"Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 934 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жергілікті атқарушы органдарға:

      1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекіту;

      2) осы қаулыға 4-қосымшада көрсетілген заңды тұлғалар үш рет өткізілген сауда-саттықтың нәтижелері бойынша өткізілмеген жағдайда, оларды қосу не біріктіру арқылы қайта ұйымдастыру немесе тарату ұсынылсын.";

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы қаулыға 5-қосымшада көрсетілген заңды тұлғалар үш рет өткізілген сауда-саттықтың нәтижелері бойынша өткізілмеген жағдайда, оларды қосу не біріктіру арқылы қайта ұйымдастыру немесе тарату ұсынылсын.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган (келісу бойынша), квазимемлекеттік сектор субъектілері (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Кешенді жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

      2) жыл сайын, жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша (10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат және құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды бәсекелес ортаға беру жөнінде ұсыныстар беріп тұрсын.";

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді, ірі ұйымдарының тізбесінде:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 5.2.1), 5.2.3), 5.3), 6.7.1), 6.7.5), 6.7.6), 6.7.8), 6.7.9) және 6.7.11) жолдар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-1-10-жолмен толықтырылсын:

      "

13-1.

10.

"ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

IPO

      ";

      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

      бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 31-1.9-жолмен толықтырылсын:

      "

31-1.

9.

"Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы

      ";

      "Алматы облысының әкімдігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 105.64, 106.65 және 107.66-жолдар алып тасталсын;

      "Павлодар облысының әкімдігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 132-1.26-жолмен толықтырылсын:

      "

132-1.

26.

"Павлодар" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы

      ";

      "Түркістан облысының әкімдігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 179-1.48-жолмен толықтырылсын:

      "

179-1.

48.

"Turkistan" индустриялық аймақтарының басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      ";

      "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 197.18-жол алып тасталсын;

      "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 257.8-жол алып тасталсын;

      "Жамбыл облысының әкімдігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 286-1.29, 286-2.30 және 286-3.31-жолдармен толықтырылсын:

      "

286-1.

29.

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің "Құлан-Энерго Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

286-2.

30.

Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жуалы-Су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

286-3.

31.

"Талас ауданы әкімдігінің "Игілік" көпсалалы кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

      ";

      "Алматы қаласының әкімдігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 361.1, 365.5, 366.6, 367.7, 371.11 және 373.13-жолдар алып тасталсын;

      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

      акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:

      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1.3-жолмен толықтырылсын:

      "

8-1.

3.

"Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      ";

      "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 95.8-жол алып тасталсын;

      "Astanа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 128.7-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 128-1.8-жолмен толықтырылсын:

      "

128-1.

8.

"Астана-Зеленстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      ";

      "Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 136.8-жол алып тасталсын;

      "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 157-1.4-жолмен толықтырылсын:

      "

157-1.

4.

"Солтүстік" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      ";

      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

      "Aqjaiyq" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы:

      "

172.

13.

"Стабилизационный фонд Западно-Казахстанской области" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      ";

      көрсетілген қаулыға 6-қосымшада:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және онымен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың өткізу, қайта ұйымдастыру, тарату мерзімдерін, тәсілдерін, сондай-ақ өзге де шарттарын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқармасы айқындайтын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13.

"Qorģan-Security" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады