан әрі дамытуға және оны сақтауға мүдделі. Осыған байланысты НУ өз персоналын дамыту бағдарламаларын күшейтетін болады. Нәтижесінде ең үздік және қабілетті мамандар тек НУ үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа да жоғары білім беру ұйымдары үшін кадрлық резервті қалыптастыру үшін негіз қалайды. Персоналды дамыту жөніндегі осы бағыт таланттарды дамыту және қайта даярлау жөніндегі белсенді бағдарламаны қамтитын болады. Халықаралық ОПҚ-ға келетін болсақ, НУ жаңа оқытушыларды Университет пен Қазақстанның ерекшеліктеріне бейімдеу бойынша жетілдірілген кәсіби даму бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жетілдірілген бағдарлау бағдарламасы жұмысты бастау үшін неғұрлым нақты түсінік береді және НУ қоғамдастығына жылдам интеграцияны қамтамасыз етеді. 50-ден астам елден келген ОПҚ-мен мұндай дайындық НУ қоғамдастығы барлық мүшелерінің оның негізгі құндылықтарын түсінуін және қамтуын қамтамасыз ету үшін қажет болып табылады.

      Университет НУ-да анық деректер негізінде шешімдер қабылдау және жоспарлау мақсатында өзінің ғылыми нәтижелілігіне талдау жүргізеді, сондай-ақ зерттеу деректерін ұйымдастыру, сақтау және талдау мақсатында Elsevier және Tomson Reuters компанияларының деректер базалары мен ғылымиметрикалық құралдарын пайдаланады.

      Ішкі конкурстарды ұйымдастырумен, ғылыми жобаларды әкімшілендірумен және іске асырумен, оның ішінде зерттеу тобының мүшелерін жалдаумен, жабдықтар мен шығыс материалдарын сатып алумен, бюджеттеумен және т.б. байланысты бизнес-процестерді ғылыми зерттеулерді басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесіне интеграциялау бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.

      Зерттеу және білім беру процестерін жолға қойылған және тиімді басқару университеттің барлық қызметінің негізінде жатыр. Басқару сапасы үздіксіз білім алу жағдайында жұмыс істейтін НУ-дың адами ресурстарына, олардың икемді, нәтижеге бағдарланған және ұйымның әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне байланысты. Зерттеулерді жақсырақ қолдау үшін НУ ғылыми өтінімдерді дайындау, сараптама жасау, ғылыми этика стандарттарын қамтамасыз ету және қолданыстағы жобаларды сүйемелдеу сияқты түйінді процестерде жоғары тиімділікке қол жеткізуге тікелей күш-жігерін шоғырландыратын болады. НУ-дың әкімшілендіруге және басқаруға қосқан үлесі жұмыс жүктемесінің өсіп келе жатқан күрделілігіне де, сол сияқты процестердің есептілігі мен ашықтығына қойылатын жаңа талаптарға да сай болады деп күтілуде.

8-тарау. Қажетті ресурстар

      Аталған бағдарламаны іске асыру үшін 2021 жылдан бастап НУ-да тиісті білім деңгейі бойынша немесе дайындық бөлімінде білім алуға ақы төлеу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушыларға берілетін грант мөлшеріне 1,05 жоғарылатушы коэффициентін белгілеу арқылы қаржыландыру талап етіледі.

      млн теңге

Жылдар бойынша

Барлығы

Республикалық бюджет/
Ұлттық қор*

НУ меншікті қаражаты

Жиыны:

33 246

12 536

20 710

      * Бағдарламаны қаржыландыру көлемі алдағы кезеңдерге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру және тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде айқындалатын болады.


      Бұл ретте республикалық бюджеттен/ ұлттық қордан бөлінетін қаражат:

      1) ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберінде операциялық шығыстарға;

      2) ғылыми жобаларды жүргізу шеңберінде жабдықтар сатып алуға;

      3) ақпараттық ресурстарды дамытуға;

      4) жобаларға ғылыми сараптама жүргізуге;

      5) ғылыми зерттеулердің сапасын басқару жүйесін жетілдіруге бағытталатын болады.

      НУ Университеттің ғылыми саясаты шеңберінде бекітілген зерттеу бағдарламалары арқылы ғылыми зерттеулер жүргізуге қаражатты бөледі. Тиісінше "Ғылыми көшбасшылық" міндеті бойынша іс-шараларды іске асыруға Даму бағдарламасы шеңберінде бөлінетін қаражат НУ зерттеу бағдарламалары, атап айтқанда, ОЗБ және БҒЗБ арқылы бөлінеді.

      2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті/ ұлттық қорды бекіту кезінде нақтыланатын болады. НУ іске асыратын іс-шаралар жоспарлы кезеңге арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде орындалады.

  "Назарбаев Университеті" дербес білім беру
ұйымының зерттеу университетін дамытудың
2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасына
1-қосымша

2018 – 2030 жылдарға арналған НУ стратегиясымен бекітілген "Назарбаев Университеті" ДББҰ стратегиялық мақсаттары мен нысаналы индикаторлары

"Назарбаев Университеті" ДББҰ стратегиялық мақсаттары

Мақсаттар

2020 – 2025

2025 – 2030

1

2

3

1-стратегиялық мақсат: Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалаудағы көшбасшылық

Стратегиялық мақсат қалады. НУ мен Қазақстанның басқа да ұлттық және өңірлік университеттері арасындағы екіжақты ағынды ұлғайту мақсатында "hub and spokes" қағидаты бойынша инновациялық модельді енгізуді жалғастыру

НУ тең деңгейге қол жеткізуге көмектесетін бір-біріне тең болатын университеттер желісін құру; жоғары білім берудің толық интеграцияланған жүйесін құру; бұдан әрі НУ-дың өңірлік көшбасшылық рөлін нығайту

2-стратегиялық мақсат: академиялық көшбасшылық

Стратегиялық мақсат қалады.
Үнемі неғұрлым жоғары стандарттарға ұмтылу; Нұр-Сұлтан қаласының академиялық көшбасшылық орталығы болып қалыптасудағы рөлін арттыру

Стратегиялық мақсат қалады. Әлемнің үздік 200 университетінің қатарына кіру үшін НУ академиялық көрсеткіштеріне қол жеткізу.

3-стратегиялық мақсат: ғылыми көшбасшылық

Қазақстан мен әлем үшін маңызды тақырыптарға ден қою; дәйексөз келтіру индексін арттыру

Маңыздылықты күшейту және дәйексөз келтіру индексін арттыру және бүкіл әлем бойынша жетекші зерттеу орталықтарымен байланыстарды кеңейту

4-стратегиялық мақсат: Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесінің моделін құру

Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесінің (ДИАЖ) толық аяқталған моделі – Медицина мектебін ғана емес, бүкіл Университетті қамту

ДИАЖ қызметін бағалау және ҚР Үкіметіне осы жүйені бүкіл Қазақстан бойынша іске асыруға көмек көрсету

5-стратегиялық мақсат: инновациялар және ғылымды өндіріске енгізу

Коммерцияландырудың жарқын фазасы; ABC эксперименттік жаңа базасы

Инновациялық экожүйені қайта бағалау және коммерцияландыруды жандандыру

"Назарбаев Университеті" ДББҰ нысаналы индикаторлары

Көрсеткіштер

2019

2024/2025 жылдарға қарай

2030 жылға қарай

Білім алушылар

Білім алушылардың саны, оның ішінде:

4223

8050

10 000-ға дейін

- магистрлер

715

1900

- (PhD) докторанттар

97

450

студенттер: интернационалдандыру


Бакалавриат: 5 % Магистратура және докторантура (PhD): 20 %
Жиыны: білім алушылардың жалпы контингентінен 9-10 %

Бакалавриат: 10 % Магистратура және докторантура (PhD): 25 %
Жиыны: 12-15 %

Оқытушы-профессорлар құрамы

ОПҚ саны***

470

620

770

Зерттеулер

Дәйексөз келтіру индексі

1.17

>1.6

>2.0

Зерттеулер бюджеті


жылына 250 млн АҚШ доллары

жылына 500 млн АҚШ доллары

1

2

3

4


Инфрақұрылым


Қажеттілігіне қарай

Қажеттілігіне қарай

Зерттеулерді қаржыландыру көздері


80 % (мем.)

70 % (мем.)

Инновациялар және коммерцияландыру

Инновациялар және коммерцияландыру


Толық функционалды экожүйе; НУ коммерцияландыруды қолдау жүйесін тестілеу және дамыту

Кембридж феноменін қабылдау**; ABC-те толық ауқымды коммерцияландыру

Халықаралық танымалдық

Аккредиттеу


Бағдарлама деңгейінде бағдарламалық аккредиттеу

Институттық аккредиттеу

Жаһандық рейтинг


осы кезеңде қатыспайды

Топ 200-де

      * ЖІӨ-нің шамамен 5 %-ға өсуі және Қазақстанда зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын шығыстардың ЖІӨ-нің қазіргі 0,17 %-нан 2025 жылға қарай 1 %-дан астамға дейін және 2030 жылға қарай 1,5 – 1,7 %-ға дейін ұлғаюы болжанып отыр. Бұл жағдайда НУ-дың зерттеулерге арналған бюджеттік өтінімі лимиттен аспайды.

      ** Кембридж 1999 жылдан бастап күшті коммерцияландыру бағдарламасын әзірлеумен танымал.

      *** Студенттердің ОПҚ-ға 13/1 арақатынасына негізделген. НУ 10:1 арақатынасын сақтауға тырысады, бірақ бұл үшін жылына шамамен 7 миллион АҚШ доллары қажет болады. Бұл сан дайындық мектебінің ОПҚ-сын қамтымайды. ОПҚ мен студенттердің оңтайлы арақатынасы оқыту мен зерттеу жүргізу әдісіне, оның ішінде цифрлық оқу аудиторияларын пайдалануға байланысты.

  "Назарбаев Университеті" дербес білім беру
ұйымының зерттеу университетін дамытудың
2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасына
2-қосымша

"Назарбаев Университеті" ДББҰ зерттеу университетін дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасы міндеттерінің нысаналы индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері


Р/с №

Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

Ақпарат көзі

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Ғылыми-зерттеу қызметіне тартылған оқытушы-профессорлар құрамының үлесін ұлғайту

%

НУ есептік деректері

75-тен кем емес

80-нен кем емес

85-тен кем емес

90-нан кем емес

95-тен кем емес

2

Соңғы бес жылда Science Citation Index – Expanded және Social Sciences Citation Index (тек Article) индекстелген мақалалар саны

бірл.

Web of Science

2700-ден кем емес

2800-ден кем емес

2900-дан кем емес

3000-нан кем емес

3100-ден кем емес

3

Web of Science, Scopus индекстелетін халықаралық рецензияланатын рейтингтік журналдарда соңғы бес жылдың ішінде жарияланған ғылыми мақалалардан дәйексөз келтірудің орташа деңгейі

бірл.

SciVal/Scopus/
Web of Science

3.0-тен кем емес

3.5-тен кем емес

4.0-ден кем емес

4.5-тен кем емес

5.0-ден кем емес

4

НУ ОПҚ берілген ғылыми гранттар саны

бірл.

НУ есептік деректері

30-дан кем емес

30-дан кем емес

30-дан кем емес

30-дан кем емес

30-дан кем емес

1-міндет: Қазақстандық экономиканы ғылым саласында бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету үшін ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, білім беру процесін интеграциялау. Нәтижелер көрсеткіштері 2-қосымшада көрсетілген

Р/с №

1-міндеттің нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

ақпарат көзі

2021
жыл

2022
жыл

2023
жыл

2024
жыл

2025
жыл

1

ОПҚ мен студенттер санының арақатынасы

арақатынас

НУ есептік деректері

1:13-тен артық емес

1:13-тен артық емес

1:13-тен артық емес

1:13-тен артық емес

1:13-тен артық емес

2

Білім алушы адамдардың жалпы контингентінен магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылардың үлесі

%

НУ есептік деректері

24 %-дан кем емес

24 %-дан кем емес

24 %-дан кем емес

24 %-дан кем емес

24 %-дан кем емес

3

Білім алушы адамдардың жалпы санынан шетелдік білім алушылардың үлесі

%

НУ есептік деректері

1%

2%

3%

4%

5%

4

Бағдарлама деңгейінде аккредиттеу


НУ қорытынды есебі





1

2-міндет: НУ мектептері мен қазақстандық ЖОО-ның оқытушы-профессорлар құрамы арасында ынтымақтастық пен зерттеу желілерін құру бойынша жаңа бастамаларды күшейту және қалыптастыру; пәндердің кең спектрі бойынша озық зерттеулер жүргізу

Р/с №

1-міндеттің нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

ақпарат көзі

2021
жыл

2022
жыл

2023
жыл

2024
жыл

2025
жыл

1

Соңғы бес жылда импакт факторы жоғары журналдарда жарияланған ғылыми мақалалар саны (зерттеу салалары бойынша журналдық импакт фактордың бірінші, екінші және үшінші квартильдерінде көрсетілген журналдар)

бірл.

SciVal/Web of Science

2200-ден кем емес

2250-ден кем емес

2300-ден кем емес

2300-ден кем емес

2400-ден кем емес

2

Соңғы бес жылда SciVal немесе InCites импакт факторы жоғары журналдарда (зерттеу саласындағы топ-25 журнал) жарияланған ғылыми мақалалар саны

бірл.

SciVal/InCites

1100-ден кем емес

1100-ден кем емес

1100-ден кем емес

1200-ден кем емес

1200-ден кем емес

3

Соңғы үш жылдың ішінде Web of Science және Scopus деректер базасында индекстелетін ғылыми мерзімді басылымда жарияланған мақалалар санының академиялық құрам мүшелерінің жалпы санына қатынасы (ассистент-профессор дәрежесіндегі ОПҚ және одан жоғары)

арақатынас

SciVal/Scopus/
Web of Science

5:1

6:1

6:1

8:1

8:1

4

Бес жылдық кезең ішінде университет ОПҚ жарияланымдарының жалпы санында ең болмағанда бір шетелдік автормен бірлескен авторлықта жарияланған рецензияланатын ғылыми мерзімді басылымдардағы (Web of Science немесе Scopus индекстелетін деректер базаларында) ОПҚ жарияланымдарының үлесі

%

SciVal/Scopus/
Web of Science

70 %

70 %

70 %

70 %

70 %

5

Зерттеу жобаларын іске асыруға тартылған ғылыми-педагог жұмыскерлердің үлесі (жарияланымдарға сәйкес)

%

НУ есептік деректері

90 %-дан кем емес

92 %-дан кем емес

93 %-дан кем емес

95 %-дан кем емес

95 %-дан кем емес

3-міндет: НУ ғылыми қызметінің тиімділігін арттыру үшін талдаманың озық құралдарын пайдалану арқылы зерттеу гранттарын әкімшілендіру процестерін жаңғырту, оңайлату және жетілдіру

Р/с №

Нәтижелер көрсеткіштері

өлш. бірл.

ақпарат көзі

2021
жыл

2022
жыл

2023
жыл

2024
жыл

2025
жыл

1

НУ зерттеу бағдарламалары бойынша ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған конкурстардың саны

бірл.

НУ есептік деректері

1-ден кем емес

2-ден кем емес

2-ден кем емес

2-ден кем емес

2-ден кем емес

2

Ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды алуға берілген өтінімдер саны

бірл.

НУ есептік деректері

40 және одан көп

60 және одан көп

60 және одан көп

60 және одан көп

60 және одан көп

3

НУ зерттеу бағдарламасы бойынша конкурс шеңберінде берілген бір ғылыми өтінімге халықаралық сарапшылар ұсынған рецензиялардың саны

бірл.

НУ есептік деректері

3

3

3

3

3

4

Зерттеулерді басқару саласындағы әлеуетті өрістету (өткізілген тренингтер саны)

бірл.

НУ есептік деректері

5

5

5

5

5


  "Назарбаев Университеті" дербес білім беру
ұйымының зерттеу университетін дамытудың
2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасына
3-қосымша

"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының зерттеу университетін дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары


Р/с № Атауы Өлш. бірл. Аяқталу нысаны Орындау мерзім-дері Орындауға жауаптылар Оның ішінде жылдар бойынша
(млн теңге)
Қар-жы ландыру көздері Бюджеттік бағдар ламаның коды






2021 жыл 2022 жыл 2023 жыл 2024 жыл 2025 жыл барлығы



1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14

1-мақсат. Зерттеу қызметінің перспективалы бағыттары бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының инновациялық дамуына елеулі теориялық және практикалық үлес қосатын жоғары құзыреттердің озық ғылыми-зерттеу орталықтарын қалыптастыру арқылы ең көп жиынтығын жасау

1

1-нысаналы индикатор. Ғылыми-зерттеу қызметіне
тартылған
оқытушы- профессорлар
құрамының үлесін ұлғайту

%

НУ есептік деректері

2021 –
2025 жылдар

офисі

75-тен кем емес

80-нен кем емес

85-тен кем емес

90-нан кем емес

95-тен кем емес




2

2-нысаналы индикатор. Соңғы бес жылда Science Citation Index – Expanded және Social Sciences Citation Index (тек Article) индекстелген мақалалар саны

бірл.

Web of Science

2021 – 2025 жылдар

НУ мектептері, Провост офисі

2700-ден кем емес

2800-ден кем емес

2900-дан кем емес

3000-нан кем емес

3100-ден кем емес




3

3-нысаналы индикатор. Web of Science, Scopus индекстелетін халықаралық рецензияланатын рейтингтік журналдарда соңғы бес жылдың ішінде жарияланған ғылыми мақалалардан дәйексөз келтірудің орташа деңгейі

бірл.

SciVal/ Scopus/Web of Science

2021 – 2025 жылдар

НУ мектептері, Провост офисі

4.0-ден кем емес

4.0-ден кем емес

4.0-ден кем емес

4.5-тен кем емес

5.0-ден кем емес




4

4-нысаналы индикатор. НУ ОПҚ-ға берілген ғылыми гранттар саны

бірл.

НУ есептік деректері

2021 – 2025 жылдар

НУ мектептері, Провост офисі

30-дан кем емес

30-дан кем емес

30-дан кем емес

30-дан кем емес

30-дан кем емес




1-міндет: Қазақстандық экономиканы ғылым саласында бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету үшін ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, білім беру процесін интеграциялау

1

1-нәтиже көрсеткішi.
ОПҚ мен студенттер санының арақатынасы

арақаты нас

НУ есептік деректері

2021 – 2025 жылдар

НУ мектептері, Провост офисі

1:13-тен артық емес

1:13-тен артық емес

1:13-тен артық емес

1:13-тен артық емес

1:13-тен артық емес




2

2-нәтиже көрсеткішi. Білім алушы адамдардың жалпы контингентінен магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылардың үлесі

%

НУ есептік деректері

2021 – 2025 жылдар

НУ Мектептері, Провост офисі

24-тен кем емес

24-тен кем емес

24-тен кем емес

24-тен кем емес

24-тен кем емес




3

3-нәтиже көрсеткішi. Білім алушы адамдардың жалпы санынан шетелдік білім алушылардың үлесі

%

НУ есептік деректері

2021 – 2025 жылдар

НУ Мектептері, Провост офисі

1

2

3

4

5




4

4-нәтиже көрсеткішi. Бағдарлама деңгейінде аккредиттеу

бірл.

НУ қорытынды есебі

2025 жыл

Провост офисі





1




Іс-шаралар

1

Академиялық сапаны дамыту бөлігінде НУ-дың 2030 жылға дейінгі стратегиясынан туындайтын ішкі нормативтік құжаттарды қабылдау


НУ Акаде
миялық кеңесінің ішкі норма
тивтік құжат
тары, шешімдері

2021 – 2025 жылдар

Провост офисі, НУ мектептері
 
 

талап етілмейді
 
 
 
 
 

2

Әлемнің үздік 200 университеттің
қатарына кіретін шетелдік әріптес ЖОО-ның қатысуымен
магистратура,
докторантура
бағдарламаларын әзірлеу


жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары

2021 – 2025 жылдар

НУ мектептері
 
 

талап етілмейді

3

Білім алушылардың жалпы контингентінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында білім алатын магистранттар мен докторанттардың үлесін ұлғайту


есеп

2021 – 2025 жылдар

Провост офисі,
НУ мектептері

талап етілмейді

4

Мектептердің жоғары білікті ОПҚ жалдау


Мектеп тердің жаңа ОПҚ

2021 – 2025 жылдар

Жалдау жөніндегі комитет

талап етілмейді
 
 

2-міндет: НУ мектептері мен қазақстандық оқытушы-профессорлар құрамы ЖОО-ның арасында ынтымақтастық пен зерттеу желілерін құру бойынша жаңа бастамаларды күшейту және қалыптастыру; пәндердің кең спектрі бойынша озық зерттеулер жүргізу

1

1-нәтиже көрсеткішi. Соңғы бес жылда импакт факторы жоғары журналдарда жарияланған ғылыми мақалалар саны (зерттеу салалары бойынша журналдық импакт фактордың бірінші, екінші және үшінші квартильдерінде көрсетілген журналдар)

бірл.

SciVal/ Web of Science

2021 – 2025 жылдар

НУ мектептері

2200-ден кем емес

2250-ден кем емес

2300-ден кем емес

2300-ден кем емес

2400-ден кем емес




2

2-нәтиже көрсеткішi. Соңғы бес жылда SciVal немесе InCites импакт факторы жоғары журналдарда (зерттеу саласындағы топ-25 журнал) жарияланған ғылыми мақалалар саны

бірл.

SciVal/ InCites

2021 – 2025 жылдар

НУ мектептері

1100-ден кем емес

1100-ден кем емес

1100-ден кем емес

1200-ден кем емес

1200-ден кем емес




3

3-нәтиже көрсеткішi. Соңғы үш жылдың ішінде Web of Science және Scopus деректер базасында индекстелетін ғылыми мерзімді басылымда жарияланған мақалалар санының академиялық құрам мүшелерінің жалпы санына қатынасы (ассистент-профессор дәрежесіндегі ОПҚ және одан жоғары)

қатынасы

SciVal/ Scopus/ Web of Science

2021 – 2025 жылдар

НУ Мектептері

5:1

6:1

6:1

8:1

8:1




4

4-нәтиже көрсеткішi.
Бес жылдық кезең ішінде университет ОПҚ жарияланымдары-ның жалпы санында ең болмағанда бір шетелдік автормен бірлескен авторлықта жарияланған рецензияланатын ғылыми мерзімді басылымдардағы (Web of Science немесе Scopus индекстелетін деректер базаларында) ОПҚ жарияланымдары-ның үлесі

%

SciVal/ Scopus/ Web of Science

2021 – 2025 жылдар

НУ мектептері

70

70

70

70

70




5

6-нәтиженің көрсеткішi. Зерттеу жобаларын іске асыруға тартылған ғылыми-педагог жұмыскерлердің үлесі (жарияланымдарға сәйкес)

%

НУ есептік деректері

2021-2025 жылдар

НУ мектептері, Провост офисі

90-нан кем емес

90-нан кем емес

90-нан кем емес

90-нан кем емес

90-нан кем емес




Іс-шаралар*

6

"Назарбаев Университеті" ДББҰ ОПҚ гранттарының зерттеу бағдарламасы шеңберінде НУ ОПҚ зерттеулерін іске асыруға және әкімшілендіруге арналған зерттеу гранттарын бөлу, НУ ОПҚ ғылыми өтінімдерін сараптау, НУ ғылыми тиімділігін библиометрикалық бағалау

млн тг.

қоры тынды есептер / жария
ланым дар

2021 – 2025 жылдар

НУ мектеп-тері, Провост офисі

2 316

2 536

2 524

2 580

2 580

12 536

РБ/ ҰҚ


7

Бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламасы (БҒЗБ) шеңберінде НУ ғылыми қызметкерлерінің, оқытушы-профессорлар құрамының және қазақстандық ынтымақтастық
ЖОО-ның бірлескен зерттеулерін іске асыруға және әкімшілендіруге арналған зерттеу гранттарын бөлу

млн тг.

қоры
тынды есептер / жария ланым дар

2021 – 2025 жылдар

НУ мектеп- тері, Провост офисі

2 512

3 793

3 870

4 085

4 300

18 560

НУ меншікті қара жаты


8

Халықаралық пәнаралық зерттеу бағдарламасы (ХПЗБ) шеңберінде зерттеудің басым саласында әлемдік деңгейдегі кемінде бір зерттеу орталығын қалыптастыру және танымал профессорларды, ірі ғалымдарды тарту

млн тг.

қоры тынды есептер / жария ланым дар

2021-2025 жылдар

НУ мектеп- тері, Провост офисі

430

430

430

430

430

2 150

НУ мен
шікті қаражаты


9

Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу

млн тг.

қоры тынды есептер / жария ланым дар

2021 – 2025 жылдар

НУ мектеп- тері, НУ жеке мекеме лері

талап етілмейді

3-міндет: НУ ғылыми қызметінің тиімділігін арттыру үшін талдаманың озық құралдарын пайдалану арқылы зерттеу гранттарын әкімшілендіру процестерін жаңғырту, оңайлату және жетілдіру

1

1-нәтиже көрсеткішi.
НУ зерттеу бағдарламалары бойынша ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған конкурстардың саны

бірл.

НУ есептік деректері

2021 – 2025 жылдар

Провост офисі

1-ден кем емес

2-ден кем емес

2-ден кем емес

2-ден кем емес

2-ден кем емес




2

2-нәтиже көрсеткішi. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды алуға берілген өтінімдер саны

бірл.

НУ есептік деректері

2021-2025 жылдар

НУ мектеп- тері, Провост офисі

40 және одан көп

60 және одан көп

60 және одан көп

60 және одан көп

60 және одан көп




3

3-нәтиже көрсеткішi.
НУ зерттеу бағдарламасы бойынша конкурс шеңберінде берілген бір ғылыми өтінімге халықаралық сарапшылар ұсынған рецензиялардың саны

бірл.

НУ есептік деректері

2021 – 2025 жылдар

Провост офисі

3

3

3

3

3




4

Зерттеулерді басқару саласындағы әлеуетті өрістету (өткізілген тренингтер саны)

бірл.

НУ есептік деректері

2021 – 2025 жылдар

Провост офисі

5

5

5

5

5




Іс-шаралар

10

НУ ОПҚ ғылыми өтінімдеріне халықаралық ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру

бірл.

сараптамалық қоры тынды лар

2021 – 2025 жылдар

Провост офисі

120-дан кем емес

180-нен кем емес

180-нен кем емес

180-нен кем емес

180-нен кем емес




11

Ғылыми зерттеулерді әкімшілендірумен/ ұйымдастырумен айналысатын әкімшілік персонал үшін тренингтер өткізу

млн тг.

есеп

2021 – 2025 жылдар

Провост офисі

талап етілмейді

12

Зерттеулер жүргізудің ғылыми этикасы бойынша тренингтер ұсыну

млн тг.

есеп

2021 – 2025 жылдар

Провост офисі, НУ мектеп- тері

талап етілмейді

13

Ғылыми нәтижелілікті талдаудың озық құралдарын пайдалана отырып, ғылыми зерттеулердің сапасын басқару жүйесін жетілдіру

млн тг.

есеп

2021 – 2025 жылдар

Провост офисі

талап етілмейді

      *Бағдарламаны қаржыландыру көлемі алдағы кезеңдерге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру және тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде айқындалатын болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады