Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 88 қаулысы.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2022 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 24 ақпандағы
№ 88 қаулысына
қосымша

2022 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлердің саны

Р/с

Әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлер

Саны

1.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері

150

2.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

40

БАРЛЫҒЫ


190


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады