Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 238 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 21 сәуірдегі
№ 238 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1133 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2010 жылғы 30 қазандағы № 1141 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың  13 және 14-тармақтары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады