"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласының мынадай білім беру ұйымдарына:
1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 11 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі;
2) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 49 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының есімі;
3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 69 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышевтың есімі;
4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 2 балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Роза Бағланованың есімі;
5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 3 балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Ермек Серкебаевтың есімі;
6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 66 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Дінмұхамед Қонаевтың есімі;
7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 77 мектеп-гимназия" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Фариза Оңғарсынованың есімі;
8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 83 мектеп-гимназия" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Ыбырай Алтынсариннің есімі берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |