"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 181-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда сайлауды қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 27 қаңтардағы
№ 32 қаулысына
қосымша

"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.05.2022 № 285 қаулысымен.

Мәдиев
Жасұлан Хасенұлы

-

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі

Керімрай
Данабек Алтынбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы

Ахметов
Ербол Сабыржанұлы
 

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады