Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
13-бап мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
"21-1) жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп репродуктивтік денсаулықты қорғау мәселелері бойынша жастарға ақпарат беруді ұйымдастырады;".
2. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) республикалық жастар форумы – жастар өкілдерінің мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың жалпыұлттық деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін форумы;";
мынадай мазмұндағы 3-1), 10), 11), 12), 13 және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) жастармен жұмыс жөніндегі маман – жастардың жеке және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратын, мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар маман;";
"10) жастардың даму индексі – жеті негізгі бағыт: білім беру, денсаулық және саламаттылық, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт, қауіпсіздік бойынша іске асырылатын мемлекеттік жастар саясатын және жастардың даму деңгейін талдауға арналған жиынтық индекс;
11) жастарға арналған әлеуметтік қызмет – тұрғылықты жері бойынша жастардың бос уақытын ұйымдастыру, жастардың кәсіпкерлік қызметін қолдау және дамыту, жастардың өзін-өзі басқаруы және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша қызметтер көрсететін заңды тұлға;
12) жастардың әлеуметтік көрсетілетін қызметтері – осы Заңның 23-бабына сәйкес жастар ресурстық орталықтары көрсететін қызметтер;
13) жастар еңбек жасақтары – уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар шеңберіндегі жастар бірлестіктері;
14) NEET санатындағы жастар – жастардың жұмыс істемейтін, білім алумен немесе кәсіби дайындықпен, қайта даярлаумен айналыспайтын және жұмыспен қамту саласынан тыс бөлігі.";
2) 4-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) жастардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру;";
мынадай мазмұндағы 7-1), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) жастардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыру;";
"10) жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру;
11) жастар арасында волонтерлікті дамыту.";
3) 6-бап:
мынадай мазмұндағы 11-1), 12-2), 12-3) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"11-1) жастармен жұмыс жөніндегі мамандарға үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді;";
"12-2) жастар еңбек жасақтарын ұйымдастыру және мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді;
"12-3) Қазақстан Республикасында жастардың даму индексін енгізу және қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
"13-1) NEET санатындағы жастарға жастарды қолдау бағдарламалары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;";
4) 7-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) NEET санатындағы жастар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ біліктілікті арттыруды қамтамасыз етеді;";
5) 10-бап:
мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) жастарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
4-2) NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;";
6) 12-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жастардың мәдениет мәселелері жөніндегі бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;";
7) 2-тарау мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Этносаралық қатынастар саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Этносаралық қатынастар саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
2) жастар арасында этносаралық келісім мен тағаттылықты нығайту бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;
3) жастар ұйымдарымен этносаралық келісім мен тағаттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) жастар арасында этносаралық келісім мен тағаттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
8) 19-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
2) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз етеді;
3) NEET санатындағы жастар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ біліктілікті арттыруды қамтамасыз етеді;
4) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;
5) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;
6) жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
7) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;
8) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;
9) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жастар еңбек жасақтарын ұйымдастыру және мониторингтеу қағидаларына сәйкес жастар еңбек жасақтарын құрады, олардың қызметін, қызметінің мониторингін қамтамасыз етеді;
10) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында жастардың даму индексін енгізу және қолдану қағидаларына сәйкес жастардың даму индексін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
2) NEET санатындағы жастар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ біліктілікті арттыруды қамтамасыз етеді;
3) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз етеді;
4) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;
5) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;
6) жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
7) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;
8) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;
9) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жастар еңбек жасақтарын ұйымдастыру және мониторингтеу қағидаларына сәйкес жастар еңбек жасақтарын құрады, олардың қызметін, қызметінің мониторингін қамтамасыз етеді;
10) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында жастардың даму индексін енгізу және қолдану қағидаларына сәйкес жастардың даму индексін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
9) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Республикалық және өңірлік жастар форумдары
1. Жастар форумы республикалық және өңірлік деңгейлерде өткізіледі.
2. Республикалық жастар форумы:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жастар, жастар ұйымдары арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды;
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды;
3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды қамтамасыз етеді.
3. Республикалық жастар форумында "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасы талқыланады, орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептері тыңдалады, оның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізіледі.
4. Өңірлік жастар форумы:
1) жергілікті атқарушы органдар мен жастар, жастар ұйымдары арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды;
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды;
3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды қамтамасыз етеді.";
10) 3-тарау мынадай мазмұндағы 20-1 және 20-2-баптармен толықтырылсын:
"20-1-бап. Жастардың даму индексі
1. Жастардың даму индексі Жастардың жаһандық даму индексінің ұлттық ерекшелігіне бейімдеу, сондай-ақ жастар саясатын іске асыру бөлігінде мемлекеттік органдардың тиімділігін рейтингтік бағалау мақсатында Қазақстан Республикасында іске асырылады.
2. Қазақстан Республикасында жастардың даму индексін енгізу және қолдану қағидаларын мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында жастардың даму индексін енгізу және қолдану қағидаларына сәйкес жастардың даму индексін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
20-2-бап. NEET санатындағы жастар
1. Мемлекет жастарды қолдау және дамыту мақсатында NEET санатындағы жастар санын азайту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган мемлекеттік органдар жүзеге асыратын NEET санатындағы жастар санын азайту жөніндегі іс-шараларды ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.";
11) 21-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
12) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Жастар ресурстық орталықтары
1. Жастар ресурстық орталықтары жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету мақсатында құрылады.
2. Жастар ресурстық орталықтары жастардың қажеттіліктері мен мүдделерінің негізінде ақпараттық-консультациялық көмекті, жастардың әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін, формалды емес білім беруді ұйымдастыруды, жастардың тұлғалық және әлеуметтік дамуына бағытталған жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады.
3. Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері уәкілетті орган бекіткен үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келуге тиіс.
4. Жастар ресурстық орталықтары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен бірлесіп репродуктивтік денсаулықты қорғау мәселелері бойынша жастарға ақпарат беруді жүзеге асырады.
5. Жастар ресурстық орталықтары мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жастар еңбек жасақтарын ұйымдастыру және мониторингтеу қағидаларына сәйкес жастар еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастырады.
6. Жастар ресурстық орталықтары көрсететін қызметтер тегін ұсынылады.";
13) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"29-бап. Жастардың волонтерлік қызметі
1. Жастардың волонтерлік қызметі жеке және заңды тұлғалардың мүдделерінде өтеусіз негізде жүзеге асырылатын жастардың ерікті қоғамдық пайдалы, қоғамдық пайдалы қызметі болып табылады.
2. Жастардың волонтерлік қызметі саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қолдауға бағытталамауға тиіс.
3. Жастардың волонтерлік қызметін қолдау шаралары "Волонтерлік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |